нормалардың да енгізілуіне мүмкіндік туғызды. Бұл қоғамның ойшыл
бөлігінің адамның экономикалық, саяси, мәдени, оның ішінде діни
құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын
тездетті.
Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мәселелерін шешу үшін Дала
өлкесінде білім мен мәдениет саласын кеңейтуге мәжбүр болды, өйткені
оның табиғи қорларын өңдеу үшін білімді мамандар, сауатты қосалқы
шенеуніктер аппараты және жергілікті тұрғындар санынан жалдамалы
жұмысшылар қажет болды. Рухани саладағы белсенділік, барлық өкілдерін
бірдей байытатын әр түрлі мәдениеттер түйісетін ірі облыстық орталықтарда
оқитын немесе жұмыс істейтін қазақ жастары арасынан байқалды. Қазақтың
ұлттық зиялы қауымы сыртқы және ішкі факторлардың өзара ықпалдасуында
өзінің орнығуын осылайша бастаған.
Өзінің құрамы мен бағыты бойынша, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты
бойынша зиялы қауым әр түрлі топтарды біріктірді, бірақ оның негізгі
бөлігін отаршыл әкімшілік өкілдері, оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер,
адвокаттар және т.б. құрады.
Жергілікті зиялы қауымның қатарлары өздерінің көзқарастары мен
әрекеттері бойынша айрықшаланатын. Олардың кейбіреулері, негізінен
төменнен шыққандар, социалистік идеяларды ұстанды, өздері социал-
демократтар, эсерлер болды немесе олармен бірігіп қызмет етті. Қазақтың
зиялы қауымының екінші, саны жағынан емес, ықпалы жағынан маңызды
бөлігі либерал-демократиялық жолын ұстанды. Бұл негізінен даланың
ақсүйектер таптарының өкілдері болды (Ә.Бүкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақпаев
және т.б.), дегенмен олардың арасында ауылдың орта және төменгі
таптарының өкілдері де кездесіп отырды (А.Байтұрсынов және т.б.).
Батыс ойшылдарынан алынған либерализм және демократия туралы
классикалық идеялардан басқа ұлттық зиялы қауым өз идеялық қаруы
ретінде исламшылдық пен түркішілдіктің теориялық негіздерін алды.
Исламшылдық (панисламизм) (ежелгі грек тілінде Pan – «барлығы» және
араб. Islam – «ислам») – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі
түсініктер жатыр:
-
әлеуметтік, ұлттық және мемлекеттік тиістілігіне қарамастан,
бүкіл әлем мұсылмандарының рухани бірлігі туралы;
-
және олардың жоғары дін басшысының (халифтің) қоластында
саяси бірігу қажеттілігі туралы.
Достарыңызбен бөлісу: