Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары


Беттің жұмсақ тіндерінің жаралануларын емдеу



бет5/31
Дата16.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Беттің жұмсақ тіндерінің жаралануларын емдеу


Хирургиялық өңдеудің уақыты және кезеңдері.
Бетінен жараланған науқастар мамандандырылған ауруханаға (мамандандырылған бөлімшеге) жеткізілісімен емі қабылдау бөлімшесінде басталады. Қажет болған жағдайда шұғыл көмек көрсетіледі. Алдымен науқастың өміріне маңызды шұғыл көмек көрсетіледі (қан кету, асфиксия, шоқ). БХӨ өмірге қауіпті асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді, тағам қабылдау, сөйлеу мүмкіндіктерін сақтайды, бет пішіні бұзылуына және инфекция дамуына тосқауыл қояды. Екінші кезекті көмек – беттің жұмсақ тіндері және сүйектері ауқымды зақымданған науқастарға көрсетіледі.
БХӨ ертелі, түбегейлі, бір реттілі және біржолата орындалуы тиіс.
Жараны өңдеу түрлері:

  • Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу (БХӨ) – уақыты бойынша жараны алғашқы рет өңдеу;

  • Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу – бұрын өңделген жараға екінші рет оперциялық іс-әрекет жасау. Әдетте, екіншілік хирургиялық өңдеу, біріншілік хирургиялық өңдеден кейін қабыну процестің даму қауіптілігі немесе дамуында жүргізіледі.

БХӨ жарада инфекциялық белгілері дамымай тұрғанда жасалады. Жараланғаннан кейін хирургиялық өңдеуді жасау мерзіміне қарай ертелі (алғашқы 24 сағ), кешеуілдетілген (48 сағ аралығы) және кеш хирургиялық өңдеу (48 сағ кейін) түрлерге бөлінеді. Жараға хирургиялық өңдеу қаншама ерте жүргізілсе, инфекциялық асқынуларын алдын алу мүмкіндіктері де соншама жоғары.
Н.И. Пироговтың айтуынша, жараны хирургиялық өңдеудеудегі басты мақсаты – «соғылған және езілген жараны кесілген жараға айналдыру».
А. Э. Рауэр жараның біріншілік хиургиялық өңдеуін, біріншілік пластикалық оперцияға теңеу қажет деген, себебі хирург беттегі жараны өңдегенде, дененің басқа бөлімдеріне қойылатын талаптардан басқа (пішіні мен қызметін қалпына келтіру), әсемдік жағы басты орында тұруын ескереді.
Беттің жұмсақ тіндері жақсы қантамырлануына және көктамыр өрімдеріне бай болуына байланысты, дененің басқа бөлімдерімен салыстырғанда, жаралар жақсы жазылатына белгілі. Осындай ерекшеліктер ескеріліп, жараның біріншілік хирургиялық өңдеуінде тігіс салу мерзімін, жалпы хирургиядағыдай 24 сағ аралығында емес, 48 сағ кешіктіріліп орындауға болады.
Беттің жараларын өңдеудің басты ерекшіліктер – жараның жиектерін өте үнемдіп кесу. Дененің басқа бөлімдерінде жараның жиектерін мол кесуге болса, беттің пішіні мен мүшелерінің қызметі бұзылу қауіптілігі ескеріліп, ондай еркіндікке баруға болмайды. Айталық, қабақтың жаралануында, жиектерінен тек 2 мм ғана тін кесілсе, қырлары қайрылып, көздің жабылуы кедергіленеді. Келесі мысал: мұрын қалқаны зақымданғанда, жараның жиектері сәл кесілсе, мұрынның тесіктері тарылып, ұшы жанына карай қыисаяды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Беттің тереңдігінен көп жүйке тармақтары өтетіндіктен, олардың жарақаттануы ауыр асқынулар (ымдау бұлшықеттердің параличі) тудыратыны ескерілуі тиіс.
Жараларды өңдеу мерзімі, жарақат алынғаннан кейінгі уақытқа байланысты. Жарада өтетін патоморфологиялық өзгерістерге байланысты, оны өңдеу әдістері де әркелкі. Тіндер жарақаттанғаннан кейін 48 сағат өткенде, өңделген жараға түйық тігіс салуға болады.
Жараға тігіс салғанда, теріде тартылыс болса, алдымен тері астының щел тіндерін жақындастырып, терінің жиектерін еркін жақындастыруға болады. Ұрт аймағы ауқымды жараланғанда (айталық, оқ жарақаты), ауызды 3 см дей көлемде аштырып, жараны тігу қажет. Ауыздың ашық күйінде жараның жиектері жақындамаса, тері шырышты қабықпен бірге тігіледі (сурет). Осылайша тігілген ұрт аймағының өтпелі ақауын, кейін Филатов сабақшасымен жабуға болады. Егер жараның жиектері еркін жақындастырылып тігілмесе, кейін қалыптасатын тыртық тұрақты контрактура тудырып, ауыз мүлдем ашылмай қалуы мүмкін, ал кейін оны жою бірнеше және күрделі операция жасауды қажет етеді. Беттің жұмсақ тіндері жақсүйектерімен бірге жарақаттанса, алдымен сүйектік жараны өңдеп, сынықтар дұрыс қалпында бекітілген соң, жара тігіледі.
Жараланғаннан кейінгі 3-6 күн аралығы жараны өңдеуге тиімсіз кезең. Осы кезең аралықтарында жарада тазару процессі жүріп жатады, яғни өлеттенген тіндер толық босамаған, ал грануляциялық тіндер әлі қалыптасып үлгермеген. мұндайда өңделген жараны ашық қалдыру қажет. Өкінішке орай, бетте ашық қалдырылған жара реттсіз бітісіп, бет әлпетін ұскынсыздыратын және мүшелердің қызметін бұзатын тыртықтар қалыптасады. Осынадай асқынулардың алдын алу мақсатыда, жыртылып жұлынған жұмсақ тіндердің бөлшектерін жинастырып, орындарына келтірілген соң, дұрыс бітісуін реттейтін, бағыттаушы (направляющий) тігіс салынады. Мұндай да тіндердің барылық қабатын біріктіретін, 1-2 сирек тігіс салу қажет. Сирек салынған тігістер жарадағы бөліністер еркін шығып тұруына, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Грануляциялық тіндер қалыптасқан жараға тігіс салудың екі әдісі бар. Бірінші әдіс – грануляциялық тіндердің барлығы алынып тасталған соң тігіс салынады. Екіншісінде – жарада қалыптасқан грануляциялық тіндерді қалдырып, тігіс салынады.
Тігіс салудың екінші әдісі тиімді деп саналады, себебі жарада грануляциялық тіндердің беткейі таза, түсі алқызыл болуы, ағзаның реактивтілік жағдайының белсендідігін байқатады және грануляциялық тін инфекцияның тереңге енуіне тосқауыл болады. Сөйте тұра, грануляциялық тіннің бетінен операциялық алаңына инфекция өтпейді деп кесіп айтуға болмайды. Гранулденуші жараға тігіс, тек жараның беті алқызыл грануляциямен астарланғанда, науқастың жалпы жағдайы жақсы болғанда ғана салынуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет