Адамның тоқ ішегінде тіршілік ететін микроорганизмдер тағамның кейбір түрлерін қорытуға ықпал ететін ас қорыту ферменттерін бөледі.
Ішек таяқшасы – лактозаның қорытылуына ықпал етеді.
Ішек таяқшасы – лактозаның қорытылуына ықпал етеді.
Лактобактериялар –лактозаны және басқа да көмірсуларды сүт қышқылына айналдырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі - өмір болып табылады. Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды. 1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады.
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер - өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат. Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Тұртабаев С. Қ. жəне т.б. Биохимия негіздері: Оқулық. /С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова/ Биология мамандықтарының студенттеріне арналған. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 336 б.
Сеитов З.С. Биологиялық химия. – Алматы, 1992
Сейтмбетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. – Алматы: Білім, 1994 – 304 б.
Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 897 с.