Қауіпті өндірістік фактор деп оның эсерінен, қызметкер уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігінен (өндірістік жарақатқа немесе кәсіби ауруға) айрылып немесе өлімге әкеп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Зиянды өндірістік фактор деп, оның әсерінен кызметкер сырқаттанып немесе еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне экеп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Өндірісте жағымсыз санитарлы-гигиеналық жағдайлардан өндірістік зияндылықтар болады. Мәселен, жұмыс орындарындағы жағымсыз микроклимат, жұмыс зонасында зиянды қосындылар, жағымсыз жарық, шу, діріл, иондагыш сәулелер т.б.
Өндірістік қауіптіліктер мен зияндьшықтар арасында айқын межені өткізуге болмайды. Бір жағымсыз фактор жарақатка және кәсіби ауруға әкеліп соғуы мүмкін (мысалы, көзге түскен өндіріс шаңының бөлшектері жарақатқа, ал шаңнан - силикоз ауруы пайда болады; жылудың артық мөлшерінен адам күйіп жарақат алса, организмді ыстық соғуы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: |