Бердалы мырзаханов


Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгер- лігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар



бет7/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгер- лігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар - оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым-қаты- насты дамытуы, науқастрдың туыстарымен, басқа да адам- дармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік жағдайларда араласуы, тәжірибе жинауы, түрлі әрекет жасауы негізіндеде құралады. Бұл арқылы медициналық қызметкер тұлғасының қалып- тасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады.
Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде ме- дициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы ж а т а д ы барлық адамдармен бірге болу ынта- сы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл-күйде әрекет жасауы, тұлға пралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және прапасудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр ж а қ т ы тыныштандыру, оқиғаға Дұрыс және дәл баға беру.
Аффилиация. Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға оасқа адамдардың қажеттілігін аффи- лиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация - сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем бсріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтанды- рып, қорғайды.
Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психо- логиялық сипаттама - Бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмо- ционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақ- тылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды гүрақтылық, медициналық
қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызмет- кердің көңіл-күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенім- ділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқас- танған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұ- рақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адам- дар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.
Қатынасу үрдісінде, медициналық қызметкері өзін науқас адаммен салыстырып, ол арқылы өзін-өзі сезініп, оның көз- қарасы, пікірі бойынша, өзін-өзі сипаттайды. Адам өзін-өзі басқалар арқылы түсініп, сезінуінің келесі түрлері анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет