Бердалы мырзаханов


Эмоционалды күйреудің динамикасы қандай?



бет89/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103

Эмоционалды күйреудің динамикасы қандай?


«Эмоционалды күйреу синдромын» зерттеуде оның үш фазасы анықталады.
Бірінші - «қысымға түсу фазасы». Эмоционалды күйреу- дің алғы шарты ретінде, мазасыздық күйінің тұрақты болуы, Мұның салдарынан көңіл күй түсіп, ашуланшақтық байқа- лады (ашуын баса алмау, жалпы барлық іс -әрекетін бақылай алмау) және депрессивті реакция көрініс береді.
Екінші - «қарсыласу фазасы». Бұл кезде эмоционалды факторлар әсерінен қашу, «қатыспауға тырысу» байқалады.
«Эмоцияны үнемдеу», эмоцияны шектеу, «дәрігер-науқас» қарым- қатынасын қысқартып, оған үстірттік, формализм сипатын береді. Мұндай қозғалыс механизмі кәсіби іс-әрекет-
тен тыс, өмірдің барлық сфераларында байқалады және Бұл адамдарды таңдап қана, әрі шектеулі ғана уақьітта қарым- қанынас жасауға әкеледі.
Үшінші - «қажу фазасы» деп аталады. Бұл фазада адам- ның күш-қуаты төмендеп, психовегетативті бұзылыстар бай- қалады. Көңіл-күй төмендеп, үмітсіздік, мазасыздық пен болашаққа сенбеу бой алады. Мұның бәрі психикалық іс- әрекеттің бұзылысына әкеледі, яғни есте сақтау төмендейді, зейінділік бұзылады және соматикалық симптомдар: түрлі ауру сезімдері, жүрек-қан тамырларының, басқа да физиоло- гиялық ауытқулар туындай бастайды.
Эмоционалды әсер ету, науқаспен қарым-қатынас жасау- дың басында өте маңызды. Әрі қарай қарым-қатынастың эмоционалды қарқындылығы емдеу кезеңдерінің кейбір маңызды тұстарында артуы мүмкін, мысалы ота жасату жөнінде қабылданған шешімнен бас тарту, ұзаққа созылатын және ауыр өтетін емдеу шарасына көндіру қажеттілігі туындаған жағдайда. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда, депрессиялы науқаспен, суицидке бейім немесе психикалық ауыр стресс алған адамдармен (жақыны қайтыс болған, ажырасып кеткен т.б.) қарым-қатынас жасауда эмоционалды әсер етудің рөлі өте маңызды.

Эмоционалды күйреудің алдын-алу шаралары.


Шетелдерде зерттеліп, қарастырылған «эмоционалды күйреудің» алдын алу әдіс-тәсілдерінің көпшілігі «стресті» жоюға бағытталған.
Эмоционалды күйреудің алдын алуда нақты қандай шаралар ұсынылады?
Г.У. Солдатованың (2002) пікірі бойынша, стресс пен эмоционалды күйреудің алдын алудың тиімді шарасы, Бұл іс- әрекетті Дұрыс ұйымдастыру.
Басшылардың тарапынан:

  • қызметкерге, әсіресе қиынға соғатын жағдайларға көп мән бере отырып, супервизия ұйымдастыруы;

  • төменгі дәрежелі қызметкерлердің біршама тәжіри- белі әріптестеріне деген және керісінше «кері байланыс» жасауды қамтамасыз ету, туындап отыратын мәселеге орай қызметкермен әңгіме жүргізу және өздерінің жұмыстарының тиімділігіне қатысты кері байланыс беріп отыруды жүйелі түрде жүргізіп отыру;

  • қызметкердің эмоционалды күйреуінің алдын-алу; қызметкердің өзіне қоятын талабын, оның мүмкін болатын, қол жетімді мақсаттарын қолдау арқылы төмендету;

  • жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, қызмет- керлердің өз білімдерін жетілдіруін ұжым, мекеме ішінде жүзеге асыру оған мүмкіндік туғызу;

  • жаңадан келден мамандарды жұмыс барысында кездесуі мүмкін қиындықтармен таныстыру;

  • ұжымда қолдау тобын құру, тәжірибе алмасу мен жа- ғымды өзара түсінісу атмосферасын қалыптастыруға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет