Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»


Дәріс №5 ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУҰЛЫ



бет9/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Дәріс №5

ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУҰЛЫ

(1882-1939)



Өмірі. 20-ғасырдың бас кезінде Сыр бойында жазба түріндегіқисса, айтыс поэзиясы айрықша өріс алған еді. Тұрмағамбет Ізтілеуов осы жаңалықтың басында тұрған адам.

Тұрмағамбет Ізтілеуов қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 1882 жылы 9 шілдеде Ізтілеу деген кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Әуелі ауылдағы қожа-молдадан, кейін Сыр өңіріне белгілі Тапал, Қалжан ахундарының медресесіне түсіп сабақ алды. Мұнда зеректігімен көзге түсіп, 1896 жылы Қалжан ахунның жолдамасымен Бұхарға барып, алдымен сондағы “Мір Ғараб” медресесінде, кейін 1899 жылдан бастап “Кокелташ” медресесінде Садриддин Айнимен бірге оқып, араб, парсы, шағатай әдебиетімен танысады.

1905 жылы медресені бітіріп, еліне қайтқанда, оны елі “ишан болып қайтты” деп, мешітке имам етіп көтерді. Имамдық міндетін мүлтіксіз атқарудың орнына Т. Ізтілеуов шариғат шарттарын алдымен өзі бұзып, исламның негізін өзі мазақтап өлеңдер жазып, халық арасында сауық-сайран құрады. Мешітті мектепке айналдырып, оқытушылық қызмет атқарады.

Жиырма жылға жуық ел арасында халықтың сауатын ашып ағартушылық және ақындық қызметін атқарған Т. Ізтілеуов жергілікті феодал, бай, қожа, молдалардың қудалауымен әлденеше рет түрмеге де түскен. Бірақ ақын оның ешқайсысына мойымай да қажымай, алған бетінде игілікті қызметті істей берген.

Отызыншы жылдардың ортасында Қазақстан оқу комиссариаты Алматыға алдырып, қызмет береді. Бүкіл шығыс елдеріне мәлім 40 мың жолды “Шахнама” дастанын аударуға жағдай жасайды. Ақындық қызметінің биігі де қорытындысы іспетті бұл шығарманың соңынан жазған толғауында Т. Ізтілеуов басынан кешкен жайларды былай түйген:

Баяғы бай мен бидің уақытында,

Мертілдім мешеу болып итерісте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет