70
Sauap.org
әлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл тимейді.
Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұғалімді аяуларың керек.
Мамамның Майқанова жӛнінде айтқандары маған ой салды. Шынында
да, оның менімен ӛш боларлықтай алты аласы, бес бересісі бар ма?
Шырылдаса, ұрысса,
бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін дейтін
шығар. Иә, мамам айтпақшы, біз бала деген ақымақ халықпыз, шолақ
ойлаймыз.
Мен Майқанованың жетім ӛскендігін білмеуші едім. Енді оған біртүрлі
аяныш кӛзбен қарай бастағандаймын. Бәсе,
денесі де сондай нәзік, киімі де
жұпыны, қыстан бүрсеңдеп жұқа пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір ғана
жыл болған, қайтсін енді. Сонымен тақасып, әй, Қара Қожа, ақымақсың,
шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ.
Менің Майқанова жӛніндегі пікірімнің оңы — сол,
солы оң болып
ӛзгере бастады.
— Педсовет, педсовет немен тынды?
Сабыр ет, оқушым, қазір айтып берем. Педсоветтің тиянағы мынадай:
Қадыров жӛніндегі мәселе класс жиналысында қаралсын. Егер алтыншы
класс оқушылары Қадыров Қожаның бұдан былай ешқандай тәртіпсіздік
істемеймін, түзелемін деген уәдесіне сеніп, дирекция алдында кепілдік
беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер олар
ондай
кепілдік бермесе, Қадыров Қожа осы аудандағы ӛзге мектептердің
біріне ауыстырылсын.
Педсоветтің мен жӛніндегі қаулысы осындай.
Класс жиналысы дүйсенбі күні сабақ соңынан шақырылды. Ахметов ӛзі
де қатысты. Жиылысты ашып, басқарған Майқанова. Ол оқушыларды
педсоветтің қаулысымен таныстырды. Сонан соң мені алға шығарды да:
- Мына жолдастарыңа не айтасың? — деді.
Не айтушы едім, педсоветте айтқанымды мұнда да қайталадым: «Ең
соңғы рет кешіріңіздер. Бұдан
былай тәртіпсіздік істесем, не шара
қолдансаңыздар да ризамын», — дедім.
Бұдан соң сӛз оқушыларға берілді.
Класта маған кім дос, кім қас — ӛзіме аян. Кім не айтуы мүмкін екенін
күн ілгері топшылаймын. Соным, негізінен, тура шықты. Класком Темір
сӛйлеп, әуелі мені сынап алды да, сӛзінің соңында түзеледі
деген сенім
білдірді.
- Егер біз Қадыровты бұл мектептен шығаратын болсақ, онда біз кім
болғанымыз? Оған осы отырған бәріміздің ешқандай ықпал жасай
алмағанымыз ба? Жоқ әлде жолдасқа жаны ашымайтын тасбауыр
болғанымыз ба? — деді Темір. Сӛздері кітап сӛзіндей мығым, әсерлі шықты.
- Біз
Қадыровты тәрбиелеуіміз керек, менің ұсынысым: оған ең соңғы
рет қатты сӛгіс берілсін. Мектепте қалдырылсын, — деді Темір.
Бұдан кейін үш-тӛрт адам сӛйлеп еді. Бәрінің сӛз сарыны осыған сайды,
Темір оларға жол сызып, арна тартып кеткен тәрізді.
«Іс оңына басты» деген оймен мен жадырап сала бердім.
71
Sauap.org
- Тағы кімнің сӛйлегісі келеді?
- Мен. — Қол кӛтерген Жантас еді.
Жантас орнынан түрегеле беріп, сампылдай жӛнелді:
- Қадыровты оқудан шығару керек. Ол уәдесін бергенмен, орындамайды,
былтыр да талай рет уәде берген, Майқанова апайды шошытып, ӛлтіріп қоя
жаздады... Ол... ол... қыздарға хат жазады...
Соңғы сӛз менің жүрегімді қақ айырып тіліп түскендей болды. Бүкіл
класс мені жаңа кӛргендей аңтарыла маған қарап қалыпты. Не істерімді
білместен дуылдап, ӛртеніп бара жатырмын.
- Қай қызға хат жазды? — деп сұрады Майқанова.
- Білмеймін... Басына «Ж» деген әріп қойып, «екеуіміз Қозы Кӛрпеш пен
Баян сұлудай болайық» деп жазып отырған.
Мен есімді жинап:
- Ӛтірік! — деп дауыстап жібердім.
- Ӛтірік емей-ақ, рас. Әнеугүні сабақ үстінде, партаның астына жасырып
жазып отырғансың.
- Ӛтірік!
Мен Жанарға жазған хатымның бірін Жантас қу қолына түсіріп
алған
екен ғой деп шошып едім. Олай болмағанға «уһ» деп, ӛзіме ӛзім келгендей
болдым. Жанар жаққа кӛз тастап едім, оның жүзін байқай алмадым,
маңдайын қос қолдап таянған қалпы тӛмен қарап отыр. Абиыр болғанда, хат
жайына ешкім мән бермеді. Сірә, ӛсекші Жантастың тағы бір зу еткізгені деп
ойлап қалса керек.
- Тағы кім сӛйлейді? — деді Майқанова.
Басқа сӛйлеуші болмады.
Ақыры мәселе дауысқа салынды.
- Бірінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылмасын,
ең соңғы қатты
сӛгіс беріліп, қалдырылсын!
Кӛпшілік.
- Екінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылсын!
Бір ғана адам қол кӛтерді, ол — Жантас.
Достарыңызбен бөлісу: