Дәріс №9
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
(1893 ж. -1920 ж. )
Өмірі.
1893 ж. 28-қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген. Әкесі Әбубәкір (Шоқпыт) арабша хат таныған, кедей, шыншыл жан болыпты. Шешесі тәрбиелі, әдепті, ақылды әйел болған. Анасы ерте қайтыс болып, Әжесінің тәрбиесінде өседі.Есейіп, ер жеткен жері Баянауыл аймағы. Алдымен әкесінен хат таниды.
1902 – 1903 ж.ж.Әлі молдадан оқиды.
1904 – 1905 ж.ж Торғай молдадан оқиды.
1906 – 1907 ж.ж Мұқан молдадан оқиды
1908 – 1910 ж.ж. Баянауыл қаласыенда медреседе білім алады.
1911 – 1912 ж.ж. Нұрғали молдадан оқиды.
1912 ж. Троицкіге Ғабдырахман Рахимкуловтың медресесінен білім алады.
1913 ж. өкпе ауруы білінеді, көзі ауырады да, медресені тастап, сол жылдың жазында Троицк маңындағы ауылдарда бала оқытады.
Достарыңызбен бөлісу: |