Бердалы мырзаханов


Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың рөлі қандай?



бет66/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103

Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың рөлі қандай?


Қол алысу, сәлемдесу мен қоштасудың белгісі ретінде, өзіндік мәдени ерекшеліктерге ие. Қол алысудың бірнеше түрлері бар және оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.

  • алақанды сәлемдесушінің алақанына тосып жоғары қарату- Бұл бағынудың, басқаның өзінен басым екенін іштей мойындаудың белгісі;

  • алақаннан сәлемдесушінің алақаны төмен қарауы, керісінше үстемділік танытуға, жағдайды өз қолына алуға деген ұмтылысты білдіреді;

  • қолдың тігінен орналасуы, қолдап амандасу, теңдіктің белгісі;

  • «қолғап» деп аталатын қол алысу (қолдап амандасу) ашықтықтың, достықтың, сенім білдіруге деген ниеттің белгісі.

Жоғарыда аталған сәлемдесу түрлерін пайдаланудың түрлі мәдени ерекшеліктері бар. Мәселен, қытайлықтар қол алыс- пауға тырысады. Керісінше, батыс европалықтар мен амери- кандықтар қаттырақ, ашық қол алысқанды қалайды. Сонымен қатар, сәлемдесу кезінде олар бір-бірінің қолын бірнеше қайта сілкілеп алады.
Егер медициналық қызметкер науқаспен тілдік бөгет әсерінен сұхбат жүргізе алмаса, тез аудармашы іздестіреді. Аудармашы екі тілді де жақсы білетін, объективті адам болуы керек. Отбасы мүшелері немесе достарының көмек беруі сұхбаттың конфеденциалдылығын бұзады. Кейбір аударма- шылар үрдісті тездету мақсатында сұхбатты қысқартып аударады. Сондықтан, медициналық қызметкер аудармашыға ау бастан-ақ барлық мәліметтерді толық аудару керек екенін түсіндіреді.
Науқастардың жеке қасиеттеріне адамның ориентациясы (бағдарлануы), моральдік критерийлері, қоғамдық әлеуметтік феномендері жатады. Науқастың жеке қасиеттерінің, оның ішінде сырқатқа деген субъективті әсерінің қалыптасуына, әлем тануы және өмір немесе өлімнен кейінгі өмір секілді тақырыптарға философиялық қөзқарасы маңызды орын алады.
Медициналық қызметкер науқаспен қарым-қатынас жаса- ғанда дінге сенушілер кездесіп дертке жауаптары түрліше болады. Мысалы, дінге сенуші адамдар өз дертін психоло-
гиялық тұрғыдан комфортты, адекватты қабылдайды, яғни олар: «Аллах берді, жазу осылай» деп түсінеді. Дерттің дамуына байланысты дінге сенуші науқастардың қатынасын келесі түрлерге бөлуге болады:

  • дерт қарғыс секілді;

  • дерт сынақ секілді;

  • дерт басқаларға сабақ;

  • дерт ата-бабаларының күнәләрі үшін төлем секілді.

Жоғарыда аталғанғандардың барлығы діни сеніммен байланысты. Бұл жағдайда индивид белсенділіксіз, пассивті көзқараста болады. Науқас өз ауруына төтеп бере алмайды. Қорыта келгенде, науқастарда сырқаттың дамуы жайлы мистикалық пікірі басым екені аңғарылып, науқастарда сыр- қатты ғылыми түрде талқылау жоқтың қасы екені байқалады. Оның мағынасында сырқаттың дамуына мистикалық көзқа- рас жатыр (көз тиді, вампир әсер етті, т.б). Дертін мистика- лық талқылаған науқастар медициналық қызметкерден ем- деуді емес, дуаны шешуді талап етеді. Ауруға психология- лық жауап берудің де негізінде науқастың жеке қасиеттері оның медицинаға сенімі жатады. Ал, басқа көзқарас бойынша ауру тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары- нан туындайды деуге болады:

  • дерттен қаша алмайсың;

  • ауру - қалыптасқан жағдай секілді;

  • дерт өзіңнің қатең секілді

Ал атеистер, пайда болған сырқатқа ренішпен қарайды, себебі сырқат әсерінен еңбекке қабілеттілігі төмендеп, тіпті жоғалады. Сондықтан олар сырқаттың дамуына үлесін қосқан кінәлілерді іздей бастайды да, өзінің айналасындағыларға ауыр әсер беретін орта түзеді. Науқастың мәдени деңгейі сырқаттың субъективтік ауырлық дәрежесін бағалауға әсер етеді. Әсіресе, Бұл медициналық білім және медициналық мә- дениеттің дәрежесіне қатысты болып табылады. Медицина- лық мәдениеттің төмендігі дертке деген науқастың психоло- гиялық реакциясын жоғарылатады. Бұл - дерттің салдарынан
науқастың қасіреттенуіне байланысты оның мінез-құлқының өзгеруі. Сырқаттанған кездегі науқастың жүріс-тұрысы мен мінез-қүлқы оның жеке әлеуметтік тәжірибесіне және тәртібі мен тәрбиесіне байланысты болады. Әр науқастың өзіне тән тәртібі болады. Ол, әр тұлғаның қандай күндылықтарды аса бағалайтынына, науқастың жан дүниесінде, сезімінде дерттің алатын орнына да байланысты екені анық. Ауру науқастың тек жеке органын зақымдаумен қатар, адамның барлық әлеуметтік жағдайына әсер етеді. Науқас өзінің қалыптасқан үйреншікті әлеуметтік орнынан, қоғамдық байланыстар- дан бас тартуға мәжбүр болады. Бұл жағдай оған өте күшті эмоционалдық, психологиялық әсер етеді. Ауырған адам өзі- нің құндылығының аз екенін, ешкімге керексіз екенін сезініп,
«жалғыздыққа душар болдым» деген түсінікке тап болады. Бұндай жағдайда медициналық көмек оның өмірге құштар- лығын арттыруға, емдеуге сенім тудыруға және әлеуметтік байланыстарын қалыптастыруға, аурухана жағдайына үйре- нуге бағытталады. Медицина қызметкерімен кездесер алдын- да, сырқаттанған адамның өз жағдайын сезініп, түсінуіне біраз уақыт қажет етеді. Психологиялық көзқарас бойынша аурудың көңіл-күйі төмендеп, ол ертеңгі күніне деген сенімі- нің азаюына тап болады. Науқас ауыру сезімінен қорқақтап қапаланады, ал қойылған (айтылған) диагноздан үрейі ұшып, соңынан емдеу нәтижесі де күмән тудырады. Яғни, науқас- танған адам өз дертін сезіне отырып, түбінде дәрігерге, ем нәтижесіне сеніп, аурудан шығуы мүмкін екеніне өз сенімін өзі тудырады немесе күмәнданып, емнің тиімділігіне сенімді болмай, «ауруға бой ұруы» мүмкін. Ауруға қарсылық көрсету сезімі, науқас адамның психологиясында өте маңызды орын алады. Бұндай адамға ем жүргізу, қарым-қатынас жасау жоғары нәтиже береді. Керісінше, дертке берілген, оған қар- сылық көрсетпеген науқасты, емдеу киынға түседі, нәтижесі күмән келтіреді. Дертке қарсылық көрсету науқастың сана- сезімінің күшіне, өзін-өзі билеушілік қайратына негізделеді. Ал ауруға берілу, қарсы тұрмау адамның әлсіздігін, қайрат- сыз екенін көрсетеді және бұл адам тіршілігінің ең жеңіл
жолы. Осының барлығын науқаспен қарым-қатынас жасаған кезде түсіндіріп өту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет