Өндірістік санитария деп қызметкерлерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін тигізбейтін немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс- шаралары мен техникалық қүралдар жүйесін айтады.
Кәсіби ауру деп қызметкерлердің зиянды өндірістік факторлардың әсерінен болатын ауыр немесе созылмалы ауру түрлерін айтады.
Өндірісте сәтсіз оқиғалардың алдын алу жөніндегі үйымдастыру және техникалық шаралар мен құралдар комплексі - техника қауіпсіздігі деп аталады.
Өндірістік сәтсіз оқиға деп қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбек қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіби ауруга шалдығуына не өліміне әкеп соғатын өндірістік факторларды айтады. Адам организміне зиянды өндірістік фактордың әсер етуі кәсіби ауруға әкеліп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |