Белоктардың классификациясы, ас қорыту ферменттері



бет9/9
Дата26.01.2023
өлшемі4,2 Mb.
#62995
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
742147.pptx

ҰЙҚЫ БЕЗІ

  • Протеазалар:
  • Трипсин – асқазан пепсиніне ұқсас протеаза.
  • Химотрипсин – сондай-ақ белокты ыдырататын протеаза.
  • Карбоксипептидаза
  • Эластазалар – эластинді және кейбір басқа белоктарды ыдырататын фермент.

ҰЙҚЫ БЕЗІ

  • Нуклеазалар ДНҚ және РНҚ нуклеин қышқылдарын ыдырататын фермент.
  • Стеапсин майларды ыдыратады.
  • Крахмал мен гликоген, сондай-ақ басқа да көмірсуларды ыдырататын амилаза.
  • Ұйқы безінің липазасы майларды қорытуда маңызды фермент болып табылады.

АШ ІШЕК

  • Бірнеше пептидазалар, соның ішінде:
  • Энтеропептидаза – белсенді емес трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;
  • Аланинопептидаза – асқазан және ұйқы безі протеазының әсерінен кейін ақуыздардан пайда болған пептидтерді ыдыратады.

АШ ІШЕК

  • Дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер:
  • сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;
  • мальтаза мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;
  • мальтаза мальтоза мен изомальтозды глюкозаға дейін ыдыратады;
  • лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.
  • Ішек липазасы триглицеридтерді глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады.
  • Эрепсин белокты ыдырататын фермент.

ІШЕК МИКРОФЛОРАСЫ

  • Адамның тоқ ішегінде тіршілік ететін микроорганизмдер тағамның кейбір түрлерін қорытуға ықпал ететін ас қорыту ферменттерін бөледі.

Ішек таяқшасы – лактозаның қорытылуына ықпал етеді.

  • Ішек таяқшасы – лактозаның қорытылуына ықпал етеді.
  • Лактобактериялар –лактозаны және басқа да көмірсуларды сүт қышқылына айналдырады.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі - өмір болып табылады. Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды. 1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады.
  • Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер - өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат. Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Тұртабаев С. Қ. жəне т.б. Биохимия негіздері: Оқулық. /С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова/ Биология мамандықтарының студенттеріне арналған. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 336 б.
  • Сеитов З.С. Биологиялық химия. – Алматы, 1992
  • Сейтмбетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. – Алматы: Білім, 1994 – 304 б.
  • Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 897 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет