Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ұстаз болмысы және оның туындыларының



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Ғұмар  Қараш  та  осы  раймен,  алдымен,  ілім-білімге  ұмтылу 
мәселесін маңызды санайды және оның түпмәселесі ұлт мүддесі мен 
болашағы  туралы  ұлттық  идеяға  келіп  саятындығын  баса  айтады: 
«Русия  мұсылмандарының  байлары  қаражаттарын  көрінген  жерге 
мешіт,  медресе  салуға  жұмсайды.  Бұл  мәселе  сырттай  қарағанда, 
ұлттың  өсуі-оянуы  сияқты  көрінгенмен,  шындығында  даму  белгісі 
емес.  Мешіт,  медреселерден  оқып  шыққандар  ұзаса  молла,  ишан 
болады,  олардан  үлкен  ғұлама  білімдар  адамдар  шыға  қоймайды. 
Сондықтан  олардың  ұлт  келешегіне  де  пайдасы  шамалы.  Мысалы, 
діни мектепте ұзақ оқығанмен де, жаңалық ашпайды» [2, 177–178 бб.]. 
Ал  1748–1819  жылдары  өмір  сүрген  Шал  ақын  да  осындай 
сарындағы көзқарасты бұрынырақ былайша толғаған болатын: 
Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса, 
Жақсы сол – істер ісін тамамдаса, 
Апу-күпу дегенмен әулие емес
Күнәсы күнә үстіне жамалмаса.
Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса, 
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса, 
Молла есімін алған жан толып жатыр 
Не керек ғылым бойға жұға алмаса
 [88, 120–121 бб.] 
Ендеше,  Ғұмар  Қараштың  ағартушылық  бағытындағы  ел 
мүддесін  қолдайтын  ұлттық  идеясының  ХV–XVIIІ  ғасырлардағы 
ақын-жыраулық  дәстүрден  тамыр  тартатындығын,  онымен 
сабақтасып жатқандығын көре аламыз. 
3.  Халқының  болашағы  туралы  нақты  шешімдер  қабылдау, 
өткенді аңсау сарындарынан қол үзу.
Ғұмар  Қараштың  ұлттық  идеясы  ХІХ  ғасырдағы  ақындарды 
алаңдатқан  пікірлермен  де  сабақтасады  және  ол  сол  дәуірдегі 
барлық  бағыттармен  де  ел  мүддесі  тұрғысынан  үндестік  тауып 
отырады.  Жоғарыда  атап  өткендей,  зар  заман  ақындарының 
сарындарымен  үндестігі  ойшылдың  заман  туралы  толғанысымен 
танымал. Бірақ олардан басты айырмашылығы – Ғұмар Қараштың 
поэтикасы  аңсауларды  толғағанмен,  жалпы  алғанда,  түпмәнінде 
оларға  қарағанда  барынша  оптимистік  сипатта  және  болашақта 

294
Ғұмар Қараш
«не  іс  істеу  қажеттігі»  туралы  нақты  шешімдер  ұсынып,  оны  өзі 
де  қолға  алуында.  Зар  заманшылардан  байқалғандай,  «Ақыр 
заманға»  мойынсұну  емес,  қарсы  тайталасу  керектігін  ұсынуы, 
халықтың болмысын сақтап қалу үшін тіршілік үшін күрес жүргізу 
қажеттігі туралы айтылады. Бұрынғыны аңсап, сарнап отырғаннан 
еш  нәрсе  шықпайтындығын  ұғынған  ол,  өзінің  болашақ  туралы 
ұстанымдарын  екі  ұшты  түрде  емес,  батыл  айтады.  Елдегі 
құлдыраулар заманның ақыры емес, бәсекелестік пен тайталастық 
заманының туғандығы деп түсінген Ғұмар Қараш «тіршіліктің өзі 
күрес»  деген  тоқтамға  келеді:  «Әзірлен,  қазақ  әзірлен,  Тіршілік 
деген соғысқа» [2, 43 б.].
«Ақыр  заман»  ұғымын  «бәсекелес  заманы»  деген  түсінікпен 
алмастырған  ойшыл,  мұндай  заманауи  құбылысты  «Тіршілік 
таласы» деп атайды. Осы таласта, өз халқының не істеу керектігі 
туралы толғанады. Ол жұртына тіршілік таласының заманы келіп 
жеткендігі  туралы  жар  салғандай  болады:  «Кең  сахарада  жайын 
өскен біздің қазақ баласына да тіршілік таласының заманы келіп 
жетті», – деп ой қорытады [2, 211 б.]. 
Сондай-ақ,  ол  өзінің  ұлт  болашағы  туралы  толғаныстарында 
зар  заман  ақындары  ғана  емес,  сол  өзі  өмір  сүрген  дәуірдегі 
зарлаушыларды да аса ұната қоймайды. Құр зарлаудан іске көшетін 
заманның келіп жеткендігін, енді іске кіріспесе кеш болатындығын 
жете түйсінген Ғұмар Қараш бұл тұста, таза практик және өмірде 
де  нақты  шешім  қабылдауға  бейім  адам  екендігін  былайша 
көрсетеді: «Меніңше, қазақтар құрып кете ме, жойыла ма?» деген 
мағынасыз сұрақты қоюшылар осыны көксеп отыр. Олар зарлаудан 
басқаны  білмейді.  Бұл  сұрақтың  мақсаты  қазақтар  жоғалады  деу 
арқылы оның басқа өміршеңдік жағына көз жібере алмайды, мән 
бере  алмайды»  [2,  214  б.].  Ақынның  шабыты  мен  өршіл  рухы, 
ұлтжандылық  сезімі  тіптен  мұндай  сұрақтың  қойылуының  өзін 
қате  деп  санайды,  ондай  сұрақ  қоюшыларды  жек  көреді  және 
пиғылдары соны көксеп отыр деп санайды. 
Ғұмар  Қараштың  ұлттық  идея  сабақтастығындағы  тағы 
бір  тұсы  –  Абаймен  байланыстылығында  болып  келеді.  Жалпы 
ХХ  ғасырдың  басындағы  руханилық  мәселесін  толғаған 
зерттеушілер осындай байланыстардың ұлттық мүдде тұрғысынан 

295
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
сабақтасқандығын  былайша  атап  өтеді:  «Осы  тұста  жазылған 
көркемдік  бағыты  жағынан  ағартушылық,  сыншыл  реализм, 
сентиментализм, романтизм шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, 
әңгімелер,  алғашқы  қазақ  романдары  Абайдың  «Адамзаттың 
бәрін  сүй,  бауырым  деп...»  деген  ұлы  гуманистік  декларациясын 
жалғастырған, оны жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістеткен көркем 
дүниелер болды» [66, 212 б.].
4.  Халқының  болмысына  сыни  көзқарас  және  өз 
ұлтынсүйгіштік. 
Ақын  өзінің  сыншылдық  пікірлері  жөнінен  көп  жағдайда 
Абайға  ұқсайды.  Абайдың  ұлттық  идеясының  негізгі  әдіснамасы 
қазақ  қоғамының  әлеуметтік  сыншысы  ретінде  надандықты,  ел 
ішіндегі  пайда  болған  және  бұрыннан  қалыптасқан  керітартпа 
әдеттерді  айыптап,  елін  білімділікке  шақыру  болатын.  Екеуінің 
ұстанымдарының  негізгі  бағыттары  идеяларының  мазмұндары 
бойынша ғана емес, бір-біріне тәсілдері жөнінен де сәйкестенеді. 
Олардың  қазақты  сынауы,  әрине,  халықты  мұқату  мен 
жеккөрушіліктен  емес,  керісінше,  өз  ұлтын  шын  сүйгендіктен 
және  шарасыздықтан  болған.  Екеуі  де  философ  болғандықтан, 
қайсібір нәрсені де ілгері дамытуы үшін сын керек екендігін білген. 
Г.Ф.  Гегель  айтқандай:  «Бір  нәрсені  жоққа  шығару  оны  тарих 
сахнасынан мүлде алып тастау емес, қайта керісінше, белгілі бір 
дәрежеде дамытқандық болып шығады». Осы ұстанымды ескерген 
ойшылдар «дамыту – кемшілік жақтары мен дамуға кедергілерді 
тауып алып, оларды саналы түрде жоюға беталыс» екендігін терең 
түйсінген тәрізді. Екеуін де ерікті-еріксіз түрде халқының тағдыры 
мен болашағы туралы мәселелерді толғануға қарай жетелеген ортақ 
сезім – ұлтынсүйгіштік қасиет. Абай «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым», – деп толғаса, Ғұмар Қараштың ұлт мүддесіне негізделген 
өлеңдерінің көпшілігінде «Қазақ» сөзі үнемі менмұндалап тұрады: 
«Әу,  қазақ!  Балаларың  өнер  білсін»;  «Атаңа  сенің  қазақ-ай»; 
«Қазағым, сондай болған елің бар-ды»; «Қазақ байғұс, не білсін» 
т.б. Бұл сөздер өз халқына деген алаңдаушылықтан, қимастықтан, 
ұлтжандылықтан  туған  ішкі  көңілдің  сезімінің  жарыққа  шыққан 
лебі. Сонымен қатар оның толғаулары мен туындыларында да ұлт 
атымен  аталатындары  жетерлік:  «Қазаққа»,  «Қазақ  жыры»,  «Әу, 

296
Ғұмар Қараш
қазақ»,  «Бар  еді  қазағымда..»,  «Алашқа»,  «Алаш  азаматтарына», 
«Қазақтар хақында» т. б. 
Ол өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін «Әлай ма, Алаш» атты 
туындысында  «Кәрілердің  сөйлеп  жылауының»  ішкі  мағынасын 
терең түсіне білгендігімен де паш етеді: 
Бастан өткен күндерін
Есіткенін білгенін
Кәрілер сөйлеп жылай ма?
Жылауының себебін
Алашым бізден сұрай ма?
 [2, 91 б.].
Бұл  жерде  жылаған  Қариялардың  көз  жасы  халқының 
бұрынғы  өткен  дәуренінің  қандай  болғандығы,  азаттық  пен 
бейбітшілік,  молшылық  пен  асқақ  рухты  өмірдің  өтіп  кеткендігі 
туралы  толғаныстан  туындайтындығын  жіті  пайымдаған  Ғұмар 
Қараш  олардың  елестетіп  отырған  өткенін  дәл  бейнелеп  берген. 
Ендеше, қариялардың көз жасын тек олардың ішкі сыры арқылы 
ғана  түсінуге  болады,  ал  олардың  ішкі  сыры,  түптеп  келгенде, 
ойшыл  ақынымыздың  өзінің  ішкі  жан-дүниесіндегі  тебіреніске 
айналады. Әйтпесе, ол қариялардың жан дүниесін де толық түсіне 
алмас еді. Ұлттық мүдде, Ұлт болашағы, Ұлт рухы сияқты қасиетті 
ұғымдарды терең түсіну үшін, әрине, алдымен, өз халқына деген 
шын  сүйіспеншілік  керек  екендігі  белгілі.  Олай  болса,  Ғұмар 
Қараштың Абай дәстүрінен алған сабағының бірі де – осы қасиет 
деп айта аламыз.
5.  Тәуелсіздік  пен  азаттық  идеясы  –  Алашшылдық  пен 
қазақшылдық.  Ғұмар  Қараш  өмір  сүрген  дәуір,  әсіресе,  өмірінің 
соңғы ұлттық идеяның саналы, жүйелі, арнайы ұйымдасқан түрде 
құрылған кезеңі болатын. «Ой түбінде жатқан сөзі» – Алаш идеясы, 
Түркістан  идеясы,  Тәуелсіздік  деген  сияқты  ұрандармен  жарыққа 
шықты.  Олар  –  ақынның  шығармашылық  талантымен,  өмірдегі 
ұстанған бағдарымен, дүниетанымының негізгі қағидаларымен тура 
сәйкес  келіп  жатты  және  Асан  Қайғыдан  бастау  алып,  зар  заман 
ақындарымен, Абаймен келіп сабақтасқан оның ішкі Рухы ұлттық 
идея тұтастығын сезінудің жарқын бір айғағы болды десе де болады. 

297
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Біз  қарастырып  отырған  ұлттық  идеяның  тарихи-әлеуметтік 
тұтастығы және ондағы Ғұмар Қараштың орны мәселесі осындай 
пікірлердің  тоғысы,  арман-мұраттардың  үндестігі,  ел  мүддесі 
үшін  күрестердің  жұмылуы  арқылы  өзінің  шынайы  мағынасын 
ашып береді. Осындай Ғұмар Қараштың ұлттық идеяның тарихи 
кеңістігіндегі орнының поэтикалық сабақтастықпен құрылғандығын 
дәл аңдай білген зерттеушілеріміздің пікірі де біздің ұстанымымызға 
сәйкестенеді: «Саяси билігі отаршыл империяның қолында кеткен, 
адамы кемсітуге, жері талауға түскен қазақ даласында елдікті аңсау, 
азаттыққа  ұмтылу  сарындары  –  ұлттың  сол  тұстағы  ең  дамыған 
қоғамдық  ойы,  өнері  сөз  өнерінен  көрінбек.  Дулат,  Махамбеттің 
замандарынан  келіп,  Нарманбет,  Ғұмар  Қараштар  тұсына  дейінгі 
әдебиеттің басты пафосына айналған азат күнді аңсау, бодандықтан 
туған торығу көңіл-күйін Алаш қозғалысының қарқынды серпіні 
сейілтті» [66, 221 б.]. Мысалы, Махамбет ақын: «Қара қазан, сары 
бала,  Қамы  үшін  қылыш  сермедік»,  –  десе,  [88,  187  б.].  Ғұмар 
Қараш ондай ерлерді ұмыт қалдырмайды: «Қара қазан қамы үшін, 
Тереңнен  хиял  ойлаған»,  –  деп  еске  алып  қояды  [2,  78  б.].  Бұл 
бір  қырынан  тарихи  жады,  екінші  бір  қырынан  діл  бірлігіндегі 
поэтикалық сөз үндестігі. 
Алаш  идеясы  өзінің  қуатын  күшейте  түсу  үшін  діни,  саяси
мәдени,  экономикалық,  әскери,  рухани  т.б.  салаларда  мығым 
ұстанымын дұрыс анықтап алуы қажет болды және оны белгілі бір 
деңгейде орнықты қылып жасап шығарды. 
Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін оның қандай бағытына 
қолдау  білдіру  керек,  қай  жолымен,  қай  мазһаббен  жүру  керек 
деген сияқты ұлт алдында тұрған өзекті және тартысты мәселеде 
олар жәдидшілдік бағытын таңдап алған болатын. Бұл ұстанымды 
Алашшылардың  көпшілігі  қолдады  және  оның  ағартушылық 
бағыттағы бағдарын жете түйсінді. 
«Жәдидшілдер ХІХ–ХХ ғасырларда ислам дүниесі мен түрік 
әлемінің  адамзаттық  даму  сатысынан  кейін  қалып,  тоқырауға 
ұрынғанын  мойындады.  Жәдидия  қозғалысының  өкілдері 
Түркістанның  тұтастығы  мен  азаттығын  сақтау  үшін  дінге  де, 
ұлттық дәстүр мен санаға да, оқу жүйесіне де сыртқы саясатқа да 
жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін түсінді және сол үшін күресті. 

298
Ғұмар Қараш
Ахмет Байтұрсыновтың жоғарыда айтылған «Төте жазу әліппесі» 
мен Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары құрған «Алаш» 
партиясы сол жәдидшілдердің ықпалы арқасында өмірге келді», – 
деп  [54,  82  б.]  пайымдаған  зерттеушілеріміздің  пікірі  де  осының 
айғағы. 
Ал Ғұмар Қараш осы бағыттың басты теоретигі, насихатшысы, 
үгітшісі,  бағдарламасын  жүйелі  түрде  ұсынушы  және  оны  батыл 
түрде  іске  асырушылардың  бірі  болды.  Бұл  тұстағы  айта  кететін 
бір  жайт,  ол  тек  діни  бағыттардың  ішінен  өзіне,  жеке  басына 
қолайлысын, ыңғайлысын, дүниетанымына сәйкес келетінін таңдап 
алу  үшін  ғана  емес,  жәдидшілдік  арқылы  сол  заман  тұрғысынан 
ұлттық идеяны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін білгеннен кейін, 
бұл ағымның қазақ халқының болашағына игі ықпалы тиетіндігін 
зерделеп алғаннан кейін оны жүзеге асыруды мақсат еткендігінде 
болып отыр. Сол кездегі қазақ халқының жай-күйі, тұтас болмысы 
мен заманауи келбеті жәдидшілдікті ұстануына қарай жетеледі, осы 
бағытты дамытуына алып келді десе де болады. Немесе, заманауи 
ұлттық идеяның келбеті діннің осындай зайырлы бір ұстанымын 
өздігінен-ақ қалады десе де болады. 
Жәдидшілдік  ұстанымды  Алашордашыл  ұлт  зиялылары 
да  қолдап  отырды,  әсіресе,  Ғұмар  Қараштың  діни  фанаттықтан 
алшақтауға,  ілім-білімге  бет  бұруға,  ағартушылықты  жүзеге 
асыруға  деген  құлшынысы  аясында  олар  бірікті.  Мысалы,  Ә. 
Бөкейхановтың Түркістан өлкесімен біріккісі келмеуінің де бірден-
бір  себебі  осындай  ахуалдан  туған  еді.  «Сондықтан  Бөкейханов, 
Дулатовтың  Кеңес  дәуірінде  ОГПУ-ге  берген  жауабында 
айтқанындай,  Түркістанда  ескішілердің  діни  фанатизмі  саяси 
жұмыстарды  ойдағыдай  жүргізуге  кедергі  болады  деген  пікірде 
еді», – деп тұжырымдалған пікірлер де [62, 232 б.] осының айғағы 
еді.  Ғұмар  ақынның  да  «Самарқанд,  Бұхар  сарт  құрсын»,  –  деп 
түңілуі де пікірлер үндестігін білдіреді. 
Біз  Ғұмар  Қараштың  ұлт  пен  дін  хақында  және  олардың 
арақатынасы 
туралы 
қозғаған 
мәселелерінен, 
атқарған 
қызметтерінен,  ұлттық  идеяның  кең  арналы  болуы  тиіс  екендігі, 
тек  саяси-экономикалық,  мәдени-тарихи  бағдар  ғана  емес,  тіпті 
дінге де қатынасын айқындап алу қажеттігін түйсіне аламыз. Бұл 

299
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
ахуал бүгінгі таңда да өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы 
жасырын емес [117]. 
Алаш идеясының саяси мақсаты – тәуелсіздік. Ол үшін қазақ 
зиялыларының алдында, Алаш партиясын құру, алдымен, Алашорда 
үкіметі, одан соң Қазақ автономиясын алу сияқты сатылар тұрды. 
Мұндай кезеңдер негізінен өткерілді деп те айтуға болады. Бірақ 
Алашордашыларды  қуғындау  саясаты,  олардың  түбіне  жетті. 
Мысалы, бұл жағдаятты: «Ұлттық идеяның да арқалап тұрған жүгі 
жеңіл  емес.  ХХ  ғасыр  басындағы  Алаш  зиялылары  бұл  міндетті 
шеше алды», – деп тұжырымдалған пікірлер қуаттай түседі [118, 
139 б.]. 
Н. Назарбаев бұл қозғалыс туралы: «Кезінде Алаш партиясының 
жетекшілері  ұсынған  көптеген  қағидалар  күні  бүгінге  дейін  өз 
маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым алдына 
қойған  мақсаты  қазақ  қоғамын  бірте-бірте  өзгертіп,  оны  осы 
заманғы шындыққа бейімдеу еді», – деп [119, 173 б.] оны бүгінгі 
күнмен және атқарған істерімен сабақтастыра баяндаған болатын. 
Алашордашылардың  тәуелсіздік  идеясын  қолдаған  Ғұмар 
Қараш оларға бар үмітін сарп етеді. Ол да азаттық күнді аңсайды 
және  оларға  сеніммен  қарайды.  Бір  жағынан  күдік  орнаса, 
екінші  бір  қырынан  өзін-өзі  билеген  халықтың  болашақтағы 
тұтас  экономикалық-саяси,  рухани-мәдени  бейнесін  өзінің  өлең 
шумақтарымен жасап та қояды:
Оқу жұрты даярланып жеткендігін, 
Жалпы оқуды қазақ міндет еткендігін
Қазақ ұлты озат шығып кеткендігін, 
Тірлікте көзімізбен көреміз бе? – 
деп рухани-ағартушылық саланы сипаттаса, шаруашылықтың даму 
бағдарын, сайып келгенде, «Алаш» мемлекетінің дәулетті-сәулетті 
елге айналған кейпін былайша өрнектейді:
Өз жеріне шыққан кенді өзі алғанын, 
Әдемілеп айқыш-ұйқыш жол салғанын
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын, 
Тірлікте көзімізбен көреміз бе? 

300
Ғұмар Қараш
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын, 
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын, 
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын
Тірлікте көзімізбен көреміз бе?
 [2, 127–128 бб.].
Бұл  толғауда  –  азаттық  таңының  атқандығын,  елінің 
кемелденген  сатыға  жеткендігінің  куәсі  болуға  деген  ынтықтық, 
елінің  арманына  жетсе  екен  деген  тілегі  және  оны  тірі  кезінде 
өз  көзімен  көріп  кету  сияқты  Алаш  зиялыларының  арман-
мұраттарымен  келіп  тоғысатын  идеялардың  түзілімі  жатыр.  Бұл 
толғаудың  ұлттық  идеяға  келіп  тоғысатын  тұсын  Ж.  Ошақбаева 
былайша  тарқатып  көрсеткен  болатын:  «Көреміз бе?»  атты  өлеңі 
жалпы  Алаш  партиясының,  Алаш  автономиясының  нысаналы 
өмірлік  мұрат-мақсатын  анық  танытатын  және  де  осы  жолдағы 
ерен істерді Ғұмардың әрдайым қолдаушы тұлға, қозғаушы ақын 
болғандығын ұғындырады» [120, 264–265 бб.]. 
Сондай-ақ  оның  бақыт  түсінігіне  сай,  түпкі  мақсаты  елінің 
аңсаған  мұратына  жетуі,  кер  заманның  артта  қалуын  тілеуі  де 
«Өтер ме екен?» деген толғауында былайша жалғасын табады:
Қайғылы қара күндер өтер ме екен, 
Қолайсыз мінді мінез бітер ме екен?
Ит болып ырылдасып өткен күндер, 
Жоқ болып, ізі, жолы кетер ме екен?
.......................................................
Табылып ойға алғаны бәрі болып, 
Еңіреп ер мұратқа жет ме екен?
 [2, 128 б.].
Оның «Көреміз бе?», «Өтер ме екен?», «Келер ме екен?» деп 
аталған үш толғауы бір-бірімен өзара үндес, елінің болашағының 
жалпы нұсқасы туралы жыр: «Көру-Өту-Келу». Осы үш бөліктен 
тұратын  тұтас  бір  құрылым  Алашшылдардың  мақсаты  болып 
табылатын  ұлттық  идеяның  сол  дәуірдегі  саяси-әлеуметтік 
стратегиясы. Ендеше, Ғұмар Қараштың ел мүддесі туралы идеялары 
да Алашордалықтардың түпмақсаттарымен келіп орайласып жатыр, 
бірақ олардың толықтай іске асатындығына күдіктену де жоқ емес. 

301
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
6.  Ағартушылық  пен  білімділік,  рухтану  мен  ояну  идеясы. 
Бір  қарағанда,  ағартушылық  пен  ұлттық  идеяның  еш  байланысы 
жоқ  сияқты  болып  көрінеді.  Бір  қырынан  алғанда,  білімділік, 
ұлттық  мүдде  мен  ел  болашағы,  алашшылдық  идеясы,  түптеп 
келгенде,  ел  басқаратын,  халқына  жаны  ашитын  білікті,  сауатты 
мамандарды  қажет  етсе,  екінші  бір  қырынан  алғанда,  ұлтының 
жаппай академиялық білім алуы оларды зиялыландыру үрдісі заман 
талабынан туған қажеттілік, әлемдік өркениеттілік қауымдастығына 
енудің  басты  талабы  болды.  Міне,  осы  тұжырымдаманы  терең 
түйсінген Ғұмар Қараш өзінің толғауларында бұған аса мән берді 
және  болашақтағы  қазақ  қоғамының  жарқын  келбетін  осылайша 
елестетті.  А.Еспенбетов  айтқандай:  «Қазақтың  ХІХ  ғасырдағы 
әдебиетіндегі отарлық езгіге қарсы күрес, ұлттық мүдденің аяусыз 
тапталуына  қарсылық  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  ағартушылық 
ағымның пайда болуына негіз қалады». Демек, ағартушылық сол 
дәуір  үшін  ұлттық  идеяны  жүзеге  асырудың  басты  тетіктерінің 
біріне айналды.  
 
Ғұмар  Қараш  білімді  абсолюттендіріп,  сол  ағартушылық 
бағыттан  басқа  дамудың  баламалы  жолы  жоқ  екендігіне  нық 
сенімді  болды.  Себебі,  ол  шығысқа  немесе  Орта  Азияға  емес, 
Ресей  мен  Батысқа  көз  салды,  олардың  өркениеттік  бағыттағы 
даму жолының «дұрыс» екендігіне (бірақ моральдік адамгершілік 
үлгісі емес) күмәні болған жоқ. Білімсіздік пен надандық жай ғана 
ел ішіндегі белгілі бір ұлттың кемшілігі емес, ол, біріншіден, елдің 
дамуын  тежейді,  тіпті  көп  жағдайда  артқа  тартады,  екіншіден, 
мұндай бағытпен әлемдік өркениет аясына Қазақ Елі ене алмайды, 
үшіншіден,  білімсіз  халық  ертең-ақ  басқа  білімді  халыққа  құл, 
жалшы  болып  қызмет  істейтін  болады,  төртіншіден,  өзінің 
тәуелсіздігін жеңіп ала алмайды, алған күнде де оны сақтап, өрістете 
алмайды. Міне, «егер, білімсіз ел болып жүре берсек не болар еді» 
деген көкейдегі сұрақтың жауабын Ғұмар Қараш жүйелеп бермесе 
де, осындай ой ниеттері арқылы үнемі аңғартып отырады. 
Ол  халқына  алаңдамай-ақ,  әлдекімдер  сияқты  «мейлі  надан 
болса, бола берсін» деген пиғылмен өмір сүруіне де болар еді. Бірақ 
ол өзі ел үшін туған асыл ер екендігін мақтаншылықпен айтпаса да, 
іштей сезген болуы ықтимал. Сонымен қатар, оның ұлтынсүйгіштік 

302
Ғұмар Қараш
қасиеті  ерікті-еріксіз  түрде  осындай  ұлттық  идея  жолына  өмірін 
сарп  етуді  арнады  десе  де  болады.  Ойшылдың  сопылықтын  бас 
тартуының да түпкі себептерінің бірі – осы деп болжамдауымызға 
болады. Философиялық ойға қабілетті болғандықтан, елінің артта 
қалып бара жатқан келбетін бұрынғы күйімен салыстыра отырып, 
көре  білген  ойшыл,  болашақтағы  «өзгелерге»  құл-жалшы  болып 
жүретін  халқының  келбетін  елестетті.  Шындығында,  қоғамның 
өз  дәуіріндегі  келбетін,  шынайы  бейнесін,  тұтас  болмысын 
ешкім  айтпаған  жағдайда  анық  көре  білу  де  едәуір  ой  таразысы 
мен  қабілетті  қажет  етеді.  Мұны  ұлттық  идея  стратегиясындағы 
Қараштың  болжампаздығы  (футурологиясы)  деп  те  айтуымызға 
болады. 
Ғұмар  Қараш  ең  өзекті  мәселе  етіп  қойған  ағартушылық 
ұстанымы  –  коммунистік  утопия  емес,  құр  қиял  мен  әлеуметтік 
миф  болып  та  табылмайды,  ол  нақты  қол  жеткізуге  болатын 
бағдар.  Айналасындағы  өркендеп  бара  жатқан  халықтарға  қарап, 
оларды  қазақ  елімен  салыстыру  арқылы  «ал,  біз  кімнен  кембіз» 
деген намысшылдық өзінің кеудесінде оянып, осы сезімді халқына 
жеткізу,  олардың  да  бойларына  сіңіру  үшін  ол  бар  күш  жігерін 
жұмсады десе де болады. Күрескер ойшыл осындай ұлттық идея 
аясында екі арнада еңбек етті: бірі теориялық – идеолог, насихатшы 
болу, екіншісі практикалық – оны іске асыру үшін қоғамдық-саяси 
қызметтер  атқару.  Теориялық  деңгейдің  өзі  ол  үшін  сан-салалы 
арнада  өрбіді,  түрлі  тәсілдермен  жеткізілді:  ақындық  шеберлігі 
арқылы,  философиялық  ойлары  бойынша,  публицистикалық 
шығармалары тұрғысынан қоғамдық санаға әсер ету. 
7. Бірлік идеясы мен бірлік философиясын түйіндеуі
Оның  ұлттық  идеясындағы  зерделеген  тағы  бір  маңызды 
мәселелерінің  бірі  –  бірлік  идеясы,  яғни,  ұлттың  өзара  ішкі 
ұйысуы  мен  бірігуі.  Бірлік  идеясы  да  көнеден  бері  сабақтасып 
келе жатқан, кейінгі ұрпақтардың бойына сіңірілген, жасампаздық 
пен  өміршеңдіктің  бірден-бір  себебі  екендігі  үздіксіз  толғанылу 
үстінде болып келе жатқан рухани құбылыс. Ғұмар Қараш та Бірігу 
идеясының осындай тарихи сабақтастығына жүгіну арқылы – оның 
ұлттық қоғам дамуындағы маңызды және қажетті ажырамас қасиет 
(атрибут) екендігін үнемі паш етіп отырады, өз ойын «Төртеу түгел 

303

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет