«бекітемін» «келісілді»


Мақсатты іс-әрекетке адамның мүмкіндігі үш негізгі сипаттамамен іс-әрекетке қабілеттігі, еңбекке жарамдылығы жұмысқа қабілеттігімен бағаланады



бет36/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Мақсатты іс-әрекетке адамның мүмкіндігі үш негізгі сипаттамамен іс-әрекетке қабілеттігі, еңбекке жарамдылығы жұмысқа қабілеттігімен бағаланады. Іс-әрекетке қабілеттілік бұл өз ісінің мәнін білу, оны басқару, жетілдірудегі мақсатты іс-әрекетті қалыптастырудың жалпы мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, мақсатты іс-әрекеттің әр түрлі формаларын жеке жүзеге асыру мүмкіндігі. Еңбекке жарамдылық – нақты көлем мен сападағы жұмысты орындай алатын адамның денсаулық жағдайы. Еңбек қабілеттілігі организмнің құрылу нәтижесіндегі жаспен төмендеуі мүмкін, ауырған кезде, үнемі (толығымен немесе жеке) тұрмыстық немесе өндірістік жарақат, созылмалы ауру немесе улану нәтижесінде жоғалады. Іс-әрекет қабілеттігі мен жұмыс жарамдылығы мәні бойынша қызметтегі мақсатқа жетудегі адамның әлеуметті мүмкіндігін сипаттайды. Еңбек процесінде осы мақсатты жүзеге асыруда нақты уақыт аралығында физикалық және жүйке жүктемесін көре отырып, нақты шарттарды, іс-әрекеттерді орындайды, мұндағы негізгі сипаттама оның жұмысқа жарамдылығында, яғни еңбек қызметін физиологиялық және психологиялық қамтамасыз ету, мұндағы организмнің барлық жүйелері – рецепторлар, жүйке клеткалары, бұлшық еттер, қан тамырлар, темірдің келісімді әрекет етеді, іс-әрекет саны мен ұзақтығы адам жұмыс жарамдылығын анықтайды.

Жұмыс жарамдылығы адам организмінің физиологиялық және психикалық қызметтер ішінде және нақты жұмыс уақытында талап етілген сапада нақты іс-әрекетті орындаумен байланысты мүмкіндігі деп аталады. Организмнің өмір сүруінің әр түрлі деңгейлерінде жұмыс жарамдылығы әр түрлі болады. Апдамның жұмысқа жарамдылығының бастапқы деңгейі субъективті факторларға байланысты: жүйке жүйесінің типтері; бұлшық ет күші мен шыдамдылық; денсаулық жағдай; кәсіптік шеберлік пен жаттығу деңгейі; «энергетикалық үнемді» біршама тиімді жұмыс орындау мүмкіндігі; еңбектің оң себебінің бар болуы; жұмыс мазмұнына оның мақсатындағы жетістіктерге қызығушылық; жұмыскердің жасы, эмоционалды жағдайы және т.б.

Ауысым, апта, жыл аралығында еңбек процесіне жүктеменің ұзақтығы мен деңгейдің өсуі бойынша жұмыс жасау біршама кең ауқымда өзгереді. Жұмысқа қабілеттілік бірқатар факторлардың әсерінен өзгеретін өлшем болып табылады. Ауысым, тәулік, апта, жыл ішінде жұмысқа қабілеттіліктің тербелісінің кейбір жалпы заңдылықтары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет