орай олардың көпшілігі бізге жеткен жоқ. Бізге Қазақстанда туған көптеген
ғалымдар аттары белгілі, бірақ олардың арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің
алатын орны ерекше.
Әл-Фараби. Әбу Насыр ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби 870
ж.
Отырар қаласында, қыпшақ ортасынан шыққан әскери басқарушы
отбасында дүниеге келген. Әбу Насыр бала кезінен ғылымдарға
қызығушылық танытқан, оның бақытына орай Отырарда өте бай кітапхана
болған. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін зерделеген, осы тілдерде жазылған
ғылыми еңбектерді оқыған. Кәмелет жасқа жеткеннен кейін ол білімін
жалғасытру үшін жетекші мәдени орталықтарға кетеді. Шаш (Ташкент),
Самарқанд, Исфахан, Хамадан және басқа да қалаларға барады. Ол сол
уақыттың ғылым мен мәдениетінің даму орталығы, Халифат астанасы –
Бағдадта көп уақыт өткізеді. Осы жерде ол өз білімін негізді толықтырып,
атақты
ғалымдармен қатынас жасап, олардың арасында жетекші орынға тез
ие болады. Өмірінің соңғы жылдарын ол Дамаскіде Аллепода өткізеді.
Әл-Фараби ғылыми білімнің барлық салаларына маңызды үлес қосқан
ғалым-энциклопедист болған. Ол барлық ғылымдарды теориялық (логика,
жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлген.
Ол философия, логика, математика, медицина, астрономия, әлеуметтану,
құқықтану, физика, музыка теориясы бойынша көптеген трактаттар жазған.
Аристотельдің ілімін жалғастырып және дамытып, Әл-Фараби тірі кезінде
«Екінші ұстаз» деген құрметті атаққа ие болған. Әл-Фараби жұмыстарының
негізінде арабтың орта ғасырлық ғылымы қалыптасқан, оның ықпалымен
Ибн Рушдтың, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо
да Винчидың және басқа да ойшылдардың дүниетанымдары қалыптасқан.
Әл-Қашғари. Әл-Фарабиден басқа Отырар жері сол уақыттың тағы да екі
әлемге әйгілі ғалымын тәрбиелеген.
Аббас Жаухари, сондай-ақ Отырарда
туып, астрономиямен және математикамен айналысқан, Әл Хорезмимен бірге
бүгінгі күні де өзінің дәлдігімен таңғалдыратын астрономиялық кестелер
жасалуына қатысқан. Әбу Насырдың басқа жерлесі Ысқақ Әл-Фараби
лингвистикамен және географиямен айналысқан. Тағы да белгілі география
зерттеушісі Жанақ ибн Хакан-әл-Кимаки, ол Ертіс жағалауларында туған.
Дегенмен бұл тізімде ерекше орынды «Диуани лугат ат-тюрк» (түркі
тілдерінің сөздігі) авторы, тамаша лингвист және географ Махмұд ибн
Мұхаммед Әл-Қашғари алады. Махмұд Ыстық Көл жағалауында Барсхан
қаласында дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Қашғарда өткізген. Осы жерде
1072-1074 жж. ол өз еңбегін жазды. Өзінің айтуынша кітапты жазу үшін ол
түркілер мекендеген барлық жерлерді шарлап шыққан. Қарлықтардың,
қанғарлардың, оғыздардың, қыпшақтардың,
қырғыздардың сөздерін,
өлеңдерін, мәтелдерін, аңыздары мен әдет-ғұрыптарын жазған. «Диуани
лугат ат-тюрк» - өзіндік түркі халықтары өмірінің энциклопедиясы,
түркілердің мәдениеті, шаруашылығы туралы, этнонимдер, топонимдер,
халық күнтізбесі, географиялық терминология және басқалары туралы
мәліметтер алуға болатын жалғыз көз.
Қазақ әдебиеті түркі тайпаларының әдеби дәстүрлерін мұра еткен,
өйткені түркі ескерткіштері барлық қазіргі түркі тілді халықтардың жалпы
мұрасы болып табылады.
Жыраулар ХІV – ХVІІІ ғасырларда қазақ поэзиясында ежелгі түркі
әдебиетінің дәстүрлерін жалғастырушылары болған. Олар өздерінің
поэтикалық шығармаларын суырып салып айту жолымен құрастырған.
«Жырау» деген сөздің өзі «жыр» - жаса немесе жасаушы,
шығарушы деген
сөзден шыққан. Жыраудың негізгі жанры –
толғау. Толғаудың екі түрі
ажыратылған:
философиялық және лирикалық. Келесі жанр – бұл
арнаулар,
мадақтаулар, үндеулер және жоқтаулар. Жыраулар шығармалары нақыл
сипатты болады, олардың тілдеріне афористік (қысқаша нақыл сөздер,
қысылған, нақты түрде айтылған аяқталған ой) тән. Көптеген жолдары уақыт
өте келе мақалдар мен мәтелдерге айналған.
ХІV – ХVІІІ ғасырларда шешендік өнер негіздері жалғасып,
дамытылған. Шешендік сөз – қазақтың ауызекі шығармашылығының
ерекшелігі анықталатын жанр. Шешендік сөздер ақиқат тақырыптамалы
болады және үш негізгі түрге бөлінеді: арнаулар, толғаулар және айтыс.
Арнаулар – бұл нақты адамға арналған, кеңейтілген прозалық және
поэтикалық сәлемдесулер, сын, әзіл және тілектер.
Толғаулар – бұл шешеннің философиялық білімдері жалпыланатын,
табиғат құбылыстарына және қоғамдық қатынастарға деген көзқарастар
ашылатын нақыл сөздер.
Айтыстар – бейбіт жолмен дауларды шешу
тәсілі шешендік өнердің
сипаты мен дамуын анықтаған. Шешендік өнер адамға күнделікті өмірде
көмекке келген, ал даудағы жеңіс практикалық мағынаға ие болған.
Сонымен, біз көріп тұрғандай, орта ғасырлық Қазақстан сол уақыттағы
әлемнің ғылыми орталықтарының бірі болған. Және де Баласағұн мен
Отырар Дамаск пен Бағдадтан қалып қойса да, олардың ғылыми білімдер
дамуындағы маңызы орасан зор болған. Өкінішке орай, сақталып қалғаны
көп емес, қазақстандық ғалымдардың еңбектері сақталған әйгілі Отырар
кітапханасы жойылып кетті, бірақ бізге жеткендері де Қазақстанның түркі
тілді
халықтарының
арасында
ғылымның
шынайы
өркендегенін
куәландіреді.
Қорытып айтқанда, Қазақстанды V – ХІІ ғғ.
мекендеген халықтардың
мәдениеті сак-ғұн кезеңінің мәдениетінің табиғи жалғасуы болған, және өз
кезегінде жалпы әлемдік өркениет контексінде дами отырып, қазақ халқының
мәдениеті үшін негіз болып қызмет еткен.
Достарыңызбен бөлісу: