Бердалы мырзаханов


Тұлғааралық қақтығыстарды шешу әдістері



бет36/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103

Тұлғааралық қақтығыстарды шешу әдістері:


Бас тарту. Бұл әдісте адам қақтығыстан кетуге тырысады, дәлірек айтқанда қайшылық туғызатын жағдайларға тап болмау, келіспеушілік түғызатын сұрақтарды талқыга салмау.
Көндіру. Бұл әдістің негізінде қақтығыстың белгілерін сыртқа шығармау, өйткені барлығы бір мақсатқа жету үшін бір істі орындап жатқанына сендіру. Нәтижесінде татулық пен ынтымақ орнығады, бірақ қайшылықтар қалып кетеді. Олар әрі қарай жиналып, нәтижесінде болашақта қақтығыс- тардың пайда болуы мүмкін.

Мәжбүрлеу.


Адам басқалардың көзқарастарымен санаспайды, өз ойын қайткен күнде де басқаға мойындатқысы келеді. Бұл әдісті қолданатын адамдар басқаларға әсер етуде өздерінің билік- терін қолданады.
Мәжбүрлеу әдісі тез арада шешім қабылдау керек кезінде тиімді болады.
Компромисс. Екі жақ кейбір ойларынан бас тартып, екеуі- не де тиімді ортақ шешім қабылдайды. Бұл жағдай екі жақ- тың қанағаттануымен, қақтығыстарды тез шешуге көмектеседі.
Проблеманы шешу. Қазіргі заман әлеуметтік психоло- гиясында қайшылық жағдайлардың кем дегенде бес жолын көрсетуге болады.
Олардың ішіндегі екеуі ұнамсыз болып есептелінеді, бірақ өкінішке орай ең кең тараған.
а) бір жақтың үтысын қамтамасыз ету. Екінші жақ келіссе, Бұл даудың аяқталғаны. Бірақ тіршілікте керісінше болуы әбден мүмкін, сондықтан мұндай шара уақытша болып, келесі жолы өрши гүседі.
б) алдау арқылы, өтіріктің көмегімен дауды басу, сөйтіп мәселені ніешу үшін уақыт үту.

Бұлардан басқа үш әдісі бар, олар жағымды больга есептелінеді.


а) қақтығысқа қатысушыларды бір-бірінен екі жаққа толық ажырату. Бұл әдіс екі жақтың психологиялық сәйкестігі болмаған жағдайда қолданылады.
б) жағдайды іштей басқа көзқараспен қабылдау. Қаты- сушылардың рухани Құндылықтары өзгеріп, көзқарастары өзгеріп, дау-дамайдың нысанасын мүлдем өзгеше түсініп, өзара қарым-қатынастары жақсарады.
в) тікетірестен ынтымақтастыққа көшу. Іскерлік саладағы дауларды шешудің әдісі. Қарама-қайшылықтарды азайтып, ортақ мақсаттарды үлғайтып келісімге келу жолы.
Әр бір медициналық қызметкер жоғарыда көрсетілген қақтығыстан шығу жолдарын білгені жөн. Өйткені жұмыс барысында науқастармен, оның туыстарымен, әріптестер арасында, мекеме әкімшілігімен түрлі даулардың пайда болуы әбден мүмкін. Сол қақтығыстардан тиімді шығу мақсатында Дұрыс әдісті қолданып, медициналық қызметкер абыроймен дауды басу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет