1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси
және мәдени-әлеуметтік жағдай
жасалды да, күштеп шоқындыру, яғни христиандандыру белең алса,
кейіннен, татарлар арқылы қайта мұсылмандандыру саясаты іске
қосылды. Біздіңше, исламның шарттарын қатаң ұстана бермейтін
көшпелі халықты бағындыру және бір орталықтан басқару, олардың
арасынан туындап отырған отаршылдыққа қарсы дүмпулерді басқа
жаққа алаңдату үшін белгілі бір деңгейде исламды қазақ даласына
сіңіре түсуді қажетсінген сыңайлы. Мысалы, «Біздің қазақ бейшара
ораза жоқ, намаз жоқ, құдай деген жан біз деп жүрген жайылулы
мал сықылды.. деп құдайды ұзынқұлақтан зорға естіп жүрген
қазақты шөптің басынан үріккен қойдай..», – деп [3, 108 б.] сол
бір кезеңдердегі қазақ халқының дінге деген сенімінің деңгейін
сипаттайтын пікірлер де осының айғағы іспетті.
Ислам дініндегі төзімділік, бейбітшіліксүйгіштік қасиеттердің
қатаң сақталуы, ұлтшылдық идеясының аса көп дәріптелмеуі
сияқты ұстанымдар сол кездегі орыс отаршылдары үшін, мүмкін,
тиімді пайдалана білу саясатына келіп тоғысқан сыңайлы. Осы
тұста: «Бұдан біз ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін патша
үкіметінің қазақ даласына ислам дініне байланысты медреселер
салдырып, қазына есебінен Құранды бастырып, қазақтарға тегін
таратуының мақсаты халықтың ақыл-ой, санасын дінмен шырмап
ұстау арқылы билеп-төстеуді көздеген», – деген көзқарастармен [4,
39 б.] келісуге болады. Сондай-ақ: «Мұсылман дінінің моральдық-
этикалық жүйесінің бүкіл іргетасы бағыныштылық талаптармен
құрылғаны анық», – деген [5, 122 б.] көзқарастарға сәйкес, олар
ислам дінінің көнбістікке бағытталған жүйесін пайдалануды да
мақсат етті. Мысалы, татарстандағы ұлттық рух қарсылығының
онша күшті болмауы, Қазақстанға да осы нұсқаны алып келіп
көшіру туралы идеяны туғызған сияқты. Сондықтан, Қазақ жерін
христиандандырудан гөрі исламдандыра түсу маңыздырақ, әрі
тиімдірек, әрі пайдалырақ болды. Себебі, ислам діні басқа діндерге
қарағанда қазақтарға барынша жақын екендігін түсінген Ресейлік
ғалымдар да оны жете зерттеуге қарай ұмтылды. Сондықтан, олар
қазақ жеріндегі сопылық дәстүр мен оның тым көнбістікке келіп
тоғысатын ұстанымын оңтайлы пайдалануды және жандандыра
түсуді қолдай отырып, оны татар-башқұрт-ноғай жұрты мен
бұхарлықтар арқылы өрістетуді тиімді деп білді. Шындығында,
14
Ғұмар Қараш
сол кездегі, әсіресе, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары білім
алған оқу орындарының көпшілігі діни-мұсылмандық сипатта
болған еді. Демек, «мұндай ағартушылықтан еш зиян жоқ» деген
сияқты ұстаным Ресей империясындағы отаршылдықты жүргізуші
теоретиктер үшін заманға сәйкес келетін шындық ретінде
бағаланды. Себебі, сол кездегі ишан-молдалар қашанда қару алып,
жорыққа шығуға құштар болмаған. Демек, басты ұстаным бұл
жерде қазақтардың ұлттық рухы мен ұлттық идеясын ұмыттыру-
алаңдаттыру дегенге келіп саяды. Мысалы «Айқап» журналындағы
«Әулие-Ата хабарлары» деп аталатын мақалада да осымен ыңғайлас
пікірлер былайша баяндалған: «Ишандар, қожалардан аяқ алып
жүргісіз...Мешіттер бек көп болса да мектеп, медресе жоқ. Ешбір
жерде сабақ оқушы балалар жоқ» [6, 95 б.]. Себебі, олар исламның
тек осындай құлшылық жағын ғана көре білді. ХІХ ғасырдағы
ислам дінін татар-башқұрт-қазақ даласында өрістету, бір-біріне
миссионерлер жіберу саясатының сол кездегі қитұрқылығы
мен терең отарлаушылық-бағындырушылық психотехникасын
жете түйсінгендердің бірі – Ғұмар Қараш болатын: «Ол қара
славяншылдықты өршітсе де, бейне тек қана славян байларының
шат тұрмыспен дәурен сүрулері ыңғайына қарап қызмет етті. Бүтін
Россияда болған, Россия халқының бірігуі миссионерлер қамы һәм
басқалар сияқты зор ұйымдардың бары да қызметтерін осы бағытқа
ғана арнап сіңірді» [2, 222 б.].
4. І Петрден кейінгі Ресейдің Еуропалық өркениетке қарай
батыл түрде бет бұруы оларды белгілі бір деңгейде экономикалық
дамуға және ғылыми-техникалық өрлеуге қарай жетеледі. Ішкі саяси
тұрақсыздықтардың бәсеңдеуі және көршілес Азия мемлекеттерінің
мұндай батыс еуропалық дүниетаным мен парадигмадан қалыс
қалуы Ресей патшалығы үшін барынша қолайлы жағдайларға
алып келді. Славянофильдік және батысшылдық қозғалыстардың
өзі анағұрлым түпкілікті қайшылықта болған емес еді. ХІХ
ғасыр, Ресейліктердің өздері атап көрсетіп жүргендей, ғылым мен
білімнің, мәденит пен өнердің «алтын ғасыры» ретінде бағаланды.
Әсіресе, жазушылар мен философтардың ренессансы, әскери
өнер мен тәртіптің нығаюы, техникалық дамуға деген құлшыныс,
жаңа технологияны өндіріске енгізу т.б. бәрі сайып келгенде,
15
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси
және мәдени-әлеуметтік жағдай
Орыс елі еуропалық мемлекеттерге қарағанда артта қалған болып
саналғанмен, Ресейдегі капитализмнің мықтап орнығуына және
өркендеуіне септігін тигізді.
Мұның бәрі Ресейдің жер аумағын кеңейте түсу есебінен
жүргізілуі қажеттігін терең ұғына білгендіктен, бұл кездегі
геосаясат үш арнада өрбіді: Сібір аймағын кеңейте түсу, Орта Азияға
қарай бойлай ену, Еуропа елдерімен қақтығыстар. Бірақ үшінші
жол айтарлықтай нәтижелер бермесе де, батыс шекараны қорғап
қалумен және саяси кикілжіңдер арқылы мәдени сұхбаттастық
орнатумен жалғасын тауып жатты. Ал бірінші және екінші жол
бірте-бірте қолжетімді болды. Мысалы, «Айқап» журналының 1911
жылғы бірінші нөміріндегі «Біздің бұрынғы һәм қазіргі халымыз»
деп аталған мақаладағы сол кездегі Ресейдің кейпі турасындағы
мынадай түйінді саяси-психологиялық сараптамалар біздің осы
ойымызды қуаттай түспек: «Ойшылдардың тапқаны мынау болды.
Ішкі Россияда мұжық қолында жер аз, халық жылдан-жылға көбейіп
артып барады. Соның үшін аз ғана жер көп жанды асырай алмайды.
Бұл қиыншылық халден құтылуға екі түрлі жол бар: Біреуі – жері
тарылған елдегі елдің бірсыпырасын кең жерге көшіру. Екіншісі –
егін шаруашылығын бұрынғы қалпымен жүргізбей, өнерлі елдер
секілді жаза тәртіппен жүргізу» [6, 81 б.].
Әсіресе, Сібір даласына қарай бойлай ену өзінің оңды
нәтижесін беріп отырды. Себебі, Сібір халықтарындағы
феодалдық, тіпті тайпалық-алғашқы қауымдық тіршілік ондағы
ауа райының қолайсыздығына қарамастан оларға басқыншылық
жасауға, жерлерін басып алуға қолайлы жағдайлар жасап берді.
Ал Қазақ жері мен Орта Азияға қарай бағытталған іргелі саясат
кей жағдайда кедергілерге де алып келді. Ол Қазақ даласындағы
бас көтерулер мен жиі-жиі болып тұратын халықтық толқулар еді.
Сондықтан қазақ жерін бағындыруға және билей түсуге қарай өріс
алған саясаттың өзі тек біржақты жауынгерлікпен ғана шектелмеді.
Бұл біріншіден, ағартушылық арқылы қолдау көрсеткендей болу,
сол халықтың өз ішінен білімді және сауатты адамдарды іріктеп
алып, оларды отаршылдыққа көндіруге бірте-бірте ұмтылдыру.
Бұл – Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин сынды тұлғаларды таңдап
алумен келіп шартталды. Екіншіден, қазақтың би-болыстарын, бай-
16
Ғұмар Қараш
манаптарын «қолпаштау» арқылы қазақ даласындағы билікті өз
қолдарына алу, өз кезегінде оларға патша тарапынан марапаттаулар
мен мәртебелі орындар ұсыну т. б. Үшіншіден, жоғарыда атап
өткеніміздей, дін арқылы көздеген мақсатына жету.
Демек, Ресейдегі ХVIII–ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси
жағдай мен Еуропалық дамуға қарай бет бұру өздерінің шығысқа
қарай бағытталған аймағын кеңейте түсу саясатына мол
мүмкіндіктер ашқан еді. Ал сол дәуірдегі Қазақ жері осы саясаттың
құрбанына айналды және Ресей өз қарамағындағы басқа ұлттар мен
ұлыстардың қандай-да болмасын жағдайын ойлауға міндетті емес
еді. Сондықтан, Қазақ даласы 1731–1991 жылдар аралығында Ре-
, Қазақ даласы 1731–1991 жылдар аралығында Ре-
Қазақ даласы 1731–1991 жылдар аралығында Ре-
1731–1991 жылдар аралығында Ре-
сей, кейіннен Кеңестер Одағының құрамында өзінің тәуелсіздігіне
қол жеткізе алмай өмір сүрді. Бірақ, ең бастысы әрісі сақ-түркі,
берісі қазақ даласындағы ұлттық рух кей сәттерде бәсеңдегенмен,
мүлде жойылып кетпеді, өзінің өміршеңдігін сақтап қалған еді.
Бұл – тек қазақ қауымы ғана емес, Ресейдің қол астындағы өзге де
халықтардың өзіндік болмысын белгілі бір деңгейде аздап болса да
сақтап тұрған кезеңі болатын.
Бірақ мұндай ұлт болмысының сақталып отырылуының
өзіндік объективті себептері де болады. ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі әр түрлі жағдаяттар, саяси-
әлеуметтік қатынастардың әр бағытта өзгеруі өзінің қарамағындағы
өзге елдерге көңіл аударуды сәл де болса тежей түсті. Біріншіден,
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің сыртқы
саясатындағы қақтығысты жағдайлар мен әр түрлі ірілі-ұсақты
соғыстардың орын алуы, 1861 жылдан бастап крепостнойлық
правоның жойылуы арқылы Ресейдің капитализмге қарай аяқ ба-
суы, яғни, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі мен
ел ішіндегі реформаларға, демек, жаңашылдықты қабылдаудағы
қоғамдық санадағы психологиялық бейімделе алмаушылық-
бейімделушілік, 1905-1907 жылдар арасындағы Ресейдің батыс
бөлігіндегі орта деңгейлі ішкі төңкерістер және Орыс-Жапон
соғысы, 1917 жылғы буржуазиялық сипат алған, нақтырақ айтқанда,
капитализмге аяқ басқан ақпан төңкерісі, 1917 жылғы іргелі қазан
төңкерісі, 1918-1920 жылғы контрреволюционерлердің қозғалысы,
1920-1930 жылдар аралығындағы азамат соғысы мен шетел интер-
17
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси
және мәдени-әлеуметтік жағдай
венциясы, яғни, «ақтар» мен «қызылдар» деп аталып кеткен ішкі
соғыстар, В.И. Лениннің өлімі т.б. белгілі бір қоғам үшін, ондағы
бұқара халық үшін іргелі оқиғалар мен аласапыран заманның
келбетін береді.
Тек Ресей құрамындағы мемлекеттер үшін ғана емес, тұтас
орыс халқы үшін де осындай сан қилы және әралуан бағыттағы
өзгерістер психологиялық дағдарыстар мен адасушылықтарға
алып келуге ықпал етіп отырды. Қазақстан және басқа да
Ресей құрамындағы халықтар мен ұлыстар, мемлекеттер мен
қауымдастықтарға да бұл өзгерістер айтарлықтай ықпал етіп
отырды, олар да «кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» екендігін ажырата
алмай қалған, санасында қайшылықты пікірлер орын алған
жағдаяттарға кезікті. Сондықтан, ең басты қару адам капиталы
мен бұқара халықтың қолдауы болғандықтан, әр түрлі саяси
ұстанымдар өздерінің көзқарастарымен өзгелерді баурап алу үшін
идеологиялардың күресі заманын бастады. Дегенмен, бұл – Ресей
отаршылдық саясатын әрі қарай жүргізе алмай қалды деген ұғым
туғызбайды, керісінше, өз деңгейінде бірте-бірте сатылап жүзеге
асырып отырды. Кей жағдайда, бұл өзгерістер, қазақ және империя
құрамындағы басқа халықтарға зардаптарын тигізбей қойған жоқ.
Мысалы, 1916 жылғы қазақтан солдат алу немесе қара жұмысқа
тартылудың өзі халқымызға аса ауыр соққы болғандығы белгілі. Ең
өкініштісі, Ресейдің басқа мемлекеттермен соғысуы нәтижесінен
туындайтын өз жері мен елі емес, өзге елдің жері мен елі үшін
құрбан болу оқиғалары. Бұл жағдай КСРО кезінде Ауғанстандағы
азамат соғысы кезеңіне дейін қайталанып отырды.
Осындай ХІХ-ХХ ғасыр басындағы аласапыран заманның
шындығын ажыратып алу бүгінгі таңда да тарихи ақиқат талабы
бойынша күрделі және қайшылықты болып отырған шақта, сол
кезде орын алуы әбден заңды құбылыс екендігін түйсіне аламыз.
Мысалы, Ресейдегі ақпан революциясын қолдаушы буржуазия,
большевиктер, меньшевиктер, эсерлер т. б. саяси бағыттарының
қайсысы дұрыс, кімді ақтап алу қажет деген тарихи сауалдар Қазақ
Елінің сол дәуірдегі тарихи оқиғаларына да сәйкестенді. Бір-біріне
қарсы соғысқан немесе бітіспес қайшылықта болған екі тарап-
тар: Жәңгір мен Махамбет, бай-болыстар мен Қазақ даласындағы
18
Ғұмар Қараш
төменгі тап, Алашордашылар мен большевиктер, социализмнің
белсенді құрылысшылары болып табылатын қазақ зиялылары мен
бұрынғы қоғамды аңсаған ақсүйектер, тіпті бергі замандағы неміс
басқыншыларына жақтасқан деп есептелетін Мұстафа Шоқай
мен фашизмге қарсы күрескен еліміздің батыр ұландары т. б.
тарих таразысының алдында әзірге «екеуі де дұрыс» деген тәрізді
шешіммен жалғасын тауып отыр. Бірақ мұндай конвенционализм
тарихи шындық пен ақиқаттың талабына сәйкес келе бермейтіндігін
ескергендігіміз жөн.
Бірақ белгілі бір қырынан қарағанда, ол қайшылықтар,
біріншіден, қоғам дамуының ішкі заңдылығы болса, екінішіден,
тек сыртқы формада, ішкі мәні жағынан олар белгілі бір деңгейде
үндес болып табылатын сыртқыға қарағанда ішкі қайшылықтар
болып шығады. Демек, бүгінгі біз бірнеше жылдар өткеннен
кейін сол дәуірді сырттан бақылап, аражігін анық дәйектей алмай
отырған шақта, ол кезеңнің өз ішінде жүрген халықтың дұрыс пен
бұрысты білмей адасуы жөн-жосықсыздық емес.
1.2 Түркілік рух және ХІХ– ХХ ғасырдың басындағы қазақ
қоғамындағы заман шындығы
Қазақ халқы өзінің тұтастай тарихи болмысында Ж. Молдағалиев
айтқандай «Мың өліп, мың тірілгендей» күй кешкен ел. Көне сақ-
ғұн заманынан бастау алатын бірнеше мың жылдық тарихы бар
халқымыз, кейіннен түркілік кезеңде де әлемдік саяси сахнада
өзінің өміршеңдігін сақтап қанай қойған жоқ, айтарлықтай
беделге ие болып, дүниежүзілік өркениеттің дамуына елеулі үлес
қосқандығы күмәнсіз. Ендеше ХІХ–ХХ ғасырлардың басындағы
қазақ қоғамындағы заман шындығын сипаттау үшін алдымен, түркі
тарихындағы елдік пен ерлік рухына қысқаша тоқталып өткенді
жөн көрдік.
Біз Елдік рухты бұл жерде тұтастай концепт ретінде қарастыра
отырып, оның намыс пен жігер, отаншылдық пен жауынгерлік
рух, ерлік пен бірлік сияқты түсініктерді жинақтайтын жалпылама
ұғым бойынша пайымдау ұстанымын басшылыққа алсақ, бүгінгі
таңдағы отаншылдық пен әскери патриотизм деп аталып жүрген
19
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси
және мәдени-әлеуметтік жағдай
педагогикалық-психологиялық бағдардың негізгі шарттары да осы
елдік рух аясына келіп үндесетіндігін атап өткіміз келеді.
Түркі халықтарының байырғы діни сенімдеріне көз жіберсек
және оның ұлтты рухтандырушылық қызметтеріне тоқтала
кетсек, бұл тұста, әсіресе, исламға дейінгі, тәңіршілдік, тотемизм,
шамандық, аруаққа табыну дәстүрлерін баса көрсетуімізге
болады. Тәңіршілдікке сенім өздерін әлемге «Көк Түріктері»
деп әйгілейтіндей титул берді. Мұның астарында өзгелер үшін
жаугершіл-намысшыл халық деген саяси-психологиялық мағына
жатты. Бұл сырттан таңылған бағалау емес, түркі халықтарының
жауынгерлік саяси рухының өз ішінен өңделіп шыққан елді
рухтандыру тетіктерінің бірі болды.
Мәселен, М. Қашғари «Диуани луғат ат-түрік» атты еңбегінде:
«Менің бір тайпа қосыным бар, оларды түрік деп атап, Күншығысқа
қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, оларға түріктерімді
қарсы аттандырамын» деп Тәңірінің тұжырымдауы, сондай-ақ
Аттиланың «құдайдың қамшысы» деп аталуы [7, 9 б.] т. б. өздерінің
елдік пен жауынгерлік рухының «тәңірден-ақ» екендігін паш
етіп, оны «бекітіп» қоюдың, демек, объективті-ғарыштық-көктік
себептері бар екендігін жариялаудың психологиялық тетігіне,
жауынгерлік идеологиясына, саяси астарларға келіп тоғысып жатты.
Осы Рухты жою үшін де, кей жағдайда, Ресей отаршылдарына
ислам сенімін қазақ даласына енгізу тіптен тиімді болған тәрізді.
Ата-баба аруағын құрмет тұтқан онгондарға табыну
дәстүріндегі Елдік рухы, олардың жерленген орындарына табыну
мен қастерлеу салттары арғытүркі дәуірінен сақталып-сабақтасып
келе жатқан мәдени-әлеуметтік, діни-философиялық құбылыс.
Мәселен, көне сақ патшаларының парсыларға қарата айтылған:
«әуелі біздің ата-бабамыз жерленген қорымдарға тиісіп көрсін,
сонда біз ашық соғысқа шығатын боламыз» деген қорғаныш
тетіктері де жауынгерлік рухтың қозғаушы күші мен тетігінің
қайта орналастырылғандығын паш етіп тұрғандай сенім тудырады.
Демек, ата-бабаларының жерленген жері Атамекен түсінігінің
аймақтық-географиялық кеңістігін шартты түрде белгілеп берген
деп айта аламыз. Сондықтан да ата-баба аруағын құрмет тұту да
Ресей отаршылдарына ұнай қойған жоқ.
20
Ғұмар Қараш
Түркі халықтарындағы жауынгерлік рух пен елдік рухтың
сақталуы мен өркендеуі олардың өмір сүру салттары мен тіршілік
ету дәстүрлерінен ажыраған жоқ немесе керісінше, олардың
экзистенциясы осы рухты қалыптастыру мен өркендету бағдарымен
келіп ыңғайласып отырды: ұрпақ қалдыру – ұл бала қуанышы,
сөзге құлақ салу – жігерлендіру мен рухтандырушылық сипат, ата
салтындағы намысшылдық, бауырмалдық-рушылдық-ұлысшылдық
түзілімі т. б. Түркі халықтарындағы дүниеге бала келу құбылысы
салтанатты түрде аталып өтілді, оның ішінде ұл баланың өмірге келуі
айрықша дәріптелді. Мұның астарында, «әрбір дүниеге келген ұрпақ
– ел қорғаушы тұлға» (әскер) деген қағида жатыр. Оның мазмұны
кейіннен «атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген
философиялық мәтелмен көмкерілген. Сондықтан, әрбір ұл атадан
жалғыз болмаса, жауға шауып, өзінің өлім мен өмір арасындағы
шекаралық жағдайлы өмірін өзіне-өзі шартты түрде тағайындап
қоюы тиіс болған. Бұл «еркек тоқты құрбандық» деген қатал, әрі
қайғылы, бірақ ең бастысы рух беретін сөзбен келіп шартталған.
Мысалы, тек Ғұмар Қараш қана емес, ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының бәрі осы «тоқты» кейпін киген.
Сөзге тоқтаған және оны құрмет тұтқан түркілік дәстүр, оның
шынайы мағынасы мен экспрессивті-эмоционалды қызметін
жете меңгерген сыңайлы. Сондықтан, сөз – өз кезегінде, ұлтты
рухтандырушы күш пен Елдік рухты сақтауда маңызды құрал ретінде
де қолданылып отырылды. «Ұрысқа шығар алдында болатын сөз
сайысы – бұл дәстүрлі эпикалық локус. Осыған қарап батырлар
жырында магияның нышаны көзделгендігін байқау қиын емес»
[8, 218, 216 б.], – деп байыптаған болатын Асылан Жақсылықов.
Психолог ғалымдарымыз да сөздің психологиялық рух берушілік,
рухтандырушылық күшін былайша атап көрсетеді: «Л.Н. Гумилев
еңбектерінде түркілерде сөздің күші ақиқатты, шынайы күш
болып есептеледі, айтылғанның айғағы деп тегін айтылмаған»
[9, 41 б.]. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей, Ресей
отаршылдары қанша ұмтылғанмен де тілімізді кесе алмады,
мүмкін, оның ықпалды тәсілдерін ойластыра алмаған. Сондықтан,
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ауызша тарайтын
жыраулық-ақындық фольклоршылдыққа жазбаша жеткізілетін
21
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси
және мәдени-әлеуметтік жағдай
қазақ баспасөзі қосылды. Ғұмар Қараш та өз кезегінде осы тәсілді
қолданып, халқын жарқын болашаққа қарай жетеледі.
Түркілік рухтың сақтаушысы мен детерминанттарының бірі
олардың тұтас болмысына қатысты сала – экономикалық тіршілігіне
келіп тіреледі: жылқы өсіру мен атқа отыру – жауынгерлік атты
әскердің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Басқа халықтарда да
жылқыны мініс ретінде пайдалану кездеспейді емес, бұл тұста,
түркі халықтары әлемде алғаш рет жылқы жануарын қолға үйретіп,
оны мініс құралы ретінде бірінші рет пайдаланғандығы және оны
көп өсіргендігіне байланысты болып отыр. Еуропада, кейіннен
басқа да әлем халықтарында мұндай атты әскер қуаты қамтамасыз
етілмеген еді. Сонымен қатар, атқа отыруға жетік машықтану
кеңістікті тез игерудің құралына айналды, сондықтан да түркі
халықтары тарихта бірнеше рет империялар құруға мүмкіндік алды
деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар мал шаруашылығындағы
бос уақыт, түркі ұлдарының дала заңына сәйкес, үнемі жауынгерлік
жаттығу жасауына мүмкіндік ашты және бұл шаруашылықтың
өзі түркі даласын жаттығу-тәжірибелік алаңына ерікті-еріксіз
түрде айналдырып жіберді, аңшылық та осы жауынгерлік рухпен
келіп тоғысып жатты. Сондықтан, Ресей отаршылдарының негізгі
маңызды саясаты – қазақты «аттан түсіру» еді. Ол үшін қазақ
жеріндегі жылқы малына деген репрессия басталып, ол Хрущев
заманына дейін созылды.
Түркі халықтарының саяси-әлеуметтік құрылымы да елдік пен
ерлік идеологиясын қайталап отыруға жетеледі: хандық-қаһандық
басқару, батырлар-баһадүрлер институты, билер-шешендер мектебі,
жыраулық-ақындық дәстүр т. б. Осыған орай, «би» феномені тарихи-
әлеуметтік тұрғыдан мынадай саяси-отаншылдық мағыналарға
ие болады: қызметінің басты мазмұны құқықтық-кеңістіктегі
адам еркіндігі мен еріктілігі, жауапкершілігі мәселелерін қамтып,
әлеуметтік реттеушілікке (регулятор) келіп тоғысады; ол адам
еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы және жаңашылдық енгізуші,
қоғамдық өмірді жаңартушы; бидің қызметі жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар деңгейіндегі: жауапкершілік пен еркіндік,
еріктілік пен тәуелсіздік, бостандық пен азаттық т.б. аясындағы
күрделі мәселелерді шешудің даналығына келіп тіреледі; бидің өзі
22
Ғұмар Қараш
әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің қоғамдық-әлеуметтік,
мәдени-саяси тұрғыдан нақты барынша толыққанды өкілі, өнегесі
мен жарқын үлгісі болып табылады.
Хандық институт тек саяси-әлеуметтік қана емес, қоғам мен
адам арасындағы, билік пен бағынушы қатынасындағы және жалпы
«ұлттық» бірлік пен оның табиғи болмысындағы маңызды буын,
әрі үлкен жауапкершілік пен еркіндіктің аймағындағы жан иесі.
Саяси-әлеуметтік тұрғыдан: Хандық институт – далалық
еркіндік пен азаттық рухының жаршысы және оны тәжірибе
жүзінде іске асырудың негізгі орталығы; Еркіндік таза абсолютті
немесе шектен шыққан бейберекетсіздік емес, ол әлеуметтік
деңгейде белгілі бір жауапкершіліктермен, түсіністіктермен,
келісімділіктермен шартталып отыруы тиіс екендігінің
бақылаушысы да хан мен оның уәзірлері болып табылады және осы
еркіндіктің мәдени-әлеуметтік, онтологиялық мағынасын терең
түйсінуші болып шығады. Бұл – басқа да қазақ ойшылдары сияқты
Ғұмар Қараш толғауларынан жиі көрініс табатын үрдіс.
Түркілік дүниетанымдағы Елдік рухтың тағы бір айшықты
көрінісі – жыраулық дәстүр. Жырау тек жыршы емес,
шығармашылық иесі, әлеуметтік насихатшы, саяси идеолог,
ақпараттарды тасушы жанды ақпарат құралы, жүйесіз ақпараттарды
жүйелеп, оны өмірмәнділік мәселеге көтеріп, теорияны
практикамен байланыстырушы, яғни, әлеуметтік философиялық
мәселелерді іске асырушы субъект. Олардың елдік рух пен түркілік
идеяны қалыптастырушы-дамытушылық қызметі сайып келгенде,
«соғыс-елдік-намыс» идеологиясын құруға келіп тіреледі. Түркі
халықтарының бізге айқын тарихы бойынша, мұндай жыраулық
дәстүр Тоныкөктің идеяларындағы көмескіленген үдерістері мен
Қорқыт атаның толғауларынан бастау алады.
Осыны жете түйсінген отаршылдар түркі-қазақ қоғамында
көнеден бері сақталып келе жатқан саяси-әкімшілдік басқару жүйесін
бірте-бірте өзгертті, ақын-жыраулар саяси-рухани тұлғалықтан
айрылып, рухани-мәдени тұлғаларға (өнер иелеріне) айналдырылды.
Мыңдаған жылдар бойы әлемді өзінің айбарымен дүр
сілкіндірген осындай түркілік рухтың, сәйкесінше, жаулары да
көп болды. Міне, XVIII ғасырлардан бастап, қазақ даласында
|