Бердалы мырзаханов


Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жұмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек



бет65/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103

Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жұмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек


Мәдени ерекшелігі өзгеше науқастармен жұмыс жасауда коммуникацияның мына компонеттерін ескеру маңызды:


Сөздік емес тәсілдер


  • Белгілер

  • дене контактісі

  • кеңістіктегі жақындық

  • дененің қалпы

  • сыртқы келбет

  • мимика мен жест

  • көз контактісі

  • функциялар

  • сезімдердің көрінуі

  • тұлға аралық қарым-қатынастағы ұстаным

  • өзіңе қатысты ұстаным әлеуметтік интеракцияны басқару

Паравербальды тәсілдер


  • интонация

  • дауыс тембрі

  • акцент

  • дауыс ырғағының күші

  • дауыстың үйлесімділігі

Мәдениет аралық контактіде қандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет


Сөздік емес коммуникация адамдар қарым-қатынасының біршама ежелгі формасы болып табылды. Сөздік емес тәсіл- дер мен сөздік тәсілдердің арасында біршама артықшылық бар екенін айтып өтелік. Оларға: эмоциональды көркемділік, оларды тікелей қабылдау мүмкіндігі. Кейбір сөздік емес ком- муникацияның нормалары индивидтің белгілі-бір ортаға деген әлеуметтенуі барысында қалыпасады. Бір ғана жест немесе ым-ишара түрлі мәдени ортада, әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Мәселен, қолды ары-бері сермеу орыс мәде- ниетінде сәлемдесуді білдірсе, Солтүстік Америкада Бұл қоштасудың белгіеі, ал Орталық Америкада немесе Африкада мұндай ишара арқылы көлік тоқтатып немесе біреуді өзіңе шақырып ала аласың. Ишараның әнгімені бастау немесе аяқтауды білдіретін рөлі кеңінен танымал. Сөздік емес мәдениет аралық қарым-қатынаста окулистика маңызды орын алады. Окулистика дегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен контакт жасау, көзді қозғалту. Шығыс мәдениетіне қарағанда, Батыс мәдениетінде көзге тіке қарау коммуника-
ция кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме бары- сында адам өзінің сұхбаттасушысына қарамаса, онда оны шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп қабыл- дайды. АҚШ-та визуалды контакт адамдар арасындағы сенім- ділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсіл- дердің аймақтық ерекшеліктері де бар. Ағылшындар сөйлеу- шіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американ- дықтар сөйлеушінің бір көзінен ауысып, тіпті басқа жаққа қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде әйелдердің ер адам көзіне, әсіресе бөтен таныс емес еркектерге қарауына тыйым салынады. Арабтар тіке көзге қарауды жөн көрсе, жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойынына) қарайды екен. Түрік халқы қүрмет көрсету кезінде көзін тө- мен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол суғу, намысқа тию деп қабылдайды.
Мәдениет аралық қарым-қатынас үшін жанасудың қандай маңызы бар?
Жанасуға: қол алысу, сипау, сүю, күшақтасу, арқадан қағу және т.б жатады. Мүны салыстырмалы зерттеу жанасу кеңі- нен тараған контактілігі мәдениеттің және жанасу, көп құп- тала бермейтін дистантты мәдениеттің бар екенін көрсетті. Жанасу кеңінен тараған елдерге латын америка және оңтүс- тік-европа мәдениеті кіреді. Және Бұл ортаға қазақ мәдениеті мен аздап орыс мәдениетін кіргізуге болады. Себебі, қазақ ұлты жанасу арқылы түрлі сезімдерін білдіріп жатады. Бүған мәдениеті қайшы келетін елдерге солтүстік Америка, солтүстік Европа, Қытай және Жапон елдері жатады. Әсіресе, азия халқы біршама қашықтық ұстанып, жанасуды кұптамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет