Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары


Біріншілік хирургиялық өңдеу



бет7/31
Дата16.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ 1

Біріншілік хирургиялық өңдеу (БХӨ)жараның тез және оңтайлы, асқынусыз жазылуына және инфекцияның дамуына жол бермеуге немесе онымен күресуге бағытталған кешенді хирургиялық әрекет; жарадан өлетенген және ластанған тіндерді алып тастауды, түбегейлі қанкетуін тоқтатуды және т.б. әрекеттердін орындалуын көздейді. Бет-жақсүйек аймағы жараланған тіндерге біріншілік хирургиялық өңдеуді ерте жасау, қабыну поцесстің алдын алуға және жараның біріншілік бітісуіне оңтайлы жағдай тудыруға мүмкіндік береді.
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу (ЖБӨ) реттілігі:
1. Жараға хирургиялық өңдеуді айналасындағы теріні асептикалық өңдеуден бастайды (антисептикалық ерітінділермен);
2. Жараны және айналасындағы ластынған тіндерді сабынды жылы сумен немесе бензинмен жуу, шашты қырып, алып тастау қажет;
3. Жараны тексеру алдында және бөгде заттар мен ластарды алып тастау үшін антисептикалық ерітінділермен өңдеу қажет;
4. Жергілікті немесе жалпы жансыздандыру жасалады;
5. Жараның жиектерін үнемдеп кесу (езілген және шынайы өлеттенген тіндерді);
6. Шынайы өлеттенген тіндер толық кесіп алынады;
7. Гемостаз;
8. Жараның шеттерін жақындастырғнда тартылыс тудырса, астында жатқан тіндерден теріні ажыратып, босатылады (мобилизациялу). Қажет болған жағдайларда үшбұрашты немесе аяқшалы қиық дайындап, жиектері жақындастырылады;
9. Жараның жұмсақ тіндері қабат-қабатымен тігіледі. Ауыз қуысына ашылған (өтепелі) жараға, алдымен шырышты қабыққа, содан кейін теріге тігіс салынады. Еріннің жаралануында, алдымен бұлшықеттер, содан соң еріннің қызыл жиегі мен терінің шекарасына, соңында шырышты қабыққа және теріге тігіс салынады.
10. Тігілген аймақты йод ерітіндісімен немесе жасыл бриллиантымен өңделеді;
11. Асептикалық таңғыш салынады;
12. Алғашкы салынған таңғыш келесі күні ауыстырылады;
13. Кейін жараға таңғыш салмай, ашық емдеуге болады;
Жарада қабыну процессі дамуында, іріңдікті ашып, ірің өткізгіш қалдырылады, дәрі-дәрмектік ем тағайындалады (антибиотиктер және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет