Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


 ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
да  осы  түркілік  рухтың  сейілуі  мен  әлемдік  сахнадағы 
қалыптасқан  беделінен  айрылуы  осындай  тұтас  елдік  пен  ерлік 
идеясының  күйреуінен  туындап  жатты.  Ресейлік  патша  үкіметі 
де  өзінің  отарлаушылық  саясатын  осындай  шарттарды  әрі  қарай 
жалғастырумен  ұштастырды:  халықты  ат  үстінен  түсіру,  би-
шешендік,  хандық,  батырлық  институтты  жою,  байырғы  діни 
сенімдеріннің іргесін шайқалту т. б. 
Яғни,  түркі-қазақтық  рухты  күйретудің  100  жылдан  астамғы 
идеологиясы әрі қарай жалғасын тауып, XIX ғасырдың аяғы мен 
XX ғасырларда түбегейлі болмаса да, өзінің азды-көпті нәтижесін 
беріп  отырды.  XIX  ғасырдың  аяғында  қазақ  жері  түгелімен 
бағындырылды, бұрынғы қоғамдық-саяси жүйе күйреді, ел ішіндегі 
бірлік идеясын құлдыратып, өзара алауыздықты одан әрі өршітуге 
септігін тигізді, құнарлы жерлер мен мал шаруашылығын күйрету, 
әсіресе, жылқы малын жою шаралары да өз мақсатына жеткендей 
болды т. б.
Осыған  байланысты,  ХХ  ғасырдың  басында,  тіпті,  Кеңес 
үкіметіне дейін-ақ, қазақ ұлтының болу немесе болмау мәселесі 
тағы  да  (түркі-қазақ  тарихында  мұндай  балама  бірнеше  рет 
кездескен)  жолға  қойылды:  «Қазақтан  Ғабдолғазиз  Мұса 
Жүсіпбеков, Ноғайдин Жаһандаров мырзалар Алаш ұранды қазақ 
халқының жоғалуы, жоғалмауы хақында сөз қозғады. Әрқайсысы 
өз  білгенінше  дәлел  көрсетті.  Ғабдолғазиз  айтады:  «Қазақ 
бұрынғысына  қарағанда  азырақ  ғылым-білім  үйреніңкіреді...
Бұрын орныққан байлық жоқ еді...Енді шөп жинап мал асырайтын, 
малды ақшаға айналдырып, сауда қылатын заманға муафық әртүрлі 
кәсіп істейтін болады...Ілкин қазақта хал олайша емес, қазақ жоқ 
болатын  халық  демек  орынсыз.  Жүсіпбеков:  «Қазақтың  жақсы 
ғадеті қалды, өтірік, өсек, ұрлық, өтірікке ант беру, таласу көбейді, 
халық бұзылды. Мұндай халық жоғала келген, қазақ та сөйтер», 
– дейді» [10, 72 б.]. Жоғарыда атап өткен, түркілік өршіл рухтың 
бәсеңдеуі  Ресей  отаршылдығына  да  тікелей  байланысты,  әрі 
сол  дәуірде  өмір  сүрген  қазақ  зиялыларының  ой  түбінде  жатқан 
мәселелер  еді.  Сондықтан  да  біз  қарастырып  отырған  Ғ.  Қараш 
жөніндегі  ізденістеріміз  осы  түркілік  рух  мәселелеріне  де  бір 
қырынан алғанда тікелей қатысты болып шығады. 

24
Ғұмар Қараш
Ендеше,  ХІХ  ғасырдың  соңына  таман  қазақ  халқының 
күрескерлік-жауынгерлік 
азаттыққа 
ұмтылған 
«найзалы 
қозғалыстары»  сирей  бастады  да,  оның  орнын,  әсіресе,  ХХ 
ғасырдың басындағы «зияткерлік бойынша күресу» басты. Асқақ 
рухты  Кенесары,  Исатай-Махамбет  сияқты  отаршылдыққа  қарсы 
көтерілістердің орнына ХХ ғасырдың басында Алашордашылардың 
идеясы дүниеге келді. Олар жауынгерлік рухты күреске Найзаның 
Ұшымен,  Білектің  Күшімен  (тура  мағынасында)  ел  қорғайтын 
заманның өтіп кеткендігін дәлелдеп берді. 
ХІХ  ғасырдағы  Зар  заман  ақындарының  толғаулары  жалпы 
заман  келбетінің  болашағын  бейнелеген  эпикалық  туындыларға 
ғана  айналғанын  білгеннен  соң,  «солай  болды,  бірақ  енді  нақты 
не  істеу  керек»  деген  сауалдар  туындады.  Аңсаудан  гөрі  іске 
көшу  қажеттігін,  ұраннан  гөрі  нәтиже  маңызды  екендігін  ХІХ 
ғасырдың аяғындағы және ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы 
заманының өзі көрсетіп берді. Шоқан, Абай, Ыбырай сынды қазақ 
ағартушылары  бастаған  идея  бұл  кезеңде  өзінің  өміршеңдігін 
дәлелдей  түсті  және  олар  мұндай  мектепті  жалғастыра  беру 
керектігін  әйгілеп  берген  болатын.  Әйтсе  де,  біз  қозғап  отырған 
бұл  кезеңдегі  қазақ  қоғамындағы  мәдени-рухани  даму  жолы 
мен  азаттыққа  ұмтылудың  өзі  сан-салалы  тармақтарға  бөлінді. 
Біріншісі, ілім-білім жолы. Екіншісі – ілім-білімге қарсылық және 
әлі де сақталып қалып отырған «найзалық жауынгерлік» дәстүрді 
ұстана отырып күресу бағыты, көшпенділік өмірді аңсау. Үшіншісі 
– жансауғалап тыныш отыру және шет аймақтарға бас сауғалау. Ол 
кездерде де туған даласын тастап шет аймақтарға көшу миграциясы 
да  жиі  кездесетін  құбылысқа  айналғандығы  жасырын  емес. 
Мысалы,  «Қазақ»  газетінің  1918  жылдың  қаңтардағы  нөмерінде 
өткен  жылға  берілген  есептер  бойынша:  «Қазақ-қырғыз  жерінде 
ауыршылық  көрген  жұрт,  алдыңғы  жылдың  әлегімен  Қытайға 
босқан қырғыз бен қазақтар болды», – деген ақпараттар да [11, 82 б.] 
осының айғағы. 
Ілім-білім  жолының  өзі:  еуропалық  білімге  ұмтылу,  орыс 
біліміне  қол  жеткізу,  мұсылмандық  жолды  ұстау,  шығыстық 
білімдерді  игеру  сияқты  тармақтарға  бөлініп  кетті  және 
ағартушылық  саланың  кейбір  өкілдері,  сәйкесінше,  сол 

25
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
аймақтардың  салттары  бойынша  тіршілік  етуді  ұстанды  немесе 
оларға  еліктеді.  Бұған  қарсы  тұрушылық  тірек  тек  қана  қазақы 
дәстүрмен тіршілік ету жолы болатын. Мысалы, Шоқан Уәлиханов 
еуропаша-орысша  білімге  құмар  болса,  Абай  шығысшылдық 
пен  ресейлік  бағыттың  бірлігін  қалайды,  Ыбырай  мұсылмандық 
пен  қазақылықты  қоса  игеруді  жақтайды.  Ал  діни  ағартушылық 
бағыттағы мұсылманшылдық жәдидизм, суфизм, суннизм сияқты 
бағыттар  бойынша  таралды.  Себебі,  исламдыққа  сауатты  түрде 
қайтадан  бетбұру  –  қазақ  жеріне  татарлардың,  башқұрттардың, 
ноғайлардың  көптеп  келуіне  ықпалдасты.  Әсіресе,  сол  кездегі 
татар  молдаларының  барынша  діни  сауаттылығы  мен  бала 
оқытуға  бейімділігі  қазақтарды  исламдандыруға  айтарлықтай 
әсер еткен болатын. Мысалы, деректер бойынша, 1902 жылы Та-
, деректер бойынша, 1902 жылы Та-
деректер бойынша, 1902 жылы Та-
, 1902 жылы Та-
ловкада 683 орыс, 612 қазақ, 361 татар тұрған екен және әр жыл 
сайын  татарлар  мен  орыстардың  саны  барынша  өсіп  отырған 
[12].  Міне,  батыс  аймақтарға  орыстардың,  татарлардың  қоныс 
аударуының жағымсыз жақтарының ішінде, жағымды жақтары да 
болғандығына көз жеткізе аламыз. 
Орыс пен татар тіліне жетік болу, сөйтіп, әлемдік өркениетке 
қарай  ұмтыла  түсу  –  сол  кездегі  Батыс  Қазақстан  аумағына  тән 
өзіндік бір бағыт болған сыңайлы. Бірақ, сол кездері тек орыстармен 
ғана  болмаса,  татарлармен  немесе  ноғайлармен  жергілікті 
халықтың  арасында  ұлт  аралық  кикілжіңдер  болғандығы  туралы 
деректер  кездесе  бермейді.  Себебі,  сол  дәуірлерде-ақ  қозғала 
бастаған жалпытүркілік бірлік идеясы қоғамдық санаға игі ықпал 
еткен болуы ықтимал. Сондықтан, бұл ұлттардың кейбір бөліктері 
қазіргі таңда қазақ халқына сіңіп кеткен. 
Бұл  кезеңдегі  Қазақ  елінің  рухани-мәдени  саласында  да 
айтарлықтай  өзгерістер  болды.  Ұлттық  рухани  құндылықтар  да 
шайқала бастады және ол әр бағытта ауытқып отырды. Соның бірі 
– тіл мәселесі. 
Ислам  діні  арқылы  Мысыр,  Түркия  мемлекеттері,  діни 
ағарту бойынша Татарстан, Башқұртстан, Бұқара мен Самарқанд, 
білім мен ғылым бойынша Ресей мен Еуропа елдері т.б. тікелей, 
ресми  түрде  ынтымақтастық  орнатпаса  да,  рухани-ақпараттық 
қатынастар олардың зиялылары біздің елдің зиялылары арасында 

26
Ғұмар Қараш
едәуір  дәрежеде  жүріп  отырды.  Бірақ  Қазақ  Елі  бұл  тұста, 
беруші, алмасушы емес, көбіне қабылдаушы ретінде рөл атқарды. 
Сондықтан, кейбір қазақ зиялылары идеялары мен ойларын, тіпті 
өлеңдерін жазуда олардың тілдеріне еліктеп, кейбір сөздерін қазақ 
тіліне  ыңғайлап  немесе  сол  қалпында  қолданып  отырды.  Яғни, 
мұндай  мәнермен  сөйлеу  күшейген  сәтте,  кірме  сөздер  мәтіннің, 
шамамен 30–40 пайызына дейін көтеріліп отырылды. Ғұмар Қараш 
тілінде де сол кез үшін «сәнге айналған» осындай беталыс кездесіп 
қалады. Мысалы, Оның «Әй, шәкіртларің» деп аталған өлеңі қазақ, 
татар,  араб,  фарсы,  тілдерінде  аралас  жазылып,  Катанов  оның 
қолма-қол орысша аудармасын жасаған болатын [13, 34 б.]. 
Ислам діні арқылы араб сөздерін қолдану, Ресейдің мәдениеті 
мен  өркениетіне  ілесуді  жолға  қою  негізінде  орыс  тіліндегі 
сөздерді  кірістіру,  татар  мен  башқұрттардың  миссионерлері 
арқылы олардың сөз орамдарын пайдалану кең етек ала бастады. 
Бұдан соң, жастарға білім беруді орыс тілінде, әлде татар тілінде 
жүргізу керек пе деген мәселелер ашық көтерілді. Мәдениеттердің 
тоғысуы арқылы тіл мәселесінің өршіп кетуін атап көрсетушілер 
бұл  ахуалдың  себебін  көптүрлі  идеологиялық  кеңістік  аясынан 
табады: «Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ қоғамында екі 
арнадағы, бағыттағы білімділік үрдістер байқалды. Біріншісі, орыс 
мәдениетінің  ықпалы  мен  батысшыл  құндылықтарды  бағдар  ету 
белгісі,  екіншісі,  араб-мұсылман  тіліндегі  білім  мен  ғылымның 
әлеумет ортасына кеңінен тарала түсуі. Міне, осы қарама-қарсылық 
бағыттағы  мәдени  құрылымдар  бір-бірімен  қайшылыққа  түсуі, 
қазақ тілін іштей ыдырата бастайды» [4, 37 б.]. 
ХІХ  ғасырдың  аяғындағы  Қазақ  Елінің  экономикалық 
дамуына  қысқаша  тоқталып  өтер  болсақ,  егін  шаруашылығы, 
мал  шаруашылығымен  қатар,  шағын  өндіріс  орындарының  пайда 
болуы  оларды  отырықшылық  дәстүрдің  ерекшеліктеріне  тәнті 
еткен  болатын.  Астық  өндіру  барынша  қарқынды  дамығанмен, 
оның  біраз  бөліктері  алым-салық  ретінде  Ресейге  тасымалданған 
еді. Сондай-ақ мал шаруашылығы да барынша қарқынды өрістеген 
болатын, дегенмен, ол да алым-салыққа жөнелтілді. Мысалы, Бөкей 
ордасындағы 55998 шаңырақтың бәрі мал өсірумен айналысқан екен. 
Оларда 118 989 түйе, 172 312 жылқы, 1833778 бас қой-ешкі болған 

27
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
деген деректер бар [14]. Сол дәуірдегі экономикалық кеңістіктің өзі 
бұрынғыдан тек қана мал шаруашылығы бойынша емес, сан-салалы 
бағыттарда  өрбіді.  Түптеп  келгенде,  оның  бәрі  алым-салық  жинау 
арқылы Ресейдің мүддесін назардан тыс қалдырмады. 
1.3  Қазақ  еліндегі  идеялар  мен  саяси  идеологиялардың 
қиылысы
Түптеп  келгенде,  қазақ  жеріндегі  мұндай  сан  түрлі  кейіпте 
қалыптасқан бағыт-бағдарлардың барлығы зиялы қауым арасында 
ұлттық идеяға, яғни, еркіндік пен азаттық идеясына келіп тоғысты. 
Сондай-ақ  еліміздегі  рухани-мәдени  дамудың  арнасы  да  ХІХ 
ғасырда өзінің бағдарларын өзгертті. Жыраулық дәстүрдің орнына 
ақын-жыраулық  пен  сал-серілік  мектептер  келе  бастады.  Бұл 
тұста,  ақындық  пен  сазды  ән  белең  алды,  бірақ,  олардың  көбі 
көңіл  көтерудің  гедонистік  құралы  ғана  емес,  өмір  шындығын 
бейнелейтін,  азаттыққа  шақыратын,  халықтың  мұң-мұқтажын 
саралайтын  идеялардың  мазмұны  аясында  өрбіген  өмірмәнділік 
сипатты болатын. 
Сондықтан,  қазақ  қоғамының  келбеті,  оның  кемшіліктері 
мен жетістіктері қатар толғанылды. Абай ұстанған, әрі дамытқан 
қазақ  қоғамының  сыншысы  болу  мектебі,  кейіннен  тек  ақын-
жырауларда ғана емес,  ХХ  ғасырдың басындағы публицистикада 
орын алған болатын. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы «Қазақ», 
«Айқап»  сынды  БАҚ-тарда  жарияланған  мақалалар  Қазақ  Елінің 
болашағы  туралы  толғанды,  Азаттық  пен  тәуелсіздік  идеясының 
күшейе  түсуі,  оның  БАҚ-тар  арқылы  бүкіл  Қазақстан  деңгейіне 
жайылуы  сәтінде  де  әр  түрлі  пікірталастар  жүйесі  және  оның 
өзіндік бір «ақылдастар алқасындай» ішкі мәдениеті қалыптасты 
десе де болады. Демек, олар – идеологиялық күрес аясында ғана 
емес, дамудың әр түрлі нұсқаларын ұсыну және қайсысын таңдау 
керектігіне келіп тоғысқан еді. Мұның өзін – саясимәденидіни 
арналарға шартты түрде бөліп көрсетуімізге болады. 
Саяси арнадағы тәуелсіздік рухы, жоғарыда атап өткеніміздей, 
дәстүрлі-жауынгерлік тәсілмен күрес, заманауи әскери техникамен 
күрес,  саяси  тәуелсіздіке  ұмтылу  арқылы  бейбіт  жолмен  бірте-

28
Ғұмар Қараш
бірте идеологиялық күрес жүргізу тәрізді бағыттарға бөлінді десе 
де  болады.  Мысалы,  Ш.  Уәлиханов  қаншама  ғалым,  еуропалық-
орыстық мәдениетке бет бұрып кеткен, дүниетанымы да өзгерген 
дегенмен, өзінің беделі арқылы Ресей патшалығына қазақ халқының 
мүддесін қорғау мақсатында өтінішімен бірнеше рет барғандығы 
тарихтан белгілі. Мұнда соғыс мақсатындағы күрескерлік туралы 
ой  мүлде  жоқ  десе  де  болады,  тек  саяси  ықпал,  қоғамдық  пікір 
арқылы бірте-бірте азаттыққа ұмтылу идеясы, яғни, демократиялық-
либералдық тәрізді бағыт ұстанған деп айта аламыз. Ал Абай сол 
дәуірдегі  Еуропадағы  философтардың  ағартушылықты  қолдаған 
бағыты  сияқты  бағдарды  таңдаған  болатын.  Оның  ағартушылық 
ілімдері  бір  қырынан  философиялық,  екінші  бір  қырынан  саяси-
әлеуметтік, үшінші бір қырынан діни бағыттарға табан тіреді десек 
те  болады.  Ыбырай  мен  Жәңгір  хан  сынды  ағартушылық  бағыт 
қоғамның келбетін тек бейнелеп қана қоймай, нақты игі істермен 
келіп  жалғасын  тапты,  халықты  сауаттылыққа  үндеу,  бала  оқыту 
істерімен  айналысты.  ХІХ  ғасырдың  орта  шеніндегі  осындай 
ұстанымдар ХХ ғасырдың басында да жалғасын тауып отырды. 
ХХ  ғасыр  басындағы  ұлттық  идеяны  іске  асырудың  тағы  бір 
елес  берген  көрінісі  –  жалпытүркілік  бірлік  идеясы  еді.  Мысалы, 
айқап  журналындағы  мына  үзінділерге  назар  аударсақ:  «Біздің 
нәсіліміз  түрік.  Тарихтардың  айтуына  қарағанда  ешбір  атадан  кем 
болмаған.  Бір  заманда  бүкіл  дүниені  тітіретіп  тұрған  сол.  «Түрік 
халқы»  бұрынғы  заманда  өздерінің  мәдениеті,  өздерінің  ғұрпы 
болған...  Осындай  аталардың  балалары  бола  тұрып  та  түркіліктен 
қашудың  себебі  не,  біз  түсіне  алмаймыз»  [15,  128  б.].  Мұндай 
публицистикалық  көзқарастар  жүйесі,  түркішілдікті  поэзиямен 
толғаған Мағжан, Міржақып сияқты ақындардың идеялары, кейіннен 
Алашордашылардың негізгі бағыттарының біріне айналды. Ол – жеке 
дара қазақ халқының тәуелсіздігін өз бетімен алуға әлі де болса шама-
шарқының жетпейтіндігін терең түсінгендіктен, түркі халықтарының 
генетикалық  туыстығын  ұғынатын  тарихи  білімдерден  т.б.  туған 
жалпытүркілік идея, шындығында, бүгінгі күні де маңызын жоймаған 
тұжырымдамалардың біріне айналып отыр. 
Осындай, Ресей патшалығы кезіндегі әр түрлі қитұрқы саясат, 
қазақ халқының өз болашағына алаңдаушылығы, білім мен ілімге 

29
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
ұмтылу  сияқты  алуан  түрлі  бағдарлар  ел  ішінде  де  қиюласқан 
идеологиялар кеңістігін туғызды. Бұрынғы дәстүршілдікті сақтау 
мен  ата-баба  жолынан  ауытқымай  өмір  сүрудің  мүмкіндігі  де 
сарқылды  немесе  халық  онымен  қатар  басқа  жолды  қоса  таңдау 
еркіне,  тіпті  қажеттілігіне  де  ие  болды.  Сондықтан  мәдени-
тұрмыстық  даму  арнасында  көшпенділік  өмірді  аңсау  мен  оны 
сақтауды  қолдайтын,  отырықшылыққа  көшіп,  егіншілікпен 
шұғылдануды жақтайтын екі бағыт қалыптасты. Бірінші бағыттың 
көрнекті  өкілдері  зар  заман  ақындары  мен  М.  Жұмабаев  сынды 
(«Айда  атты  Сәрсенбай»  деп  аталған  өлеңінің  мазмұнында 
көрсетілгендей)  ойшылдардың  аралығында  түзілді.  Мысалы, 
Азамат Алашұлының Айқаптың 1911 жылғы № 1 санындағы «Қазақ 
болу  керек  деушілердің  пікірі»,  «Көшіп  жүру  керек  деушілердің 
пікірі»  атты  мақалаларында  осы  екі  бағытты  ұстанушылардың 
көзқарастары анық байқалады. Шындап келгенде, бұл идеялар О. 
Шпенглер, Н. Бердяев сынды философтардың тұжырымдамаларына 
сүйенсек, мәдениет пен өркениет арасындағы тірес еді. 
Сонымен қатар бұл екі ұстанымдағы тағы бір көтерілген іргелі 
мәселе  –  әйел  туралы  гендерлік  ахуал  болатын,  атап  айтқанда, 
әсіресе,  қызды  жастайынан  ұзату  (сату),  жесір  әйелді  тағы  да 
күйеуге беру (еріксіз апарып біреуге қосу) т. б. жиі-жиі көтерілген 
еді. Бұл мәселелер де қатты сынға ұшырады, мұндай оқиғаларды 
ескілік деп түсінушілік орын алды. Демек, әлеуметтік-тұрмыстық 
арнадағы екі бағыттың түп идеясы, жаңашылдық пен ескішілдіктің 
күресі  деген  сияқты  диалектикаға  келіп  бой  ұрған  болатын. 
Жаңашылдар  еуропалық-орыстық  біліммен  қаруланғандар  және 
«дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»  деген  қағиданы  ұстанып, 
батыстық  мәдени  құндылықтарға  еліктеушілер  болды.  Бұлар 
«ескіліктің  сарқыншағы»  деген  ұстанымды  басшылыққа  алып, 
қазақтың  дәстүрінің  кейбір  түрлеріне  ашық  қарсы  шықты,  оны 
«надандық»,  «оқымағандық»,  «білместік»  деген  өлшемдермен 
бағалады:  «Мұны  көзде  перде  болып,  көңілде  зерде  жоқтықтан 
һәм  оқыған  адамдарымыз  парық  қылмағандығынан  әншейін  бір 
болмашы қаңбақтай бір жеңіл нәрсе деп қисаптайды. Сол себепті 
кейбір шолақ ғақылды байларымыз буыны қатып қырқынан аспай 
баласына да құда болып, қояды. Тіпті мінезі жеңілдеу жаңа толғап 

30
Ғұмар Қараш
жүрген қатынының құрсағындағы «суретке» де құда болып қояды» 
[16, 68 б.], – деген сияқты көзқарастар аясында өрбіді. 
Ал жаңашылдар үшін «ескішілдік» деп бағаланатын, өздерін 
дәстүршілдік-таза  қазақылықты  ұстанушылармыз  деп  санайтын 
бағыттың  өкілдерінде  де  сауаттылар  көптеп  кездесті,  дегенмен, 
олар имамдар, молдалар, ишандар сияқты т.б. діни ағартушылық 
мектептен  еді  және  жалпы  көпшілік  қауым,  бұқара  халықтың 
біраз  бөлігі  десе  де  болады.  Олар,  жоғарыда  айтқандай,  басқа 
да  пайдалылығы,  тиімділігі,  өміршеңдігі  анық  көрініп  тұрған 
әдет-ғұрыптармен  қатар,  қыздарын  13  жасынан  бастап  тұрмысқа 
беру, оларға оқудың қажеті жоқ деп есептеу, әмеңгерлік, айттыру 
сияқты  салттарды  да  ұстанатын  болды.  Бірақ  бұл  жерде  біз 
«кімдікі дұрыс деген сауал» қойып төрешілік айтпаймыз. Мүмкін 
жаңашылдар  еуропоцентризмнің  жетегіндегілер  немесе  орыстың 
отаршылдығынан үрейленгендер болар, ал ескішілдер, бұдан басқа 
жол жоқ екендігін өмір тәжірибесінде түйсінгендер болар, тіпті бұл 
керісінше болуы да ықтимал. 
Дегенмен  ол  дәуірде  әйелді  кемсітушілікке  тұтастай  жол 
берілген  деуге  де  болмайды,  мүмкін осындай  гендерлік  саясатты 
қозғаушылардың  ықпалынан,  мүмкін,  қазақ  қыздарының  да  шын 
мәніндегі  бостандығынан  шығар  –  нәзік  жандылардың  да  ілім-
білімге  ұмтылуына  жағдайлар  жасалды.  Мынадай  деректерді 
басшылыққа  алсақ,  1865  жылдары  Бөкей  даласындағы  93  қазақ 
мектебінде оқыған 3142 жастың 1200-і қазақ қыздары болған екен 
[17]. 
Ал  діни  ахуал  өте  күрделі  арнада  өрбіді.  Біздіңше,  оның 
бағыттары  сан  алуан  мақсаттарда,  әр  түрлі  дүниетанымдық 
көзқарастар  аясында  қалыптасты.  Біріншісі,  түркі-қазақтардың 
исламға  дейінгі  сенімдеріне  басымдылық  бере  келе,  өмірлік-
тұрмыстық  қағидаттарында  да  соны  ұстанды,  ислам  шарттарын 
тек  атүсті  қолданды.  Екіншісі,  ислам  дінін  қайта  жаңғыртуды, 
оның  халық  арасындағы  беделін  күшейте  түсуді  мақсат  етті, 
«бұдан  басқа  жол  жоқ»  деп  білді.  Ислам  дінін  ұстанғандардың 
өзі, жоғарыда айтқандай, әр алуан бағытта болды. Бірі – байырғы 
А. Яссауи жолындағы сопылық дәстүрге қайтадан бет бұрып, бұл 
бағдарды өзінің өмірлік тәжірибесіне енгізді. Енді біреулері – Орта 

31
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
Азиялық,  нақтырақ  айтқанда,  бұқаралық  дәстүрді,  яғни,  суннизм 
мен  Әбу  Ханифа  мазһабының  аясында  білім  алуды  мақсат  етсе, 
кейбірі  –  жәдидизмді  нағыз  дұрыс  ілім  ретінде  қабылдап  соны 
халыққа үгіттей түсті. 
Жәдидизмнің  өзі  сопылық  пен  сунниттік  бағытты  саралай 
отырып,  оны  ағартушылық  арнаға  бұруға  көңіл  бөлді.  Бұл 
ағартушылық,  кей  жағдайда,  еуропалық-ресейлік  біліммен 
қарулануды 
құптаса, 
кей 
сәттерде 
араб-мұсылмандық 
ағартушылықты құптады, кей сәттерде екеуін біріктіре қолдануды 
мақсат  етті.  Осыдан  келіп,  «сауаттылық»  деген  ұғымның  өзі  қай 
дүниетаным бойынша құрылуы тиіс деген сияқты сауал туындап, 
ол  біртүрлі  таңдауларға  алып  келді.  Мысалы,  Ш.  Уәлиханов 
та  сауаттылыққа  шақырды,  бірақ,  оның  ағартушылығында 
діни  білім  туралы  түсініктер  жоқ  десе  де  болады.  Сондай-ақ 
жоғарыда  айтқандай,  «Абайдың  сауаттылығы»,  «Ыбырайдың 
сауаттылығы» немесе «Жәңгір хан ұстанған сауаттылық», «Бұхар 
хандығындағы  медреселердегі  сауаттылық»,  тіпті  араб-мұсылман 
мемлекеттеріндегі, «Мысырдағы сауаттылық» т.б. барлығы, түптеп 
келгенде,  ілім  мен  білімге  шақыру  болғанмен,  өздерінің  ішкі 
мазмұнында айтарлықтай айырмашылықтар туғызған еді. 
Ал  Ресейлік  ағартушылыққа  ден  қойғандар  мұсылман  діні, 
қазақ дәстүрі сияқты құндылықтардан бойын аулақтау ұстады және 
осы  көзқарастарын  заманауи  дамығандық  пен  жетілгендік  деп 
ұқты. Әрине, бұл да ағартушылық бағыт, Ресейдің ілім-біліміне бет 
бұру – Абай заманында да қолдау білдірілген парадигма болатын. 
Абайдың  жан-жақты  ұстанымын  бір  жақтылықпен,  яғни,  тек 
орысшылдықпен түсіну де ХХ ғасырдың басында-ақ көрініс тауып 
отырды. Бұлар кейін келе, ұлттық идеядан гөрі, батысшылдықты 
құрмет тұтуға қарай бет бұрып бара жатты: «Сол себепті кейінгі 
жастарымыздың тілі кәдімгідей бұзылып бара жатыр...Сол сияқты 
қазақ жастарының көбі орысша оқығандары өз тілін ұмытып, яки 
ұмытпаса  да,  қазақ  тіліменен  сөз  айтуға  намыстанушыларымыз 
да жоқ емес» [18, 114 б.]. Міне мұндай, ХХ ғасырдың басынан-ақ 
белең ала бастаған жағдаяттар бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып 
отырғандығы шындық, демек, қазақша сөйлеуге намыстану ағымы 
әріден  бастау  алған,  жоғарыдағы  сілтемедегі  көрсетілген  жолдар 

32
Ғұмар Қараш
бүгінгі күні бір ғасыр өтсе де, өзінің өзектілігін неге жоймай келе 
жатқандығы туралы ойларға қайта-қайта жетелейді. 
Бұл тұстағы мұсылмандық ағартушылықтағы тағы бір күрделі 
мәселе  –  халық  аузында  «әулиелік»,  «молдалық»,  «аруақты»  т.  б. 
деп аталатын құбылыстарға сенетін және оны құрметтейтін ислам 
бойынша білімдарлық пен сауаттылық артқан сәтте, жеке тұлғаның 
осындай  өзіндік  ерекше  тылсымдық  қасиеті  біріге  отырып, 
емшілікті,  сиқыршылдықты,  өзін  қорғауды,  көріпкелдікті  т.б. 
игеруі. 
Бұл  бақсылық  тәрізді  болғанмен,  оның  өкілдері  ислам  дінін 
қуаттап  қана  қоймайды,  өздерінің  тылсым  әрекеттерін  Құран 
аяттарын оқу арқылы жүзеге асырады. Мүмкін, бұл да сол кездерде 
көнеден келе жатқан құпия ілімдерді қолдану болуы ықтимал. Қазіргі 
таңда  осы  құбылыстың  қандай  бағытқа  жататындығы  толықтай 
анықталмаған десе де болады. Бұл діни оқулар схоластикадан гөрі, 
көп  жағдайда,  практикалық-өмірмәнділік  мәселелерді  өз  ретімен 
шешіп отыруға да септігін тигізген. Мысалы халық арасынан іздеп 
жүріп естелік жазушы М. Бектеновтің: «Қайыр молда өте терең діни 
білімі бар, діни оқуды (гипноз) ғылымын меңгерген адам болған. 
Ол кезінде Бекетай құмында өмір сүрген. Қараша, Бесқасқа, Жұбан 
молданың  шәкірті.  Жұбан  молда  башқұртстанда  Стерлітамақта 
Ахон  Хазірет  Қисметолламен  қатар  оқыған  адам.  Бұл  екі  діндар 
да  діни  оқудың  күшімен  пері  ұстаған  жандар  екен.  Діни  терең 
ғылымды меңгерген, олар адамды және жан-жануарларды емдеген» 
[19,  38  б.]  деген  сияқты  түсініктемелері  сол  дәуірдегі  мұсылман 
дініндегі  оқулардың  эзотериялық  түрлерінен  хабар  береді.  Оның 
зерттеулерін  зерделесек,  мұндай  білімдер  тек  татар-башқұрт 
жерлеріндегі медресе-мешіттерде ғана емес, сондай-ақ бұқаралық-
самарқандық  оқу  орындарында  да,  әсіресе,  ХІХ–ғасырдың  орта 
шенінен бастап, ХХ ғасырдың басында көбірек берілген сыңайлы: 
«Сол тылсымы көп суфизмнің туын тіккен жері Бұхара, Самарқан 
шаһарларындағы медреселер. Бекет әулиенің ғажайыптары Бұхар-
шәріпте алған білімінен болса керек» [19, 45 б.].
Қазақ  қоғамындағы  осындай  қиюласқан  идеологиялар  1937 
жылдарға  дейін  созылды.  Ол  тіпті  ХХ–ғасырдың  басында  одан 
да  күрделене  түсті.  1905  жылғы  Ресейдегі  социалистік  тұрпатты 

33

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет