Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет6/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Дәріс №2

МАҚЫШ ҚАЛТАЙҰЛЫ

(1869-1919)



Өмірі. Ақмола, Қараөткел маңында туған. Мұсылманша оқыған, Меккеге барған Ақмола, Солт.Қаз, Көкш, Троицкіде молда болып, бала оқытқан. 1907 ж. бастап жазушылықпен айналысқан. Өмірбаяны жайлы өлеңінде былай дейді:

Атым-Мақыш, Қалтай дер атам атын,

Бабам аты –Едіге, қазақ-затым.

Ақмоладүр дуаным, қыпшақ руым.

Әр жерде саясатпен болды жүруім.

Туған жер Есіл, Нұра болса дағы,

Қушоқы деген жерде бүгін тұруым.

Шығармашылығы. Кітаптарын көп жариялаған.

1907 ж. "Насихат қазақия"

1909 ж. "Қалтайұғлының қазақ ахуалын бахас еткен манзұмасы (жүйесі)"

1910 ж. "Мәшһүр Қалтаев"

1910 ж. "Қазақтың айнасы"

1912 ж. "Тура жол"

1913 ж. "Бар оқиға

Аудармалары:

1910 ж. "Бұлбұл құс" 1-бөлім

1911 ж. . "Бұлбұл құс" 2-бөлім

1912 "Айна"

1913 "Сақ-сұқ"

Шығармалары шығыстық әдебиет үлгісіндегі өлең-жыр, қисса-дастан, назым, мысал, нәзира үлгісінде.

Молда ақын. Дүниеге көзқарасы діни тұрғыда. Ағарт-дем. Пікір басым, сыншыл реализмге жақын.

Өлеңдерінде қазақтың әлеуметтік хал-жайын, шариашылық, мәдени тұрмысын, әдет-салтын сөз етеді. Сын көзбен қарайды. Ұлтжанды.

Сауат ау жағдайын көп ойлаған. "Сақ-сұқ" (Ғ. Рашиди ауд.) кітабы:

Оқу парыз балаларға,

Оқулыға баға бар ма.

Оқудан үлкен аға бар ма.

Оқу керек ойынды қойып.

Жас уақыт гауһар-жақұт,

Шегі жоқ шын көңілде тот.

Өмірі өтіп өкінген көп,

Оқу керек ойынды қойып.

Бұл аударма кітаптың екі түрлі тәрбиелік мәні бар.

1. Білімге, еңбекке үндейді

2. білімді мен білімсізді, өнегелі мен өнегесізді салыстыра отырып түсіндіреді:

Білмеген мен білген қандай,

Мысалы оның тән мен жандай,

Біреуі түн, біреуі шамдай...

... Жастықта жарамас,

Жалқаулықты қой.



У. Қалижанұлы: (Бұл кітап Алтынсарин хрестоматиясының әсерімен".

Өз тұрғыластарынан сәл айырмашылығы - өз дәуірінің кемшілігін дөп басып айтуға тырысады:

Әр жұрттың көп аралап көрдім парқын,

Базар барған біледі малдың нарқын.

"Пайдаңды басыңа қыл" деген дейін,

Сөйлеймін өзіміздің қазақ халқын.


Әуелгі ізден айрылмай адасып жүр,

Пайда, зарар, ойламай алдын-артын.

Адамбыз деп адасып алшаңдаймыз,

Адамдықтың білмейміз тіпті шартын.

Қазақ тұрмысын кең суреттейді. Мысалы жайлау:

Әр түрлі көрік бітіп жер жүзіне

Бозторғай шырлап тұрар көкте сайрап.

Көлбеңдеп ақ боз үйден шығып жүрер,

Қыз-келін қызыл гүлдей тұрған жайнап.

Болашаққа үмітті. Әсіресе, соңғы өлеңдерінде қазақ тұрмысының жаңғыратынына сенеді:

Кетер боран, аяз бен жел, суық та,

Жауып жаңбыр, жері көктер жуықта.

Жасыл мақпал кілем болар қара жер,

Болармын мен көрде ол уақытта.

Мақсаты – шындықты, әділдікті айту. Мысалы "Қазақ айнасы" кітабында:

Айнадай көрсетемін жұрттың міні,

Қорқып іщке жимаймын сөздің кірін.

Жақын, алыс, дос, дұшпан бәрі бірдей

Сөйлеймін жалтақтамай хақтың сөзін.

"Бар оқиға" кітабында:

Жоқты айтпаймын, айтамын барды көріп,

Көп көрдім жүргенімді елді кезіп.

"Қалтайұғлының қазақ ахуалын бахас еткен манзұмасы" да қазақ жайын баян етеді.

Ескі ғұрыпты сынайды, кертартпа мінезді мінейді, би-болыс, қожа-молдаларды балағаттайды. Осыларды дін жолымен түзеуге болар еді дейді.

Өлеңдерінде араб, түркі, парсы сөздері бар. Ақыл-нақыл, мақал-мәтелдер баршылық.

Қолжазба "Тұрмыш" журналы. Мақала – "Қазақ әйелінің бас бостандығы", "Қазақ ттілінде газет шығарудың керектігі".



Зерттелуі. Арнайы зерттеген келелі еңбектер жоқ. Бірақ, мақала, ғылыми ой-пікірлер: Б. Кенжебаев, Дүйсенбаев, Ә. Дербісалин, У. Қалижанұлы, Ә. Құрысжанов т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет