Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет26/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Дәріс №12

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

(1885-1930)

М. Дулатов – 20-ғ. бас кезіндегі ірі азаматтық тұлға, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, публицист.



С. Сейфуллин: «Қазақ зиялылары хақында»: Қазақ оқығандарының арасында 1905 жылдан бастап – ақ... революциялық идея, ұлттық теңдік пен азаматтыққа үндеу етек алады. Жаңа оянып келе жатқан қазақ интеллигенциясының ол кездегі дем берушілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтар болды».

М. Жұмабаев «Жауға түскен жанға» (МД-ға хат):

Ақыл айттың ұлтыңа,

«Таста талас, бірлік қыл!»

Бір шешепедің беліңді

Жұрт үшін уайым – қайғы жеп...
Келешек күнде қағазға,

Алтынмен жазар атыңды.

Құшақтап сүйер, қағазда,

Көрсе жазған хатыңды.



Өмірі. М. Дулатов 1885 жылы 25-қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысы №1 ауылда туған. Әкесі ескіше хат таныған, шағын шаруасы бар адам болған. Жас Міржақып екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалып, ағасы Асқардың тәрбиесінде болады.

Алғаш молдадан оқиды, кейін ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен оқиды.

1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1992 жылы ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады. Бұдан кейін алты-жеті жыл ел ішінде, ауыл мектебінде бала оқытады. Білімін өз бетінше жетілдіреді.

1904 жылы Омбы қаласына барады. Омбыдан А. Байтұрсыновқа еріп Қарқаралыға барады. Ол 1905 ж. Қарқаралыда өткен 14500 адам қатысып, петиция қабылданған тұңғыш қазақ құрылтайын ұйымдастырушылардың бірі. 1905 жылғы төңкерістік оқиғалар тұсында ол Қарқаралыдағы шеруге қатысқандар қатарында болады.



М. Әуезов: «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңменен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: Бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші, қазақ жеріне зерство беруді сұраған. Үшінші, отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған !(1923 жылы Ташкентте шығып тұрған «Ақжол» газетінде А. Байтұрсынов туралы жариялаған мақаласынан). Жоғарыдағы «оқығандардың» арасында М. Дулатов та болған.

Осы сапарында қазақ конституциялық – демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 ж. Петербургқа барады.

1907 ж. Петербургте жалғыз саны жарық көріп жабылып қалған «Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі жарияланады. М. Дулатов шығармашылығын зерттеуші М. Әбсеметов осы газеттің екінші санының жарық көрмей кетуін ақынның «Біздің мақсатымыз» атты мақсатымен байланыстырады.

1909 ж. Қазан қаласында «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» атты өлеңдер жинағы басылып шығады. Жинақтағы батыл ой елдегі саяси-әлеуметтік жайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың , надандық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс - әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді. Авторы қудаланды. Ақыры Қызылжарға жылыстап кетеді. Мұнда бақылауда жүрген ақын укімет органдарында белсене жұмыс істеуіне еркін мүмкіндігі болмайды. Сот кеңсесінде тілмаш, жеке адамдарға жалданып сабақ беріп қаражат тауып жүреді. Сол кезде одан біраз уақыт М. Жұмабаев та дәріс алыпты деген деректер бар (Ж. Ысмағұлов. «Міржақып Дулатов туралы сөз»).

1910 ж. Қазанда Каримовтар баспасынанан «Бақытсыз Жамал» романы шығады (1914 ж. екінші қайтара басылды). Бұл кезде өз творчествосын өлең мен прозада қатар дамытады. Қазақ басылымдарына, әсіресе «Айқапқа» үзбей жазып тұрады.

1911 ж. Қазақ ауылдарын аралап, Семейге қарай сапар шегеді. Семейде бірден полицияның тырнағына ілініп, түрмеде бір жарым жыл отырады. Осы тұста татар, қазақ зиялылары араша түсіп, «Уақыт» газетінде, «Айқапта» хабарлама жасап, 2 мың сом залог жинаған қазақ зиялыларының көмегі арқасында еркіндікке шығады.

Абақтыдан шыға сап Орынборға аттанады. Осында жүріп 1913 ж. А. Байтұрсыновпен тізе қосып «Қазақ» газетін шығарысады.Газет бетінде ол азатшыл сарындағы қазақ халқының әлеуметтік –саяси өміріне қатысты көптеген мақалаларын жариялап отырады.

1913 жылы осы Орынборда «Азамат» деген өлеңдер жинағы жарық көреді.

1915 ж. әдеби – публицистикалық «Терме» жинағы шығады.

1917-19 ж.ж. - «Алашорданың» көрнекті жетекшілерінің бірі.

1920ж. Ташкентке келіп «Ақжол» газетіне жұмысқа орналасады.

1921 ж. Семейге келіп облыстық сотта судья болып істейді де, 1922 ж. қамауға алынады. Бұл жолы көп отырмай, Орынборға жөнелтіледі де, босап шығады.

1922-1926 ж.ж. - Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтына оқытушы. Одан кейін Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім бастығы, «Еңбекші қазақта» редактор болып істейді. Орынборда 1922 ж. екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» жазып Ташкентте басып шығарады және «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. Ол сол жылы Орынбор көркемөнерпаздарының күшімен қойылды.1925 ж.ж. В.И. Лениннің «Жаңа үнем саясаты», «1905 ж. төңкерісі», Г. Зиновьевтің «»Ресейлік коммунистік партияның тарихы» атты еңбектерін аударып, Орынбор мен Қызылордада бастырып шығарады. 1926 ж. Қызылордада «Көрсеткіш» атты көлемді библиографиялық еңбек әзірлеп бастырады.

1928 ж. желтоқсанда бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынады.

1930ж. ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғаш ату жазасына кесіліп, кейін бұл он жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады.

1935 ж. қазанның бесі күні Сосновец станциясында лагерьдің лазаретінде науқастан қайтыс болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет