Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

сословиесына тиесіліктері маңызды болған.
Ресейдің Сібірді жаулап алуының бастапқы кезеңі туралы барлық 
хабарлар бізге шіркеулік-ұлтжандық тұрғыдан түсіндірілді, онда орыс емес 
және православиелік емес еш нәрсе үшін орын қалған жоқ. Сонымен бірге, 
Ермактың Сібірге жасаған жорығымен байланысты кейбір оқиғаларға
жоғарыда ұсынылған «түркі» көзқарас жорықтың өзінің жалпы бағалануын 
өзгертпейді. Ол «Мәскеуде билік жүргізген Иван Грозныйдың шешімдері 
мен әрекеттерінің тікелей нәтижесі болды». Ал бір қарағанда тек орысша 
болып көрінетін тақырыптың ішінде байқалатын түркі себебтеріне көңіл 
аудару бұл оқиғаға қандай да болмасын қатынасы бар басқа кейіпкерлерді 
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл патша сарайы және Строгановтар көмегімен 
Сібірдегі өздерінің жоғалтып алған орындарын қалпына келтіруге үміттенген 
Үлкен Ноғай Ордасының билеушілері де; Көшіммен және оны қолдап 
отырған шейбанилықтармен тайталасқа тартылған қазақ хандары да; әр түрлі 


халықтардың араласуы барысында қалыптасқан, салыстырмалы түрде дербес 
роль атқарған казактар да. Осындай көріністе Ермак тұлғасында орын және 
уақыт жағдайларына көбірек сәйкес келетін жаңа сипаттар, оның ішінде 
Ресей қызметіндегі еркін казактың ноғайлырмен тығыз байланысының анық 
белгілері көріне бастайды.
Қалай болғанда да «Сібірдің алынуы» айтарлықтай дәрежеде түркі 
қолдарымен орындалды және біздің ойымызша Ермак оның көрнекті дәлелі. 
«Әскери міндеттегі татарлардың» немесе ордалықтар ролі Мәскеу Русінің 
тарихында бұрында да белгілі болған. Оларды «тақсырлық қызметке» тарту 
дәстүрі кейін де, Ресейдің орыс емес балалары және олардың ұрпақтары 
оның байтақ далалары мен даңқын көбейтіп, ресейлік тәж скипетрінің астына 
«жерлерді жинау» кезінде де сақталды. Бұлардың қатарында мыналарды 
атауға болады, Үлкен Ноғай Ордасының билеушісі Смайылдың ұрпағы 
шоқындырылған ноғай князі Петр Урусов; Хивадағы ресейлік әскери 
миссияны басқарған кабардин князі А.Бекович-Черкасский; башқұрттардың 
Ресейге қарсы көтерілістерін басуда және 1731 жылы Кіші жүз қазақтарының 
Ресейдің қоластына кіруіне көп көмек көрсеткен казандық татар, дипломат 
А.Тевкелев. Қырғыз елінде, Оңтүстік Қазақстанда, Шығыс Түркістанда 
ресейлік үкіметтің «ерекше тапсырмаларын» табысты орындаған Шоқан 
Уәлихановты да осы қатарға жатқызуға болады. Уәлихановпен рулас, бірге 
оқыған С.Ибрагимов – Хиджазда ресейлік консул міндетін атқарған, 
түркістандық генерал-губернатор жанындағы «ерекше тапсырмалар» 
жөніндегі офицерді де осы қатарда атауға болады. Бәлкім Ермак осы Ресейге 
қызмет еткен атақты түркі және кавказ «бұратаналарының» жарқын саңлақ 
тобының бастаушысы болған шығар.
Және де Ермактың қосқан үлесі орасан зор болған. Өйткені оның Сібірді 
жаулап алуы арқылы Ресей Алтын Орда аймағының көпшілік бөлігіне ие 
болған шынайы Еуразиялық державаға айналды және орыс патшалары 
өздерін Ұлық Ұлыстың заңды мұрагерлері деп санау мүмкіндігіне ие болды. 
Дәл осы туралы Иван Грозный өзінің Крым ханына жіберген жолдауында 
былай деген: «Ал енді құдай қалауымен 
Узбеков юрт
(Алтын Орданың 
атауларының бірі) кімнің қолында екенін өзіңіз білесіз, сол юртта кімнің 
өкілдері мен воеводалары отырғаны белгілі». 
Дәл осы уақытта «әскери қызметтегі казактардың» еңбектерінің 
нәтижелерінде Ресей Азия түкпірлерін, яғни Сібірді жемісті бағындырды. 
Жаңа сібір елдерін әр сәтті бағындырудан кейін мәскеулік приказда істеуші 
адамдар келіп, жаңа жердің орыс мемлекетіне қосылатындығы туралы 
хабарлайтын. Осылайша Сібірдегі қалалардың негізі салынған: 1587 жылы 
Тобол, 1607 жылы Енисейск, 1628 жылы Краснояр, 1632 жылы Якутск, ХVІІ 
ғасырдың 50-шы жылдары Амур бассейні. 1689 жылы Ресей мен Қытай 
арасында «Нерчин трактаты» жасалды. Келісім бойынша Солтүстік Азия 
бойынша жер бөлінуі жүзеге асырылды.
Петр І басқаруы басталысымен-ақ Ресейдің шығыс саясатының 
жобасында айтарлықтай түзетулер жүзеге асырыла бастайды. Бірақ 
«Азиаттық доктрина» саясатын жүзеге асыру үшін көп уақыт қажет болды. 


Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда 
басқа жолмен жүргізілді.
ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан кейін Қазақ хандығында 
тарихындағы ең қиын саяси жағдай орнайды. Тәуке ханның өлімінен кейін 
оның еріксіз, әрекетсіз баласы Болат сайланды. Әрине, Болат ханның әлсіз 
еркі мемлекеттің ыдырауына әкеледі. Болат ханның мұндай қылығы 
нәтижесіз қалмады: солтүстіктен бір уақытта сібір казактары, волга 
қалмықтары және башқұрттар шабуыл жасады; елдің оңтүстік-батысында, 
орта азиялық хандықтар шекараларында да тыныштық болған жоқ. Бұл 
жағдайды Жоңғар хандығы пайдаланып кетеді. Жоңғарлар (қалмықтар, 
ойраттар) – батыс моңғол тайпалары (чоросстар, дербенттер, хошоуттар, 
торғауыттар) ХVІ ғасырдың екінші жартысында өз одақтарын құрады, ал 
1635 жылы Жоңғар хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер 
қатынасы Қазақстан пайдасына шешілген жоқ. Өйткені Қазақстан 
тарихындағы қайғылы оқиғалар осылармен байланысты. Әсіресе билікке 
Цеван-Рабтан келгеннен кейін жоңғарлар мен қазақтар арасындағы 
тайталастар үздіксіз жаулап алу соғыстарына айналды. Осы жыл «Ақтабан 
шұбырынды, Алқа-көл сұлама» басталуы болып саналады (1723-1727). 
Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі 
келіспеушіліктер – Қазақстанның қоғамдық және саяси өмірінің ережелерінің 
бұзылуына әкелді. «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» уақытын бастан 
кешіргеннен кейін, қазақтар басына батырлар қойылған жасақтар 
ұйымдастырып, шабуылға қарсы соққы береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет