Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


 ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
көтерілістер,  одан  кейінгі  1916  жылғы  капитализм  орнатуды 
көздеген  буржуазиялық  төңкеріс,  1917  жылғы  қазан  төңкерісі, 
Кеңес  үкіметінің  саясатының  бастапқыда  дұрыс  сияқты  болып 
құрылуы, кейіннен оның да қазақ халқына зардаптар алып келуі, 
Алашордашылардың  идеологиясы  мен  бастапқы  әрекеттері, 
олардың  өз  ішінен  де  әр  түрлі  бағыттарға  қарай  бөлінуі, 
шындығында, 20–30 жыл ішіндегі саясаттың сан құбылуы бұқара 
халықты адастырған сыңайлы. 
Осыған байланысты, халықтық ұстанымдар алуан түрлі саяси-
әлеуметтік көзқарастар арасынан – патшалық Ресейді құптау керек 
пе,  әлде  социалистік  жүйе  дұрыс  па,  әлде  тіпті  одан  тыс  қазақ 
қоғамының ғана мүддесін ойлау керек шығар деген деген сияқты 
әр  түрлі  бағыттарда  адасты  десек  те  болады.  Кейбір  көзқарастар 
Ресей  мен  Кеңестік  жүйеге  шын  ниетімен  сенім  артса,  кейбірі 
жан  бағу  үшін  оларға  қолдау  білдірді,  кейбірі  оларға  тікелей 
ашық  қарсы  шықты.  Мысалы,  біздіңше,  А.  Иманов  бастаған 
қозғалыстың ыдырауы мен жеңіске жете алмауының себептерінің 
бірі, түптеп келгенде, осы идеологиялық адасудан туындап жатты, 
тек халыққа бір-ақ нәрсе ақиқат болды, ол өз ұлтының болашағы, 
оны қалай сақтап қалу керек. Тіпті қазақ халқының кейбір бөлігі – 
ХХ ғасырдың басында-ақ «Аш пәледен, қаш пәле» деген қағиданы 
басшылыққа алып, бөтен елге тыныштық іздеп қашпақ болды және 
біраз бөлігі ол мақсатына жетті. 
Міне,  біз  осыдан,  бір  ұлттың  ішінде:  Махамбет  пен 
Жәңгір  арасындағы  тартыс  не  себепті  болғандығын,  орысшыл 
ғалымдар мен би-болыстардың кейбірі халық мүддесіне неліктен 
алаңдамағандығын,  Алашордашылар  арасында  неліктен  жік 
шыққандығын, түптеп келгенде, қазақ зиялыларының сол дәуірде 
бір-бірін  не  үшін  «ұстап  бергендігін»  және  т.б.  түсіне  аламыз. 
Демек,  халық  ақиқатын  таба  алмай,  жыл  сайын  құбылып  тұрған 
дүниенің  қайсысы  бұрыс,  қайсысы  теріс  екендігін  білмей,  әуре 
сарсаңға түскендігін көре аламыз. Бұл жайтты, 1911 жылғы Айқап 
журналының  №1  нөміріндегі  мына  пікірлерден  туындатуымызға 
болады: «Өзі қайда барарын біле алмайды, адасып тұрған халықты 
бұдан  жаман  адастырып,  басшыларымыздың  екі  жаққа  тартуына 
қайғырып, тездетіп бір ынтымаққа келуін тілейміз» [20, 85 б.] 

34
Ғұмар Қараш
Бірақ,  ХІХ  ғасырдың  аяғындағы  –  ХХ  ғасырдың  басындағы 
әр  түрлі  бағыт  ұстанғандар  өзара  үнемі  қырқысып-қақтығысып 
отырған деген түсінік тумауы тиіс. Олардың ішінде де белгілі бір 
ғылыми танымдық көзқарастық бірлікті ұстанғандар, саяси-мәдени 
мүдделестер, діни көзқарастары жағынан өзара сәйкес келетіндер 
тобы ресми және ресми емес түрде болса да бір-бірімен байланысып, 
ынтымақтасып, бірлесе әрекет етуге бел шешіп, нақты нәтижелерге 
де қол жеткізіп жүргендігі тарихи шындық. 
Қарап  отырсақ,  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың 
басындағы әр түрлі идеялар мен идеологиялардың ұлт болашағын 
жасақтау  мақсатында  өрбуі  және  олардың  өзара  пікірталастар 
арқылы  өрістеуі  бүгінгі  күні  де  маңызын  жоймаған  мәселелерге 
келіп  тоғысып  жатыр.  Атап  айтқанда,  қазақ  әліпбиі,  оның  қалай 
құрылу  қажеттігі;  Алаш  идеясы  немесе  ұлттық  идея;  қазақ 
халқының  батыстық  және  ресейлік  құндылықтарға  бет  бұруы 
мен  дәстүршілдік  арасындағы  кейбір  қайшылықты  тұстардың 
өрбуі; жесір дауы (көп әйел алушылық, әмеңгерлік т. б.); жер дауы 
(бұрынғы  жайылымдық  жер  мен  қазіргі  жер  телімі);  мұсылман 
дінін жаңғыртуға бетбұрыс; ілім-білімді күшейту – зияткерлік пен 
интеллектуальді ұлт қалыптастыру саясаты; шенеуніктер мен халық 
арасындағы оппозициялар; жалпытүркілік идеяның көтерілуі т. б. 
Бұл нені білдіреді? ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың басындағы 
қазақ  ренессансының  бірлігін,  қайта  түлеп,  жаңарып  отыратын 
ұлттық рух тұтастығын, заманның ұқсастығын т.б. бізге тиянақтап 
береді және бұл мәселелерді шешудегі қателіктерді қайталамауды 
нұсқайды, екінші бір қырынан алғанда, кеңес дәуірінің жағымсыз 
әсерлері  ықпалынан  үзіліп  қалған  идеялар  тасқынының  ұмыт 
болмай, қайтадан сабақтасқандығын көрсетіп береді, яғни, үзілген 
жіптің қайта жалғанғандығын ниеттейді. 
Біз зерттеп отырған негізгі мәселеміз Ғ. Қараштың өмірбаяны, 
қоғамдық-саяси  көзқарасы,  шығармашылығы  мен  дүниетанымы, 
сол  дәуірдегі  алатын  орны  сияқты  мәселелерді  талқылаудың 
негізгі  алғышарттарына  тоқталып  өттік.  Себебі,  сол  дәуірдегі 
заман шындығын ашып көрсетпей тұрып, ол кезеңде өмір сүрген 
тұлғалардың  да  шынайы  болмысын  тани  алмаймыз.  Ендеше 
келесі кезекте, Ғұмар Қараштың өмірбаяны мен шығармашылығы 

35
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
мәселелерін таразылайтын боламыз. Әйтсе де, осы орайда, оның 
шығармашылығы мен дүниетанымын сараптаудың кейбір күрделі 
тұстарына тоқталып өтпекпіз.
1.  Ғұмар  Қараш  алмағайып  аласапыран  заманда  өмір  сүрді, 
патшалық  Ресей  мен  Кеңестер  Одағының  жалғасқан  бір-біріне 
ауысатын  өтпелі  кезеңін  бастан  өткерді.  Осыған  байланысты, 
ойшылдың  көзқарастары  да  заманның  талабы  мен  өзінің  ішкі 
рухани дүниесінің қажеттілігіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі 
бағытқа өзгеріп отырды. Сондықтан, оның көзқарасы мынадай деп 
бір бағытта кесіп айтудың өзі айтарлықтай қиындықтар туғызады. 
2.  Ғұмар  Қараш  жан-жақты  ғалым,  әрі  әдебиетші-ақын, 
саяси  қайраткер  болғандықтан,  еңбектерінің  мазмұнын  біржақты 
талдауға келмейді, яғни, оны әрбір сала бойынша әр түрлі деңгейде 
қарастыруымыз  керек.  Оның  өз  немересі  Н.Бұрханқызы  атап 
өткендей: «Ғұмар Қараш қамтыған тақырып аясы өте үлкен – онда 
поэзиядан  бөлек,  ұлттық  мәдениет,  оқу-ағарту,  философия,  дін, 
педагогика,  публицистика,  құқық,  отырықшы  тұрмыс,  медицина, 
қазақ  қоғамындағы  әйелдің  жағдайы,  ана  тілі  т.с.с.  тақырыптар 
қамтылған» [21, 25 б.]. 
3. Ғұмар Қараш бір жағынан дінтанумен, дін философиясымен 
шұғылданса, екінші бір қырынан діни философ-теолог. Сондықтан, 
жалпы дін мәселесінің өзі сол дәуірлерде өршіп, әр түрлі бағыттар 
мен мазһабтардың аралығында ауытқып тұрғандықтан, оны белгілі 
бір  арнаға  апарып  тоғыстырудың  өзі  қиындық  келтіріп  жатады. 
Сонымен қатар, діни өкілдің көзқарастары да әр түрлі ақпараттар 
мен  тұлғаның  жеке  өмірлік  тәжірибесіне  байланысты  өзгеріп 
отыратындығын есепке алуымыз керек. 

36
Ғұмар Қараш
2. ӨМІРГЕ АТТАНЫС ПЕН ӨРЛЕУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
2.1 Тұлғаның өмір тарихы мен шығармашылығы
Қазақ  дүниетанымын  және  қазақ  болмысын  зерделеу  1991 
жылдан,  яғни,  тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  батылырақ 
қолға  алынды  және  тереңірек  зерттеулерді  қажет  етті.  Осыған 
байланысты,  тәуелсіздігімізді  одан  әрі  нығайту  мақсатында 
қоғамдық ғылымдарға айтарлықтай міндеттер жүктелген еді. Бүкіл 
қазақ тарихы мен арғытарихты, ондағы тұтас руханиятты шынайы 
ғылыми  тұрғыдан  пайымдау  мен  қайта  зерделеу  қолға  алынып 
отырған  шақта,  оны  біз  зерттеп  отырған  жеке  тұлғаға  қатысты 
алғанда, шартты түрде, мынадай бірнеше мазмұндық арнаға бөлуге 
болады. 
Бірінші  –  «жалпы  ұлттану»  деп  атауға  болатын  кезеңде 
қазақ  болмысын  зерделеген  ғылыми  нәтижелер  даңғыл  сүрлеу 
салынбағандықтан  жүйесіздеу-тәжірибесіздеу  сипат  алды  немесе 
тым жалпы болып құрылды. Бұл кезде қазақ болмысын зерттеудің 
әдіснамалық-теориялық  негіздері  әлі  толық  жетілмеген  де  еді. 
Екінші,  белгілі  бір  хронологиялық  кезеңді  негізге  алып,  сол 
дәуірдің  тарихи,  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық 
т.б. көзқарастарын баса зерттеуге көңіл бөлінді. Себебі, ол кездерде 
жеке  тұлғалар  жөніндегі  мағлұматтар  әлі  де  болса  толықтай 
анықталмай жатты. Үшінші, сол дәуірдегі әрбір тұлғаға жеке-жеке 
назар аударылды, тек соның ғана тұлғалық болмысы мен көзқарасын 
зерделеу қолға алынған сатыға аяқ бастық. Бұл бағыт сәйкесінше, 
нысанаға  алынған  тұлғаны  әр  қырынан  зерттеумен  жалғасын 
тапты. Төртінші, әлі де болса танылмай жатқан немесе елеусіздеу 
болып қалған тұлғалардың шығармашылығына үңіле түсіп, оларды 
ғылыми танымдық аймаққа паш ету қолға алынды. Сонымен қатар 
мұндай  зерттеулердің  біршама  жетілгендігі  соншалық,  ғалымдар 

37
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
арасында  бір  мәселе  төңірегінде  әр  түрлі  пікірлердің  таласы 
мен тоғысуы жүріп жатты. Бұл – дәл бүгінгі біз зерттеп отырған 
мәселеге  сәйкестенеді.  Себебі,  танымдық  парадигманың  өзін 
біршама  өзгерту  қажеттігі  туындады.  Бұрынғы  еуропорталықтық 
парадигма мен отаршылдық-кеңестік идеологиялық әдіснамаларды 
басшылыққа алудың нәтижесі, кей жағдайда, шындыққа сәйкестене 
бермеді,  кей  сәттерде  тіпті  нәтижелерді  басқа  арнаға  бұрып  та 
жіберді. 
  Бүгінгі  таңда,  тарихи-мәдени  мұраларды  тек  қытайлық, 
ресейлік,  еуропалық  ғалымдардың  зерттеулеріне  сүйеніп 
қарастыру  мен  олардың  мұрағаттарын  басшылыққа  алу  өзінің 
маңыздылығын  төмендетті.  Олардың  біздің  халқымыз  туралы 
пікірлері мен идеялары әрине, сол халық өкілі болмағандықтан, көп 
жағдайларда  біржақтылық  сипат  алды.  Ал  біздің  зерттеулер  осы 
идеяларды бірыңғай, сұрыптамай, сын көзбен қарамай, сол күйінде 
пайдаланғандықтан, кейде шындықтан алшақтап та кетіп отырды. 
Келесі  кезекте,  осындай  тұлғалардың  өмірбаянын,  шығарма-
шылығын, саяси қызметтерін, жалпы дүниетанымын әртүрлі ғылым 
тұрғысынан жан-жақты саралаған пікірлерді жинақтай келе, оның 
тұтас келбетін ашып көрсететін еңбектердің тууы заманауи тарих 
пен өмірдің өзі тудырған қажеттілік деп айта аламыз. 
Мысалы,  ХІХ–ХХ  ғасырлардағы  қазақ  қоғамының  шынайы 
келбетін нысанаға алу – ол дәуірдегі кейбір тұлғалардың, көрнекті 
қайраткерлер  мен  зиялы  қауымдардың  шығармашылығы  мен 
болмысын зерттеуді ұмыт қалдырып отырды немесе ол – әр түрлі 
идеологиялық тиым салулардан, ақпараттардың жасырын болуынан 
туындады. Соның бірі – Ғұмар Қараш.
Дегенмен, бүгінгі таңда Ғұмар Қарашты мүлде зерттелмеген 
деп  айтуға  келмейді,  соңғы  уақыттарда  ол  туралы  азды-көпті 
еңбектер жарияланған. Соған байланысты, алдымен, бұл тұлғаның 
1989  жылғы  ақталуына  дейінгі  зерттелу  деңгейіне  тоқталып 
өтуді  жөн  көрдік.  Осы  орайда,  ірі  тұлғаны  зерттеушілердің 
пікірлеріне  сүйене  кетсек,  ол  туралы  алғашқы  мәліметтер  1914 
жылы  Ж.  Арслановтың  «Раддия»  атты  туындысында  ойшылдың 
діни  көзқарасы  туралы  оқиғаларды  қатыстыра  отырып,  қысқаша 
ақпараттармен  берілсе,  1914  жылы  Арыстанұғлы  Жұмағали 

38
Ғұмар Қараш
«Молла  Ғұмардың  «Бәдел-хаж»  бәдғат  рисаласына  раддия»  атты 
Қазан қаласынан шығарылған еңбегінде де оның діни ұстанымдары 
туралы  баяндап  өтеді.  1924  жылы  Ғ.  Мүсірепов  өзінің  «Қисық 
сынға  әділ  төре»  атты  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  24  наурызында 
берген мақаласында Ғұмардың өмірі туралы қысқаша мағлұматтар 
көрсетсе,  1934  жылы  Н.  Манаев.  «Шәңгерей.  Өлеңдер  жинағы» 
деген  еңбегінде  Шәңгерей  мен  Ғұмар  Қараштың  өлеңдеріне 
салыстырмалы талдаулар жасаған болатын. Ал Е. Ысмайлов 1940 
жылғы басылған 9–сыныпқа арналған «Қазақ әдебиетінің» арнайы 
хрестоматиясының  ІІ  бөлімінде  оның  бірнеше  өлеңдерін  ұсынса, 
С.  Сейфуллин  өзінің  «Тар  жол  тайғақ  кешу.  Тарихи-мемуарлық 
роман»  атты  көркемдік-биографиялық  еңбегінде  оның  образын 
бір-екі жерде сомдап береді. М.Ысмағұлов «Ғ. Қарашевтің тәлім-
тәрбие туралы пікірлері» атты мақаласын 1959 жылы 21 мамырда 
шыққан «Қазақстан мұғалімі» журналының нөмеріне беріп, оның 
педагогикалық  идеяларын  таразылаған  болатын.  Ал  1958  жылғы 
Москва  қаласынан  шыққан  «Антология  казахской  поэзии»  деп 
аталатын еңбекте оның бірді-екілі өлеңдері берілген екен. 1965 жылы 
Қазақ  әдебиеті  тарихының  ІІ  томында  оның  шығармашылығына 
азды-көпті талдаулар жасалған, С.З. Зиманов пен М.Ш. Ысмағұлов 
1962  жылғы  шыққан  «Философская  энциклопедия»  деп  аталған 
сөздіктерінде  оның  еңбектерінің  философиялық  мағынасына 
шолу  жасаған  болса,  А.  Нұрқатов  «Абайдың  ақындық  дәстүрі» 
атты еңбегінде де оның туындылары туралы қысқаша мәліметтер 
береді, 1973 жылы М. Жақсалиев «Экономические и социально-
политические  взгляды  казахских  общественных  деятелей  конца 
ХІХ  –  начало  ХХ  века»  атты  кандидаттық  диссертациясында 
Ғұмар  Қараш  туралы  азды-көпті  мағлұматтар  келтіреді.  М. 
Мағауин  болса,  1978  жылы  шығарылған  «Поэты  Казахстана» 
жинағында оның бірнеше өлеңдерін енгіздіреді, одан кейін Қазақ 
Совет  Энциклопедиясының  6–томында  оның  өмірбаяны  туралы 
мағлұматтар жарияланады. Р.Жанғожин 1987 жылы «Литературная 
газетада» Ғұмар Қарашты М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев сынды 
ойшылдармен қатар қоя суреттейді. 
Сондай-ақ Ғұмар Қараш тұлғасы өзі өмір сүрген дәуірлерде-
ақ  әлемге  танымал  болғандығының  айғағы  ретінде  –  ағылшын 

39
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
ғалымы  Т.  Виннердің  1958  жылғы  жарық  көрген  «Орта  Азия 
әдебиеті»  немесе  «Устное  творчество  и  литература  казахов 
Русской  Центральной  Азии»  деп  аталған  еңбегінде  де  ол  туралы 
оңды  мағлұматтар  берілгендігін  атап  өтуімізге  болады.  Немесе, 
А.  Беннигсеннің  «Баспасөз  және  1920  жылға  дейінгі  Россия 
мұсылмандары  арасындағы  ұлттық  қозғалыс»  деп  аталатын 
еңбегінде  де,  1991  жылы  «Қазақстан  Коммунисі»  деп  аталған 
журналдағы бір мақаласында да оған шынайы баға берілген еді. 
1989  жылы  Ғұмар  Қараш  ақталғаннан  кейін  оның 
шығармашылық  мұрасын  зерттеу  әрі  қарай  батылырақ  түрде 
жалғасын тапқан болатын. Р. Жанғожин мен С. Созақбаев «Қайраткер 
Ғұмар Қарашев» атты мақалаларын «Қазақ әдебиеті» газетінің 1989 
жылғы 25 қаңтарда шыққан нөміріне жариялайды да, оның саяси-
әлеуметтік көзқарастарына оң баға береді. С. Садықовтың «Ел іші 
Ғұмарды ұмытпайды» атты «Орал өңірі» газетінің 1990 жылғы 7 
наурыздағы  мақаласы  да  бастапқы  тиянақты  зерттеулердің  бірі 
болды. 1991  жылы М.  Әбсеметов  «ХХ  ғасыр басындағы  тарихи-
әдеби  процестегі  Міржақып  Дулатұлының  шығармашылығы» 
атты диссертациясында да Ғұмар Қараштың өмірі туралы біршама 
мағлұматтар  берсе,  М.  Неталиев  «Жиеннен  туған  жиеншар 
немесе  Исатайға  байланысты  бір  дерек»  атты  мақаласын  1993 
жылғы  «Ана  тілі»  газетінің  17–нөміріне  жариялай  келе,  рулық-
шежірелік қатынастар бойынша оған да байланысты, шығу тегіне 
қатысты жаңа ойларын түйіндейді. 1994 жылы Қ. Сыдиқов өзінің 
«Замана», кейіннен «Халқымен қайта табысқандар» деп аталатын 
туындыларында  оның  біраз  өлеңдерін  жинақтап  басып  шығарса, 
Қ. Сыдықұлы «Біртума жыр саңлақтары» (XVIIІ-ХХғғ) атты еңбе-
гінде  оның  шығармашылығы  мен  жалпы  ұстанған  діни  бағытын 
талдап көрсетеді. 
Тарихшы  М.Қ.  Қозыбаев  1998  жылғы  «Тарих  зердесі» 
туындысында,  С.  Өзбекұлы  1998  жылы  жазылған  «Арыстары 
алаштың. Тарихи очерктер» деген еңбегінде, Р. Нафигов «Уральские 
друзья и знакомые Тукая» атты 1998 жылы Қазан қаласында өткен 
конференцияда Ғұмар Қараштың өмірінің белестері туралы жалпы 
құнды  мағлұматтар  қалдырған.  Ол  туралы  тарихи  сараптамалар 
кейіннен,  М.  Қойгелдиевтің  1995  жылы  баспадан  жарық  көрген 

40
Ғұмар Қараш
«Алаш  қозғалысы»  атты  зерттеуінен,  1995  жылғы  «Жұлдыз» 
журналының 1– нөмірінде жарияланған И. Кенжәлиевтің «Ғұмар 
Қараш  туралы  жаңа  деректер»  деп  аталған  және  1992  жылғы 
«Жұлдыз»  журналындағы  «Ғұмар  Қарашты  кім  өлтірді»  атты 
мақалаларынан, 1995 жылғы «Ақиқат» журналының 4 сәуіріндегі 
нөмірінде «Ғұмар Қарашұлы туралы кейбір тың мәліметтер» деп 
аталған  және  осы  автордың  басқа  да  бірнеше  мақалаларынан 
көрініс  тапты.  Сондай-ақ  мұндай  нақты  айғақтар  келтірілген 
еңбектер кейіннен де – 1997 жылы Б. Шканованың «Ғұмар Қараш 
–  ғұлама  дарын»  атты  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналының 
11
–12 нөмеріндегі мақаласы арқылы, 1997 жылы Г.Тілеубаеваның 
«Қараштың  қаны  тамған  жер  қайда»  атты  «Егемен  Қазақстан» 
газетінің 6-қаңтарда басылып шыққан еңбегінен жалғасын тауып 
жатты.  Сонымен  қатар  Б.Б.  Мамраевтың  «Основные  тенденции 
развития  казахской  литературы  первой  четверти  ХХ  века»  деп 
аталған  1998  жылы  жарыққа  шыққан  монографиялық  зерттеу 
еңбегі де ақын жөнініде мол мағлұматтар береді.
Ал  2000  жылдардан  бастап,  ойшыл  туралы  арнайы 
диссертациялық  ғылыми  зерттеулер  мен  монографиялар  жазыла 
бастады.  Атап  айтқанда,  Өзбекұлы  Сәкен  мен  Ысмайлова 
Атақожаның  «Ғұмар  Қарашев  (өмірі  мен  қызметі)»  атты 
іргелі  еңбектері  оның  өмірі  мен  шығармашылығын  тұтастай 
зерттеуге  арналған  болатын.  2004  жылы  Д.Д.  Сүлейменованың 
«Алашорданың  батыс  бөлімінің  тарихы»  деп  аталатын  еңбегінің 
біраз бөлігі де Ғұмар Қараштың өмірі мен ол кездегі тарихи дәуірге 
берілген шынайы баға деп айта алмыз. Сонымен қатар 2004 жылы 
баспадан  шыққан  М.  Тәжімұраттың  «Ғұмар  Қараш»  деп  аталған 
монографиясы, 2004 жылы жарық көрген И. Кенжалиевтің «Ғұмар 
Қараш» атты оқу құралы түрінде жазған туындысы, 2004 жылы 
А. Исмайловтың «Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және құқықтық 
көзқарастары» атты кандидаттық диссертациясы, Б. Тайырованың 
2008  жылы  жазған  «Ғұмар  Қараштың  дүниетанымы»  атты 
монографиялық  зерттеуі,  2009  жылғы  Б.Боранбаеваның  «Ғұмар 
Қараштың  өмірі  мен  қоғамдық-саяси  қызметі»  (1875–1921)  атты 
диссертациялық зерттеуі т.б барынша толық мағлұмат бере алатын 
іргелі ізденістер болды.

41
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
Одан  кейін  де  ойшыл  туралы  азды-көпті  зерттеулер  әрі 
қарай  жалғасын  таба  берді:  Қ.  Ермековтің  өзінің  «Философия 
негіздері»  атты  еңбегінде  оның  өмірі  мен  шығармашылығына 
біраз  тоқталып,  философиялық  көзқарастарына  шолу  жасаған 
бөлімшесін,  2001  жылы  философиялық  тұрғыдан  жазылған 
Ғ.  Нұрышеваның  «Ғұмар  Қараштың  өмір  философиясы»  атты 
еңбегін,  2003  жылы  «Қазақ  тарихы»  журналының  6  нөміріндегі 
А.  Ысмайловтың  «Ғұмар  Қарашевтің  өмірі  мен  қызметі» 
атты  мақаласын,  Қ.Ш.  Бейсеновтың  «Философия  тарихы»  атты 
оқулығындағы Ғұмар Қарашқа арнаған зерттеулерін, А. Каукенованың 
«Ғұмар  Қараштың  еңбектеріндегі  тәлім-тәрбиелік  ойлар»  атты 
2006  жылғы  Қазақстан  мектебі  журналының  10  нөмерінде 
жарық  көрген  мақаласын,  С.  Жұмағұлдың  «Ғұмар  Қараш  және 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Алашшыл  әдебиет»  атты  «Азия-
Транзит» журналының 2001 жылғы 11 нөмеріндегі жарық көрген 
мақаласын, Б.Д. Сұлтановтың «Ғұмар Қараштың діни мазмұндағы 
шығармаларының мәні» атты мақаласын, Насекенұлы Исатай мен 
И.Н. Кенжалиев бірігіп, 2004 жылы жазған «Ғұмар Қараш» атты оқу 
құралының іргелі еңбек ретінде ұсынылуын, Э.С. Сисенбиеваның 
«Ғұмар  Қараш  шығармашылығындағы  алаш  идеясы»  атты 
еңбегін, Қ.Л. Садықтың 2005 жылғы «Астана хабары» газетінің 31 
мамырында жарияланған «Ғұмар Қараш кім еді?» атты мақаласын, 
2006 жылы «Орал өңірі» газетінің 10 қазанында жарыққа шыққан 
З. Сисенғалидің «Ғұмар Қараш: Құмдағы ауыл» атты өлеңдерінің 
берілуін,  2005,  1997,  2006  жылдары  Қ.  Сыдиқов  жазған  «Ғұмар 
Қараш:  ағартушы,  публицист,  философ,  ақын  жайлы»  атты  «Жас 
өркеннің»  2005  жылғы  5  нөміріндегі,  «Ақын  философ  Ғұмар 
Қараш  туралы»  атты  23–30  маусымдағы  «Ғұмар  Қараштың 
қара  сөзі»  атты  ҚР  ҒМ-ҒА  хабарларының  тіл  сериясы  бөлімінде 
жарияланған  мақалаларын,  Д.Қамзабекұлының  «Ғұмар  Қараш: 
Бір ұлт-бір ағза» атты 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Астана хабары» 
газетіндегі  мақаласын,  Ғ.  Қабекеновтың  2007  жылы  шығарылған 
«Нұғыман  Манаевтың  қоғамдық  қызметі  мен  педагогикалық 
идеялары»  деп  аталған  монографиялық  зерттеуіндегі  Ғұмар 
Қараштың  ағартушылығына  басымдық  берген  тұжырымдарын, 
2008 жылғы Қостанай қаласында өткен «Пенитенциарная система 

42
Ғұмар Қараш
Казахстана  и  ее  соответствие  международным  стандартам»  деп 
аталған  халықаралық  конференцияда  «Ғұмар  Қараштың  діни 
мазмұндағы  шығармаларының  мәні»  деп  аталатын  баяндамасын 
оқуын, 2011 жылғы Ж. Құдабайдың «Ғұмар Қараштың қалдырған 
әдеби  мұрасы»  атты  «Білім  көкжиегі»  журналының  7  санында 
жарияланған  мақаласын,  2012  жылғы  «Атам  Ғұмар  Қазақ  елінің 
мақтанышы болса, ұрпақтарына абырой» атты журналист Ж. Сафул-
линге берген «Орал өңірі» газетінің 26 шілдесіндегі сұхбатын, 2012 
жылы Қазақ әдебиеті газетінің 26-нөмерінде жарық көрген Б. Тілен-
шинаның  «Ғұмар  Қараш  кім  еді?»  атты  мақаласын,  2013  жылғы 
Ғұмар  Қараштың  «Екі  бауырға»  атты  өлеңінің  шығу  тегі  туралы 
өз әкесінен естігендерін Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» 
деп аталатын газетке жазған Құмашев Жасұлан Амырханұлының 
мақаласын,  Ж.  Ошақбаеваның  «Қазақ  халқының  руханилықты 
қалыптастырудағы ролі» деп аталатын мақаласындағы Ғ. Қараштың 
діни көзқарастарына жасалған талдауларын т.б. атап өтуге болады.
Сондай-ақ,  өздерінің  естіген-білгендерін  қолжазба  түрінде 
жазып,  кейінгі  ұрпақтарға  мұра  ретінде  қалдырған  еңбектер  де 
Ғұмар Қараш туралы құнды мағлұматтар бере алады. Атап айтқанда, 
Х.  Әжікеевтің  «Ғұмар  Қарашев  туралы  менің  білетіндерім»  атты 
қолжазбасын,  Өтеп  Бекетовтің  сирек  кітаптар  мен  қолжазбалар 
қорында  сақталған  Ғұмар  Қараштың  діни  көзқарасы  туралы 
оқиғаларын бейнелейтін естелігін, Ш. Бекмұхамедовтың, Бегалиев 
Ғалидің сирек кітаптар мен қолжазбалар бөліміндегі естеліктерін 
т.б. айтуымызға болады. 
Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Мұрағатындағы оның өмірі мен шығармашылығы, бастан өткізген 
оқиғалары  туралы  Ш.  Күсәпкулов,  Ғ.  Сарыбаев,  Ж.  Сарсеков,                
Ғ. Салимов сынды адамдардың естеліктері де ол туралы шынайы 
мағлұматтар береді. 
Сондай-ақ  сол  дәуірдегі  Алаш  қозғалысы  туралы  зерттеген 
тарихшылар  да  Ғ.  Қараштың  атқарған  саяси  қызметтері  туралы 
мәселеге  аз-кем  тоқталып  өтуі  табиғи  заңдылық  еді.  Олардың 
қатарында Е.Тілешовтың «Алаш. Таным» атты ғылыми зерттеулер 
жинағына енген «Алаштың жолы» атты мақаласы сияқты еңбектерді 
атап өтуге болады.

43

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет