Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев


VІІ-бөлім. Қазақ халқының «Тәуелсіздік» үшін ұлт-азаттық күресі



Pdf көрінісі
бет45/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
VІІ-бөлім. Қазақ халқының «Тәуелсіздік» үшін ұлт-азаттық күресі 
(18 ғасырдың екінші жартысы – 20 ғасырдың басы). 
Ресей және Қазақстан екі әлем түрінде ұсынылды: отырықшы егіншілік 
өркениет әлемі және даланың көшпелі дәстүрлерінің әлемі. ХІХ ғасырда 
Ресей мен Қазақстан бір держава болып бірікті. Бұл екі әлемнің біртұтас 
мемлекеттілік шегінде ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүруі мүмкін емес еді: бірі 
екіншісін бағындыруы керек еді. Егер Орталық Азия көшпенділерінің 
тарихына және олардың өткен ғасырлардың егіншілік қоғамдарымен 
қатынастарына үңілетін болсақ, жиі жағдайда жаулап алушы ролін дәл осы 
көшпенділер атқарғандығын байқауға болады. Тағы да бір тарихи заңдылық 
айқын, атап айтқанда: бағындырылған елге өздерінің ішкі және қоғамдық 
өміріндегі тәртіптерін қалдырып, көшпенділер, әдетте, өз қолдарына жоғарғы 
билікті алғандарына қанағаттанып, уақыт өте келе бағындырылғандардың 
өмір салты мен мәдениетін өз еріктерімен қабылдап алған. 
Үш ғасыр бойында (ХVІІ-ХІХ) Ресей мен Қазақстан арасындағы 
қатынастар күрделі эволюцияға ұшырады - көршілес қатынастар мен әскери-
саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей империясына қосылуына 
дейін. Ресей мен Қазақстан мүдделерінің бірігуі тарихи жағынан позитивті, 
ал экономикалық жағынан шарасыз геосаяси бағыттылықты бейнелейді. 
Ресейлік-қазақстандық бірігу – мүлдем тарихи кездейсоқтық емес, сыртқы 
байланыстардың тарихи қайта бағдарлануы: ХVІІІ ғасырда геосаяси шындық 
Қазақстанға дәстүрлі шығыс деспотиялығының әсерінен шығып, өзінің 
тағдырын ұлы солтүстік көрші – Ресей империясымен байланыстыруға 
мүмкіндік берді. Бірақ империя құрамына кіру процесі ұзақ уақыт алып, 
негізінде отаршыл саясатқа қарсы тұрудың тұтас дәуіріне айналды. Жалпы 
қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресін бір-бірінен сапалы түрде 
ерекшеленетін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады. 
Қазақ халқының вассалдық тәуелділік күшейтілуімен күресінің бірінші 
кезеңі (1773-1820 жж.) Ресей империясының нақты үстемдік ету кезеңінде 
өтті және оның құрамына Кіші және Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев 


бастаған крестьян соғысына қатысуы негіз болған Сырым Датұлы, Қаратай 
Нұралыұлы және Арынғазы хан жетекшілік еткен көтерілістері енді.
Кенесары Қасымұлы жетекшілік еткен ұлт-азаттық көтеріліс екінші 
кезеңнің ең жоғарғы нүктесіне (1823-1858) айналды, бұл көтеріліс көптеген 
мәселелерді біртұтас түйінге байлады: отарлық тәуелділікке қарсы күрес, 
жоғалтылған мемлекеттілікті қалпына келтіру, қазақ шаруаларын әлеуметтік 
азат ету.
Үшінші кезең (ХІХ ғ. 60-80-ші жылдары) саяси тәуелсіздігін толығымен 
жоғалтуына байланысты жарқын бейнеленген отарлыққа қарсы сипатты 
болды, мұның мысалдары ретінде Орал, Торғай және Манғыстау 
облыстарындағы көтерілістерді атауға болады.
Төртінші кезең 1916 жылғы көтеріліске қатысушылардың азаматтық 
санасының жоғарлауымен ерекшеленді. Бірақ қазақ қоғамында пайда болған 
ұлттық қозғалыс біркелкі болған жоқ, басында халық бұқарасында кең 
қолдау тапқан ұлттық зиялы қауым тұрған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар, 
бірлестіктер пайда болған.
Сонымен, ХVІІІ ғасырдың соңында орыс патша әкімшілігі енгізген 
жерге қойылған шектеулер, қазақтар шаруашылығына ауыр әсер етті. Әскери 
қамалдар мен казак хуторларының маңында көшуге тыйым салынуы, яицк 
және орынбор казактарының және әскери қызметтегі башқұрттардың 
тұрақты шабуылдары қазақтарды отаршылдыққа қарсы көтерілуге 
итермеледі. Бұл қарсыласу Е.И.Пугачев жетекшілігімен жүргізілген крестьян 
соғысымен сәйкес келді. Қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдайы да 
қазақтардың Пугачевтің көтерілісіне қосылуының себебі болды. Нұралы 
ханның кезінде Кіші жүздегі қайшылықтар шиелінісе түсті. Қазақтардың 
көпшілігі ханның саясатына риза болмады. Нұралы ханның патша 
әкімшілігіне Волга өзенінің маңында қамал соғып беру және өзін қорғау үшін 
казак әскерінен жасақ бөлу туралы жасаған өтініші де кездейсоқтық емес. 
Орал казактарының көтерілісі 1773-1775 жылдардағы крестьян 
соғысының бастауы болды. Шайқастан кейін олар талқандалды. Әскерде 
тіміскілеу және қатал жазалау басталды. Яицк казактарының көтерілісі 
басылғаннан кейін далаға орыстың шекаралары бойындағы наразылық 
туралы сыбыстар келе бастады. «Қырғыздар (қазақтар – ред.) казактардың, 
башқұрттардың 
ескі 
жәбірлерін, 
орыс 
әскерлерінің 
жазалаушы 
экспедицияларын, малдың айдалып кетуін, ауылдардың талқандалуын және 
барымтаны еске алды. Жақын арада қырғыздар (қазақтар – ред.) өз 
батырларының басшылығымен Оралдың оң жағалауына ұмтылды».
1773 жылдың 20 қыркүйегінде Пугачев қазақтарға манифеспен үндеу 
жасады, оларға еркіндік пен жерлерін қайтарып беруге уәде берді. 
Пугачевтың қазақтарға жасаған алғашқы үндеулері мен манифесттері 
қауымдар мен жүздерде жауабын тапты. 1773 жылдың 5 қазанынан бастап 
Орынбор қоршауға алынды, ол 1774 жылдың наурыз айына дейін бес ай 
бойы жалғасты. 1773 жылы қазан айының басында Пугачевтың қол жеткізген 
табыстары халықтың көтерілісшілерге жанашырлығының өсуіне ықпал етті. 


Қазақтар жаппай Оралдан өте бастады, бұған 1764 жылдан бастап арнайы 
жарлықпен тыйым салынған.
Кіші және Орта жүз қазақтары 1773-1775 жж. крестьян соғысының 
оқиғаларына үн қатты. Қазақтар крестьян соғысының оқиғаларына тез жауап 
беріп, өздерін белсенді көрсетті.
Орал мен Волга арасында орналасқан жайылымдардың үлкен бөлігін 
1771 жылға дейін қалмықтар иеленді. 1771 жылы Нарынқұм маңайында 
көшіп жүрген қалмықтардың бір тобы Оралдың бекітілген шекарасынан өтіп, 
Қазақ даласы арқылы шығысқа бет алды. Олардың кетуіне байланысты Орал 
мен Волга арасындағы аймақтың бір бөлігі бос қалды. Қазақ рубасылары 
патша өкіметіне қазақтарға «ішкі жаққа» өтуге тыйым салған 1756 жылғы 
жарлықты жойып, бұл жерлерді қыстық жайылымдар ретінде пайдалануға 
рұқсат беру туралы өтініш жасады. Бірақ 1771 жылы Сыртқы істер 
коллегиясы бұл тыйымды тағы да қолдады.
Е.И.Пугачев басшылығымен өткен крестьян соғысы жылдары қазақтар 
1756 және 1771 жж. жарлықтармен санаспай, Волга және Орал арасындағы 
жайылымдарды пайдаланып жүрген. Крестьян соғысы басылғаннан кейін 
және оның артынан келген жазалау шаралары күшейтілгеннен кейін бұл 
жерлерді пайдалану өте қиынға соқты.
1775 жылы патша өкіметі жергілікті басқару органдарының қайта 
құрылуын өткізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта 
жүздің бір бөлігі Сімбірлік және Уфалық генерал-губернаторлықтар 
(наместниктік) құрамына енді. Орынбор обер-комендантына Кіші жүзде 
патша билігінің шараларын тікелей өткізу табысталды. Бұл үшін Шекаралық 
істер комиссиясы құрылып, Орал бойынша шекаралар қалпына келтіріліп, 
бекітілді, қамалдар гарнизондары күшейтілді.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Орал арқылы өтуіне 
тек хан шекаралық үкіметтен рұқсат алғаннан кейін жол берілетін. Әскери 
старшиналар өту үшін ақы төлемеген ауылдарды тонап, қазақтарды тұтқынға 
алған. Сонда хан және оның жақындары халықтан тұтқындағыларды сатып 
алу үшін қаржы жинаған. Бұл қаржыларды Орал әскерінің старшиналарымен 
бөліскен. Сонымен, «Әскери іздеулер» ханның, шекаралық әкімшіліктің және 
казак басшыларының тұрақты табыс көзіне айналды. Мұндай саясаттың 
нәтижесі саяси қатынастардың дағдарыс жағдайына дейін шиеленісуі болып 
табылды.
Кіші жүзде толқулар басталды. Батыр Сырым Датұлы көтерілісшілер 
басқарушысы болды. 1783 жылға дейін Сырым туралы деректік өмірбаяндық 
мәліметтер өте үздік және толық емес. Аңыздарда айтылғандай Сырымның 
жас кезінде-ақ өз ақылдылығымен және адалдығымен аты шыққан. Жиырма 
жасында ол Байбақты руының биі болып, ақсақалдардан елді басқару 
даналығына үйрену мақсатымен даланы шарлаған. Сырым рулық ақсүйектер 
қатарына кірген, батыр болған.
1783 жылдың желтоқсан айында Сырым старшина Чагановты 
тұтқындап, оны Хиуаға құлдыққа сатып жібергені үшін Тополинск 
форбекетінің маңында Орал әскерлерінің казактарымен тұтқынға алынды. 


Сірә, Сырымның қазақтарды тонаған, тіпті хан ауылдарына да шабуыл 
жасаған Орал әскерлерінің жасақтарымен күресінің басталуы 1783 жылдың 
күзіне қарайды. 1784 жылдың көктемінде Нұралы хан Сырымды тұтқыннан 
сатып алады. Сырым үшін ол 70 жылқы және 350 рубль ақшалай төлеген. 
Жүзге Сырым 1784 жылдың мамыр айында оралып, Орал әскерімен қиян-
кескі күреске қайта кіріседі.
Қазақтардың жаппай аттанулары бұрынғыша Төменгі Орал бойында 
және Орск қамалының маңында дамып жатты. Қараша айында Сырым Сағыз 
өзенінің бойында шекараға шабуыл жасау үшін 1000 қазақтан құралған ірі 
жасақ жинайды. Сағыз өзенінде Сырым жасағы жиналғанда, хан өз 
ауылдарымен Оралға қарай көшуге мәжбүр болды. Бұдан 1784 ж. күзіне 
қарай Сырым мен ханның арасындағы қатынастардың шиеленіскендігін 
көруге болады. Сырымның жасаған әрекеттеріне тойтарыс беру үшін 
генерал-майор Смирнов басшылық еткен жасақ бағытталды, бірақ қатты 
борандар Смирновты қайта оралуға мәжбүр етті.
1785 жылдың көктемінен бастап табан тірескен күрес Төменгі Орал 
бойында өрістеді. Осы жерде қазақтар қысқы жайылымдардан өте 
қысылатын. 1785 жылдың көктеміне дейін Сырым қозғалысы қазақ 
жасақтарының шекараға жаппай шабуылдарының шегінен шыққан жоқ, 1785 
жылдың көктемінен бастап Сырым қозғалысы, патша әкімшілігінің зорлық-
зомбылығына қарсы күрес бола отырып, жүз ішіндегі күреске айналады. 
Қозғалыс Нұралы ханға және оған тектес сұлтандарға қарсы бағытталды. 
Нұралы ханның билігі анық дағдарысты бастан кешіріп жатты, халық 
одан бас тартты, ал патша билігінің ханның дәрменсіздігіне көзі жетті. Бұл 
жағдайда патша әкімшілігі ханды ескермей, генерал-губернатор барон 
Игельстромды жіберіп, көтерілісшілермен келіссөз бастады. Нәтижесінде 
басына рубасылар қойылып, жүздерді үш бөлікке бөлу шешімі қабылданды. 
1786 жылдың 3 маусымында Екатерина ІІ Нұралы ханның биліктен шеттеілуі 
туралы рескриптке қол қойды, ол Орынборға шақырылып, сол жақтан Уфаға 
жіберілді. 1786 жылдың күзінде Кіші жүзде «Игельстром реформасы» деп 
аталған, хан билігін жоюға талпыныс жасалды. Жүзді басқару үшін 
Орынборда Шекаралық сот және жергілікті жерде жазалаулар жасау 
ұсынылды. Бірақ бұл Кіші жүздің рубасыларының көпшілігімен мақұлданған 
жоқ, дегенмен 1786 жылы Орынборда Шекаралық сот, ал 1787 жылы 
жазалаулар құрылды, бірақ бұл жүйе барлық жүзге таралған жоқ, билік 
рубасылар қолында шоғырланды.
Кіші жүзде өткізілген басқару реформалары күтілген нәтижелерді 
бермегендігін патша өкіметі көріп отырды. Шекаралық сот және жазалаулар 
әрекет еткен жоқ деуге болады. Сонымен қатар орынборлық әкімшілік 
отаршылдық саясатын күшейте түсті. ХVІІІ ғасырдың 90-шы жылдарының 
басынан бастап қозғалыс көтеріліс сипатына ие болады. Патша әкімшілігі 
халықты тыныштандыру үшін Кіші жүзде жаңа ханды сайлау қажет деп 
шешті. Оның таңдауы Нұралы ағасы Ералыға түсті, оның мүдделері 
орынборлық әкімшіліктің мүдделерімен сәйкес келді. 1791 жылдың қыркүйек 
айында күшейтілген әскери қорғаныс астында Ералы Кіші жүз ханы болып 


сайланды, бұл көтерілісшілер жасақтарының даланың шекарасында 
шоғырлануына әкелді. Сырым әкімшілікке Ералының хан болып сайлануына 
қарсылығын білдірді. Патша режимімен күресу үшін одақтас іздеуі басталды. 
Сырым бухаралық аталықпен келіссөз жүргізді, ол әскери көмек көрсетуге 
сөз берді. 1792 жылдың қыркүйегіне қарай Сырым патшалықпен тікелей 
қарулы күрес жолына тұрды – ол Ресейге соғыс жариялады. Бірақ Бұхарамен 
уәделескен қолдауға Сырымның қолы жеткен жоқ.
Халық қозғалысының жаңа көтерілісінің кезеңінде Сырымның қобалжуы 
және аумалылығы пайда болды. Ол хандық билікті жою туралы талабынан 
бас тартып, көпшілік билер мен рубасылардың «өздерінің еркіне көнетін 
ханды таңдау» талабына қосылды. Ералы ханға қарсы күрес жүргізе отырып, 
ол Кіші жүздің ханы атағына үміттенген және хиуалық ханмен тығыз 
байланысқан Әбілғазы Қайыпұлы ханның қолдауына бағыттала бастады.
Қозғалыстың жаңа өрлеуі 1795/96 жж. қатты жұттан кейін, 1796 жылдың 
күзіне қарай басталды. Сырым бір уақыттарда Есімді белгілі дәрежеде өз 
одақтасы деп есептеген. Ал Есімнің оған қолдау жасамайтындығы 
анықталғаннан кейін, Сырым 1796 жылдың қыркүйек айында өзінің 
қоластындағы рубасыларды жинап, ханмен, яғни патша билігімен одақтасу 
не соғысу туралы мәселені қойды.
1797 жылдың тамыз айында хан Кеңесі өз жұмысын бастады, оның 
төрағасы ретінде Айшуақ сұлтан тағайындалды. Бірақ сұлтандар халық 
өкілдерін шақыртпай, өз беттерімен Қаратай сұлтанды хан деп сайлады, бұл 
қайта күрт қайшылықты туындатты, берілген жағдайда Сырым Сырдария 
маңайына кетіп, рубасылармен келісуге көне бастады, бұл хан Кеңесінің 
беделінің жоғарлауына ықпал етті. Бірақ ол өзіне қолдау таба алатын 
қоныстарынан тыс қалды. Оның кейінгі тағдыры туралы еш дерек 
сақталмаған. Сырым 1802 жылы қайтыс болды деген жорамал бар.
Сырым Датұлы басшылық еткен ең күшті ұлт-азаттық қозғалыстардың 
бірі болған қозғалыс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің Орал мен Волга 
арасындағы аймақтағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруі 
жайылымдар туралы мәселенің шиеленісуін уақытша басып, көтеріліс 
себептерінің бірін жойды. Жалпы қозғалыс ұлттық сананың өсуіне ықпал 
етіп, халық-азаттық сипатты болды.
Айшуақ Кіші жүзді 1805 жылға дейін басқарды, осыдан кейін дерттенуі 
мен кәрілігі себебінен хандық абыройдан бас тартты. Айшуақ мұрагері 
баласы Жантөре болды, бірақ оның қазақтар арасында беделі болған жоқ 
және оған қарсыласқандарды Нұралы ханның баласы жігерлі және атақ 
құмар Қаратай сұлтан басқарды. Жантөре тағайындалмастан бұрын Қаратай 
орыс қолшоқпарына қарсы позицияға тұрды. 1806 жылы Қобде өзенінде 
Қаратайды Кіші жүз ханы деп жариялаған ру басшыларының съезі жиналды.
Қаратайға қарсы күрес отарлық аппаратқа қарсы күрес болды, сондықтан 
қазақтардың көпшілігі Қаратай ханды қолдады. Бірақ Қаратай өз мақсатын 
көздеді: қандай да болмасын жолмен билікке жету. 1809 жылы қазақтар 
Жантөре ауылына шабуыл жасап, орыс қолшоқпарын өлтірді. Осыдан кейін 
Қаратай Ресей өзін мойындайды деп сеніп, белсенді әрекеттерін тоқтатты.


Жантөре өлімінен кейін Кіші жүз екі жылдан астам уақыт бойында 
хансыз қалды, нақты түрде билік Хан кеңесінің қолында болды, ал 1812 
жылы хандыққа оның ағасы Серғазы сайланды. Дәл осы уақытта Ішкі Орда 
ханы болып Бөкей сұлтан тағайындалды. Серғазы тағайындалуы Қаратайды 
күресін қайта бастауға мәжбүр етті. Орыс әскері қару-жарақ және саны 
жағынан басым болғандықтан Қаратай әкімшілікпен келіссөз жүргізуге 
мәжбүр болды. Хан Ресейге қарсы шықпау туралы жазбаша міндеттеме 
берді, бұл оның қоластындағылардың наразылығын туындатты. Қаратайдың 
даладағы ықпалы күрт төмендей бастады.
Осыдан кейін қозғалыс басына тұрған Қаратай азаттық идеяларынан 
бірте-бірте кетіп, орыс қызметіне өтті, осы арқылы ол қазақтардың 
тәуелсіздік үшін күресіне ауыр соққы жасады.
ХVІІІ ғасырдың соңынан Арал маңындағы және Сырдария сағасындағы 
қазақтар саяси жағынан оқшауланып, Әбілхайыр отбасынан және орыс 
әкімшілігінен тәуелсіз хандарды сайлады. Бұл жерді Қайып ұрпақтары 
биледі. Оның баласы Батыр және немересі Қайып бір уақытта Хиуа хандары 
болды. Қайып баласы Әбілғазы Сырым Датұлын белсенді қолдаған. 
Арынғазы ұзақ уақыт бойы Хиуа сарайында тәрбиеленіп, күшті хан билігінің, 
мұсылман мәдениетінің және шариғаттың нағыз жақтаушысы болған. Оның 
әкесі Әбілғазы Хиуадан кетуге мәжбүр болғанда Арынғазы бұл мемлекетке 
қатысты күрт теріс позицияға ауысты.
Хиуа хандарының Кіші жүз жерлерін жаулап алуы қазақ халқы арасында 
күштерді шоғырландыру ынтасын туындатты. 1816 жылдың сәуір айында 
Қаратай саяси қызметтен кеткеннен кейін ру басшыларының съезі 
Арынғазыны хан етіп сайлады (1816 – 1821 жж.). Өз басқаруының басынан 
бастап-ақ ол Хиуа мен Қоқандтың жалғасып келе жатқан агрессиясымен 
соқтығысты. Қазақ рубасылары екі мәрте, 1817 және 1819 жылдары 
император атына Серғазы ханды ығыстырып, Арынғазыны мойындау туралы 
сұраныс жасады. Кіші жүздің барлық қазақтары және Орта жүздің бір бөлігі 
Арынғазы ханды қолдады. Осыны негізге ала отырып, Орынбор губернаторы 
П.Эссен сұранысты қолдады, бірақ Сыртқы істер министрлігінің Азиялық 
комитеті Арынғазыны қолдау Ресейдің қазақ даласындағы отарлық 
жоспарлары үшін қауіпті деп есептеп бұл сұранысты қабылдаған жоқ.
1820 жылы Хиуа әскерлері қайта қазақтарға шабуыл жасады. Арынғазы 
ауылы талқандалып, оның туыстары тұтқынға алынды, 300-ден астам қазақ 
өлтірілді, мыңға жуығы тұтқындалды. Көптеген рубасылары Хиуамен 
күресудің пайдасыз екендігін айтып қобалжи бастады. Бұл жағдайда 
Арынғазы Ресеймен жақындасуға шешім қабылдады. Ресей өкіметі 
Арынғазы сияқты қауіпті көршіден құтылуға шешім қабылдады. 1821 жылы 
ол Петерборға оны қазақ ханы ретінде мойындау туралы келіссөздер жүргізу 
үшін деп көзбояушылықпен шақырылды. Арынғазы өзінің бір қатар 
қолдаушыларымен барды, бірақ оның Хиуамен күресте көмек көрсетеді 
деген үміттері алданды. Ол тұтқындалып, Калугаға айдалды, осы жерде 1833 
жылы 55 жаста қайтыс болды.


Арынғазы тұтқындалғаннан кейін Сырдариядағы қазақ жерлері Хиуа 
билігіне өтті. Азаттық күрес жаңа күшпен бұрқ ете түсіп, оны Арынғазы 
ханның жақтаушысы, батыр Жоламан Тіленшіұлы басқарды. 1823 жылы 
Жоламан Ресейге соғыс жариялап, бұл соғыс қазақтардың 1824-1864 жж. 
отарлыққа қарсы соғысының алғашқы хабаршысы болды.
Жоламан Тіленшіұлының қозғалысында қазақтардың жерді тартып алуға 
қарсы күресі бейнеленді. Қасымовтар отбасының басшылығымен жүргізілген 
азаттық қозғалыстың басынан бастап – Абылай ханның ұрпақтары басқарған 
Қазақ хандығын өмірге қайта келтіру сияқты саяси себептер 
ерекшеленгенімен, Кенесары ағасы Саржан Қасымұлы басқарған аттанудың 
негізінде де осы себептер жатты.
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» Саржан басшылығымен 
жасалған көтеріліске түрткі болды. Саржан Қасымұлы ташкенттік күшбекі 
қолынан қаза болды, бұл оқиға 1836 жылы орын алды. Саржан Ұлы жүз 
жеріне шегінді, мұнда ол осы жүз қазақтарын және Сырдария маңындағы 
қазақтарды отарлаушыларға қарсы күресу үшін біріктіруге тырысты. Бұл 
ташкенттік күшбекі мүдделеріне қарсы болды, Саржан балаларымен 
жауыздықпен өлтірілді. 1840 жылы ташкенттіктер Саржан мен Кенесарының 
әкесін Қасымды да өлтірді. Бірақ Саржан өлімі көтерілісті тоқтатқан жоқ, 
оны Кенесары жалғастырды.
Патша шенеуніктерінің және Жәңгір-ханның туыстарының тұрақты 
қыспақтары Бөкей хандығының қазақтарының стихиялық ызалануының 
өсуіне әкеліп, ол 1837 жылы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және 
сұлтан Қайыпқали Есімұлы басқарған қарулы көтеріліске айналды. 1838 
жылдың көктемінде Кіші жүз мәслихатында Хиуамен одақ құрып, Ресейге 
қарсы 
«газават»
жариялау туралы шешім қабылданды. 1838 жылдың соңына 
қарай қазақ жасақтары шамамен 2 мың адамнан құралды. Бастапқы кезеңнің 
екінші этапында 1824-1837 жж. халық-азаттық соғыс жергілікті әскери 
аттанулар сипатты болды. Кіші жүзде олар Жоламан Тіленшіұлымен, Бөкей 
хандығында – Исатай және Махамбетпен, ал орта жүзде – сұлтан Саржан 
Қасымұлымен басқарылды. Және тек қозғалысты басқаруға сұлтан Кенесары 
Қасымұлы келгеннен кейін қазақтардың бірікпеген күштері және соғыс жаңа 
кезеңге кіреді.
Кенесары Қасымұлы – Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның ұлы. 
Кенесары Қасымов, патша әскерлерінің жаппай аттануларының салдарынан 
Қазақстанның 1822-1824 жж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы 
жарғыларының қабылдануына қарамастан саяси оқшауланып отырған 
аудандарының тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрған кезде атасы Абылай-ханның 
жалғастырушысы ретінде тарихи алаңға шықты. Сондықтан көтеріліске 
шыққан сұлтанның басты мақсаты Абылай-ханның кезіндегі Қазақстанның 
аймақтық шекараларының тұтастығын қалпына келтіру, «дивандарды» 
қысқарту, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестілігін сақтау 
болып табылды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтардың барлық бұрынғы ірі 
көтерілістеріне қарағанда Кенесары көтерілісіне барлық үш жүздің халық 
бұқаралары қатысты. Кенесарының патша өкіметіне тартылып алынған қазақ 


жерлерін қайтару және салынған қамалдарды жою, салық салуды және әр 
түрлі баждарды алуды тоқтату туралы қойған талаптары, сонымен қатар 
оның Қоқанд және Хиуа хандықтарымен бұрын қазақтарға тиесілі жерлерді 
қайтару үшін күресі - қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай келетін.
1840 жылдан бастап қазақ мемлекеттілігінің қайта туындатылуымен 
байланысты азаттық соғыстың жаңа кезеңі басталды. Қазақ руларының 
өкілдерінің жиналыстары 1841 жылдың қыркүйек айында Кенесарыны хан 
етіп сайлаумен және қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілуімен 
аяқталды. Хан болып сайланғаннан кейін Кенесары мемлекеттегі билікті 
орталықтандыруды күшейтуге және күресті жалғастыру үшін берік тылды 
жасауға бағытталған бір қатар әкімшілік және сот реформаларын өткізді. 
Мемлекеттік құрылыс қайта құрылды. Хан жанында хан кеңесі жұмыс 
жасады. Хан кеңесі, Кенесарының серіктері кірген жоғарғы ақылдасу органы 
ретінде, ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар және туыстардан 
құралды. Ал басты басқару билігі Кенесарының өз қолында қала берді. 
Салық жиналуына, әскери дайындыққа, дипломатиялық хат-хабарға жауап 
беретін ведомстволар ұйымдастырылды. Ханның ерекше көмекшілері – 
жасаулы, әр түрлі руларға бекітіліп, хан жарлықтарының орындалуын 
бақылап отыруға міндетті болды. Тек Кенесары рұқсат берген билер ғана сот 
ісімен айналысуға құқылы еді. Хандықта салық жүйесі ретке келтірілді: 
хандықтың бүкіл көшпелі халқы үшін «зекет» салығы, ал егінші халқы үшін 
– «үшір» салығы белгіленді. Кенесарыға бағынған қазақ рулары орыс және 
қоқанд қазынасының пайдасына төленетін салықтардан босатылды.
Реформалар Кенесары әскерін де қамтыды. Оның кезінде қазақтарда 
артиллерия пайда болды, жаяулар сабы меңгеріле бастады. Тұтқындалған 
және қашқын сарбаздар мен офицерлерден орыс тактикасының негіздерін 
қабылдап алды. Ол алғашқы рет ерекшелеу белгілерін және көзге түскен 
жауынгерлерді марапаттау жүйесін енгізді. Хан құрамына 20 мың адам 
кіретін, тәртіпке келтірілген, жақсы үйретілген, тез әрекет жасауға дайын 
тұрған атты әскер құра алды.
Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікке өтуін қолдады. Басқа 
жағдайларды ескермегенде, бұл патша әкімшілігінің сауда керуендерін 
бақылауды қатаңдатуы жағдайында көтеріліске шыққан ауылдарды нанмен 
қамту қажеттілігінен туындады. Көтерілісшілерге арналған нан тәлкіленіп, 
оларға нанды әкелген саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.
Кенесарының сауда саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 
Көпестік керуендерден алынған баждар үлкен табыс әкелетіндігіне көзі 
жеткен хан керуендерді тонауды тоқтатып, кейде керуен-башыларды өзі 
қабылдап, тауарларын алып өткені үшін баж төлеуден бас тартқан 
саудагерлерге қосымша салық салды. Арнайы басқару қызметі хан кеңесінің 
шешімдері мен үндеулерінің ауылдарға таратылып, түсіндіріліп және 
орындалуын бақылап отыратын. Мемлекетті басқара отырып, Кенесары 
ерекше жеке қасиеттер көрсеткен тұлғаларды, олардың шығу тегіне 
қарамастан билікке тартылуын қолдаған.


Хан Ресейдің, Орта Азияның қызметтік тұлғаларына тұрақты түрде хат 
жолдаған. Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол ерекше 
маңызды мән берген. Оның хаттары, үндеулері нақты мазмұнымен, 
талаптарының дәлелденуімен ерекшеленген.
Хандықта биліктің орталықтандырылуының жақтаушысы бола отырып, 
Кенесары беделді байлар арасындағы ұрыс-керістерді болдырмауға тырысты, 
барымтаны айыптап, ру аралық қақтығыстар үшін кіналыларды қатаң 
жазалаған. Кенесары жеке отрядтары әскери кеңес мүшелері, атақты 
батырлар басқарған соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастыра алды. Жүзге және 
мыңға бөлінген Кенесары әскерлері ұзаққа созылған дала соғысының 
жағдайына бейімделген болған. Кенесары енгізген қатаң тәртіп оған 
салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жауынгерлер жиналуын қамтамасыз 
етуге мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерлерінде ерекшелеу белгілерін 
енгізді. Көптеген дерек көздерінің растауынша, көтеріліс басшысының өзі 
орыс әскерінің алтындалған офицерлік эполеттерін таққан.
Бұл кезге қарай күрес туралы мәселе кейінге қалдырылды. Кенесары 
жақын адамдарының өлімі үшін Қоқанд ханынан кек алғысы келді және ол 
осы мақсатпен патша өкіметімен табысу туралы келіссөз жасауға шешім 
қабылдады. Сондай-ақ патшаның отарлық саясатына қарсы қазақтар 
көтерілісінің 
басшыларының 
бірі 
сұлтан 
Саржанның 
қоқандық 
билеушілерімен зұлымдықпен өлтірілгені, Қасым-төренің, Есенгелді, Әлжан 
сұлтандардың және басқа да Абылай ханның ұрпақтарының опасыз 
жазалануы қозғалыс басшысының қоқандыққа қарсы позициясын күшейте 
түсті. Кенесары Орынбор губернаторына жолдаған хаттарының бірінде осы 
туралы жазған. Азаттық күрестің басынан бастап қайтыс болғанына дейін 
Кенесары ханның Қоқанд хандығына қатысты пікірі айқын болды – 
қазақтарды қоқандық хандардың езгісінен босату.
Кенесарының белсенді сыртқы саясаты патша әкімшілігінің зәресін 
алды, одан оңтүстікте әскери әрекеттерін тоқтатуын талап етті, және оған 
орыс өкіметі оны дербес билеуші ретінде мойындамайтындығын ұқтырды. 
Уақытша бітім шарттарын бұзып, сібір жасақтары хан ауылдарына шабуыл 
жасап, жүздеп адам өлтіріп, мүлкілері мен малдарын тартып алды. 
1845 жылдың жазы Қоқандпен күресумен өтті. Бұл күресте батыр 
Жанқожа Нұрмұхамедұлы Кенесары одақтасы болды. Олар бірігіп қоқандтың 
Созақ, Жүлек, Жаңа қорған және т.б. бекіністерін қамауға алды, бірақ 1846 
жылдың басында жағдай өзгерді. Бұл Кенесарыны оңтүстік-шығысқа Балқаш 
көлінің және Іле өзенінің маңына көшуге мәжбүр етті. Ол өз күштерін қол 
жетпес түбектерінің бірі Қамалда шоғырландырды. Бірақ Патшалық Ресейдің 
өкіметі мұнда да оған тыныштық бермеді. Кенесарыға қарсы күресу үшін 
генерал-майор Вишневский басқарған жасақ жіберілді.
Ал Сібір үкіметі аймаққа Кенесары жасақтарының келуінің алдын алу 
үшін халықты және малды санаққа аламыз деп көз бояп, Жетісуға 
артиллериямен ауқымды күштерін жіберді. Басым күштердің қысымымен 
Кенесары Іле өзенінің оң жағалауына өтіп, сол жақтан қырғыздарға қауіп 
төндіріп, Алатау етегіне көшті.


Көтерілісшілер қырғыз жерлеріне жақындады. Көтерілістің бастапқы 
отарлыққа қарсы сипаты өзгеріске ұшырады. Хан солтүстік-қырғыз 
манаптарының өзіне бағынуын талап етті, бірақ олар қазақ ханының 
талаптарын орындаудан бас тартты. Нәтижесінде Кенесары, 32 қазақтың 
сұлтанымен бірге зұлымдықпен өлтірілді.
Кенесары ханның басшылығымен өткен 1837-1847 жылдардағы 
қазақтардың көтерілісі Ресей империясының, Қоқанд және Хиуа 
хандықтарының басып алушылық отарлық экспансиясына қарсы бағытталған 
әділетті акт - наразылық болды. Бұл мемлекеттілікті қалпына келтіру және 
қазақтардың ежелгі жерлерінің аймақтық тұтастығын сақтап қалу 
мақсатымен жүргізілген ұлт-азаттық көтеріліс болды. Кенесары қозғалысы 
қазақ халқын Дала үшін дәстүрлі билік астында біріктірудің және 
мемлекеттілікті ең болмаса вассалдық тәуелділік шегінде сақтаудың соңғы 
талпынысы болды.
Кенесары Қасымов жетекшілігімен өткізілген көтеріліс жоғалтылған 
мемлекеттілікті қалпына келтірудің талпынысы болып табылады. Бұдан 
кейін орын алған көтерілістер Қазақстан аймағының жойылған саяси 
тәуелсіздігінің аясында өтті және отарлыққа қарсы айқын бейнеленген 
сипатты болды. Ресей империясының отарлық реформаларына наразылықпен 
басталған үшінші кезеңді осылайша сипаттауға болады. Жаңа «штат» (1868ж. 
«Уақытша ережені» қазақтар осылай атады) туралы сыбыстар далада оның 
жариялануына және ұйымдастыру комиссияларының келуіне дейін әлде 
қайда ерте тарады. 1868 жылдың желтоқсан айында ұйымдастыру 
комиссиялары «Ережені» жүзеге асыру үшін далаға сапарға шықты. Еңбекші 
қазақтар «Ереженің» негізгі мағынасын дұрыс түсініп, оны қабылдаудан 
кесімді бас тартты.
1869 жылдың көктеміне қарай ауылдардың наразылығы көтеріліске 
айналды. Орал облысының Орал уезінің ұйымдастыру комиссиясы 
көтерілісшілер топтасқан дала түкпіріне барудан бас тартып, 17 ақпанда 
Озерный форпостынан Қараағаш шатқалына жол жүрді. 1869 жылдың 
наурыз айында Орал облысын түгелдей, Торғай облысының батыс және 
оңтүстік бөлігін халық ашуы биледі. Қазақ кедейлерінің өз «байларына» 
қарсы күресі әсіресе ұзақ болды. Тіпті қазақтардың арасындағы кез келген 
күресті барымтаға келтіретін патша әкімшілігінің өзі күрестің саяси сипатын 
мойындауға мәжбүр болды. Халық көтерілісінің өртін сөндіру үшін және 140 
мыңнан астам отбасын қайта бағындыру үшін үкіметке барлық қорларын 
жұмсауға тура келді. Көтерілісті басу үшін барлық казактардың ауысымды 
жүздері, Түркістан әскери округінің әскерлерін толтыру үшін бөлінген жас 
сарбаздар және Орынбор мен Орал казактары жұмылдырылды.
1868 жылдың желтоқсан айынан 1869 жылдың қазан айына дейін 10 айға 
созылған Орал және Торғай облыстарындағы қазақтар көтерілісі ХІХ 
ғасырдың екінші жартысының маңызды көтерілістерінің бірі болды. Туындау 
себебтері, мақсаттары және мәселелері, қозғаушы күштері бойынша 1869 
жылғы көтеріліс отарлыққа қарсы крестьян қозғалысы болып табылатын. 
Бірнешеуін санамағанда, сұлтандар мен ірі байлар көтеріліске қатысқан жоқ. 


Көтерілісшілерге қосылған билер мен рубасылары жартылықты танытып, 
отарлаушылармен бейбіт келіссөздер жүргізу немесе ұнамсыз патша 
шенеуніктерін жазалау жолына бағыттауға тырысты.
Көтерілістің жеңілуіне тек билер мен феодалдардың сатқындығы ғана 
емес, 
жеке 
рулар 
арасындағы 
келіспеушіліктер 
де 
әеср 
етті. 
Көтерілісшілердің бірігіп әрекет етуіне жер үшін араздықтары кедергі 
келтірді. Казактар шекараларының бойымен көшіп жүрген, жартылай 
көшпелі өмір сүрген, қыстаулары, алақандай егістік жері бар, кәсіпшілікпен, 
отырықшы бекеттермен сауда жасайтын, казак басшыларынан жерді жалға 
алатын қазақтар қысым көрсетушілерге қарсы белсенді күресе алмайтын. 
Қарсы жағдайда казак әскерлері бірден олардың жазаларын тарттырар еді. 
Оның үстіне ұзақ мерзімді күрес жүргізу үшін көтерілісшілердің 
экономикалық негізі болған жоқ, және де патша әскерлерінің 
қарланыдырылуы басым болатын.
Маңғышлақта 1868 жылғы «Уақытша ереже» тек 1870 жылы ғана 
енгізілді, өйткені патша әкімшілігі адайлықтар «Уақытша ережені» 
қарсылықсыз қабылдамайды деп қауіптенді.
Патшалықтың жер саясаты, атап айтқанда қазақ-адайлықтардың жазғы 
жайылымдарды пайдалануына тыйым салуы 1870 жылдың жазында 
Маңғышлақта орын алған толқулардың негізгі себептерінің бірі болды. 
Сонымен қатар патша әкімшілігі мен байлардың жаңа салықтар жүйесін 
енгізудегі озбырлықтары да адайлықтардың наразылығын туындатты. 
Реформаға сәйкес барлық қазақ халқы бір түндіктен 3 рубльдан және земство 
жиылысына 50 тиыннан төлеу керек болды. Адайлықтар үшін земство 
жиылысы бір түндікке 1 рубльге дейін жоғарлатылды. Көтеріліс аяусыз 
басылды, ал билер мен рубасыларынан олардың қоластындағы қазақтардың 
патша әкімшілігіне шартсыз бағынатындықтары, 14 күн ішінде 3 мың 
түндіктен 1869 және 1870 жылдар үшін түндік салықты жинап беретіндігі 
және салықтар толығымен төленбейінше орын ауыстырмайтындықтары 
туралы жазбаша түрде міндеттеме алынды. Оларға қару ұстауға, 
адайлықтардың басқа бөлімшелерімен байланыс жасауға және көтеріліс 
басшыларына пана беруге, олардың малдарын бағуға және т.б. тыйым 
салынды. Бірақ екі апта өтпей-ақ полковник Новицкийдің жасақтары 
адайлықтардың ауылдарын қоршауға алып, көтерілісшілердің әкелген 
«шығындарын» өтеуге салықтар жинап, көтеріліске белсенді қатысушыларды 
анықтай бастады. Жазалаушылар адайлықтардың барлық Маңғыстау 
аймағында және Орынбор облысының оңтүстік бөлігінде іздеріне түсіп, 
тонап, аяусыз жазалады.
1868 – 1873 жж. Торғай, Орал облыстарындағы және Манғышлақ 
түбегіндегі көтерілістер патшалықтың отаршылдық саясатына және «өз» 
феодалдарының аяусыз қанауларына қарсы тура бағытталды.
Бұл көтерілістердегі қазақтардың жеңілуі Ресейдің зор экономикалық 
және техникалық басымдылығымен, байлардың сатқындығымен шартталды, 
қазақтар нашар ұйымдастырылып, қаруландырылды, олардың берік тылы 
мен нық экономикалық негіздері болған жоқ. Дегенмен, тіпті сәтсіздікке 


ұшыраған 1860 жылдардың соңындағы – 1870 жылдардың басындағы 
азаттық қозғалыстың өзі ұлттық сана-сезімнің жоғарлауында орасан зор роль 
атқарды. Маңғышлақтағы көтерілістің басты ерекшелігі оған халықтың 
салыстырмалы түрде бірдей белсенді кең әлеуметтік топтарының қатысуы 
болды, ал феодалдыққа қарсы күрес әлсіз бейнеленді.
Қоныс аударушыларға жер бөліктерін берудің көпжылдық тәжірибесі 
Қазақстан мен Орта Азияда жергілікті көшпелі халықтан ең құнарлы 
жерлерді әкімшілік тарапынан тартып алу арқылы нақты түрде жүзеге 
асырылды.
Ұлт-азаттық қозғалыстар дамуының төртінші кезеңінде әлемде және 
Ресей империясындағы әлеуметтік өзгерістер әсерінен қалыптасқан нақты 
идеялық мақсаттарымен ерекшеленді. 
Қоныс аудару саясатын жүргізу нәтижесінде Ресейдің орталық 
губернияларынан Қазақстанға 1897-1916 жж. 1 млн. 301 мың крестьян қоныс 
аударды, қазақтар ең жақсы 40 млн. гектар жерлерінен айырылып, құнарсыз 
дала мен тауларға ығыстырылды. Оның үстіне патша әкімшілігі 1916 жылы 
Торғын өзені бойындағы барлық егістікке жарамды жердің және құммен 
бекіндіру үшін 500 000 десе құмды мекендердің алынуын дайындап жатқан. 
Қазақ халқына толық кедейлену қауіпі төнді. Тек бір Жетісу облысының 
өзінде соғыстың бірінші үш жылында ең жақсы жайылым және егістік 
жерлердің 1800 мың десесі алынды. Елде экономикалық, әлеуметтік және 
саяси терең дағдарыстың толғағы жеткен. Соғыс барысы патшалық Ресейдің 
экономикалық және техникалық жағынан артта қалғандығын бірден көрсетті. 
Ел инфляция мен тапшылыққа тап болды. Полицей бақылауы күшейтілді. 
Шетел кәсіпорындарының меншігіндегі кәсіпорындардың жұмысшылары 
әсіресе қиын жағдайға түсті. Патшалық Ресейде жетілген революциялық 
дағдарыстың көріністерінің бірі бүкіл Орта Азияны және Қазақстанды 
қамтыған 1916 жылғы отаршылдық пен соғысқа қарсы бағытталған ұлт-
азаттық қозғалыс болды.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлар 1916 жылғы 
көтерілістің басты себебтері болды: отарлық езгінің күшеюі, жерлердің 
тартып алынуы, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекші халықты қанау, 
патша өкіметінің қазақтарға және аймақтағы басқа халықтарға қатысты 
орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты бұқара халықтың жағдайының 
күрт төмендеуі. І дүниежүзілік соғыс ұлттық және әлеуметтік-экономикалық 
қайшылықтардың жиынтығының ұшығуына әкеліп соқтырды.
Көтеріліс басталуына патшаның 1916 жылдың 25 маусымындағы Сібір, 
Орта Азия және Қазақстанның барлық жасы 19-бен 43 арасындағы ерлерін 
әрекеттегі әскердің аймағындағы қорғаныс құрылыстарын құру жөніндегі 
жұмыстарға алу туралы жарлығы тікелей себеп болды. Наразыланған халық 
болыс билеушілерін, ауыл рубасыларын, полицияны, шенеуніктерді 
стихиялы түрде жазалай бастады. Қозғалыс ауқымынан шошынған патша 
үкіметі 1916 жылдың 20 шілдесінде әскерге шақырудың астықты жинағанға 
дейін шегіндірілгенін, ал 30 шілдеде – 1916 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 
шегіндірілгенін жариялады. Бірақ көтеріліс бүкіл Қазақстанға таралып, 


ұйымдастырылған ұлт-азаттық қозғалысқа айналып кетті. Көтеріліс патша 
үкіметінің әскери-отаршыл және кең ауқымды орыстандыру саясатына, елді 
экономикалық және саяси дағдарысқа әкелген Бірінші дүниежүзілік соғысқа 
қарсы бағытталды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың 
кең бұқара топтары, жергілікті жұмысшылар, батырактар, қолөнершілер 
болып табылды. Оған қазақ халқының басқа да таптарының өкілдері 
қатысты: байлар, болыс басқарушылары, билер, сонымен қатар 
демократиялық зиялы қауым.
Жалпы, Қазақстанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, оңтүстік 
облыстарды алмағанда (Жетісу және Сырдария облыстары), көпұлтты болды, 
мұнда көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, 
дунғандар және басқа да елдер өкілдері қатысты. Көп аймақтарда ұлттық-
либералды және буржуазиялық-демократиялық зиялы қауымның өкілдері 
көтерілісшілер жасақтарына басшылық етті: Жетісуда – Т.Бокин, Торғайда – 
А.Жәнгелдин, Бөкей далаларында – С.Мендешев және т.б. 
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен мобилизациясына бірнеше 
көзқарас анықталды. Феодал байлардың бір бөлігі өз отандастарының тыл 
жұмыстарына жұмылдырылуын сөзсіз қолдады. Сонымен, Жетісудағы 
әскери губернатор Фольбаум 1916 жылдың шілде айында Верный уезінің 
болыстарының және байларының жиналысын өткізді. Жиналғандар оған тыл 
жұмыстарына жұмылдыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге және 
дайындық жұмыстарын бастауға уәде берді.
Зиялы қауымның радикалды бөлігі, негізінен халықтың төмен 
таптарынан шыққандар көтерілісшілерге қосылды (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, 
А.Майқұтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Б.Алманов, А.Жәнгельдин және 
т.б.). Қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымының өзегі 
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басшылығымен жағдайды 
жеңілдетуге, патша әкімшілігін мобилизация мәселесінде асығушылық 
танытпай, алдымен дайындау шараларын өткізуге көндіруге тырысты.
1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен 
Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Жетісу облысы көтеріліс өткен ірі 
аудандардың бірі болды. Көтерілісшілер пошта стансаларына, ауылдарға, 
болыс басқарушыларына шабуыл жасап, телеграф желілерін жойды.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс тарихында 
ерекше орын алады. Көтеріліс отарлауға қарсы бағытталып, жалпы 
қазақтарға ортақ болды, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыды. Торғай 
облысы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. 
Бұл жердегі қазақ шаруаларының күресі әсіресе табанды және ұзақ болды. 
Жергілікті ауылдық болыстық әкімшілік басқарудан алынып, билік 
көтерілісшілер қолына өтті. Көтерілістің Торғай орталығы билік 
орталықтандырылғандығымен және көтерілісшілер қозғалысын басқару 
жүйесінің тәртіпке салынғандығымен ерекшеленді. 1916 жылдың шілде-
тамыз айларында әр болыста ортақ хан - Әбдіғаппар Жанбосыновқа 
бағынатын хандар сайланды. Оның ең жақын серіктері Айжарқын Қанаев пен 
Оспан Шолақов хандар және тамыз айында көтерілісшілер съезінде бас 


қолбасшы – сардар болып сайланған Амангелді Үдербайұлы (Иманов) болды. 
Хандар және сардарлар болыс және уез съездерінде сайланатын сайлаулы 
қызметтер болды. Көтерілісшілердің барлық хандары қара сүйектен шыққан. 
Әр ханның кеңесшілері – уәзірлері болған, азаматтық және әскери биліктің 
барлығы Әбдіғаппар мен Амангелді қолында болды. Олар жеке 
көтерілісшілер жасақтарының басшыларынан құралған Кеңесті басқарған. 
Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешкен секретариат және сот 
алқасы жұмыс істеген. Сардардың әскери және азаматтық мәселелер жөнінде 
екі көмекшісі болған. Патша қазынасына төленетін салықтардың барлығы 
алынды, оның орнына бітамал енгізілді – бір үйден 4 рубль, бұдан басқа бай 
қазақ шаруашылықтарына қосымша салықтар салынған. Сонымен, Торғай 
облысының көтерілісшілері биліктен патша әкімшілігін кетіріп, өздерінің 
Ақпан революциясына дейін әрекет еткен ұтымды басқару жүйелерін 
тәртіпке келтірді.
А.Иманов тәртіпке келтірілген, ондық, елулік, жүздік және мыңдық деп 
бөлінген әскери организм құрды. Әр бөлімше басына сәйкес онбасы, 
елубасы, жүзбасы және мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшелері 
де қалыптастырылды.
Генерал Лаврентьев өз хабарламасында көтерілісшілердің жақсы 
ұйымдастырылғандығын атап өтеді: «Қырғыздар әскери сапқа тұрған, легтері 
кертпештеп жүреді, лавамен шабуылдайды, демалыстары 25 шақырымға алға 
жіберілетін сақшы және барлау жасақтарымен күзетіледі». 1916 жылдың 
қыркүйек айында Торғай уезінде көтерілісшілер жасағы 20 мың адамнан 
құралған. А.Иманов Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, Сырдария, 
Ақмола, Семей облыстарының көтерілген қазақтарының қатарларын 
біріктірді. 1916 жылдың қараша айында көтерілісшілер саны 50 мың әскерге 
жетті. 22 қазанда 15 мың көтерілісші Амангелді басшылығымен Торғай 
қаласын қоршауға алды. Қаланың қоршалуы бірнеше күнге созылды. 
Генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалау корпусының басым күштерінің 
жақындағаны туралы мәлімет алынғаннан кейін көтерілісшілер қоршауды 
алып, патша әскерлерінің алдынан шықты. 16 қарашада саны 12 мың адамға 
жететін көтерілісшілер А.Иманов басшылығымен Торғайға жақындап келе 
жатқан патша жасағына Түнқойма пошта стансасының жанында шабуыл 
жасады. Ауыр ұрыстардан кейін патша әскерлері қалаға кіре алды. 
Көтерілісшілердің негізгі бөлігі қараша айының екінші жартысында 
Торғайдан 150 км шегініп, Батпақ-Қара ауданында тұрақтады. Осы жерден 
1916 жылдың қараша айының екінші жартысынан 1917 жылдың ақпан 
айының ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жорықтар 
жасалып отырды. Амангелді сарбаздары Татыр, Шоқалы қопа, Құйық қопа, 
Доғал-Үрпек маңындағы ұрысытарда жазалаушылар жасақтарына табанды 
қарсылық көрсетті. Жазалау жасақтары күштерінің басымдылығының 
нәтижесінде көтеріліс аяусыз түншықтырылды. Бірақ Торғай өлкесінің 
көптеген жерлерінде ол Ақпан революциясына дейін жалғасты. Торғай 
облысындағы көтеріліс тек патша үкіметі тақтан түсірілгеннен кейін ғана 
тоқтатылды. 1917 жылы наурыз айының ортасында өкіметтен патшаның 


тақтан 
түскендігін 
және 
барлық 
көтерілісшілерге 
рахымшылық 
жарияланғандығын естіген Әбдіғаппар хан өзінің Уақытша өкіметті 
мойындайтығын жариялады.
Қазақстанның басқа өңірлерінде де көтерілісшілер күші басым патшалық 
жазалау жасақтарымен табанды күресуге мәжбүр болды. Семей және Ақмола 
облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалериялық жүздік және 11 
күшейтілген жаяу әскерлер роталары әрекет етті.
Ұлт-азаттық қозғалысты тоқтатқаннан кейін патшалық отарлау 
әкімшілігі тыл жұмыстарына 110 мың адамды күштеп жұмылдырып, 10 
мыңын Түркістан шегінде жұмыс жасау үшін қалдырды. Дала өлкесінің 150 
мыңнан астам қазағы осы тағдырды бөлісті.
Көтерілістің жеңіліске ұшырағандығының басты себептері оның 
стихиялығы, ұйымдастырылуының жетіспеушілігі, патша үкіметі жағындағы 
күштердің басымдылығы, біртұтас басқарушы және ұйымдастырушы 
орталықтың жоқ болғаны.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихында 
ерекше орын алады. Көтеріліс отарлауға қарсы бағытталған, жалпы 
қазақтарға ортақ болды, ол Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып, 
халықтың ұлттық сана-сезімінің жоғарлауына күшті түрткі болды.
Ұлт-азаттық қозғалыстың әр кезеңінің көтерілісшілердің этникалық 
және әлеуметтік құрамы, көтеріліс себептері және оқиғалар барысы, жалпы 
ұйымдастырылуы және идеялық бағытталуы, қорытындылары, жеке әр 
кезеңнің нәтижелері мен тарихи мағынасы сияқты өзіндік ерекшеліктері 
болғандығына қарамастан, өткенге қарап, біз дәуірдің ішкі динамикасын 
және оқиғалардың алғышарттарының жалпылығын көре аламыз.
Емельян Пугачев басшылығымен өткен көтерілістің Ресей тәжі үшін 
маңыздылығы екі есе орасан зор болды: Империяның кең аймақтарын 
қамтыған шаруа соғысы ретінде және Сырым Датұлы, сұлтан Қаратай, 
Арынғазы хан жетекшілігімен өткен ұлт-азаттық қозғалыстың негізі ретінде. 
Бұл кезеңге қоғам ішіндегі келіспеушілік және хан билігі институтының 
терең дағдарысы аясында идеялық мақсаттардың босаңдығы тән. 
Қозғалыстың негізгі мақсаты ежелгі жерлерін қайтарып, көшпелі қоғамның 
дәстүрлерін сақтап қалу еді. Империя ұйымдастырушылық-стратегиялық 
және техникалық жағынан көтерілісшілер күшінен басым болып оларды 
сөзсіз жеңгеніне қарамастан, бұл оқиғалар кейінгі халық-азаттық күресті 
жалғастырудың негізін қалап, халықтың ұлттық бірлікті ұғынуына қатты 
ықпал етті. 
Екінші кезеңде Кенесары Қасымов жетекшілігімен жүргізілген азаттық 
соғыстың бірегей ерекшелігі және сипаты тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына 
келтіру қажеттілігін анық ұғыну болып табылады және бұрынғысынша 
аймақтық тұтастық идеялары негізгі болып қалады. Көтерілісшілер 
қатарындағы біркелкі ұйымдастырушылық пен қатаң тәртіпке, сонымен 
қатар қарулы күрес ауқымдығына қарамастан, көтеріліс жеңіліске ұшырады. 
Бұл тек көтерілісшілердің техникалық жағынан артта қалғандығымен ғана 
емес, Империяның өз отарлық иелігін кеңейтуге деген нақты талабымен 


түсіндіріледі, ал күрес Кенесары одақтастарының тарапынан жасалған 
сатқындық әрекеттерімен түбегейлі бүлінді. Мәселе мынада, Ресей 
империясы берілген аймаққа өзінің аймақтық дәмеленуінде Британ тағымен 
бақталастығын нақты түрде ұғына отырып, Орталық Азия аймақтарының тез 
арада отарлануының өткір қажеттілігін түсініп отырды. 
Ұлт-азаттық қозғалыстың келесі үш кезеңі отаршылдық саясатқа айқын 
қарсы сипатты болды, өйткені олар саяси тәуелсіздікті толығымен жоғалту 
аясында өтті. Айта кететіні, Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы күрес 
әлемдік әлеуметтік өзгерістер шегінде өтті.
Ұлт-азаттық 
қозғалыстың 
қорытынды, 
бесінші 
кезеңінің 
қатысушыларының маңызды идеялық дайындығын ерекше атап өту керек. 
Күрестің басшылары мен рухтандырушылары ұлттық зиялы қауымның 
радикалды бағытталған жас өкілдері болғандықтан, бұл көтерілістің сипатын, 
барысын және нәтижесін айқындады.
Сонымен, әлемде орын алған әлеуметтік және демократиялық 
өзгерістердің идеялары 1916 жылғы көтеріліске қатысушылар үшін де өзекті 
болған.
Ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы қорытындылары деп ежелгі жерлердің 
жартылай қайтарылуын, қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси салада 
түбегейлі өзгертілгендігін атауға болады, бірақ ең басты нәтиже деп 
жоғалтылған құқықтары үшін күресте ұлттық сана-сезімнің өсуін атауға 
болады, жалпы осы оқиғалар біздің елдің тарихында маңызды бөлім болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет