4. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері Психофизиологиялық шектелген мүмкіндіктерден және қолайсыз өндірістік ортада жұмыс істегенде, адам қателіктер жібереді, оның “бағасы” қазіргі өндірісте жылдам өсуде. Көптеген жағдайларда операторлардың іс-әрекеті, олардың біліктілігінің төмендігінен емес, адамның техника мүмкіндіктерінің конструкциялық ерекшеліктеріне сәйкес еместігімен болады.
Бар мәліметтерге сүйене отырып, қазір адам факторының үлесіне техникалық күрделі жүйелердің істен шығуы 40-70% келіп отыр. Әлемдік статистикаға сәйкес авиациядағы 80% және теңіз флотындағы 64% апат логикалық және моральдық деп аталатын қателіктер нәтижесінде болады. Келтірілген мысалдан, техника қаншалықты жетілдірілсе де конструкциялық көрсеткіштердің адам жұмысының оңтайлы шарттарында, психофизиологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерімен сәйкес келуіне байланысты. Сондықтан машина (жүйе) жұмысы мен операторлардың іс-әрекетін “адам-техника-орта” деген бір кешенде зерттеу керек.
Эргономика – оператордың еңбек қызметін оңтайландыру, оған қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, оның өнімділігін көтеру, денсаулық пен жұмыс қабілетін сақтау мақсатында “адам-техника-орта” жүйесінде пайда болатын мәселелерді зерттейтін ғылым. Осы анықтамадан, эргономика пәні – адамның еңбек қызметі, ал зерттеу объектісі – “адам-техника-орта”.
Алғашқы мәселе жүйенің тиімділігінің жеткіліксіздігі. Ол көптеген себептер-мен байланысты, мысалы құрал көрсеткіштері мен адамның сыртқы факторлардың күшті әсерінен, уақыт пен ақпараттың жетіспеушілігі шартында жұмыс істеуінің сәйкессіздігімен және т.б. түсіндіріледі.
Екінші мәселе өндірісте, көлік пен тұрмыста техникалық жүйелер мен өзара әрекеттесуіндегі адамдардың жарақат алуының өсу феномені болып табылады. Травматизм себебін талдау техника конструкция, ақпаратты бейнелеу құралы, машина мен механизмді басқару органдарындағы кемшіліктерден пайда болған, адамдардың қате жасаған іс-әрекеттерімен негізделгенді көрсетеді.
Үшінші мәселе кадрлардың қайта-қайта ауысуымен байланысты. Төртінші мәселе «индустриальды стресс» деп аталатын, жүйкелі-психикалық аурулардың санының өсуімен байланысты. Осы аурудың біршама бөлігі қазіргі өндірісті ұйымдастыру қарқыны мен ерекшелігіне негізделген. Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесінің айрықша ерекшелігі автомобиль-жүргізуші-жол элементтері бар жүйенің қоршаған орта шартында өзара әрекеттесуді жиынтығымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |