Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Ғұмар Қараш
интеллектуальді  ұлт  туралы  өзекті  заманауи  түйткілдерді 
қарастырдық. Өткен мен бүгіннің сабақтастығы мен байланысын 
негізге  ала  отырып,  Ғұмар  Қараш  туындыларының  маңызы  мен 
бүгінгі  жас  ұрпаққа  берер  тағлымының  айтарлықтай  мол  мұра 
екендігіне көз жеткіздік. Дегенмен, айтулы тұлға Ғұмар Қараштың 
шығармашылығын  зерделеу  мұнымен  тәмамдалып  қалмақ  емес, 
себебі,  оның  өмірбаянының  әлі  де  зерттелмей  жатқан  тұстары 
баршылық, табылмай қалған туындылары да жетерлік. Сондықтан, 
оның болмысы мен мұраларын толықтай зерделеп, барша оқырман 
қауымға ұсыну келешектегі зерттеушілердің міндеті болмақ. 

355
Надежда Қарашева: Атам Ғұмар Қазақ елінің мақтанышы
болса ұрпақтарына абырой
Надежда Қарашева: 
АТАМ ҒҰМАР ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛСА 
ҰРПАҚТАРЫНА АБЫРОЙ
Біздің  бүгінгі  сұхбаттасымыз  Қарашева  Надежда  Бұрханқызы  – 
Ғұмар Қараштың туған немересі. Ол 1930 жылы Орал қаласында дүниеге 
келген. 1948 жылы Алматыда орыс орта мектебін алтын медальмен, 1953 
жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі 
филология факультетінің шығыс бөлімін қызыл дипломмен тәмәмдаған. 
1953–1962 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл 
және әдебиет институтында қызмет еткен және осында «ХХ ғасырдың 
басындағы  қазақ  көркемсөзіндегі  грамматикалық  тіл  ерекшеліктері 
(«Айқап»  журналындағы  материалдар  бойынша)»  тақырыбында 
кандидаттық  диссертациясын  қорғаған.  1962  жылдан  бүгінге 
дейін  Мәскеу  қаласында  тұрады.  Қазір  Ресей  Білім  Академиясының 
филологиялық орталығында ғылыми хатшы болып қызмет істейді. Тіл 
мәселелері,  тілді  оқыту  әдістемелері  тақырыптарында  жарияланған 
120-дан аса еңбектің авторы. Екі қызы, бір жиені бар.
Надежда  Бұрханқызының  мекенжайы  мен  үй  телефонын 
ғаламтордан  таптық.  Сөйтіп,  телефон  арқылы  хабарласып, 
кездесуге  уағдаластық.  Сөз  барысында  өзінің  82  жаста  екендігін 
айтқан. «Бара қалсақ, жасы едәуір ұлғайған үлкен кісімен әңгімеміз 
қалай өрбір екен?» деген алаңдаушылық та болды.
Уәде  бойынша  Мәскеуге  бардық.  Апамыз  есігін  ашып,  жылы 
қарсы алды. Тіпті біз күтпеген жағдай болды! Кейіпкеріміз сырт көзге 
алпыс жастың шамасында дерлік, ширақ, тіп-тік, сәнді. Әп дегеннен-
ақ әңгімеміз жарасып, Ғұмар атамыз туралы ой бөлісуді бастап та 
кеттік.  Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  салт-дәстүр,  ырымдарын 
жақсы  білетіні  анық  байқалады.  Әңгіменің  қызығына  түскеннен 
кейін өзге елде, өзге жерде отырғанымызды ұмыттық. Тіпті көптен 
көрмеген туысқанымызға келгендей рахат күйді сезіндік.

356
Ғұмар Қараш
Тарихи текті тұлғаның ұрпағымен болған сұхбатымыздың бір 
бөлігін оқырманға ұсынамын. 
- Атаңыз Ғұмар Қараш – ХХ ғасыр басындағы ең ірі ойшыл, 
дінтанушы, прогрессивті ақын, әрі қазақтың жазба әдебиетін 
қалыптастыруға  зор  еңбегі  сіңген  қайраткер.  Сол  заманда-ақ 
болашақты дөп айтып, түрлі бағыттағы өзекті мәселелердің 
тура шешіміне жөн сілтеп, білімімен халық санасын оятқан, 
ісімен үлгі болған. Қазақтың маңдайына біткен осындай текті 
тұлғаның  ұрпағысыз.  Жалпы  атаңызға  қатысты  не  білесіз? 
Өзіңіз туралы да айта отырсаңыз.
– Мен Ғұмар Қараш қаза болғаннан кейін 9 жылдан соң дүниеге 
келдім.  Сондықтан  атамды  көре  алмадым.  Бірақ,  туысқандар 
арасында  атамыздың  белгілі  ақын,  ойшыл  философ,  прогрессшіл 
ағартушы  екені  айтылатын.  Ол  кезде  Алматыда  Ғұмар  Қараштың 
үш  баласы  –  үлкен  баласы  Басыр,  менің  әкем  Бұрхан,  кенжесі 
Әлихан  тұрған.  Әуелде  Ғұмардың  шығармалары  туралы  9–10 
класқа  арналған  қазақ  әдебиеті  оқулығында  көп  мағлұмат  болды. 
Бірақ  кейінгі  жылдары,  әсіресе,  1947  жылы  Ғұмардың  мұрасына 
қысым  жасалып,  үкімет  қаулысы  шықты.  Онда  Ғұмар  Қараш 
буржуазиялық-ұлтшылдық  сарындағы  ақын,  молда,  Алашорданың 
жыршысы  деп  бағаланып,  мұраларын,  шығармаларын  жариялауға 
тыйым салды. Мен сол кезеңде Алматыда орыс орта мектебін бітіріп, 
Мәскеуге  кеттім.  М.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 
университетінің  Шығыс  факультетіне  түстім.  Университетті  1953 
жылы  қызыл  дипломмен  бітірдім.  Алматыға  қайта  оралдым.  Он 
жылдай  Ғылым  академиясының  тіл  және  әдебиет  институтында 
ғылыми хатшы болып қызмет істедім. Сонда аспирантураға түсіп, 
кандидаттық диссертация қорғадым. Диссертациямның тақырыбы – 
«XX ғасырдың басындағы қазақ көркемсөзіндегі грамматикалық тіл 
ерекшеліктері («Айқап» журналындағы материалдар бойынша)» еді.
Әрине,  тақырып  өте  қызық.  Қазақ  зиялыларының 
ұйымдастыруымен  шыққан  ең  алғашқы  журнал  (1911  ж.) 
болғандықтан  араб  әрпінде  жазылған.  Сондықтан  көпшілікке 
түсініксіз болды. Бірақ аға буын өкілдерінің көбі қорғауға қатысты. 
Солардың  ішінде  Есмағамбет  Ысмайылов,  Мұхтар  Әуезов, 
Мұхамеджан  Қаратаев,  тағы  басқалар  болды.  Тіпті  сол  кездегі 

357
Надежда Қарашева: Атам Ғұмар Қазақ елінің мақтанышы
болса ұрпақтарына абырой
Академияның президенті Дінмұхамед Қонаевтың өзі келіп қатысты. 
Олар  «бұл  кішкентай  қыз  не  айтар  екен?»  деп  қызықтады-ау, 
шамасы. Қорғау барысында жан-жақтан сұрақ қоюшы көп болды, 
бәріне жауап беріп, «өте жақсыға» қорғадым.
-
  Мәскеуге  не  себепті  қоныс  аудардыңыз?  Атаңыздың 
мұрасын зерттеуге бет бұрдыңыз ба?
–  1962  жылдан  бастап  күйеуімнің  жұмысына  байланысты 
Мәскеуге  көштік.  Содан  бері  алпыс  жылдай  осы  Мәскеуде 
тұрамын. Әкем Бұрхан жастайымыздан атамыз туралы көп айтқыза 
бермейтін.  Оның  шығармаларын  мектеп  оқулықтарынан  алып 
тастағанда  «кім  алдырса  да,  уақыты  келгенде  өздері  қалпына 
келтіреді.  Бірақ  сендер  араласпаңдар»  деуші  еді.  Сондықтан 
жасымда  атамның  мұрасымен  көп  таныс  болмадым.  Есейген  соң 
да  мән  бермеппін.  Әрине,  өкінемін.  Егер  сол  кезде  ақылдырақ 
болсам, жастау кезімде атамды көзі көрген жасы үлкен ағайындар, 
туысқандар, жерлестерден едәуір мәлімет жинауға болар еді. Бірақ 
амал  қанша,  өмір  өтті.  Сондықтан  қазір  өте  керекті  мәселелерді 
шеше алмай отырмын өзім де. 
- Ғұмар Қараштың ұрпақтары туралы көп білмейміз, осы 
жәйтке кеңірек тоқталсаңыз?
-  Ғұмардың  бірінші  баласы  –  Қадыр  Астрахандағы  реальды 
училищені бітіріп, елге қайтып, Қазталовкада жұмыс істеді. «Өте 
білімді,  ұстамды,  өткір  жігіт  болған»  деп  Ғасыр  ағамыз  айтады. 
1922 жылы кісі қолынан қаза тапқан. Кім өлтіргенін ешкім білмейді, 
бірақ әкесінің саяси дұшпандарының ісі болуы әбден мүмкін.
Екінші  баласы  –  Басыр.  Ол  ауылда  әртүрлі  шаруамен 
айналысқан.  Соғыс  кезінде  еңбек  армиясына  шақырылып, 
Қарағандыда  шахтер  болып  жұмыс  істеген.  Сосын  Алматыға 
келіп, жетпіс жасында қайтыс болған. Атам туралы кей мәліметті 
Басыр ағамнан және оның жұбайы Тәнзиләдән сұрап, біліп алдым. 
Олардың жалғыз баласы Болат қайтыс болды.
Үшіншісі – қыз. Есімі – Таназия. Ол күйеуімен Қарағандыда 
тұрды.
Ал, төртінші баласы Бұрқан – менің әкем. Балаларының ішінде 
ең  білімдісі  болған.  Отызыншы  жылдары  Қазақстанның  бір  топ 
қазақ  жігіттерімен  бірге  Москваға  барып,  сондағы  Тимирязев 

358
Ғұмар Қараш
атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірді. Кейін Алматыға 
келіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінде біраз қызмет атқарған. 
Қырқыншы жылдары белгілі адамдарды қудалау тағы басталғанда 
әкем  бәрін  түсініп,  тезірек  Алматыдан  Талдықорған  облысына 
көшіп  келді.  Сондағы  ауыл  шаруашылығы  техникумының 
директоры болды. Он жылдай басқарды. Кілең орыстың арасында 
бір-екі қазақ болған шығар, ұжымының дені орыстар еді. Сөйтіп, 
саяси қуғыннан құтылған. Кейінгі кездері Алматыда мемлекеттік 
жер  пайдалану  мекемесінің  бастығы  болды.  Алпыс  үш  жасында 
қайтты.  Ғұмардың  бесінші  баласы  –  Хамида  есімді  қыз.  Ол  12 
жасында аурудан қайтыс болыпты.
Алтыншы,  кенже  баласы  –  Әлихан.  21  жасында  соғысқа 
шақырылған. Содан хабарсыз, жоқ болды. Бір хат та алған жоқпыз. 
Қалай  өлгенін,  қайда  өлгенін  ешкім  білмейді.  Әкем  іздестірді, 
бірақ  ешқандай  нәтиже  болмады.  Басыр  ағамның  және  әкемнің 
айтуынша,  Әлихан  сол  кезде  Қазақстанда  дойбыдан  республика 
чемпионы болған көрінеді.
- Жанұяңыз туралы айтсаңыз?
-  Күйеуім  дипломатиялық  қызметте  болды.  Қазір  дүниеде 
жоқ. Үлкен қызым Лоланың жасы елу жетіде. Ол да мен оқыған 
М.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік  университетін 
тәмәмдады. Менің жолымды қусын деп тіл саласы мамандығына 
бағыттадым. Оқуын өте жақсы аяқтап, қытай тілін жетік меңгерді. 
Кейін  бір  жылдай  Сингапурда  қытай  тілінде  оқыды.  Қазір  ол  да 
филология ғылымдарының кандидаты. Мәскеудегі іргелі ЖОО-да 
шығыс  кафедрасының  меңгерушісі.  Шығыс  кафедрасы  дегеннің 
мағынасы өте кең ғой. Онда жапон, түрік, корей, қытай, въетнам 
секілді көптеген тілдер бар. Жұмысы өте ауыр, тіпті, аяймын оны. 
Ал  кіші  қызым  –  Карина.  Өте  сұлу  болатын.  Жапонияда  оқыды, 
жапон тілін аса жетік білетін. Қан ауруынан қайтыс болғанына жеті 
жыл болды. Ол жапонның ірі телекомпаниясында қызмет істеді.
Лоланың  қызының  есімі  –  Дана.  Дана  да  тіл  маманы,  бірақ 
«мен  үстелде  отырып  қызмет  еткім  келмейді»  деп,  диссертация 
қорғаудан  бас  тартты.  Қазір  «Афиша»  деген  баспасөзде  жұмыс 
істеп жүр.

359
Надежда Қарашева: Атам Ғұмар Қазақ елінің мақтанышы
болса ұрпақтарына абырой
- Ғұмар атаның өліміне байланысты әр түрлі пікір айтыла-
ды. Сіздің пайымдауыңыз қалай?
-  Ғұмар  атамыздың  қалай  өлгенін,  қай  жерде,  кім  өлтір-
генін  мен  анық  білмеймін.  Атамның  үлкен  баласы  Басыр 
ағамнан  сұрағанымда,  былай  деп  жауап  бергені  есімде: 
«Атаңды  бандылар  далада  келе  жатқанда  шапқылап, 
қылышпен  кескілеп  өлтіріпті.  Аты  ауылға  бос  қайтқан  соң 
ауылдастары ақынның бір пәлеге ұшырағанын түсініп, ауыл болып 
іздеп шыққан. Сөйтіп, көп кешікпей «Құнаншапқан» деген жерден 
дене  қалдықтарын  тапқан».  Басыр  ағамның  осы  сөзіне  сенемін. 
Зерттеушілердің  әртүрлі  пікірін  оқыдым,  меніңше  дұрыстыққа 
жақыны – ағамның айтуы.
-  Жоғарыда  Кеңес  үкіметі  Ғұмар  Қараштың  өзін  және 
шығармаларын насихаттауға тыйым салғандығын айттыңыз. 
Оның салқыны сізге тиген жоқ па?
–  Құдайға  шүкір,  мен  қуғынға  ұшыраған  жоқпын.  Бұл  әкем 
Бұрханның  көрегендігі  мен  ақылдылығының  арқасында  деп 
есептеймін. Кезінде белгілі адамдарды қудалау басталғанын әкем 
сезіп,  тез  ауылға  көшіп,  орыстардың  арасында  тұрған.  Партия 
мүшелігін де сақтаған. Мүмкін әкеме қандай да бір қысымшылық 
болған  шығар,  ол  жағынан  мен  хабарсызбын.  Жалпы  ол  тұйық 
адам еді.  Бос  сөзді жаратпайтын.  Атамыз жайында сұрағанды да 
мақұлдамайтын.
Мен тіл және әдебиет институтында Есмағамбет Ысмайылов, 
Мұхтар  Әуезовпен  бірге  жұмыс  істедім.  Олар  Ғұмар  Қарашпен 
тілдесіп,  бірге  жүрген,  тіпті  президиумда  бірге  отырған  кездері 
болған.  Әйтсе  де  олар  маған  «сенің  атаңмен  таныспыз»  немесе 
«байқа,  мынаны  айтпа»  деп  тіптен  тіс  жармады.  Ал  диссертация 
қорғаудың  алдында  маған  кімдердің  есімін  атауға  болмайтыны 
ескертілді.  Олар  –  Ахмет  Байтұрсынов,  Ғұмар  Қараш  бастаған 
үлкен тізім еді...
-  Атаңыздың  атын  атауға  бұрын  тыйым  салынғанымен, 
бүгінгі  еркіндік  заманында  Ғұмар  Қараш  еңбектерінің 
зерттелуіне  көңіліңіз  тола  ма,  өзіңіз  бұл  іске  қандай  үлес 
қостыңыз?

360
Ғұмар Қараш
-  Бүгінде  Ғұмардың  мұрасы  толық  зерттелді  деуге  болмай-
тын  шығар.  Себебі  бірталай  жыл  аты  аталмай,  шығармалары 
жарияланбай жүргенде, әрине, қазақтың көбі оны ұмыта бастады. 
Тек  қазір  көзқарас  өзгергеннен  кейін  шығармалары  жарық  көре 
бастады.  Солардың  ішінде  өзім  білетін  және  маңыздылары  – 
Ысмайыловтың атамның «Құқық пікірлері» тақырыбында қорғаған 
диссертациясы,  Бақтылы  Орманованың  «Ғұмар  Қараштың  өмірі 
мен саяси қызметі» тақырыбындағы диссертациясы. Ал Қабиболла 
Сыдиықовтың «Замана» деген атаумен атамның бірнеше өлеңдер 
жинағын топтастырып шығаруы өте қуанышты болды. Бұл расында 
тұңғыш  тұшымды  еңбек.  Жақында  ғана  «Қазақстан»  атауымен 
шығарылған кітап та құнды деп есептеймін. 
«Айқап»  журналын  зерттеп  жүрген  кезден-ақ  баспасөз 
тарихында  «Қазақстан»  газетінің  рөлі  зор  екенін  білетінмін.  Атам 
осы газетті шығаруды ұйымдастырумен қатар, көптеген ой-пікірлері 
мен өлеңдерін жариялағаны белгілі. Газеттің атауын «Қазақстан» деп 
қою бастамасы да атамның идеясы. Сол себепті осы газеттің толық 
жинақ түрінде шығуына өте қуаныштымын. Шетелде болғандықтан, 
Қазақстандағы басқа зерттеу жұмыстарынан хабарсызбын.
Жолдасымның қызметіне байланысты әр түрлі шығыс елдерінде 
болдым. Соның ішінде Пәкістан, Малайзия, Бирма, Йемен секілді 
елдерде болғанда кітапханаларды көп аралайтынмын. Сонда атам 
туралы  кейбір  шығыс  тілдерінде  жарық  көрген  бір-екі  кітапты 
таптым. Әрине, бұл өте аз. Солай болса да осы тапқаныма қатты 
қуандым.
Атамыздың  мұрасын  барлап  қарау  арқылы,  ол  кісінің  ой-
пікірі  өте  кең  екендігін  бәріміз  көрдік.  Сол  қиын  кезде  оның 
шығармаларында  көптеген  өзекті  мәселелер  көтерілген.  Оның 
ішінде оқу, тәрбие, мәдениет, жұмыс істеу, отырықшы, дін жолы, 
құқық  заңдары,  тіл,  ана  тіл,  және  ана  тілде  мектеп  ашу,  тағы  да 
басқалары бар. Ғұмар Қараштың мұрасын зерттеушілерге жұмыс 
көп деп ойлаймын. Зерттеу, әрине, керек.
Ғұмар  Қарашты  танытуда  бір  кемшін  тұс  бар.  Ол  –  барлық 
зерттеу жұмыстарының қазақ тілінде жарық көруі. Тек Мағауиннің 
Ленинградта бастырған «Поэты Казахстана» жинағы ғана орысша 
шықты.  Өзім  дін  тақырыбымен  таныспын,  орыс  және  қазақ 

361
Надежда Қарашева: Атам Ғұмар Қазақ елінің мақтанышы
болса ұрпақтарына абырой
тілдерін, жазба арабшаны да қажетті деңгейде білгендіктен, атам 
туралы кітап шығаруды жоспарладым. Осыған байланысты былтыр 
орыс тілінде «Ғұмар Қарашев» деген атаумен шағын кітап жарыққа 
шықты.  Онда  атамның  өмірбаяны  және  кейбір  шығармаларының 
мазмұны  қамтылған.  Мүмкіндігінше  кейбір  өлеңдерін  орысшаға 
аудардым. Бұл менің атамның алдындағы парызым деп есептеймін.
-  Ғұмар  Қарашты  зерттеу  бағытында  сізге  хабарласып, 
пікіріңізді білушілер бар ма?
-  Жоқ,  атама  байланысты  осыған  дейін  ешкім  келген  жоқ. 
Бірақ  Қазақстаннан  Мұхтар  Әуезовке  қатысты  деректі  фильм 
түсірушілер келді. Себебі мен Әуезовпен бірге жұмыс істегенмін. 
Біз  хат  жазысып  тұрдық.  Ең  бастысы,  Мұхтар  Әуезовтың  өлер 
алдында  жазған  соңғы  хаты  маған  арналған  болатын.  Міне,  осы 
хатқа байланысты ғана келді.
-  Мұхтар  Әуезовпен  жақсы  таныс  болсаңыз,  жазушының 
ауызынан атаңызға қатысты қандай да бір әңгіме естідіңіз бе?
-  Әлгінде  айттым  ғой,  атаммен  кезінде  бірге  жұмыс  істеген, 
жақсы  таныс  болған  адамдар  ол  туралы  ешнәрсе  айтпады. 
Әуезов  бірге  болды,  Ахмет  Жұбанов  та  осы  үйде  талай  болған, 
ұзақ әңгімелесетінбіз. Неге тіс жарып ештеңе айтпағандығын әлі 
түсінбеймін. Мүмкін, маған кесірі тиер деп аяған шығар.
Мен  «Айқап»  журналынан  атамның  шығармаларын 
кездестірдім. Бірақ, осы журналдан диссертация қорғаған кезде де 
ешкім  атама  қатысты  бір  сұрақ  қоймады.  Әйткенмен,  қорғау  өте 
қызық болды. Ол кезде жасым жиырма жетіде. Отызға тарта сұрақ 
қойылды. Маған «орысша айта бер» деген, бірақ мен тек қазақша 
айтамын деп болмадым.
- Ғұмар Қараштың 1910-1912 жылдары шығарған «Шайыр» 
және «Көксілдер» қазақтың батырлар жыры жинақтары немесе 
басқа да шығармалары мен қолжазбалары сізде сақталмады ма?
–  Басыр  ағамның  айтуынша,  бандылар  атамызды  өлтіргеннен 
кейін оның тұрған үйін өртеп, тіптен жоқ қылыпты. Соның ішінде 
мүмкін  кейбір  қолжазбалары  да  өртеніп  кеткен  болар.  Көрші-
көлемдер  «далаға  қалмасын»  деп,  мүмкіндігінше  кей  қағаздарды 
жинап  алыпты.  Мүмкін  солар  бір  жерден  шығар.  Басыр  ағам 
«Әкемнің өлеңдері әрі қарапайым, әрі бәріне түсінікті, сондықтан да 

362
Ғұмар Қараш
қарапайым халық жаңа өлең шығысымен ән ретінде айтып жүретін» 
дейтін. Адамдардың жадында қалып, кейбір өлеңдері бүгінге дейін 
келуі ықтимал. Мұның бәрін болашақ зерттеушілер анықтар.
- Өзіңіз тікелей ұрпағы ретінде атаңыздың еңбегін қандай 
деңгейде бағалайсыз?
-  Ғалым  Есмағамбет  Ысмайылов:  «Ғұмар  –  Абайдан  кейінгі 
дәуірде,  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінде  іргелі  орын 
алатын  ірі  классик  ақын,  қазақтың  жазба,  көркем  әдебиетін 
дамытуда, әдебиет тілін қалыптастыруда Ғұмардың тарихи еңбегі 
ерекше. Ғұмар – үлкен суретші, шебер, көркем сөздің ұстасы» деп 
бағалаған. Осы әділ баға деп есептеймін және қуаттаймын.
Атамның  мұрасын  зерттеушілерге  алғысымды  білдіремін. 
Атамыз  тұтас  қазақ  елінің  мақтанышы  болса,  ол  –  барша 
ұрпақтарына  абырой.  Өзім  іштей  «атамды  іздесе,  туған  жерінен 
іздер» деп үміттенетін едім. Міне, өздерің мені тауып, хабарласып, 
енді аяқтай келіп отырсыздар. Көп рахмет!
-
  Мазмұнды  әңгімеңіз  үшін  сізге  де  көп-көп  рахмет!  Аман 
болыңыз, Надежда апа!
Материал 2012 жылғы 26 шілдедегі «Орал өңірі» газетінен 
алынды. Сұхбаттасқан Жантас Сафуллин

363
Әдебиеттер
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
  Құдышев  О.  «Панисламизм»  және  «пантюркизм» // Ақиқат.               
– 1995. – № 3. – 10 б.
2.
 
Ғұмар Қараш. Замана. – А.: Ғылым, 2000. – 236 б. 
3.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев.  Туысқан  бауырларыма  бір  насихат // 
Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 1995. – 366 б.
4.  Тайырова  Б.  Ғұмар  Қараштың  философиялық  көзқарасы.                       
– Филос. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2007. – 124б 
5. 
Философия // Құрастырған Т. Ғабитов, аударған Б. Сатершинов. 
– Алматы: Қаржы-қаражат, 2002. – 352 б.
6. 
Мұхамедсәлім Көшімов. Әулие-Ата хабарлары // Энциклопедия 
«Айқап» / Бас редактор Р. Нұрғалиев, Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 
1995. – 366 б.
7.  Әкім  Ж.  Қазақ  идеясы.  Түркі  өркениеті  негізінде.  –  Алматы: 
Өлке, 2006. – 232 б.
8.  Әлемдік  мәдениеттану  ой-санасы.  Он  томдық.  10-том. 
Қазақстанның  қазіргі  заманғы  мәдениеттану  парадигмалары.                              
– Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б.
9.  Жарықбаев  Қ.  Қазақ  психологиясының  тарихы.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1996. –160 б.
10. Нұралдин Моллағазин. Қазақ халқы жоғала ма, жоғалмай ма// 
Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 1995. – 366 б.
11. Өткен жыл қазаққа қалай болды // Қазақ газеті / Бас редактор 
Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 
1998. – 560 б.
12. ҚР ОММ. 78-қор. 2-тізбе. 3975-іс.
13. Катанов Н. Переводы статей из газет и брошюр татарского и 
киргизского языков на русский. ТРОМА, 969-қор, 1-тіз., 47-іс.
14. ҚР ОММ. 78-қор, 2-тізбе, 3975-іс. – 30, 6 п.
15. М.С. Қазақша тарих керек пе. Айқап, 1912. – № 1.

364
Ғұмар Қараш
16. Шаһмардан Әлжанов // Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор 
Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 366 б. 
17. РФ АОММ. 1632-қор, 1-тізбе, 39-іс. – 35, 12 п.
18. Уалиалла Халили. Тіл сақтаушылық // Энциклопедия «Айқап» 

Бас  редактор  Р.  Нұрғалиев.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы», 
1995. – 366 б.
19.  Бектенов  М.  Қасиетіңнен  айналдым.  Тарихи  деректі  баян.  – 
Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 175 б.
20.  Азамат  Алашұлы.  Көшіп  жүру  керек  деушілердің  пікірі // 
Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 1995. – 366 б.
21. Бұрханқызы Н. Әркім өз ата – тегін білуі тиіс // Дана. – 2013. 
– № 3. –25 б.
22. Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р. Нұрғалиев, Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 366 б.
23.  Қазақ  Совет  Энциклопедиясы.  –  6  т.  –  Алматы:  ҚСЭ  бас 
редакциясы, 1975. – 640 б. 
24. Боранбаева Б.С. Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси 
қызметі (1875–1921 жж.). Тарих ғыл. канд. Автореф. –  ҚР, Орал, 2009. 
– 25 б. 
25. Тіленшина Б. Ғұмар Қараш кім еді // Қазақ. – 2012. – № 26. – 29 
маусым.
26.Тәж-Мұрат Мақсат. Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы. 
– Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 384 б.
27. Кенжалиев И. Ғұмар Қараш туралы кейбір тың мәліметтер//
Ақиқат. – 1995. – 4 сәуір. – 73–74 бб. 
28.  Ысмағұлов  М.  Ғұмар  Қарашев.  Қолжазба.  Батыс  Қазақстан 
облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан. – 78-қор, 2-тізбе, 
3975-іс. – 30, 6 п.
29. Жұмағұл С. Алғыр жүйрік сұлтаным // Ана тілі. – № 46. – 2013. 
– 21–27 қараша. 
30. Ғұмар Қараш. Уикипедия. http://kk.wikipedia.org/wiki/
31.  Надежда  Қарашева.  Атам  Ғұмар  Қазақ  Елінің  мақтанышы 
болса, ұрпақтарына абырой // Орал өңірі. – 2012. – 26 шілде. – 4–5 бб. 
32.  Әжікеев  Х.  Ғұмар  Қарашев  туралы  менің  білетіндерім. 
Қолжазба,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі 
Орталық Ғылыми кітапхана. (ОҒК), 1602-папка. 16-іс. 2–4 б.

365
Әдебиеттер
33.  Өтеп  Бекетов  естелігі.  Қолжазба,  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  Ғылым  министрлігі  Орталық  Ғылыми  кітапхана.  (ОҒК), 
Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі. 1602-папка, 3-бума, 18-дәптер. 
34. ҚРОММ. 81-қор, 1-тізбе, 96-іс, 39 п. 
35.  Бекмұхамедов  Ш.  Омар  Қарашев  жайында.  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі  Орталық  Ғылыми 
кітапхана. (ОҒК), Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі. 1602-папка, 
№ 3-бума, № 17-дәптер. 
36.  Ысмағұлов  М.  Ғұмар  Қарашев.  Қолжазба.  Батыс  Қазақстан 
облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы  (БҚОТӨМ),  М.Ш.  Ысмағұлов 
қоры, 47 п. 
37.  Кенжалиев  И.  Ғұмар  Қарашұлы  туралы  тың  деректер // 
Жұлдыз. – 1995. – 1 қаңтар. – 206–208 бб. 
38. Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916–
1920 жж.). Тарихи очерк. – Орал: БҚМУ баспаханасы, 2000. – 144 б.
39.  Батыс  Қазақстанның  қасіретті  жылдары  (1917–1920  жж.). 
Бөкей облысы. – Орал: БҚМУ баспаханасы, 2001. – 169 б.
40. Кәкішев Т. Әділет жеңбей қоймайды // Қазақстан коммунисі. 
–  1990. – № 2. – 16 б. 
41. БҚОММ. 17-қор, 1-тізбе, 209-іс, 3 п.
42. ҚРПМ. Күсәпкулов Шамұхамед естелігі. 811-қор, 7-тізбе, 48-
іс., 24 п. 
43.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі 
Орталық Ғылыми кітапхана. (ОҒК), Сирек кітаптар мен қолжазбалар 
бөлімі. 1602-папка, 3-бума, 24-дәптер. 
44. Жанғожин Р., Созақбаев С. Қайраткер Ғұмар Қарашев // Қазақ 
әдебиеті. – 1989. – 29 желтоқсан. 
45. Тәж-Мұрат М. Тұрлаусыз тұлға, Тауқыметті тағдыр // Кәбиса 
жыл: зерттеулер, эсселер, әдеби толғамдар. – Астана: Хұснихат, 2009. 
– 400 б. 
46. Шәңгерей (Жасампаздық өмірі.)  – Алматы: Өлке, 1998. – 336 б.
47. Кәкішев Т. Әділет жеңбей қоймайды // Қазақстан коммунисі. 
–  1990. – № 2. – 16 б. 
48. Төңкерісұлы С. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы//Еңбекші 
қазақ. – 1924. – № 68. – 19 февраль.
49. Марджани Шигабудтин 
http://ru.wikipedia.org/wiki 
50. Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 
1993. – 254 б.

366

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет