Ферментативті реакцияның қарқынды белсенді қабілеттін қамтамасыз ететін температура - оптималды температура деп аталады
бет 3/12 Дата 29.09.2023 өлшемі 4,66 Mb. #111545 түрі Лекция
Ферментативт і реакцияның қарқынды белсенді қабілеттін қамтамасыз ететін температура - оптималды температура деп аталады. Ферментативті реакцияның қарқынды белсенді қабілеттін қамтамасыз ететін температура - оптималды температура деп аталады. Денатурация кезеңінің басталысымен реакцияның жылдамдығы нөлге дейін төмендейді. рН-ортаның әсері : Қалыпты температура барысында кез-келген фермент , рН ортаның белгілі диапазонында қарқынды белсенділікке ие болады. рН-орта мағынасы – реакцияның максималды жылдамдықта жүруін білдіреді. рН-ортасының төмен немесе жоғары деңгейінде ферменттердің белсенділігі төмендейді. Мысалы, оптимум рН орта пепсин үшін = 2,00; сахароза үшін = 4,5; амилаза сілекейі үшін = 6,8; каталаза үшін= 7,6; липаза үшін = 9,0. Фермент активтілігі рН-қа тәуелді Ферментативті катализ кинетикасы Активаторлар мен ингибиторлар әсері Ферменттердің белсенділігін ұлғайтатын , сәйкесінше, ферментативті реакцияның жылдамдығын белсендіретін заттар – активаторлар деп аталады. Металл иондары , ферменттер кофакторлары, субстраттар ферменттердің белсенділігін арттыра алады. Ферменттердің белсенділігін төмендететін заттар ингибиторлар деп аталады. Ферменттер белсенділігін өлшеу бірліктері Халықаралық бірліктер жүйесіне ферменттер активтілігі деп стандартты жағдайда 1 мкмоль затты 1 мин ішінде катализдейтін ферменттер мөлшерін атайды Практикалық биохимияда көбінесе ферменттердің өзіндік активтілігіне1 мин ішінде 1 мкмоль затты катализдейтін (миллиграмм бойынша)ферменттер массасына тең өлшем бірлігі алынады. Халықаралық жүйе бойынша ферменттік белсенділік бір мл немесе литрдегі биологиялық сұйықтықғы мкмоль / мин деп белгіленеді. Достарыңызбен бөлісу: