Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»


Дәріс №6 МОЛДА МҰСА (МҰСАБЕК БАЙЗАҚОВ)



бет11/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Лекция 20-век

Дәріс №6

МОЛДА МҰСА (МҰСАБЕК БАЙЗАҚОВ)

(1849-1932)



Өмірі. Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Шоқтас деген жерде туған. Әкесі Байзақ датқа атақты болған, бірақк ейін кедейленген. Әуелі ауылдағы, кейін Қарнақтағы молдадан дәріс алады. Ескі өзбек, араб, парсы тілдеріндегі туындылармен таныс болған. Жасынан кедейлікті көріп, әлеуметтік қайшылықпен көп бетпе-бет келеді. Көп жыл бойы Арқаны аралап, Сарысу бойын жайлаған елдер ішінде болады. Өмірбаяны туралы мағлұмат жұтаң.

«Датқа баласы өлеңші болыпты» деген сөз бетіне шіркеу болғандықтан, ақындықты көп ұстана бермеген.

Сұңқардың баласы едім мен де бұрын,

Дүние сырт айналыпк етті қырын.

Бүгінде жыршы атанып домбыра алдым,

Сыпайы жасырмайды деген сырын.



Өлеңдері. Бүкіл шығармашылығында әлеуметтік шындықты ақиқат бейнелеген. Өлеңдері әлеуметтік ортадағы келеңсіздік, қоғамдық қайшылықтарды, діннің схоластиклық ықпалында қалмай, жоғары білімділікке ұмтылу жолдарына арналған. Басты тақырыбы – табиғат, әлеуметтік теңсіздік, ғашықтық, оқу – білім. Олар көбіне жеке адамға немеес белгілі бір адамдарға арнау түрінде. Мысалы, «Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл» деген өлеңінде қоғамдық өзгерістерді терең түсініп, шыншыл суреттейді.

Заман, жаңарған қоғам туралы жазады. Мысалы, «Сайлау деген елге бір бүлік болды».

«Жаңа заман», «Білімсіз болып қартайсаң» деп аталатын өлеңдерінде оқуға, өнер – білімге шақырады.

Білім, өнер оқыса,

Көңілдік тоты ашылар.

Ілімсіз бас – құр шоқпар,

Ілімнің алтын басы бар.

Өзінің жан-жақты білімділігі туралы айтады:

Шекспир, Бальзак, Гете, Пушкиніңнен

Кеммін деп жүргенім жоқ ешкіміңнен.

Немесе:

Молданың қазақия алдындаймын,

Көңілді өлеңге де қалдырмаймын.

Бірдеймін парсы түркі арабшаға,

Тек тұрмай орысша да балдырлаймын.

Бірсыпыра өлеңдері терме, насихат үлгісінде: «Насихат», «Қаракетке жаратқан адамзатты», « Қас сұңқар шақырат». Олар өмір, дүние, адам, тіршіліктің мәні туралы.

Махаббат, сүйіспеншілікті ежелгі шығыс үлгісінде жырлаған – «Біз бір бұлбұл сайраған, ашылған сіз бір қызыл гүл».

«Табиғат тамашалары» деген өлеңінде Абай әсері байқалады:

Күн де жылы жүзбенен,

Жер жүзіне нұр беріп.

Сұлу қыздай сырланған

Бәйшешектер бүрленіп.



Мысалдары. Крыловтан аударма жасаған («Адам мен аюдың достығы»). «Тышқан мен түйе» деген мысалында күшін асыра бағалайтын мақтаншақтықты мінейді. Ал «Семірген есек» деген мысалындағы идея мына жолдардан көрінеді: «Артылса кей адамның мәртебесі, есектей едірейіп шығады есі».

Айтыстары. Көбі сақталмаған. Бұдабаймен айтысында бір – бірінің руларын жамандаудан аспайды. Ал Манат қызбен айтысы хат арқылы басталып,к ейін екеуі кездеседі. Манат Мұсаның малсыздығын, жасының жер ортасына келуін салық етеді және жүйріктігін көрсетеді.

Дастандары. Бұл жанрдағы туындылары дидактикалық сипатта. «Сұлу әйел мен молда» дастанында көріктіге ессіз құлап түсушіліктің тақсырет тарттыратынын ескертеді. «Опасыз жарда» күйеуінен безген жеңілтек әйелді ккенеттен тапқан досы – қарақшы жер соқтырады. «Ұры мен жолбарыс» дастанында адамның ақыл – парасатын ардақтау байқалады.

Молда Мұса «Ер Шора» дастанының бір нұсқасын жырлап жеткізген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет