«Гүлшат – Шеризат» қиссасы. Шығыстық сюжетте («Ер Шеризат» - Ә. Найманбаев).
Шағын кіріспеден басталады. А. Қыраубаева оқиға желісін 5-ке бөледі:
1. Балаға зарығу мотиві (шығыс әдебиетіне ортақ)
2. Парахзат түсінен басталады. Аждаһа – мифтік образ. Інжу – маржан – мифтік образ («Оғыздағы» сияқты көктен түседі). Әдетте Иранбағында (Шын-Машын) пері қыздары мекендейді. Ал Гүлшаттың адам болуы дастанды реалды өмірге жақындатады.
3. Ормандағы балаға ауысады. Арыстанның тәрбиесін алуы – шығыстық сюжет («Шаһнамада» Залды жолбарыс өсіреді).
4. Оқиғаның негізгі желісі – керуенмен Шеризаттың Шын – Машынға келуі.
Гүлшат келбеті қазақ эпостық жырлары стилімен суреттеледі:
Гүлшат сынды қара көз,
Қалам қасты, нұрлы жүз.
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған аппақ бөз...
Тысқа шықты бұралып,
Тал жібектей оралып,
Айдай балқып нұрланып,
Жұрт көзінен ұрланып...
Сонымен қатар сұлуды алтайы қызыл түлкіге, жігітті аңшыға, тоят іздеген бүркітке теңейді.
5. Көп қиындық қыз сарайындағы тоймен бітеді. «Мың бір түндегі» сияқты жазаланғалы тұрған адам тағдыры қызықты әңгімеге айырбасталады. Гүлшат 2 әңгіме айтады. 1-ауыз әдебиеті, 2-жазба әдебиет силінде.
Соңында автордың ғибратымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |