Идентификация- үғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Сонымен, иден- тификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.
Рефлексия - қатынасушы медициналық қызметкерде
«науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әреке- тінің негізгі себептерін білмеуінен, бір- біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.
Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде меди- циналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, нау-
қастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл - тиісті дәрежеде медициналық қызметкер- науқас коммуникациясын қамта- масыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.
Эмпатия - идентификация механизмдеріне негізделеді, ол- науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкері- нің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі.
Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық си- паттамасы - сенситивтілік. Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты Дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де бол- майды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көз- қарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл - медициналық қызметкер жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.