Бердалы мырзаханов



бет34/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Реалистік талас - шындықты іздестіре келе, науқас қажетті ақпаратты тауып, өз мәліметінің жеткіліксіздігін толықтырады. Бұл таласқа медициналық қызметкер әрине ерікті түрде кіріседі, себебі оның нәтижесінде аурудың сенімі өсіп, Бұл - ем нәтижелігіне оңды әсерін тигізеді.
Шиеленістік талас - шындықты іздестіруге бейімделме- ген, маңыздылығы - шындыққа жету емес, «қайтсем де жеңіс- ке жетем» деген ой. Бұл таласқа медициналық қызметкер өз еркі емес, күштеп тарту арқылы кіруге мәжбүр болуы мүмкін. Медицина қызметкері шиеленіс таласын бірден ажырата білуі қажет, себебі ол да шындық іздестіру керек деп ойлап қалуы мүмкін. Шиеліністік таластың келесі белгілері айқындалған:

    • қарсыласын тыңдамау және тыңдағысы жоқтығы;

    • диалог немесе монолог түрінде дамуы;.

    • шындық іздестіру жолында қарсыласының тұлғасын жоққа шығару;

    • түпкі нәтижесінің белгілі болуы;

    • эмоциялық агрессияның болуы;

    • өз маңыздылығын үнемі айтып отыру;

    • басқаны себепсіз кінәлау, мін қою;

    • өзіне сан жетпес жоғары баға беру.

Бұл қақтығыс науқас пен медицина қызметкерінің ара- сында дамыса, адамның медицинаға немесе медициналық қызметкерге теріс және біржақты көзқарасы болуының сал- дары деп түсінуге болады. Бұндай қақтығысқа кірген медици- налық қызметкер одан сәтті шығуы үшін келесі қадамдарды іске асыруы қажет:

    • ең алдымен, қарсыласына айтарын толық айтуға мүм- кіншілік беру, себебі Бұл кезде оның агрессиясы жоғалады;

    • қайырымдылық көңілін білдіріп, шиеліністі шоғыр- ландыру керек;

    • өзінің антипатиясын қарсыласына көрсетпеу және оның ақылдылығына күмән білдірмеу.

Қызметтестер арасындағы қақтығыстардың ұйымдасты- рушылық маңыздылығына орай конфликттер екі топқа бөлінеді: конструктивтік және деструктивтік.
Конструктивтік қақтығыстар дегеніміз - ұйым және оның мүшелерінің өмірлік әрекеттенуінің принципиалды жақтарына әсер беретін қақтығыстарды шешу негізінде, ұйым жаңа, бұрынғыданда жоғары және нәтижелі дәрежеге көтеріліп жетілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет