Ақындығы. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспеттес "Маса" жинағы 1911 жылы дүниеге келді.
А.Б. поэзиясы азатшылдық рухымет дараланады. Ол ақын ретінде қазақ поэзиясына күресшілідк сарын әкеліп,
Азаттық жырдың озық үлгісін шашты. Оның үлгілерінің ұлт-азатшыл рухы-мәңгілік жоғалмас ақындық үлгі болып қала бермек. Оның өлеңдері-замана талабынан туған құбылыс. Мұны ол ашық айтқан:
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.
Молда жоқта, молдалық,
Ер батқанда жорғалық.
Сөйтіп, оның өлеңдері ең алдымен күрес құралы ретінде халқының бостандығы жолындағы үн-жарияға айналған.
ӨЗ өлеңдерінде өнер-білімінң құдіретіне табынуға, олардың қадір-қасиетін атақ пен шеен, мансап пен байлық көзіне айналдырмауға үнлеп, Абай дәстүрін жалғастырады.
А. Байтұрсынов өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне дейінгі ақындардар өзгешелеу астарлы бір сыры бар. Ол өнер-білімдіь таза күйінде сипаттап қоймайды, оны халықтың санасын оятып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына көз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп санайды.
"Маса" жинағына енген өлеңдерден төңкерісшіл Рух, 1905-07 жылдардағы саяси толқулар мен рухани сілкіністерден қанаттанғантасқын күштің серпілісі ұшқын шашады.
Қазағым-елім,
Қайқайып белің.
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қазақ поэзиясында ол салған бағыт-ұлттық бірлік пен азаттықты жырлау.
М. Дулатов:" Ол қарапайым да түсінікті қазақ тілінде азаттық туралы, ұлт туралы, езілген, арттта қалған қазақ ұлты туралы жырлады; өнер-білімге, еңбекке, ғасырлық ұйқыдан оянуға үндей отыра әрбір қазақтың азаматтық санасын оятуға ұмтылдлыІшкі сұлулығы мен мазмұны жағынан, жинақылығы мен желілігі жағынан А.Б. жырлары қазақ әдебиетінде бірінші орын алады".
Достарыңызбен бөлісу: |