сыныптан тыс әртүрлі танымдық іс-әрекеттердің өтілуіне (оқу пәндері бойынша);
оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне көмек көрсетуге
тәрбие жұмысының кейбір түрлері мен формаларын өз бетімен дайындауға және өткізуге.
Студенттер оқу практикасында (психологиялық қамтамасыз ету) жүзеге асыруы керек:
сабаққа жалпы психологиялық талдау жасауды (4-ден кем емес);
сыныпқа және бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жасауды;
кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын.
3. Оқу практикасының мазмұны және ұйымдастырылуы
Оқу практиканың негізгі мазмұны:
1) Бастауыш сынып оқушыларының, жасөспірімдердің, жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық бағытын (қарым-қатынас мотивтері және оқу іс-әрекеті т.б.), жеке тұлғаның мүмкіндіктерін (қабілеттер, дарындылық, интеллектуалдық даму және т.б.), мінезін (эмоционалды, ерікті, коммуникативтік және т.б. бітістері), өзін-өзі бағалауы және жетістікке жету деңгейін) психологиялық әдістердің көмегімен жеке тұлғалық құрылымын зерттеу.
2) Жеке оқушылардың психологиялық проблемаларын және қиындықтарын анықтау.
3) ЖОО психологтары ұсынған психологиялық әдістерді қолданып, бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыру, сабақ кезінде және сабақтан кейін тікелей бақылау, мұғалімдермен және мектеп пен сыныптың басқа мүшелерімен сұхбаттасу.
2-курс педагогикалық мамандықтарға арналған оқу практикасы (психологиялық қамтамасыз ету) университеттегі оқу процесімен қатар, үздіксіз түрде 15 апта көлемінде ұйымдастырылады. Оқу практикасының негізгі мазмұны: Оқу практикасының мақсаты мен міндеттерімен танысу;
Оқу практикасының барысында 15 аптаға белгіленген тапсырмаларды орындау және әр аптаның соңында есеп беру;
Оқу практикасының күнделігін уақытында толтыру;
Психолог-әдіскермен әр аптада кеңес беруге қатысу;
Психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы сыныпқа және оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыруды үйрену.
Оқу практикасының ұзақтығы – 15 апта.
Өткізілу мерзімі – 23.01. 2023ж – 06.05.2023ж.