Кәсіптік деформациянызерттеу. Кәсіби қызмет және тұлғалық аймақта деформация көрінісінің арасында, байла- ныстардың алуан түрлі болуы, кәсіптік деформацияның табиғи құрылымын ашуда көптеген қиындықтар әкеледі.
Кәсіптік деформация даму барысында, тұлғаның специ- фикалық өзгеріс мәселесін зерттей, келе, негативті қоғамдық психологиялық көріністердің орны ерекше екені анықталды. Ол тұрақтылықпен, түрлі жағдайлардың құрылымына кіре алады. Оларға: адамдарға деген ашу-ыза, қатулық, басқа адамның ауыртпашылығын қабылдағысы келмеу, адамгер- шілік пен мейрімділіктің болмауы, коммуникабельділіктің
төмен болуы, басқа адамды түсінгісі келмеу, өтірік айту, жауапсыздық, дөрекілік.
Қоғамға кері әсерін тигізетін көріністер, қоғамдық қалып- тарды бұзып, социумға зияндық әкеледі. Оларға: түрлі бюро- кратикалық өзгерістер кек алу, саяси және қүқықтық талаптардың бұзылуы жатады.
Қоғамдық қалыптардан туындайтын өзгерісті «қоғамдық патология» деп атайды. Қоғамдық патология, қоғам мен тұлғалардың көзқарасына зиян тигізеді. Аталған көріністер арасындағы шекара мен жағдайда салыстырмалы екені баршаға мәлім. Әдебиеттерді талқылай келе, кәсіби қызмет, тұлғаға талаптар қою арқылы, оған арнайы бір білім беріледі. Соның нәтижесінде, ұзақ жылдарға созылған типтік есептерді шығару кәсіби білімді, сұхбат стилін қалыптастырумен қатар, кәсіби қылықтарды да орнатуға ықпал жасайды. Адам басқа бір тұлғамен танысқанда, ең алдымен тұлға ретінде бағаласа, оның мамандығы жаңа танысқан адам жөнінде арнайы түсінік қалыптастыруда өз ізін қалдырады. Рольдік позицияны түсіну барысында, адам өзін сұхбат жүргізуші адамның орнына қойып, өзінің әрекетін жоспарлай алады. Егер тұлға рольдік қарым-қатынасты өмірдің барлық саласына араластыратын болса, онда адамның әрекеті адекватсыз болып, онымен тіл табысу қиындыққа соғады.
Деформацияның көрініс беруін бірнеше мысалдармен келтіруге болады. Көптеген ұстаздар, сөйлеу мәнері мен дидактикалығымен ерекшеленеді. Оқу орындағы әрекеттер, оның тұлғалығы сұхбат барысында өз көрінісін береді. Сонымен қатар, авторитарлықтың артық байқалуы, ұжымның қалыптасуын тежеп, студенттердің өз-өзін адекватты емес бағалауына және невроздың дамуына әкеледі. Мұндай ұстаз- дар, студентті тек «типтік көрініс беруші» ретінде қабылдап, жеке ерекшеліктеріне назар аудармай, оған эффективті әсер етуін төмендетеді.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби деформациясы, берілетін ақпараттардың көптігіне байланыс-
ты, лекция барысында көптеген сөздік штамптардың қолда- нылуымен байланысты. Бір жағынан, бұл-жылдар барысында оқытушының жұмысын жеңілдетеді, бірақ дәрістің мазмұ- нына кері әсерін тигізіп бір типтілікке әкеледі. Деформация ерекшеліктерін мамандықпен қатар, адамның қызметтегі лауазымы анықтайды. Үнемі бұйрық беретін басқарушы кә- сіпкерде өр көкіректік байқалып, шындықты адекватты қабылдаумен өзіне сын көзбен қарау әлсірейді.
Мамандық, уақыт, адамның мінезін өзгертеді. Ал маман- дықты тандау о бастан тұлғаның өзіне байланысты. Көптеген зертеушілердің пікірі бойынша, кәсіптік деформация, кәсіби тұлғалық даму жолы қалыптарының өзгеруі, ауытқуы барысында қалыптасады.
Мына сұраққа жауап алу аса маңызды: «Кәсіптік дефор- мация ненің әсерінен дамиды?» Онтөтенез бойынша мынадай жолдар белгілі: жетілу, оқу, субъекттің шығармашылығы. Бұл жағдайда жетілуге, жеке дамудың жалғасы ретінде, кәсіптік деформацияның дамуы жатады.
Кәсіптік деформацияның қазіргі таңда дамуының заңды- лықтарын зерттеу үшін, ең алдымен оны тудыратын жағдай- ларды, даму үрдісін анықтау керек. Ол деформацияның себебін, табиғатын, ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен, кәсіптік деформация дегеніміз - тұлғаның кәсіби дамуына, кәсіби тәжірибе жинақтауға, қоғамның кәсіби қасиеттерін меңгеруге қарсылық үрдісі; сонымен қатар, түрлі типте бейімделу, әрекет барысында кәсіби тәжірибені белсенді жинау үрдісі.
Эмоционалды күйреу немесе «эмоционалды жану» синдромы
Бірнеше жылдар бұрын, америкалық психологтар байқа- ғандай, кейбір адамдарда бірқалыпты жұмыс барысында да қарым- қатынас жасау стилі өзгеріп, стреске түскен кезде- гідей қалып байқалады. Психологтар мен әлеуметтанушылар қиын жағдайга түскен адамдарға стрестен шығуға, психо- логиялық ауыр күйзелістерден құтылуға көмектесу шарасын, өздері жәрдем сұрап келушілерден басталады. Бұл жұмыс
«стрес ауруының» ерекше формасын «қарым-қатынас жасау ауруын» анықтауға көмектесті. Бұл «тұлғаның күйреуі», яғни
«күйреу» немесе «эмоционалды жану» синдромы деп атала- ды. Оның басты себебі - психологиялық рухани қажу. Бұл әсіресе, қызметіне орай адамдарға өзінің жылылығын үнемі
«сыйға тартып» отыруға міндетті адамдарда, шектен тыс шаршаған уақыттарында ерекше байқалады. «Күйреуге», ең алдымен, психотерапевтер, мұғалімдер, медициналық қыз- меткерлер, сатушылар, яғни басқа адамдарға үнемі ілтипатты, ізетті қызмет көрсетуге бағытталған маман иелері ілігеді.
«Күйреу - Бұл басқалардың қиындықтарын терең сезініп, ортақтасудың қүны» деп, американдық психолог К. Масалах өз кітабын осылайша атады. Осы еңбегінде ол, Бұл құбылысты кеңінен зерттеу нәтижелерін үсынған.
Эмоционалды күйреу қалай коріміс береді?
Эмоционалды күйреу синдромы психикалық қажудан пайда болады және кәсіби қарым-қатынасты тиімді орындау деңгейі төмендейді: дәрігер бұрынғыша өз жұмысына толық беріле алмайды, оның өзіндік бағалауы төмендейді, яғни медициналық қызметкер өз іс-әрекетін сәтсіз деп қабыл- дайды. Науқастарға психикалық жарақаттың көзі ретінде қарап, оған жағымсыз, теріс қарым-қатынас жасауы мүмкін. Медициналық қызметкер, науқастың мазасыздығына, депрес- сивті, суицидті ойларына мән бермеуі мүмкін. Науқас жөнін- де салқын, немқұрайлы, тіпті өшпенділікпен айтуы мүмкін. Медициналық қызметкер мұндай «дағдарысы» уақыт өте қайталанып тұруы мүмкін. Сондықтан, науқастар мұндай медициналық қызметкерге барудан қашып, тіпті тәжірибесі аз, бірақ ілтипатты медициналық қызметкерге баруды жөн санайды. Осындай дағдарыс кезінде медициналық қызмет- кердің біршама демалып, кәсіби тренингтерге қатысып, пси- хотерапевт көмегіне сүйенгені Дұрыс. Медициналық қызмет- кер - әйел адамдарда, медициналық қызметкер - ерлерге қарағанда эмоционалды қажу жиірек кездеседі. Эмоционалды күйреуге түскен адамдарды әділетті, сезімтал, жұмсақ деп
сипаттайды. Сонымен қатар, олар эмоционалды тұрақсыз, көңіл-күйі толқымалы, тұйық болып келеді.
Эмоциоеалды күйреудің түрлі типтерін суреттеңіз «Күй- реудің» түрлі көріністерін үш типке жіктеуге болады: Бірінші тип - эмоцияның «сөнуі», «өшуі», яғни сезімдердің өткірлігі, күйзелістердің дәлділігі жойылады. Былайша айтқанда бәрі өз орнында, қалыпты, бірақ жан дүниеде бір мұңаю, бос қалу сезімі бар. Мұндайда, ең жақын адамдарға деген сезімдері де сөніп, сүйікті тағамы да дәмсіз сезіледі:
Екінші типі науқастармен кикілжіңге түсу. Алғашқыда олар жасырын жүреді. Кейіннен, біртіндеп науқасқа деген жағымсыз сезімдерді сезіне бастайды. Бастапқыда, Бұл күйін жасыруга тырысып бағады, бірақ бір күндері оның шыдамы таусылып, медициналық қызметкер бар ашуын бір-ақ алады. Мұндайда, еш кінәсі жоқ, қайта медициналық қызметкерден кәсіби көмек аламын деп келген науқас, оның күрбаны ретінде болып қалады.
Үшінші тип - кейде қоғамға, жанындағыларға қауіпті болуы мүмкін. Себебі, олар өмірге деген қызығушылығын, Құндылығын жоғалтқан адам. Ол әдеттегідей үйреніп қалған іс-әрекеттерін қайталап отыруы мүмкін. Бірақ, оның көзқа- расы бос, жүрегі мүз болып қатып қалғандай, ол барлығына немқұрайлы қарайды.