Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі



бет7/8
Дата28.04.2023
өлшемі201,5 Kb.
#88057
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды
Сайып келгенде дарынды талант иесі, асқақ жырлы Б.Күлеев қазақ өлеңінде өзіндік орны, өзіндік биігі бар ақын. Аз ғана ғұмырында құнары мол құнды дүниелер жазып, ұрпағына өшпес өнеге етті.
Нәзік лиризм мен сентиментализмге құрылған жыр шумақтары оқырманды сезім әлеміне жетелей жөнеледі.
Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасын талдау барысында біз оның өлеңдерінің философиялық астарға бай екенін, ақындық шеберлігін, сондай-ақ ұлы Абай үлгісіндегі ақын екендігіне көз жеткіздік. Ең бастысы - оның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, қосқан үлесі. Бұл тұрғыдан да Бернияз өзіндік қырынан көрінеді.
Ол - символист ақын. Қазақ символизмінде Мағжанмен қатар тұрған. Бернияздың поэзиясы да сын көтерерлік дәрежеде. Өкініштісі - екі талантты жас, бірі аға, бірі іні ақын; Мағжанның есімі, өлеңі әрбір қазаққа етене таныс, жүрегінде сақтаулы, көкейінде жаттаулы. Ал Бернияз... Бернияз ше? Жиырма жастағы жас буынның бойына біткен даралық қасиеті, ақындық шеберлікті әлі күнге ешкім дұрыс бағалай алмай келеді. Шығармалары әлі күнге дейін кереғар пікірлерге толы. Кейбір зерттеушілер Бернияз өлеңдерінде тарығу, зарығу, мұң басым, оны ақын ретінде тану қиын дегендей пікірлер танытуда. Бұған Бернияз айыпты ма?! Заман солай болды емес пе?! Біз Бернияз өлеңдерінің бәрі мұндай сарында деп айта алмаймыз. Өйткені, оның жалынды жырлары бұл пікірлерге кереғар келеді.
Дәл жиырмаға келмеген,
Өмір түрін көрмеген,
Алысқа қол сермеген
Жас майысқан баламын.
Жан жайнатқан жастықтың,
Қан қыздырған мастықтың
Содыр-соқпақ тастықтың
Жолыменен барамын.
Жасымаймын жаспын деп,
Таспаймын да баспын деп.
Тек тілеймін ассын деп,
Таумен талас талабым.

Міне, қандай жыр! «Мен» деп аталатын бұл өлеңі Бернияздың мықты бейнесі мен тұлғалық қасиетін, арман-мақсатын көрсетіп тұр. Осыдан кейін айтып көріңізші оны пессимист деп!


XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының көгінде көрінген, көңіл-күй лирикасының үлкен шебері болған Б.Күлеевтің мұрасы бүгінде аса зерттеуді қажет етеді.
«Өзім» деймін, өзгелерді көрмеймін,
Өзімсіздік «ай, бауырымға көнбеймін.
Өзім патша, өзім төре, өзім хан,
Өз ойымды сан сабазға бермеймін,
-деп келетін үзіндіден біз нағыз ақынға тән қасиетті көреміз.
Бернияз Абайды ұстаз тұтқан. Абай енгізген «сегізаяқ» өлең өлшемін жалғастырушы ақын шәкірті. Абай жырлаған жүрек мәселесін Бернияз да өз өлеңдерінде өте шебер қолданды. Сондықтан мұндай таланты бар дарын иесінің туындыларын біз жоққа шығармай, керісінше, келешекте әдеби еңбек, оқулықтарда ақынның есімі кеңінен аталып, сырға толы жырлары өз оқырманын тапса деген ниеттеміз.
Қалай болған күнде де ақын Бернияз Күлеев аса дарында, біртуар ұлы түлға. Өкініштісі «бәйтеректей бой түзеп келе жатқанда кенет морт етіп үзіліп кетті. Өзі өмірден өткенмен:
Өмірім өтсін, үнім өшсін, мейілі,
Мәңгі солмас гүлім менің - жыр қалар,
- деп өшпес ізін, солмас гүлі - жырларын мирас етіп қалдырды. Дәл осылай өлмейтін артында сөз қалдырған жас жанды өлді деуге сыймайды. Сол «гүлін» кезінде суарып, қуратпай қарап-бағу біздің еншімізде. Ал бізге тағарсын - 1999 жылы Бернияз Күлеев 100 жасқа толды. Өкінішке орай атаусыз қалды. Сондықтан бұл жайттар келесіде ерте болар деген үміттеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет