Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ұстаз болмысы және оның туындыларының



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
5.3 ХХ ғасыр басындағы интеллектуализм және ХХІ ғасыр 
басындағы интеллектуальді ұлт
Бүгінгі  таңдағы  әлемдік  өркениет  көшіне  ілесуді  және  оның 
алдыңғы  шебінде  болуды  мақсат  еткен  еліміздің  стратегиясы 
дамудың  барлық  алғышарттарын  да  назардан  тыс  қалдырмаған. 
Экономикалық өрлеу қашанда әлемдік аренадағы саяси-әлеуметтік 
қатынастардың  бейбітшіл  ыңғайластырылған  кеңістігін  қалайды. 
Сондықтан  Қазақ  Елі  де  осындай  дүниежүзілік  ынтымақтастық 
кеңістігінен  тыс  бола  алмақ  емес.  Олай  болса,  экономикалық 
байланыстарды өрістету мен саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарды 
нығайту – өркениеттілікке ұмтылудың маңызды алғышарттарының 
бірі  десек,  рухани-мәдени  толысу  да  оның  түпсебептері  болып 
табылады. Сондықтан, көп салалы руханилық пен мәдениеттіліктің 
тармақтарының  бірі  –  еліміздегі  интеллектуальді  капиталды 
нығайтуға келіп тіреледі. 
Осындай  объективті  қажеттілік,  сайып  келгенде,  жастардың 
интеллектуалдық әлеуетін одан әрі арттырумен келіп сабақтасады. 
Бірақ  жастардың  тек  қана  бірді-екілі  өкілдерін  ғылыми 
шығармашылыққа тарту ғана емес, мүмкіндік келгенше, неғұрлым 
кең арнада құлаш жаю нысанаға алынып отыр. Осындай ұстаным 
«интеллектуальді  ұлт»  қалыптастыру  саясатын  туындатты.  Яғни, 
қоғам дамуындағы «адам капиталы», «адам ресурсы» деген сияқты 
түсініктердің жаңарған формасы «интеллектуалдық ресурс» дегенге 
келіп  саяды.  Себебі,  қоғам  дамуына,  алдымен,  адам  аса  қажет 
болғандықтан, онсыз ілгерілеу мен даму да болмайтындықтан, адам 
құнды  капитал  ретінде  бағаланады.  Ол  болашақта  ілгері  жылжу 
үшін салынатын қомақты қаражат іспетті деген сөз. Бірақ мұндай 
адамды капитал немесе ресурс ретінде бағалайтын әлеуметтанулық 
көзқарастарды  артқа  тастайтын  кезең  де  келіп  жетті.  Ендеше, 
алдымен, ресурстың көптігі емес, оны сапалылығына баса маңыз 
беру  керек  екендігі  туралы  түсінік  туындайды.  Қазақ  халқы 
мұндай кемшін ахуалды: «саны бар да, сапасы жоқ» деп сынайды. 
Сондықтан,  бірінші  кезекте,  адам  ресурсын  дайындап,  одан 
сапалы қорды таңдап алу қажет. Сапалы адам ресурсының басты 
екі  қағидасы  бар  десек  те  болады:  біріншісі  денсаулығы  мықты 

334
Ғұмар Қараш
тұлғалар,  екіншісі  –  рухани  интеллектуальдік  тұрғыдан  жетілген 
субъектілер,  яғни,  адам  болмысындағы  тән  мен  рухтың  бірілігі 
қағидасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы адам денсаулығына 
баса  назар  аударып,  еліміздегі  медицинаны  дамытуды,  салауатты 
өмір  салтын  насихаттауды,  баршаның  спортпен  шұғылдануына 
жағдай жасауды және оған құлшындыруды назарға алған болатын. 
Осы  тұста  интеллектуалдық  пен  білімділіктің  ара  жігін,  бір-
бірінен  қалай  туындайтындығын  ашып  алуымыз  қажет.  Білім 
академиялық болсын, шығыстық немесе ұлттық болсын, қандайда 
бір белгіленген ғылым салаларын стандарттар бойынша толықтай 
игеру дегенге келіп саяды. Ал интеллектуальдік деген ұғым жалпы 
психологияда – ақылдың ұшқырлығы, сыншылдығы, тапқырлығы 
деген сияқты үдерістер арқылы жетілетін және тестілер бойынша 
өлшенетін адам санасының жоғары дамыған көрінісінің нәтижесі 
ретінде  белгіленген.  Демек,  білімділік  интеллектуальділіктің 
алғышарты. 
Бірақ  еліміз  ұстанған  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 
осы  түсінікке  барынша  сәйкес  келгенмен,  батыстағы  өлшенетін 
таза  ақылға  ғана  негізделмеген.  Ендеше,  бізге  қажетті 
«интеллектуалдық» – білімді негізге ала отырып, шығармашылық 
ойлауды талап ететін, ақылдың тапқырлығын басшылыққа алатын 
ілгерішіл және жігерлі, оң нәтижелі психологиялық үдеріс болып 
табылады. Қазіргі психологияда, осы үдеріске тікелей байланысты 
немесе оған тура сәйкес болып келетін мынадай құбылыстар бар: 
өнімді  ойлау  (продуктивті  ойлау),  креативті  ойлау  (жаратушы 
ой),  шығармашылық  ойлау  (творчестволық  қабілет),  сыни  ойлау 
(критикалық ой), интуитивті ойлау т.б. Ендеше, интелектуалдылық 
рухани  дамудың  басты  нысаны  ретінде  қолға  алынуы  да  кезекті 
қисынды  құбылыс.  Бірақ  тек  қана  білімділік  шығармашылық 
деңгейді  арттырмайтындығы  түсінікті.  Дегенмен,  білімділік 
сауаттылық  ретінде  осы  шығармашылықтың  алғышарты  болып 
табылады, білім болмаса, интеллектуалды ұлт туралы сөз қозғаудың 
өзі артық екендігі белгілі жайт. Біз халықты жаппай сауаттандыру 
мен  надандықты  жоюды  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  қолға  алып, 
ортасына таман бұл саясат өзінің оңды нәтиежесін берді, ал аяғына 
таман  өзінің  межесіне  келіп  жетті.  Ендеше,  өткен  ғасырдағы 

335
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
ағартушылық мәселесі бүгінгі таңда өздігінен-ақ шешімін тапқан 
ахуал  ретінде  өзекті  емес.  Қазір  жастар  түгелге  жуық  сауатты, 
көбісі жоғары білім алған. Демек, бүгінгі таңдағы интеллектуальді 
ұлт қалыптастыру үшін негіз қаланған десе де болады. 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қазақтың 
ағартушы  зиялыларының  ұстанымы  –  білімді  (сауатты)  ұлт 
қалыптастыру болса, ХХІ ғасырдың басында, сол «білімді ұрпақ» 
негізінде,  орындалған  армандар  бойынша  интеллектуальді 
ұлт  қалыптастыру  саясаты  жолға  қойылып  келеді.  Олай  болса, 
ХХ  ғасырдың  басында  «білімділік»  қандай  деңгейде  өзекті 
болса,  ХХІ  ғасырдың  басында  «интеллектуалдық»  те  сондай 
дәрежеде  көкейкесті  болып  отыр.  Ол  кездегі  ұлт  зиялыларының 
білімділікке  алаңдаушылығы  мен  бүгінгі  ұлт  зиялыларының 
интеллектуальділікке  баса  көңіл  бөлуі  тарихтың  жаңа  сападағы 
қайталанған үлгісі десе де болады. 
Себебі,  ол  кездегі  заман  халықтар  мен  мемлекеттердің  тек 
білімді  ұлтпен  қанағаттануына  болатындай  жағдайда  болған 
болса,  бүгінгі  ахуал,  мұндай  қанағаттануды  артқа  тастады,  сол 
білімге  негізделген  интеллектуалдылықты  талап  етіп  отыр.  Бұл 
екі  ұстанымның  аралығын  тура  жүз  жылдай  уақыт  бөліп  жатыр. 
Қазақ халқында «елу жылда ел жаңа» деген орнықты мақал бар. 
Ендеше,  екі  аралық  екі  елу  жылмен  байланысады.  Елу  жылдың 
жаңалығынан да жаңарған заман талап етіледі. Олай болса, «Елу 
жылда ел жаңа, жүз жылда тым жаңа» деп тұжырымдай отырып, 
бүгінгі бізге жүктеліп отырған жауапкершіліктер мен міндеттердің 
зор екендігін сезінуімізге болады. 
Келесі  кезекте,  осы  интеллектуалдылықты  қалыптастырудың 
құралдарын,  яғни,  ойлау  мәнерлеріне  шолу  жасап  өту  қажеттігі 
туындайды. Өнімді ойлау – бұрын болмаған идеяны, жаңа пікірді 
тудырушы, ешкім айтпаған жаңа ой айту дегенді білдірсе, креативті 
ой  да  осындай  мағынаға  келіп  жуықтайды.  Бұған  Әл-Фарабидің 
«білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені аша білу қабілетіне ие 
болу деген сөз» деген даналық сөзі тура сәйкес келеді. 
Бұл жердегі креативтілік – ойды жарату, тудыру, өндіру деген 
түсінікке келіп саяды. Демек, бұлар қайталау емес, жаңа ой өндірісі 
дегенді білдіреді. Ал шығармашылық ойлау да осындай мағынаға 

336
Ғұмар Қараш
жақын, бірақ бұлардан айырмашылығы ол көбінесе өнер иелеріне 
байланысты айтылады. Өнер мен ғылым қашанда жаңашылдықты 
қажет  етеді,  егер  өнер  туындысы  біреуді  қайталайтын  болса 
немесе оның үлгісін көшіріп алатын болса, онда ол өнер емес. Ал 
неғұрлым тың, мүлде төлтума, ешқашан қайталануы да мүмкін емес 
туындылар пайда болса, онда ол «талант» деп аталады. Талантсыз 
адам өнер иесі де, ғалым да бола алмайды. Талантқа берілетін тағы 
бір жауапкершілік – тек жаңа ойды бір реткі акт түрінде тудыру емес, 
үнемі-үздіксіз, талмастан жаңа идея тудыру. Сыни ойлау – өзгенің 
немесе өзінің идеясына сын көзбен қарай білу. Идеяның кемшілігі 
мен жетістік жақтарын қатар көре білген адам ғана сыни ойлауға 
бейім болып келеді, егер оның тек біреуін ғана көріп, екеуін қатар 
таба  алмаса,  онда  ол  сыни  ойлаушы  емес  деген  сөз.  Интуитивті 
ойлау  –  талдау  мен  сараптаудан,  логикалық  операциялардан  тыс, 
ақиқатқа тез, бірден жету, ақпараттардың ішкі сезім түйсігі арқылы 
сол  сәтте  адамның  өзіне  де  түсініксіздеу  жағдайда  қабылдануы. 
Халқымыз көзі көрмеген, дәлелденбеген нәрсесін «ішім сезім тұр» 
деп айтады. Немесе, қазақта «ат сыншысы», «бала сыншысы» деген 
білікті мамандар болған. Олар атты немесе адамды сыртынан қарап-
ақ  тұтас  болмысын,  болашағын  бағалап  беретін  болған.  Бұл  да 
интуицияның жемісі. Әлем халықтарына ортақ көріпкелдік те осы 
интуицияға байланысты болып келеді. Міне, ХХ ғасыр басындағы 
қазақ зиялылары таза шынайы ғалымдар болды,  осы қасиеттердің 
барлығы олардың бойынан табылып отырды десе де болады.
Бұл қабілеттер мен ойлаудың осы түрлері тұтаса келе, біз ұстанып 
отырған  интеллектуалдылықты  құрайды.  Бұл  көрсетілгендер 
ойлаудың түрлері ғана, ал оған жетудің жолы – сараптама жасау, 
ішкі мәнді көре білу, байланыстарды ашу сияқты психологиялық 
операциялар арқылы жүзеге асады. Демек, ғылымды дамытуға аса 
қажетті ойлаудың түрлері де осылар. Бұлардың барлығын жинақтап, 
«ғылыми ойлау» деп те атауға болады. Ендеше, осы ғылыми ойлау 
үшін  ғылыммен  арнайы  шұғылдану  қажет.  Ғылыммен  шынайы 
шұғылданып  жетістікке  жету  және  ашылған  жаңалықтардың 
әлемдік деңгейде болуы – интеллектуалдылықтың нақты нәтижесі 
болып  табылады.  Демек,  жаңалық  ашу  интеллектуалдылықсыз 
мүмкін емес жайт. 

337
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Мұндай  интеллектуалдық  деңгейге,  оның  құр  білімнен 
айырмашылығына, ойлаудың ғылымилығына кезінде Ғұмар Қараш 
та аса мән беріп, сараптап көрсеткен болатын: «Ақылы кең, пікірі 
терең саналатын ғылыми қауым мынадай үш топқа бөлінеді. Бірі – 
құр ғана білу, түсіну дәрежесіндегілер. Сол түсінігі дұрыс па, қате 
ме,  оны  айыру  қолынан  келе  бермейді.  Бұлардың  білім  танымы, 
бұлдыр  елес,  бұлдыр  түс  сияқты  сезіледі.  Екінші  топ  білген 
нәрсесін ақыл таразысынан өткізе алатын, оның дұрыс, бұрысын 
айыра алатын адамдар. Бұлар шын мәніндегі ғалымдар. Үшіншісі 
–  білімі  мен  табиғи  қабілеті  қосылып,  ғылымның  ең  жоғарғы 
биігіне жететін адамдар» [2, 178 б.]. Яғни, автордың айтайын деген 
бірінші тобы – білімділік, екінші тобы сыни ойлау, үшінші тобы – 
шығармашылық ойлай алатын дарын иелері. 
Ол  өз  сөзін  түсініктірек  қылып  жеткізу  үшін  ғалымдарды 
тағы да былайша таратады: «Қарапайым адамдардың көбі ғылыми 
адамдардың аталған топтарын, адал, арам халін ажырата бермейді. 
Мен соларды білдіруді ойладым. Бұл үш топты: араб тілінде мәждәт 
(білумен ғана шектелуші), ойшыл (пәлсапашыл) және ғұлама деп 
атайды. Бұл үш топтың алғашқы екі тобы мектеп, медреселерден 
білім алса, ұстаздық қызметтерге пайдалануға болады, ал үшінші 
топтағылар ерекше тума талантымен, көңіл көзімен ғылым әлемін 
меңгергендер».
Мұндай  ғылым  философиясына  да  жатқызуға  болатын 
ойшылдың  ғалым  жөніндегі  жіктеулері  бізді  мүмкін  болатын 
мынадай ойға жетелейді: Ғұмар Қараш жоғарыдағы шығармашы-
лық, креативті, өнімді ойлау ерекшеліктерін білгендіктен, егер де елі 
тұтастай сауатты болса, онда ол да қазіргі біз айтып жүрген ұлтты 
интеллектуалдандыруға қарай бет бұрар еді. Бірақ оның заманында 
оған бүгінгідей алғышарттар болған жоқ. Егер алғышарттар болып, 
сол іс ХХ ғасырдың басында қолға алынса, бүгінгі Біз әлемдік даму 
сахнасында көш ілгері кеткен ел болар едік. 
Бүгінгі таңда техникалық ғылым дамуы немесе өнертапқыштық 
қана  емес,  қоғамдық  ғылымдарды  да  өркендету  басты  назарда 
болып отыр. Әсіресе, тарих, психология, саясаттану, әлеуметтану, 
философия, педагогика сияқты ғылым салаларына бас көңіл бөлу – 
қоғамымызды ілгері жылжытудың басты кепілі болмақ. Қоғамдағы 

338
Ғұмар Қараш
рухани  ахуал,  әлеуметтік-саяси  байланыстар,  мәдениетті 
тұлға  дайындау  т.б.  барлығы  осы  гуманитарлық  ғылымдардың 
өркендеуіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан,  интеллектуальді 
ұлттың болашақ қорлары жас ұрпақ болғандықтан, келесі кезекте, 
сыни,  өнімді,  шығармашылық  ойлауды  оларға  үйрету  маңызды 
қадамдардың бірі болмақ. Ол бір сәткі акт емес, үнемі-үздіксіз және 
шексіз жүргізіліп отырылуы тиіс шара болуы керек.
Қазақ халқының интеллектуалдық қорлары мен оған бейімділігі 
тарихқа жүгінсек, тым көнеден, сақ-түркі дәуірінен бастау алады. 
Бүгінгі таңда түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі ұшан-
теңіз екендігін тек отандық қана емес, әлем ғалымдары мойындап 
отыр.  Берісі  ІХ-ХІІ  ғасырлардағы  түркі  ойшылдары,  әлемге  аты 
мәшһүр  болған  әл-Фараби  бабамыз  бүгінгі  заман  тұрғысынан 
айтқанда, интеллектуалдылықтың кемелді көрінісін паш етті. 
Одан кейінгі түркі-қазақ даласындағы даналық пен шешендік 
мектебінің  өзі  –  парасат  пен  ақылдың  түйіскен  тұсында  жоғары 
жетістіктерге  жетті.  Бірақ  осындай  мыңдаған  жылдар  бойғы 
сабақтасқан  интеллектуальдік  үрдіс  Ресей  отаршылдығы 
тұсында  психологиялық  дағдарыстарға  ұшырады,  олар 
нақты  тәжірибелік  және  психотехникалық  тәсілдермен  ұлтты 
интеллектуальсыздандыру  саясатымен  де  шұғылданғандығы 
жасырын емес. 
ХХ ғасырдың басындағы қуғын-сүргін байлармен қатар ұлттың 
интеллектуалдық элитасын түбегейлі жойып жіберуді мақсат етті. 
Интеллектінің  қан  (ген)  арқылы  тасымалданатындығын  жақсы 
түйсінген  олар  ұлт  зиялыларын  ұрпақтарымен  қоса  тұқымымен 
қоса құртуды қолға алды. Ол жойылғаннан кейін Қазақ даласына 
полигондар  орнатып,  болашақтағы  рухани  талант  пен  қабілет 
иелерін де тұншықтыруды жолға қойды.
Олардың ұлтымызды үздіксіз кемсітушіліктері, сайып келгенде, 
санамызға сіңіріліп, нәтижесінде бұл ахуал: «иә біз, шындығында да, 
надан халық едік, біз тек сіздердің арқаларыңызда жетілдік» деген 
сияқты бас шұлғуға және оған өзіміз де сеніп қалатын жағдайларға 
алып келді. Осы таптаурынның сарқыншақтары бүгінгі күнге дейін 
сақталып отырғандығы жасырын емес. Бұл, дегенмен, өткен тарих, 
бірақ сабақ алатын ата-бабамыздың жүріп өткен жолы. 

339
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
ХХ  ғасырдың  басындағы  интеллектуализм  қазақ  халқының 
өзіндік бір қайта жаңғыру, қайта өркендеу дәуірі болғаны жасырын 
емес.  Бірақ  ол  заманды  зерттеушілердің  кейбірі  оны  ренессанс 
деп атамау керек десе, келесі бір пікірлер жаңғыру болғандығын 
құптайды. Мысалы, Д. Қамзабекұлы Құрманғазы-Абай аралығын 
да  ренессанс  деп  асығыс  тұжырымдаушылар  да  болғандығын, 
ХХ  ғасырдың  басы  да  ренессанс  деп  атауға  келмейтіндігін,  ол 
тек  Еуропадағы  қайта  өрлеуге  еліктеу  болып  шығатындығын, 
себебі,  қазақ  даласында  мұндай  жаңғырулар  бір  емес,  бірнеше 
рет  қайталанғандығын  оның  барлығын  ренессанс  деп  атай  беру 
қисынсыз  екендігін  атап  көрсетсе  [124,  185  б.],  Ербол  Тілешов: 
«Алаш  қозғалысының  –  қазақтың  Жаңғыру  дәуірі  болғандығын, 
оның  «елім»  деген,  «жұртым»  деген  азаматтардың  басын 
қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Алаш қозғалысының қазақ 
ренессансы болғандығына бұл құбылыстың мәнінен бейхабар адам 
ғана келіспейді. Алаш қозғалысын Ренессанс ету – біздің қалауымыз 
бен еркіміз емес. Ақиқаты солай» [66, 213 б.]. Бұл жердегі негізгі 
мәселе, Алаш қозғалысының тек саяси-әлеуметтік сипатына ғана 
ренессанс деп баға бермеу керек, оның интеллектуалдық сілкінісіне 
баса назар аудару қажет, себебі, шындығында да, саяси қозғалыс 
пен  төңкерістер  (революция  деп  аталады)  ренессанс  деп  айтыла 
бермейді,  ол  көп  жағдайда  ғылыми  төңкерістерге  байланысты 
айтылады. 
Адамзаттың 
рухани-ғылыми-танымдық 
эволюциясында 
осындай  төңкерістер  мен  жаңғырулар  қайталамалы  түрде 
кездесіп отырады. Бірақ кейбірі екі-үш ғасырды қамтыса, кейбірі 
тек  елу-жүз  жылмен  ғана  шектеледі.  Мысалы,  орта  ғасырдағы 
араб-мұсылмандық  ренессанс  үш-төрт  ғасырға  созылып  жатса, 
орыс  әдебиетінің  «алтын  ғасыры»  деп  аталып  жүрген  кезең  ХІХ 
ғасырдың орта тұсына сәйкестенген. 
Осындай интеллектуальдік жаңғырудың ХХ ғасырдағы біздің 
еліміздегі  үлгісі,  шындығында,  аяқталмай  қалған  үдеріс  болып 
табылады.  Ресей  мен  Кеңес  Одағының  Қазақ  халқына  деген 
антиинтеллектуалдық  саясатының  екінші  бір  қыры  –  қуғын-
сүргіннен тірі қалған қазақ зиялылары мен көшбасшыларын қатаң 
бақылауда  ұстап,  қорқытып-үркітіп,  шығармашылық  еркіндігінен 

340
Ғұмар Қараш
айыру  болатын.  Шығармашылық  еркіндіктен  айрылған 
интеллектуалды  элита  өзінің  шын  мағынасын  жояды,  ол  шын 
зиялы  болмай  қалады.  Өзінің  ішкі  дүниесіндегі  рухани  шабыты 
мен талпынысын аша алмаған өнер иесі немесе ғалым бірте-бірте 
жасанды  зиялыға  айналады.  Ғылым  дамуында  –  экстернализм, 
яғни,  ғылымның  өркендеуі  тек  сыртқы  әсерлерге  немесе  қандай-
да  бір  ықпалдар  мен  сұраныстарға  байланысты  дамып  отырады, 
ғалымның  жеке  еркіндігі  шектеледі  деп  санайтын  ағым  және 
оған  қарама-қарсы  –  ғылым  ғалымның  өзінің  ішкі  шабыты  мен 
қызығушылығы арқылы өркендейді, ол сыртқы әсерлерге барынша 
тәуелсіз  деп  санайтын  интернализм  деп  аталатын  бағыт  бар. 
Міне,  ХХ  ғасырдың  басындағы  қуғын-сүргіннен  аман  қалған  ат 
төбеліндей  ғана  қазақ  зиялысы  осындай  рухани-психологиялық 
қыспақта өмір сүрді. Олар тек жай ықпал ететін сыртқы әсерлерге 
ғана  алаңдап  қойған  жоқ,  коммунистік  идеологияға  негізделген 
қысымшылдықпен,  арнайы  тапсырмалармен  жұмыс  жасауға 
мәжбүр  болды.  Рухани-интеллектуалдық  жазықтықтықтағы  ХІХ 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  осындай  Ресей 
тарапынан болған ахуалдар Ғұмар Қараштың заманымен тұспа-тұс 
келгендіктен, оның өмірінің өн бойына сіңірілді. 
«ХХ ғасырдың басындағы өркендеген интеллектуалдық, егер 
де, өзінің табиғи эволюциялық жолымен ешқандай да қуғын-сүргін 
көрмей жүріп отырғанда, ол ХХ ғасырдың аяғындағы тәуелсіздік 
тұсындағы  рухани  еркіндікке  іліккенде»  деп  болмаған,  бірақ 
болуы тиіс тарихты модельдесек, бүгінгі таңда Қазақ Елі әлемдегі 
алдыңғы,  тіпті  көшбасшы  мемлекеттердің  біріне  айналатындығы 
сөзсіз еді. Міне, бүгінгі таңдағы интеллектуалды ұлт қалыптастыру 
саясаты идеясының түпмәні мен философиясы да осындай нұсқаға 
тікелей  байланысты  болып  отыр.  Демек,  бұл  саясат  үзілген 
интеллектуализмді  қайтадан  жалғау  болып  табылатындықтан, 
халықтың  зиялылық  шабытының  табиғи  даму  нышандарын 
сабақтастастырып жіберу дегенге келіп саяды. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  интеллектуализмнің  алғышарты 
және іргетасы, арғы түптарихты айтпағанның өзінде, ХІХ ғасыр-
дағы  Ш.  Уәлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А.  Құнанбаев  сынды  қазақ 
ағартушылары  деп  аталып  жүрген  ұлт  зиялылары  болатын.  Осы 

341
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
үрдістің  ерекшелігі,  өзіндік  бір  тамаша  үлгісі  ұлттық  даналық  пен 
еуропалық  білімді  ұштастыру,  ол  үшін  сол  кәрі  құрлықпен  мәдени 
жағынан сабақтасып жатқан, оны Азияға қарай тасымалдау мүмкіндігі 
бар ресейлік ілім-білімге де бет бұру қажеттігі пайда болды. 
Біз  бұл  үшеуін  қазақ  ағартушылары  деп  жалпылама  түрде 
атай  береміз.  Дегенмен,  олардың  ағартушылық  бағыттағы 
ұстанған  бағыттары  да  негізінен  бір-бірінен  айырмашылықтары 
бар.  Ш.  Уәлиханов  Еуропалық-Ресейлік  білімге  қарай  бет  бұруды 
басымдылықта  ұстайды,  ол  шығыстық  немесе  мұсылмандық 
ілімдерге  аса  маңыз  бермейді.  Тіпті  ел  аузындағы  әңгімелерге 
жүгінсек, оны жергілікті халқы «орыстанып кеттің» деп айыптаған 
екен. Сонымен қатар, ол мүмкін жас болғандықтан, ағартушылықпен, 
өзінің  білгенін  өзгеге  үйретумен  айналысқан  жоқ  десе  де  болады, 
арнайы мектеп немесе ресми емес мектеп те қалдырған жоқ. 
Абай  Құнанбаевтың  ерекшілігі  ол  да  Еуропалық-Ресейлік 
рухани  мәдениетті  теріс  көрмеді,  шығыстық  араб-парсылық 
руханият  пен  ислам  дінінің  бұлақтарын  және  қазақы  халық 
даналығын бірлікте қарастырды. Танымның осындай үш нұсқасын 
қатар алып жүрді. Үшеуінің арасынан шығыстық араб мәдениетінің 
үлгілерін  көбірек  пайдалануды  жөн  санады.  Ол  арнайы  білім 
беретін  мектеп  ашпаса  да,  «Абай  мектебі»  деп  атауға  болатын 
ақындық шеберлік пен даналыққа баулыған шәкірттері болды. 
Ал  Ыбырай  Алтынсарин  де  білімнің  үш  тағанды  бірлігін 
қалады,  бірақ,  оның  исламдық  діни  оқу  бағытында,  жәдидизм 
сияқты  өзіндік  бір  заманға  лайықталған,  ыңғайластырылған 
бағдары болғандығы жасырын емес. Бірақ кейінгі Кеңес үкіметінің 
сарапшылары  оның  діни  астарлары  мен  қырларын  мүлде  алып 
тастап,  тек  қана  Ресейлік-Еуропалық  білім  парадигмасымен 
қаруланған  етіп  көрсетті.  Оның  Абай  мен  Шоқаннан  ерекшелігі, 
өзін-өзі дамытуға деген қуатын көп жағдайда, шәкірттер дайындауға 
жұмсаған болатын. 
Ендеше, біз зерттеп отырған айтулы тұлға Ғұмар Қараш және 
осындай көптеген басқа да зиялылар осы ағартушылардан тамыр 
тартады, бұлар да ХІХ ғасырдың соңына таман дүниеге келгендер. 
ХІХ ғасырдың соңы олар үшін балалық шақ пен білім алу кезеңі 
ретінде қарастырылады. 

342
Ғұмар Қараш
Сондықтан,  олар  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  Ресейдегі 
капиталистік  қоғамға  өту  туралы  көптеген  реформалар,  Қазақ 
Елінің тұтастай Ресейге бағынуы, ХХ ғасыр басындағы Ресейдің 
сыртқы саясатындағы кикілжіңдер мен соғыстар, қайтадан тұтанған 
және  қатар  жүріп  отырған  буржуазиялық  және  социалистік 
сипаттағы  көтерілістер  мен  төңкерістер,  Қазақ  қоғамындағы  әлі 
де  толастамаған  отаршылдыққа  қарсы  бас  көтерулер,  Ресейдегі 
Азамат соғысының Қазақ жеріне де келуін, жаппай Кеңес үкіметін 
орнатудағы  сұрапыл  соғыстар,  колхоздастыру  саясаты,  жайлаған 
індеттер  мен  қуғын-сүргіндер  заманын  өз  бастарынан  өткізді. 
Осындай сәт сайын қайталанып жатқан, әр түрлі қиян-кескі небір 
сұмдық оқиғалар мен бір-біріне кереғар үлкен әлеуметтік өзгерістер 
заманы тұсында, білімге ұмтылып, өзін-өзі жетілдіріп қана қоймай, 
сол білімдерін ел қамын ойлауға жұмсап, өз халқының ұрпақтарына 
да  беруге  жанталаса  ұмтылуы  бір  қырынан  алғанда,  қаншама 
рухани  жігер  мен  шабытты,  талмай  ізденіс  пен  психологиялық 
рухты қажет етеді. Көркемдік тілмен айтқанда, «Байтал түгіл бас 
қайғы»  заманында,  жұрт  басымен  қайғы  болып  жүрген  кезеңде, 
олар  талмай  ілім-білім  іздеді  және  оны  ақырында  тағдырдың 
жазуымен тек халқының мүддесі үшін арнағандай болып шықты. 
Осындай алмағайып заманда әр түрлі қиюласқан көзқарастар 
мен идеологиялар кеңістігі қарапайым халық түгілі ұлт зиялыларын 
да адастыра бастады. Әсіресе, Кеңес үкіметінің орнауы оларды екіге 
бөлді: бірі – оны қолдаушы топтар, екіншісі – оған қарсы болушылар. 
Міне осындай аумалы-төкпелі заман мен Кеңес үкіметінің қыспағы 
кей жағдайларда олардың арасында жік туғызды, екіге жарылған 
зияткерлер қауымы бір-біріне қарсы әрекет етуге де көшті. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  ең  басты 
мақсаттары  мыналар  болды:  ел  тәуелсіздігі  үшін  күрес, 
ұрпақтарына  білім  беру  және  осы  зияткерліктің  үзілмеуін  қалап, 
рухани сабақтастық орнату, өз білімдерін үздіксіз жетілдіру және 
оны ел мүддесі үшін арнау. 
Егер  осы  мақсаттарды  бүгінге  көшірсек,  онда  қазіргі 
интеллектуалды  жас  ұрпақ  алдында  –  өз  білімдерін  әлемдік 
деңгейде жетілдіру, оны өз халқы үшін арнау және есейгенде шәкірт 
тәрбиелеу міндеттері тұрады. Қазіргі кезде, еліміздегі жастардың 

343

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет