Дәріс №7
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858-1931)
Лирикасы. Ақын лирикасының негізгі объектісі – адам. Ақынның дұшпаны – жаман әдеттер. Шәкәрімнің дұшпаны – «Сәнқайлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Еріншек». Надандықтың басын осы кемшіліктерден іздейді. Ақын жақсы мен жаманды, жанды мен жансызды қатар алып ой айтуға тырысады.
Ақын лирикасындағы басты тұлға – халық бейнесі. Көкейтесті тақырып – халық тақырыбы. Абаймен үндес. «Қазақ», «Насихат», т.б.
Қош жұртым:
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол,
Олардың күндес, таласы.
Жаңашылдығы – ұсақ – түсек көрінетін нәрсенің өзіне терең мән береді.
Енді бір көтерген идеясы – адам мен қоғам арасындағы байланыс. Өлеңдерінің көбі 19-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік – экономикалық, рухани – мәдени жағдайларды суреттеу. Кемшіліктерді сынаумен қатар себептерін саралауға ұмтылады. Абай реалистік дәстүрінің ізі бар. Мысалы, «Ашу мен ынсап», «Партия қуған өңкей қырт» т.б.
Партия қуған өңкей қырт,
Жазылмайтын ол қанқұрт.
Мен тартам ел қайғысын,
Әкімі залым, биі мәңгүрт.
Қоғамдық - әлеуметтік өзгерістерге сергек қарайды. Мысалы «Бостандық таңы атты» өлеңінде:
Бостандық таңы атты қазағым көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Ағартушылық идеядағы лирикасы шығармашылығына өзекті болып тартылған. Ақын үшін байлықтың ең үлкені - ғылым:
Үш –ақ түрлі өмір бар; бәрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды кетсе ағатың.
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде
Қалсын десең артыңда адам атың.
Сонымен қатар философиялық тұжырым бар:
Шығ залымға берме ғылым, ол алар да оқ қылар,
Қаруым деп, кісі атып жер, ол да ғылым хайла ет.
Дүниені түзетуші, һәм бұзушы бір ғылым деген түсінікте.
Лирикасында ақыл мен талап категориясына ерекше мән береді.
Талап қылса ақылға мініп алып,
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып.
Анық ақыл адымын аштырмайды
Еш нәрсе одщан құтылмас жетпей қалып.
Жақсы қасиеттердің бәрін осы екі ұғымс апына жеткізуге тырысады. Адамтану мәселесіне қосылған азаматтық идеяларының бірі – еңбек ету. «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар», - дейді. Олары – кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.
Әлеуметтік әділетсіздік пен таптық теңсіздік сыншыл реализміне нысан болған. Мысалы, «Бай мен кедей»:
Байлықта алып мұратқа өзің жеттің,
Кемдікті маған беріп тентіреттің.
Қымыз ішсең, көже ішіп мен де жүрмін
Бәрібір бай болғанмен қайтып өттің, - деп мынадай қорытындыға келеді:
Сүйткенмен, мен де өлемін, сен де өлесің,
Қаза келсе, қалмассың, жөнелесің.
Тәңірі алдында білмеймін кім озады
Өлгенде малың жалдап күн көресің??
Өлеңдерінде сарказм, ащы мысқыл бар, сонымен қатар Абай өлеңдеріндегі сияқты «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары жиі қолданылады.
Гуманизм – Шәкәрім лирикасындағы қуатты идея. Ар тазалығын бірінші орынға қояды.
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Шәкәрім адам сезімдерін ерекше жырлаған. Әсіресе, махаббат пен сүйіспеншілікті жоғары ұстайды. Мысалы, «Жатсық туралы»:
Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі,
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі балдай,
Өзгеден артық сол жері.
Дариядай ақыл мол еді,
Жан ғашығым сол еді.
Өлеңдерінде құмарлықбар:
Жаудырап көзі,
Лапылдап сөзі,
Жібектей шашын тараса.
Қалмайды халің,
Шығады жаның,
Қиғаштап көзбен қараса.
Бұл дүниеде қыз қызық.
Бозбалада ой бұзық.
Енді бір пара өлеңдерінде терең философия бар:
Қайғы мен қаза,
Болмайды наза.
Ноқталы басқа бір өлім.
Туған жан өлмек,
Тағдырға көнбек.
Кімді алмайды бұл өлім.
Шал болмай – ақ өлейік,
Алла ісіне көнейік.
Достарыңызбен бөлісу: |