Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет27/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Шығармашылығы. Шығармашылығының тырнақалдысы «Оян қазақта» ақынның алдына қойған мақсаты беташарда айтылған төрт жолға сыйып тұр:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қаарңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харап боп,

Қазағым, енді жату жарамас – ты.

Жинақтың тақырыбы әр алуан. Тақырыптар идеялық – көркемдік тұтастықта біріктіріліп, ақыннық азаматық тұлғасын танытатын тұынды жасалған.

Кітаптың беташар өлеңі «Қазақ халқының бұрынғы хәм бұл күнгі халі» өлеңінде:

Тұманға кірді қалың біздің қазақ,

Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап.

Адасқан ағайынға басшы болып,

Ішінде жол көрсетер адам аз – ақ..., - дейді.

«Оян, қазақта» отаршыл саясат батыл сыналып, оған қарсы тұруға үндеген үгіт ашық айтылады. Мысалы, «Таршылық халқымыз хақында аз мәнажат» өлеңі.

«Қазақ жерлері» өлеңінде 20-ғ. басындағы қазақ зиялыларын толғандырған жер мәселесіне де үн қосады:

Мың жеті жүз отыз бір санасында,

Біз кірдік Ресейдің панасына.

Өнерсіз бостығымыз көрінген соң,

Қызықпас кім қазақтың даласына.
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз,

Қазыналық деді жердің һәммесін де.

Тарылып жылдан-жылға жер – суымыз,

Мұжықтың кетті бәрі қаласына...

«Жесір даулары хақында» өлеңінде жесір дауы, қалың мал дәстүрлері сынға алынады:

Адамның қызығады малына адам,

Адамдығын санайды тағы адам.

Баланың қор болуын ойламайды,

Қылады өз басының қамын адам.

Оның бүкіл шығармашылық болмысының өрісі азатшыл оймен, ұлт – азаттық қозғалыспен біте қайнасып кеткен. Ақын өлеңдерінде саяси үн өзге мәселеден басымдау.

Жалпы алғанда жинақтағы өлеңдері негізінен саяси - әлеуметтік тақырыпта. Басым көпшілігі – патша үкіметінің отаршылық, озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика.

Жинақтағы өлеңдерінің соңғысы «Сөз ақыры» мақсатын қорытындылап, шығармашылығы түрткі салып, үлгі болған ақындар тобын таныстыруға бағытталған:

Орыста Пушкин, Гоголь һәм Лермонтов,

Крылов, Тургеневтер кеткен өтіп.

Қартайып бұл уақытта, Толстой тұр,

Өзіне мәслихаттан ерлерді ертіп.

Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен,

Халықтан мойны озып болған көсем,

Семейден шықты Абай Құнанбаев,

Сөзінде қате бар ма сынап көрсең.

Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.

Оқыған ғибрат алып, жас жігіттер,

Һәммасі өз халқына қызмет етпей...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет