Бекітілді Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары Сайын Е. С



бет3/5
Дата05.03.2023
өлшемі218,02 Kb.
#71786
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жалпы дайындық – ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.


Психологиялық дайындық — ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс – тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.


Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.


Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету.
1-тапсырма. «Блум түймедағы»
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1.Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2.Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет