Бердібек соқПАҚбаев "менің атым қожа"



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата15.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#138631
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
(pdf) Менің атым Қожа (Бердібек Соқпақбаев)

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА
Не жөнінде айтылатынын оқып шығып өздерің
білесіңдер
– Қара Көже, қарашы мынаған.
– Мұны қайдан алдың?
– Тамаша малақай болмай ма?
Сұлтанның қолындағы көк қаракөл аспаннан түсті ме, қайдан пайда бола
қалды?
Ұстап көрсем, жібектей мап-майда. Илеуінде мін жоқ, ақ қағаздай.
– Əй, мұны қайдан алдың?
– Құдай берді.
Егер құдай тағала пендесіне бірдеңе бере қалғандай болса, ондай
мейірімділігін Сұлтаннан бастай қоймас.
– Жөніңді айтшы, бұл қайдан пайда болды?
– Өзі ұнай ма саған?
– Əдемі екен.
– Сұлтекең оны-пұны затпен əуестенбейді. Оны сен біліп қой.
Кенет алдымыздағы өзекшеде атын жаяу жетелеп, қой жайып тұрған
қойшы көрінді. Сұлтекең менің қолымдағы қаракөлді жалма-жан жұлып
алды да, артындағы былғары сумкаға сүңгітіп жіберді.
– Дымың ішіңде болсын, Қара Көже.


Лүп етіп, қауіп көлеңкесі жүгірді менің көңілімде. «Мына қу бұны əлгі
үйден жымқырып кеткеннен сау ма екен».
Қойшы соқпақ жолдың дəл үстінде тұр екен. Жақындап келіп байқадық:
бүйрек бет, шоқша сақал, орта жастағы адам. Басында күнге күйіп көнерген
ақ қалпағы бар.
– Салаумалайком, қария.
– Əлейкүмсалам. Балалар, оттарың бар ма? Сұлтан қалтасынан сіріңке
алып ұсынды. Шалдың жуан етіп орап, қалпағының бүкпесіне тығып
қойған дайын шылымы бар екен. Соны жалма-жан тұтатты да,
қомағайланып сорып-сорып жіберіп, демін бір-ақ күрсініп шығарды:
– Уһ, жетісіп қалдым ғой көсегең көгергірлер. Сіріңкем таусылып қап,
бағанадан бері қаңсып тұр едім. Қай колхоздың балалары боласыңдар?
Сұлтан мені шынтағымен түртіп қалды да:
– Калининнің балаларымыз, – деп, өтірікті соғып қалды. Мен таң-
тамашамын. Неге өтірік айтады? Өзіміздің «Жаңа өмірді» неге атамайды.
– Өй, «Калининнің балаларымыз» дегенің не? Неге өтірік алдайсың? – деп
сұрадым.
– Əй, ақымақ Қара Көже. Қайдан білдің, мүмкін жаңағы біз қымыз ішкен
үйдің қожасы Жұмағұл тап осының өзі шығар. Қаракөлін жоқтап іздей
қалса, қуып кеп, əкемізді танытпай ма? Ал енді бізді тауып көрсін сонау
Калининге барып.
Менің мамам сауыншы болып істейтін бірінші бригада кезеңді асып түскен
жерде, Қабанды деп аталатын ну қарағайлы жалпақ сайдың аузында екен.
Бұл өзі сырттан қарағанда бүтін бір ауыл тəрізді бірнеше боз үй, жаппа,
шатырлар аралас он шақты түтін шоғырлана қоныс теуіпті. Олардан
оқшауырақ, сырғауылдан айдап жасалған мал қора-жайлары көрінеді.
Төбесіне желбіреп қызыл жалау қадалған, қабырғаларына қызыл матаға
жазылып, ұран, плакаттар ілінген вагонқос, сірə да, бригаданың кеңсесі
болу керек (Соңынан білдім, бұл əрі кеңсе, əрі қызыл бұрыш екен).
Өзенге таман шеткерірек тігілген бір жаппаның қасында үш дөңгелекті


мотоцикл тұр. Жүрегім дір ете қалғандай болды. «Бұл тағы да Қаратай қу
шығар. Дəу де болса, мынау мамамның жаппасы».
Ойлағаным келді. Мамам есік алдында самаурын қайнатып жүр екен. Бізді
көріп, таңырқай қарап тұрып қалды. Сұлтан онымен самбырлап амандаса
келіп тоқтады:
– Амансыз ба, Миллат тəтей. Балаңыз ат таппай қаражаяу отыр екен. Міне,
міңгестіріп алып келдім.
Есік алдындағы мотоциклді мен бірден таныдым – Қаратайдікі. Жаппаның
ашық тұрған есігінен үп-үлкен керзі етік киген аяқ көрініп жатыр. Оның да
иесі сол бір адам. Көсіліп жатқан аяқ біздің дабырымызды естіп, бүгіліп
жинала түсті.
– Лагерьге бармадың ба? – деп сұрады мамам менен.
– Жоқ.
Біздің мына ала бөтен жүрісімізді ұнатпады-ау деймін, мамамның қас-
қабағы салқын еді. Сұлтан соны аңдады ма, түспеді.
– Ертең келем. Мен саған ат тауып əкелем, – деді.
– Мақұл. Сұлтан кеткен соң мамам:
– Өзіңе серік болатын адамды жаңа тапқан екенсің. Бұл сені бір күні
батпаққа жығып кетер, – деді.
– Өз жөнімді мен өзім білем, – дедім.
– Иə, біліп жүрсің.
Жаппаға кірдім. Төр алдында шынтақтап Қаратай жатыр. Осылай қарай
жұмыста жүріп, тартып отырған болу керек, үстінде май-май көне
комбинезон. Бірақ тікендей болып, сояулап тұратын сақалы бүгін жып-
жылмағай. Қаратай еңсесін көтеріп малдас құрып отырды. Əдетінше
шекесін қасып-қасып алып, ұртына күлкі қыстыра сөйлеп, менімен жылы
амандасып, іші-бауырыма еніп барады.


– Жайлауға демалайын деп келдің бе? Дұрыс болған. Мұнда қымыз мол,
рахат емес пе, – деді.
Үшеуміз отырып, шай іштік. Шайдан соң мамам сиыр саууға дайындала
бастады. Қаратай хош айтысты да, мотоцикліне отырып, кетіп қалды. Көк
шалғынды жапыра қап-қара етіп із тастап, жолсызбен зырғып бара жатқан
оның соңынан мен бірғауымға дейін қарадым да тұрдым. – «Япыр-ау, бұл
неге келе береді? Не керек оған? Бəрібір мамам оған ешқашан да күйеуге
шықпайды ғой. Ал егер шыға қалса...».
Бұл ойым маған құбыжықтай қорқынышты. Оны басыма жолатпауға
тырысам. Аулақ. Аулақ жаман ой. Мен одан да алыста, таудың ар жағында
қалған Жанарды ойыма алам. Жанар. Мен «Жанар!» деп, дауыстағанда, сен
əуелі үннің қайдан шыққанын білмей аңтарылып тұрып қалып едің...
Жайлауға қалай келіп жеткенімді айтып, Жанарға хат жазсам ба екен.
Қаратай... тфу, қабаттасып ойымнан осы шықпайтын болды-ау. Бəлем,
ойламаймын сен жөнінде, əдейі ойламаймын, қайтер екенсің...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет