73
Sauap.org
Сосын үйден иесі шықпай ма жүгіріп. Қарғап, тілдемей ме мені?
Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой».
Қолымдағы тасты былай лақтырып тастап, ӛзімді ӛзім іштей сӛгіп,
жӛніме кете бардым.
Келесі кӛшеге бұрылғанда, алдымда Жанар кетіп бара жатқанын кӛрдім.
Қоңыр кӛйлектің етегі дӛңгелене тӛгіліп, шатын бойына жарасып барады.
Басында мен ұнататын қызыл беретка. Қолтығымнан қанат біткендей
жеделдей басып, Жанарды лезде қуып жеттім. Ол менің сыбысымды естіп,
жалт бұрылып қарады.
- Саламатсың ба, Жанар?
- Амансың ба?
Жанардың сол жақ иығына жұққан болмашы әк кӛзіме шалына кетті.
- Жанар, иығыңды былғап алыпсың ғой?
Жанар тоқтай қап, басын иығына бұрды:
- Кәне?
- Міне.
Шертіп-шертіп жіберіп едім, әк кетіп қалды. Және сүрткілеп жатырмын.
Жанардың жұп-жұмыр әдемі иығы алақаныма біліне түскен сайын
айырылғым келмейді.
- Рақмет, — деді Жанар.
Екеуіміз қатарласып келе жатырмыз.
- Кеше сен қорықтың ба, оқудан шығарады екен деп?
- Неге қорқам, шығарса, Сартоғайдағы нағашымдікіне барып оқитын
едім. Сен білесің бе ондағы мектептің қандай екенін?
- Қандай?
- Екі этажды. Физкультура залын кӛрсең ол мектептің...
Не болса, соны сӛйлеп бара жатқанымды сезе қойдым.
Біраз мүдіріп, тӛңірегіме қарап алдым да, кенет:
- Жанар, — дедім.
- Не?
- Менің кеше хатты кімге жазғанымды білесің бе?
- Қай хатты?
- Жиылыста Жантас айтқан хатты...
Жанардың жүзі қып-қызыл болып кетті:
- Кімге жазып едің?
Ӛкпем аузыма тығылды.
- Жай... ойнап айтам... — дедім.
Достарыңызбен бөлісу: