Оқу практикасының негізгі міндеттері: 1. Студенттерде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
2. Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
4. Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.
2. Студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттері
Студенттер оқу практикасында (психологиялық қамтамасыз ету) төмендегі құқықтарға ие:
оқу практикасы барысында туындаған барлық мәселелер бойынша әдіскер-психологтан кеңес алуға;
бағыт беретін және қорытынды конференция жұмысына қатысуға.
психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға;
оқу практикасының барысында өз жұмысының барлық кезеңдерін көрсететін күнделіктің болуы;
оқу практикасы бойынша есеп беру құжаттарды психолог-әдіскерге өз уақытында ұсыну;
Белгілі себептермен оқу практикасының бағдарламасын орындамаған студенттер үшін институт Кеңесінің шешімі бойынша ұзартылуы немесе екінші рет практиканы өткізуіне мүмкіндік беруі мүмкін. Студент бос уақытында екінші рет оқу практикасына жіберіледі.
Жоғары оқу орнының жарғысында көзделген тәртіпке байланысты оку практикасына себепсіз келмей, дұрыс орындалмаса, академиялық қарызға ие болуына байланысты оқу орнынан шығарылуы мүмкін.
Студенттер оқу практикасы барысында (психологиялық қамтамасыз ету) меңгеруі керек:
нормативті және мұғалімнің әзірлеген жоспарларын (пән мұғалімінің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);
пән бойынша оқу кабинетінің жабдықталуын (техникалық оқу құралдары, кесте, үлгі,оқулықтар және электронды видео құралдардың болуы және т.б.);
әртүрлі түрдегі оқу процесінің формаларын (дебаттар, дөңгелек стол, бақылау, сабақ және т.б.);