Интеллекті шектелген науқастар. Интеллекті шектелген науқастар медициналық қызметкеріне қажетті мәліметтерді бере алмайды және медицина қызметкерінің айтқандарын түсіне алмайды. Медициналық қызметкері оның түсінбегенін байқамай, науқасқа түсініксіз (күрделі) инструкцияларды беруі мүмкін. Егер, медицина қызметкері науқастың интел- лектінің бұзылуын байқаса, науқастың мектепте оқыған үлге- ріміне назар аударуы тиіс. Медициналық қызметкер науқас- тың мектепке бару ұзақтығын, неге мектепті тастағанын, қалай оқығандығын, қандай курстарға барғаны жөніндегі сұрақтарға жауап іздейді.
Медициналық қызметкер науқастың психикалық статусын, санау қабілетін, сөз құрамын, абстракты ойлау қабілетін бағалай білуі керек.
Егер науқастың интеллекті тым кешеуілдеп қалған болса, науқастың құжаттарын туыстары мен ата-анасының көмегі- мен толтырады. Медициналық қызметкерлер науқасқа барын- ша назар аударып, жылы сұхбаттасып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек. Науқаспен сұхбаттасқанда медициналық қыз- меткер өзінің интеллектілігінің аса жоғары екендігін көрсет- пей, аффекті сөйлеуден бас тартуы тиіс, себебі науқас түсінбеуі, не туысқандары мүны байқап қалуы мүмкін.
Депрессивтінауқастар.
Депрессия дегеніміз – психо- логиялық тұрғыдан қарастырған- да, өмір сүру перспективасының жоғалуы болып табылады. Әлсіз- дік, шаршағыштық, салмақты жо- ғалту, белгісіз ауырсыну сезімі де
депрессияның белгілеріне жатады. Қалыпты жағдайда бола- шақты армандау, жоспар құру мағына береді, бүгінгі күн сол мақсатқа жету үшін жасалған тағы бір қадам болып есептеледі. Ал депрессия күйіндегі адам өмір сүру перспек- тивасын жоғалтады, оған өмірі мағынасыз болып көрінеді.
Дәрігер немесе медициналық қызметкер науқаста депрес- сияның пайда болғанын байқаса «сіздің болашақтағы жоспа- рыңыз қандай»- деп сұрайды. Егер науқас аталған сұраққа жауап бере алмаса, науқастың депрессивті жағдайда екенін байқайды.
Ауыр, емі нәтижесіз, соматикалық аурумен сырқаттанған науқастарда көп жағдайда депрессивті уайым дамып, бола- шақ үмітсіз болып көрінеді. Созылмалы бүйрек жеткілік- сіздігі салдарынан гемодиализбен (қан тазалату) емделетін, миокард инфарктын басынан өткізген, онкологиялық ауру- лармен сырқаттанған науқастарда депрессияның жоғары дәрежесі көрініс береді.
Медициналық қызметкер депрессияның қаншалықты ауыр синдром екенін түсінуі тиіс.