Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Революцияға дейін қалыптасқан барлық ұлттық элитамен қатар 
қазақ автономдығының тағдыры советтік кезеңде большевиктердің 
ұлттық-коммунистік курсымен анықталды. 30-шы жылдары пайда 
болған ГУЛАГ басынан жаңа әлемдік тәртіпті жасаудың негізгі құралы 
болды ма, немесе сол уақытта ол большевиктердің билік үшін 
шиеленіскен күресімен бұйырылған сол билікті ұстап қалудағы және 


соңғы мақсатқа жетудегі ең ыңғайлы жолды іздеудің нәтижесі болды 
ма? Мүмкін, тез арада екінші біріншіге айналған шығар. Қоғамның 
әлеуметтік бірлігі үшін күрес және жаңа идеология бекінуі ұлттық сана-
сезімді басындырумен және ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін 
біркелкілеумен жалғасты. Олардың тек коммунистік идеялық 
қабықшадағы сыртқы көріністері барынша құпталса да, және бұл 
жерде ССРО халықтарының жаңартылуының анық және сөзге келмес 
табыстарын міндетті түрде ескеру керек, советтік адамдардың 
этникалық өмірі жасырын және көп жағдайда өзгертілген түрде өтіп 
жатты.
ССРО-да еңбек еткен әлеуметтік табиғаты бойынша бір текті 
«социалистік ұлттарды» жасау процесі бір жағынан ұлттардың ішіндегі 
«буржуазиялық элементтерге» қарсы репрессиялармен, ал екінші жағынан – 
«жергіліктендіру» саясатымен қамтамасыз етілді. Репрессиялар және 
айрықша құқықтық, жаңа элитаның орталықтан қатаң бақылануы 
шалғайдағы елдердің тиімді бақылануын сақтап отыруға мүмкіндік берді.
 
Х-бөлім. Кеңестік модернизация 
20-30-шы жылдар – кеңес тарихындағы ең күрделі, шиеленіскен, тіпті 
қайғылы кезеңдерінің бірі. Берілген тақырыптың өзекті мәселелері: Қазақ 
АССР құрылуы, капитализмнен өтіп, социализмге өту мәселесі; сол кезеңде 
Қазақстанда жүзеге асырылған саяси, экономикалық және әлеуметтік 
өзгерістер, мәдени революция, Қазақстанның индустрияландырылуы, 
командалық-әкімшілік жүйенің қалыптасуы; ауылды күшпен ұжымдастыру 
және оның нәтижелері; Қазақстандағы 30-шы жылдардағы саяси 
репрессиялар. 
Ауыл шаруашылығының, сонымен қатар өнеркәсіптің қалпына 
келтірілуі артта қалды. Мал санын қалпына келтіру барысы үміт туғызатын. 
1925 жылы республикадағы барлық мал түрінің саны 25 млн. асты. 1925 ж. 
Қазақстан үшін идеялық-саяси тұрғыдан межелі болды. 1925ж. қыркүйек 
айында Қазақстанға партияның Қазақтың өлкелік комитетінің 1-ші хатшысы 
қызметіне Голощекин келді. Сол 1925 жылдың желтоқсан айында ол 
баяндама жасап, өлкелік партиялық конференция өткізеді. Ол баяндамада 
және сөйлеген сөздерінде Қазақстанда Қазан болмаған, ол Қазақстаннан тыс 
өтіп кеткен деген «жаңалық» ашты. Бұл жерден ол Қазақстанға «Кіші Қазан» 
керек деген қорытынды шығарды.


Қазақстанға келгеннен кейін ол «ауылды кеңестендіру» кампаниясын 
бастайды, ауылда 8 жыл бойы Кеңес үкіметі болмағандай. Бұл кампанияның 
мақсаты саяси келіспеушіліктерді жандандырып, берілген кеңеске сәйкес 
«советтерді 
«дұшпан» 
бай 
элементтерінен 
және 
олардың 
«құйыршықтарынан» тазартып», Советтердің қайта сайлануын өткізу. Сөзсіз 
қажет 
шаралар 
қоғамдағы 
тайталастарды 
өшіктіріп, 
артығынан 
саясаттаныдырыла бастады. Бір сөзбен айтқанда, конференцияда қоғамдық 
өмірдегі бай элементтер деп аталғандардың рөлі және олардың советтерге 
деген ықпалы асырылып көрсетілді. Кейіннен бұл кеңестік тарихтың өзінде 
де мойындалды.
Конференцияда бүкіл ұлттық зиялы қауымға ұлтшылдық белгісін 
жабыстыру қате деп танылғанымен, оның резолюциясында «конференция 
буржуазиялық ұлтшылдық идеологиясына қарсы күресті және оның болашақ 
практикалық жұмыста қажеттілігін жоққа шығармайды» деп жазылды. Бұл 
алда республикадағы идеялық күрес шиелінісе түсетіндігін білдірді.
Кеңес тарихын кезеңдендіру бойынша 1925 жылдың желтоқсан айында 
өткен БКП (б) ХІХ съезі ССРО индустрияландыру кезеңіне кіргендігін 
білдірді. 
Қазақстанда 
да, 
ССРО 
құрылымдық 
бөлігі 
ретінде, 
индустрияландыру басталды. Қоғамтанушылар арасында қазірде де 
индустрияландыруды қарама-қарсы бағалаулар кездеседі. Қайсысы оң 
болғанын, қайсысы теріс болғанын кейіннен атап өтуге болады. Бірақ бірінші 
кезекте оның сөзсіз қажеттілігін мойындау керек. Әрине, Қазақстанның 
индустрияландырылуы 
орталық 
нұсқауларымен 
жүзеге 
асырылды. 
Индустрияландыру нәтижесінде республика біржақты болып қалды, оның 
ауыр зардаптарын тәуелсіз Қазақстан қазірдің өзінде сезінуде.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда халық шаруашылығының қалпына 
келтірілу қарқыны орталыққа қарағанда баяуырақ болды. Сондықтан 
республиканың индустриялануы да орталыққа қарағанда біршама кешірек 
басталып, бірінші бес жылдықпен сәйкес келді (1928 – 1932жж.). Сондықтан 
Қазақстанның индустриялануын республиканың 30-шы жылдардағы 
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму кешенінде қарстырған жөн 
болады.
Днепрогэс, Магнитогор металлургия комбинаты және Түрксіб 
индустрияландыру символдары деп саналған. Көрініп тұрғандай, үш 
символдың біреуі Қазақстанда орналасқан. Бұл алыптардың құрылысы 
туралы шешім биліктің жоғары органдарында бір уақытта қабылданды, 
дәлірек айтқанда 1926 жылы, олардың құрылысына да бір уақытта кірісті – 
1927 жылы. Сметаларға жүгінетін болсақ бұл құрылыстардың өлшемдері де 
тең болған - әр қайсысы 200 млн. рубль. Түрксіб ұзақтығы шамамен 1,5 мың 
км. Барлық ұзындығы Қазақстан аймағынан өткен. Оның құрылысы 
жоғарыда айтылғандай 1927 жылы солтүстіктен – Аягөз станциясынан және 
оңтүстіктен – «Луговая» станциясынан басталды. Түрксібтегі жұмыстар ең 
жоғарғы шыңына жеткенде 1929 жылы онда 55 мың жұмысшы жұмыс істеді. 
Күніне 5 км жол салынды. Жол рекордтық-қысқа мерзімде – жобаланған 5 
жылдың орнына 3 жыл ішінде пайдалануға берілді. 1930 жылы 1 мамырда 


Айнабұлақ станциясында солтүстік және оңүстік бөліктердің рельстері 
түйістірілді, Түрксібте тура жүретін поездар қозғалысы ашылды. 
Тек 1-ші және 2-ші бес жылдық ішінде Қазақстанда Риддер қорғасын-
мырыш комбинатының кәсіпорындар кешені, Қарсақпай мыс балқыту заводы 
іске қосылды, Балқаш мыс балқыту, Ащысай полиметалдық, Ақтөбе 
химиялық комбинаттары; Шымкент қорғасын заводы және сол кезде 
Еуропада теңі болмаған Семей ет комбинаты сияқты алыптардың құрылысы 
басталды. Қарағанды ССРО үшінші көмір базасына айналды. 
Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан Ұлы Отан соғысының 
алдында-ақ елдің қуатты өнеркәсіптік арсеналына айналды. Сол кездің өзінде 
жалпы одақтық көлемде 80% қорғасынды Шымкент қорғасын заводы, ал 
мыстың жартысын – Балқаш мыс балқыту комбинаты берген. Қазақстан 
Одақта түсті металдарды өндіру бойынша екінші орынға шығып, көмір 
өндіру бойынша үшінші орынға, мұнай өндіру бойынша – Ресей мен 
Азербайжаннан кейінгі орында тұрды.
Қазақстан индустрияландырылуының бір қатар ірі әлеуметтік-
экономикалық мағынасы болды, оның ішінде ең бірінші кезекте оның 
аграрлықтан индустриалы-аграрлыққа айналуы, қалалардың және қала 
тұрғындарының меншікті салмағының өсуі, жұмысшы таптың, әсіресе оның 
ұлттық кадрларының қалыптасуы, инженерлік-техникалық зиялы қауымның 
құрылуының басталуы және т.б. Өнеркәсіп республика экономикасының 
басым саласына айналды. Оның меншікті салмағы 1934 жылы 58,9% құрады. 
1939 жылы Қазақстанда 81 қала және қала типті кенттер болды. Бұрынғы 
Қарағанды, Риддер, Аягөз, Балқаш, Степняк, Арал кенттері қалаларға 
айналды. Индустрияландыруға дейін 8,2 % құраған қала тұрғындары 
индустрияландырудан кейін 28 % құрады.
Қазақстандағы индустрияландырудың ірі теріс салдары деп барлық 
салынған және салынып жатқан өнеркәсіп кәсіпорындары табиғи 
шикізаттарды өндіру және алғашқы өңдеу кәсіпорындары болғандығын 
атауға болады. Сонымен, Қазақстанда өнеркәсіптің шикізаттық сипаты 
бұрынғыдан да күшейе түсті. 
Индустрияландыру аса ірі қаржы қорларын талап етті. Оны жүзеге 
асыруға бет бұру кезінде бұл қорлардың бірі крестьяндық сектор болып 
табылатындығы ашық айтылатын. Бірақ ол көздердің біріне емес, негізгісіне 
айналды. Бұл көз мол болуы үшін ауыл шаруашылық өнімдеріне адам 
айтқысыз төмен сатып алу бағалары қойылды. ССРО шет елге ауыл 
шаруашылығы өнімдерінің, ең бірінші кезекте бидайдың ауқымды 
көлемдерін сатып жатты. Бұл Қазақстандағы 1931-1932жж. және 1933 ж. 
Украина мен Ресей оңтүстігіндегі аяусыз ашаршылыққа қарамастан орын 
алып жатты.
Индустрияландыруға кеткен аса ірі шығындарды жабу үшін бидайдың 
экспортын ұлғайту қажеттілігі және оның шаруалардан адам айтқысыз төмен 
бағалармен алынуы бір жақтан және тағы сол индустрияландыруға 
байланысты қала тұрғындарының санының күрт өсуінің салдарынан ішкі 
тұтынудың жоғарылауы екінші жағынан кеңес тарихында қарапайым ғана 


«нан қиындықтары» деп аталған қиындықтарды туындатты, бұл шын мәнінде 
билік дағдарысы болған. Нан «қиындықтары» Кеңес үкіметіне соңғы соғыс 
ашуға шешім қабылдаған кулактардың себебтері деп жарияланды. 
Директивті құжаттарда айтылғандай, кулактар қарсыластығын басу үшін 
оған қатысты ең соңғы репрессивті шаралар қолдануға шешім қабылданды, 
мысалы, РСФСР ҚК 107-бабы, оған сәйкес кулак мүлкі тәлкіленетін.
Осыдан кейін жақын арада ауылдағы жаңа курс жарияланды, оның 
енгізілуі, 
ресми 
түрде 
мойындалғандай, 
нан 
дайындықтарының 
қиындықтарымен тездетілді. Бұл ауыл шаруашылығын ұжымдастыру немесе 
ауылдағы колхоздық құрылыс. Қазақстанға, қазақ халқына төнген қасіреттер 
қатарында 30-шы жылдардағы зорлап ұжымдастыру ең ауыры болды. 
Қазақстанда Голощекин тұлғасымен байланысты жағдайдың төндірілуі, тым 
ұшықтырылған саяси кампанияларды өткізу өзгешелігі жоғарыда да 
айтылды. Қазақстанда жаппай ұжымдастыру басталмастан бұрын, «Кіші 
Қазан» жоспарында ресми түрде жартылай феодалдар деп аталатын ірі 
байлардан мал тәлкіленуі орын алды.
Жалпы, зорлап ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда репрессияға 100 
мыңнан астам адам ұшырады. Зорлап ұжымдастыруға байланысты 1,5-2 млн. 
қазақтың ашаршылық өлімнен қайтыс болғаны халық есінде жазылмайтын 
жара болып сақталуда. Бұл нағыз геноцидтің өзі болған. Мұның нәтижесінде 
республикада орын алған демографиялық өзгерістер жоғарыда көрсетілді. 
1926 жылға дейінгі санын қазақ халқы тек соғыстан кейінгі 60-шы жылдары 
ғана қалпына келтіре алды.
20-30 жж. кеңес тарихында сөзсіз жетістіктердің бірі халықтың мәдени 
дамуы болып табылады. 20-30 жж. мәдени құрылыстың өріс алуы оны 
мәдени революция деп атауға болатындай болды.
Сауатсыздықты жою туралы Декретке Ленин 1919ж. 26 желтоқсанында 
қол қойды. Осыдан кейін берілген декрет бойынша орталық, республикалық 
және жергілікті органдар көптеген шешімдер қабылдады. Сауатсыздықты 
жою кампаниясына қосылған көптеген ұйымдар өз ынталарымен мектептер 
мен кружоктар ашып, апталықтар, айлықтар, сауатсыздықты жою 
жорықтарын ұйымдастырды. Бірақ бұл істің ауқымы мен ауыртпалығы бір-
екі жылда орындалмайтындай болды. Дегенмен, алдыға қойылған мәселені 
шешуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді, 1932 жылы Қазақстан 
халқының сауаттылығы 42 % құрады. Сол кезде 98 % қазақтар сауаты жоқ 
деп есептелінген, бірақ іс жүзінде араб графикасын және латын жазуын 
білетіндер де сауатсыз деп есептелінген.
1926 жылдың мамыр айында республика Үкіметі «Қазақ АССР-де 
бірыңғай алдыңғы қатарлы мектеп Жарғысын» қабылдады. Берілген құжат 
бойынша республикада 4-класты бастауыш мектептер мен екі сатылы жеті 
жылдық мектептер ашылды. Бұлармен қатар толық орта білім беретін тоғыз 
жылдық мектептер де болды.
Қазақ тілінде білім беру дамытылуына ұлттық зиялы қауымның көрнекті 
қайраткерлері, 
ағартушы-демократтар 
А.Байтұрсынов, 
С.Сейфуллин, 
С.Садвақасов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, К.Кеменгеров және т.б. үлкен үлес 


қосты. Бұлардың арасында А.Байтұрсыновтың орны ерекше. Қазақ тілі 
туралы ғылымның негізін салушы, алғашқы қазақ грамматикасын жасаушы, 
ол енді қазақ тілінде оқуға арналған кітап шығарды.
Қазақ 
тілінде 
оқулықтарды 
дайындау 
мемлекеттік 
баспаның 
редакциялық коллегиясының мүшелері қолынан өтті: Ә.Бөкейханов, 
С.Садвақасов, Ж.Аймаутов және т.б. Алгебраны қазақ тілінде сол кезде 
Томск технологиялық институтының студенті Қ.Сәтпаев, география 
оқулығын - Ә.Бөкейханов, жаратылыстану оқулығын – К.Кеменгеров жазып 
шығарды.
Білім беру процесінің қарқынды дамуына байланысты жаңа қазақ зиялы 
қауымының негізін педагог кадрлар құрады. 1925 жылы республикада 
бірнеше халықтық білім беру институттары болды. Бірақ оларды әлі де 
жоғары оқу орындары деп атауға болмайтын еді. Республикадағы алғашқы 
жоғары оқу орны 1928 жылы Ташкенттен ауыстырылған халықтық білім 
беру институтының негізінде құрылды. Бұл – Абай атындағы педагогтық 
институт (қазіргі Абай атындағы педагогтық университет).
Одан кейін 1929 жылы Алматыда зооветеринарлық институт, 1930 жылы 
– ауыл шаруашылық, 1931 жылы – медициналық институттар ашылды. 1934 
жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылып, сол жылы таукен-
металлургиялық институты ашылды. Республикадағы жоғары білім берудің 
берік негізі осылайша салынды. Республикада жоғары білім берудің 
дамытылуына, оның алғашқы жоғары оқу орындарының жұмысының 
ұйымдастырылуына елдің басқа жоғары оқу орындарынан және ғылыми-
зерттеу институттарынан келген мамандар бағаланбас үлес қосты. Бірінші 
кезекте қазақтың зиялы қауымының бірінші буынының еңбектерін ерекше 
атап өту керек: С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, А.Ермеков, С.Сейфуллин, 
У.Жандосов, М,Әуезов, К.Жұбанов және т.б. 
Қазақстанда ғылым негіздері де салынып жатты. 1919 жылы Орынборда 
өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеуге арналып ашылған тарихи-
статистикалық бөлім Қазақстанда ғылыми орталық ашудың бірінші 
талпынысы болды. ҚазССР құрылғаннан кейін халықтық білім беру 
комитетінің жанынан ғылым, өнер және мұрағат мәселелерімен арнайы 
айналысатын бөлім құрылды. Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге 
1920 жылы құрылған Қазақстанды зерттеу қоғамының энтузиасттары 
С.Асфендияров пен А.П.Чулочников үлкен үлестерін қосты.
Қазақстандық ғылым негізін салуда Қазақстанға 20-шы жылдары табиғи 
байлықтары мен өндіріс күштерінің даму болашағын Губкин, Ферсман, 
Русаков, Гапеев және т.б. ірі ғалымдар жетекшілігімен зерттеуге жіберілген 
арнайы экспедициялар үлкен роль атқарды. Олармен бірге қазақстандық 
ғылымда сол кезде саны аз қазақ ғалымдары да аянбай еңбек етті. Бұл – 
А.Байтурсынов, Ә.Бөкейханов, А.Ермеков, С.Асфендияров, М.Тынышпаев, 
Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, К.Жұбанов және т.б. 
Нәтижесінде 1932 жылы Қазақстанда ССРО ҒА (1938 жылдан филиал) 
базасы ашылды, ол республикадағы ғылым дамуының орталығына айналды.


20-шы жылдар, қаншама қиын болса да, қазақ әдебиетінің бұрын 
болмаған өрлеуін туындатты. Бұл идеялық сана-сезімнің белсендендірілуімен 
және қанықтырылуымен және болашаққа деген үлкен үмітпен байланысты 
болды. Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, 
С.Дөнентаев, С.Көбеев, М.Жұмабаев сияқты ұлы Абай мұрасын 
жалғастырушылар 
қатарына 
С.Сейфуллин, 
М.Әуезов, 
Б.Майлин, 
Ж.Аймаутов, И.Жансүгіров, С.Мұқанов, И.Байзақов сияқты және т.б. 
дарынды сөз шеберлерінің үлкен тобы қосылды. 
Егер бұрындары, оның ішінде ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде кең 
таралған жанрлар поэзия мен проза болса, енді қазақ әдебиетінде барлық 
жанрлар, оның ішінде драматургия дамытылуын тапты.
20-30 жылдары әдебиетпен қатар өнер де өрлей бастады. Мұнда бірінші 
кезекте сценалық өнердің орнығуы мен дамуын атап өту керек, бұл бұрын 
дәстүрлі қазақ мәдениетінде болмаған. Өткеннің халықтық өнерінде 
сценалық өнердің тек элементтері ғана болған, ал кәсіптік сценалық өнер 
болған жоқ.
К.Қуанышбаев, 
Э.Қошаубаев, 
С.Қожамқұлов, 
К.Жандарбеков, 
К.Бадыров, И.Байзақов, Ш.Жиенқұлова, Е.Өмірзақов сияқты және т.б. 
дарындары қазақтың сценалық өнерінің негізін салушылар болды. Алғашқы 
кезде өз өнерлерін олар партияның Қазақ өлкелік комитетімен 
ұйымдастырылған көпшілік шараларда, немесе көп адам жиналатын 
жерлерде, мысалы, Қоянды жәрменкесінде көрсететін. Бір кездері олармен 
бірге тірі кездерінде аңызға айналған Қажы Мұқан мен Майра Валеевалар 
(Павлодарлық) өнер көрсеткен.
1926 жылдың қаңтар айында, қазіргі кезде М.Әуезов атымен аталған, 
осы кісінің «Еңлік-Кебек» пьесасын қойып және концерт беріп алғашқы 
кәсіби қазақ театрының салтанатты ашылуы болды. 
Жиырмасыншы жылдар қазақ музыкалық өнер тағдыры мен болашағы 
үшін ерекше болды. Бұл бірінші кезекте бірегей музыкатанушы және 
композитор Александр Викторович Затаевичтың шынайы батыл әрекетімен 
байланысты болды. Көптеген жылдар бойы революцияға дейінгі уақыттан 
бастап, әсіресе 20-шы жылдары ол көліктің барлық түрлерімен, ал кейде 
жаяу, аймағы өте үлкен Қазақстанның барлық аймақтарын шарлап, қазақ 
халқының музыкалық шығармашылығын жазып алған. Нәтижесінде 1925 
жылы оның «Қазақ халқының 1000 өлеңі» атты жинағы шықты, бұл жинақ 
туралы М.Горький былай деп айтты: «Бұл болашақ Моцарт, Бетховен, 
Шопен және Григтер үшін таптырмас байлық». Затаевич жинағы – 
«мыңжылдық мәдени мұра» - деп жазды Б.Астафьев. 
Бұрынғы ССРО халықтарының, оның ішінде қазақ халқының 
тарихындағы басқа қайғылы кезең 30-шы жылдардағы саяси репрессиялар. 
Репрессиялар – тоталитарлық режимнің 
тіршілік ету
түрі. Тоталитарлық 
режим басқаша ойлауға төзбейтін болғандықтан тоталитарлық деп аталады. 
Большевизмнің кез келген басқаша ойлауға төзбейтіндігі туралы Ленин 
өзінің «Не істеу керек» деген жұмысында сөз қылған. Бірақ басқаша 
ойлаумен күрес оппозицияға қатысты жазалау шараларын қолдануға 


айналды, әсіресе, Сталин 1922 жылы партияның ОК Бас Хатшысы болғаннан 
кейін. Түрлі оппозициялық топтарға әр түрлі атақтар тағып қою кеңінен 
қолдана бастады: троцкисттерге – социал-демократиялық уклонды, 
бухаралықтарға – оң уклонды, барлық националдарға – ұлтшылдық.
Ұлтшылдармен күрес партияның үлттық мәселедегі ұстанымынан 
шығатын. Мұнда формальды түрде партияға ұлттық мәселеге қатысты екі 
жақты күрес жүргізу керек деп жарияланатын: ұлтшылдыққа қарсы және ұлы 
державалық шовинизмге қарсы. Бірақ іс жүзінде партия тарихынан біз бірде-
бір ұлы державалық көзқарасы немесе әрекеті үшін жауапкершілікке 
тартылғаны туралы естіген емеспіз, ал ұлтшылдық күнәсі кез келген ұлтыққа 
жабыстырылатын. Партияның жоғарғы жағында отырғандардың мұндай 
позициясын 
түрлі 
дәрежедегі 
функционерлер 
баяғыда-ақ 
танып, 
ұлтшылдықпен күрес – ұтылмайтын карта, ол үшін әр қашан марапат пен 
мадақ алуға болатындығын түсінді.
30-шы жылдардағы репрессиялар бұрын соңды болмаған ауқымға жетіп, 
он, жүз мыңдаған қарапайым адамдар оның құрбандарына айналған. Бірақ 
20-шы жылдардың басында репрессияларға ең алдымен идеялық-саяси 
себептермен, ал нақты айтқанда «Алаш» партиясының жетекшілері 
ұшырайтын. Түрлі сылтаулармен республикадан танымал мемлекеттік және 
қоғам қайраткерлері шығарылып жіберілді – Н.Нұрманов, Т.Рысқұлов, 
С.Ходжанов, М.Мұрзағалиев. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы 
Ж.Мыңбаев, ағарту халық комиссары С.Садвақасов, егін шаруашылығы 
халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және т.б. қызметтерінен алынды. Қазақ 
жұмысшыларының көпшілігі топтық күресте айыпталды, мұны VІ-шы 
өлкелік партконференция растайды (1927ж. қараша). Бірақ басты 
«топтастырушылардың» бірі С.Садвақасовтың ісімен арнайы айналысқан 
ВКП (б) Орталық Комитеті мұндай топ анықтаған жоқ.
20-шы жылдардың соңына қарай жағдай шиеленісуі мен күдіктену 
жаппай орын алды. Орталықта троцкий-зиновьев оппозициясымен және 
ұлттық республикаларда «оң оппортунистермен» күрестің шиеленісуі ұлт-
азаттық қозғалыстың өкілдерін жазалаудан байқалды. 1928ж. соңында 
жалған айыппен 44 адам тұтқындалды, олардың ішінде «буржуазиялық 
ұлтшылдар» деп аталған Алаш Ордасының бұрынғы қайраткерлері де бар – 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Х.Габбасов және т.б. 
құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақпаев және т.б. бар басқа 
ұлттық зиялық қауым тобы (40 адамға жуық) 1930ж. қыркүйек-қазан 
айларында тұтқындалды.
20-шы жылдар соңында 30-шы жылдар басында ССРО әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленіскен сайын бүлдіргіш 
антисоветтік элементтерді және астыртын ұйымдарды іздеу қарқыны 
жоғарылай бастады. Орталықтағыдай сияқты («проартиясы» және «шарулар 
партиясы» ісінің қаралуы) Қазақстанда ұлттық нұсқада жауларды іздеу 
басталды. Кәсіпорындар шахталарындағы кездейсоқ апаттарды, колхоздар 
мен совхоздардағы мал өлімін, өрт және басқа да апаттарды таптық жаулар 
себептерімен түсіндіретін. 1932ж. Семейде, осы облыстың Абралы, 


Шынғыстау, Кувск аудандарында орталығы Алматыда орналасқан іс жүзінде 
жоқ «Қазақстанның шаруалар партиясының» филиалы «ашылды».
Мәскеулік процестерге ұқсас жергілікті жерлерде «ашық» сот 
жиналыстары 
ұйымдастырылды, 
мұнда 
айыпкерлерден 
мойындау 
«түсініктері» сығып алынатын. 1937ж. мұндай процестер Урджар, Пресновск 
және т.б. аудандарда өткізілді. Бұрынғы Қарқаралы округінің жетекші 
партиялық-советтік жұмысшыларына жүргізілген қылмыстық іс үлкен 
резонанс тудырды. 1937-38жж. жалған айыппен Т.Рысқұлов, Н.Нұрманов, 
С.Ходжанов, 
У.Құлымбетов, 
У.Жандосов, 
А.Досов, 
Асылбеков, 
Ж.Садвақасов, Л.Мирзоян, А.Сарабеков, Ж.Сұлтанбеков, Т.Жүргенов, 
Н.Сырғабеков, З.Төреғожин сияқты және көптеген басқа да Қазақстанның 
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері репрессияға ұшырады. Қазақ 
ғылымы 
мен 
мәдениетіндегі 
орны 
толмас 
қаза. 
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, 
С.Асфендияров, К.Жұбанов, Ж.Шанин, К.Кемегеров және көптеген 
басқалары репрессия құрбандарына айналды.
Сонымен, 30-шы жылдардың соңында тоталитарлық режим қоғамдық 
саяси өмірдің барлық салаларында бекінді. Оның көріністері Қазақстанда аса 
көріксіз түрде бейнеленіп, зорлап коллективтендіру және 1937-1938жж. саяси 
репрессиялар кезеңдерінің қайғылы оқиғаларымен жалғасты.
Өлкеде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанға одақтық 
республика мәртебесінің берілуі, мәдени құрылыс, халықтық білім беру және 
ғылым салаларындағы табыстар тоталитарлық режимнің қатаң идеологиялық 
қыспағымен орын алып жатты. Осының барлығы Қазақстанның ССРО 
құрамында әрі қарай дамуының алдын алды.
Шынайы тарихты қалпына келтіру – бұл мыңдаған жазықсыз 
құрбандардың естелігін құрметтеу және болашаққа тағлым. Қазіргі кезде бұл 
шын мәнінде халықтық іске айналуда. Сондықтан 1997 жыл қоғамдық 
келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп 
жарияланды.
Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, оның ішінде Ұлы Отан соғысы 
кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша көптеген әдебиет баршылық, оның 
ішінде көп томдық Ұлы Отан соғысының тарихы. 1941 жылдың 22 
маусымында фашистік Германия опасыздықпен, соғыс жарияламай Совет 
Одағына шабуыл жасады. 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы барлық кеңес 
халықтары үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін өте ауыр сынаққа айналды. 
Ол әр отбасына қайғы-қасірет әкелді. Кеңес халқы жеңіске жету жолында 20 
млн. адам өмірін құрбан етті. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысын, оның жеке 
эпизодтары мен оқиғаларын бұрмалау жиі кездесуде, бұл тура 
қорлаушылықтың өзі. Кеңес халқы өз болашағын қорғаған. Жаңа әлем жасап, 
оның нәтижелерін көріп отырған халық соғысты. Соғыс алдындағы 
жылдарда жүргізілген фашисттерге қарсы насихат халыққа орасан зор 
ықпалын тигізді. Сандырақ идеялары кернеген фашист басшылары қандай 
мемлекет құрып жатқандығын кеңес халқы түсінген. Азаматтық соғыс 
кезеңіндегі Республика тарихымен танысу барысында, негізінен ел алдында 


тұрған стратегиялық мәселелерді шешуде Қазақстанның үлесі мен атқарған 
ролін анықтап алу керек: жауға тойтарыс беру, жұмылдыру жұмысы, халық 
пен кәсіпорындарды фронт маңындағы облыстардан шығысқа қарай көшіру, 
мықты тылды жасау, барлық қорларды фронт қажеттіліктеріне 
шоғырландыру. 
Соғыс басталғаннан кейін жедел түрде жоғары Төтенше орган – 
Мемлекеттік қорғау комитеті құрылды. Бүкіл ел өмірі – партиялық, 
мемлекеттік, шаруашылық органдардың жұмысы әскери салаға көшірілді. 
Жаппай мобилизация жарияланды. Соғыстың алғашқы күндері әскери 
қызметке бір уақытта әр түрлі 19 жас ішіндегі адамдар шақырылды. 1939ж. 
халық санағы бойынша Қазақстан халқы 6,2 млн. адам құраған. Соғысып 
жатқан әскер қатарына шамамен 1,2 млн. адам және еңбектік әскерге тағы 
700 мың адам шақырылды. Сонымен, әр үшінші қазақстандық Отанды 
қорғауға шықты.
Қазақстандықтардың көпшілігі қызметтегі әскерге марштық толықтыру 
ретінде енді және шамамен үштен бірі республикада қалыптасып жатқан 
құрамалар мен бөлімдерге алынды. Бұл 12 атқыштар және 4 кавалерия 
дивизиялары болды. Әр түрлі әскерлер түрлерінен 7 атқыштар бригадасы, 
шамамен 50 жеке полк және батальон. Оның ішінде 3 кавалериялық дивизия 
және 2 атқыштар бригадалары қазақ ұлттық құрамалары ретінде 
қалыптастырылды. Қазақстанда қалыптастырылған бөлімдер мен құрамалар 
соғыстың алғашқы күндері мен апталарынан ұрысқа кірісті. Бұл 310, 312, 
316, 238, 391, 387 атқыш дивизиялар 39-шы атқыштар және 74, 75-ші теңіз 
атқыштар бригадалары. Соғыс аяқталғанға дейін сақталған барлық 12 
дивизия құрметті атақтар алып, 5 – бір, 4 – екі, ал 2 – үш орденмен 
марапатталды. Қазақстандықтар барлық фронттарда, барлық шешуші 
ұрыстарда – Мәскеу маңында, Сталинградта, Курск доғасында ерлікпен 
шайқасты; Еуропа елдерін босатып, жауды ұясына дейін талқандады. 28 
панфиловтықтардың ерлігі мен табандылығы бүкіл әлемге танымал болды.
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғаушылар ішінде де болды; 
жасақтар мен құрамаларды Т.Ахмедияров, К.Қайсенов, Н.А.Морозов, 
С.О.Түлешев, В.И.Шаруда сияқты қазақстандықтар басқарды. 
Рейхстаг ғимаратына жеңіс туын қазақстандық Р.Қошқарбаев 
біріншілердің бірі болып орнатты. Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына 
ие болған қазақстандық екі жас қыз М.Мәметова және Ә.Молдағұлова Кеңес 
Шығысының жалғыз әйелдері болды. Ұшқыш-штурмовик Н.Әбдіров – 
Н.Гастеллоның ерлігін қайталағандар ішінде бірінші болды.
497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, ал 4 
ұшқыш: Т.Я.Бегельдінов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский бұл атаққа 
екі мәрте ие болды. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерліктері халық 
есінде мәңгі сақталады.
Жауды жеңуде Қазақстан экономикасының ролін асырта бағалау мүмкін 
емес. Қ.Сәтпаевтың еңбегі арқасында Жезді марганецті кен орны 38 күн 
ішінде іске қосылды. Бұл қиын-қыстау кезеңде, Никипольдегі жалғыз сенімді 
марганец кен орны жау басып алған аймақта қалғанда орындалған іс. Қара 


металлургия заводтарының тоқтап қалу қауіпі төнді. Қазақстанға фронт 
маңындағы облыстардан 220 кәсіпорын көшірілді. Өте қысқа мерзім ішінде 
олардың барлығы іске қосылды. Көптеген кәсіпорындар қару-жарақ өндіруге 
келтірілді.
Донбассты уақытша жоғалтып алу жағдайында Қарағанды көмір 
бассейнінің ролі ерекше жоғарылады. 4 жылға созылған соғыста Қарағанды 
кеншілері 34 млн. тонна көмір өндірді – бұл бассейннің жалпы жұмыс істеген 
жылдарының барлығын қосқандағы мөлшерден 3 млн. тоннаға артық. 
Соғыстың бүкіл оттық металы (85%) Шымкент қорғасын заводында 
өндірілді. Республикадағы басқа да түсті металлургия кәсіпорындары 
осындай шешуші роль атқарды. Орал-Ембі мұнай өндіру аудандарының 
кәсіпорындарындағы сұйық отынды өндіру 39% артты.
Республиканың ауыл шаруашылығында да өнеркәсіптегідей қиын 
жағдай соғыс аяқталғанға дейін сақталып отырды. Барлық ер халық, қолда 
бар тапшы автотехника, жылқылардың бір бөлігі жаппай жұмылдырылу 
жағдайында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірілуін ұлғайту қажеттілігі 
аса 
қиын 
мәселе 
болды. 
Бұрын 
соңды 
болмаған 
күштердің 
жұмылдырылуымен 
ауыл 
еңбеккерлері 
фронттың 
және 
тылдың 
қажеттіліктерін бекітілген нормалар бойынша қамтамасыз етіп отырды. 
Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ азық-түлік өнімдерінің, бірінші кезекте 
нанның және басқа да бірінші қажеттілік тауарларының нормаланып бөлінуі 
бекітілді.
Ғылым мен мәдениет те фронт қажеттіліктеріне қызмет етті. 1942 
жылдың наурыз айында ғалымдар халық шаруашылық және қорғаныс 
мәселелерінің 150 тақырыбы бойынша ұсыныстар мен әзірлемелер енгізді. 
ССРО ҒА, Мәскеу және Ленинград киностудияларының Алма-Атаға 
көшірілуі Қазақстанның ғылымы мен өнерін өрлетті. Республикада аттары 
әлемге әйгілі ғалымдар еңбек етті: И.П.Вернадский, В.А.Обручев, 
А.М.Панкратов, А.А.Скачинский, аты шыққан балерина Г.Уланова және т.б. 
Қоршауға алынып, оқ жаудырылып жатқан Ленинградтың көшелері мен 
алаңдарында 100 жасқа келген Жамбылдың «Ленинградтықтар, балаларым 
менің!» үндеу сөздері таралып жатты. Майдан мен тылдың бірлігі халықтың 
майданға жаппай көмек көрсетуімен, қаржы жинаумен және Ұлы Отан 
соғысының майдандарына республика делегацияларының шығуымен 
бейнеленді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның сол Ұлы Отан 
соғысының бір бөлігі ретіндегі тарихы, халық сын жылдарда жоғары рух 
беріктігін танытып, кез-келген қиындықтарға төзе алатындығын көрсетеді. 
Сонымен қатар, ол алдынғы кезеңдердің қарама-қайшылықтарын да 
көрсетеді, бұл кезде қайғылы теріс құбылыстарға қарамастан, жолында 
құрбан болып, аянбай қорғайтын дүниелер көп болды.
Қазақстан 15 одақтық республикалардың бірі ретінде бұл кезеңде мұнда 
өткізілген шаралардың сипаты мен мазмұнына қарай әр түрлі атаулармен 
аталды: алып АӨК құрылыстарының ауқымына қарай ұлы коммунизм 
құрылысының республикасы, этно-демографиялық процестерге байланысты 


нтернацианолизм зертханасы, Қазақстанда бірегей құрылыс объектілерінің 
орналасуына қарай социалистік лагерьдің ракеталық-ядролық қалқасы.
Елді 30-шы жылдары билеген қорқыныштың артта қалып, жойылуы 
соғыстың және жеңістің маңызды моральды-психологиялық нәтижесі болды. 
30-шы жылдардағы рецидив қайталанбайтындай көрінді. Өкінішке орай 
жағдай басқаша болды. Іс жүзінде кеңестік құрылыс сыртқы және ішкі 
жауларсыз өмір сүре алмайтын болып шықты. Кезекті әлемдік үстемдікке 
үміткер АҚШ жаңа сыртқы жау ретінде аталды, ал оған дем берушілердің 
барлығы – ішкі жау деп танылды. Соғыс аяқталысымен-ақ космополитизмге 
«ғылымдағы буржуаздық объективизмге» қарсы күрес компаниясы басталды. 
Идеологиялық мәселелер бойынша, оның ішінде «Жұлдыз» және 
«Ленинград» ленинградтық әдеби журналдар бойынша БКП (б) Орталық 
Комитеті бір қатар қаулылар қабылдады; ғылым мәселелері бойынша бір 
қатар талқылаулар өткізілді. Ғылым және мәдениет қайраткерлері 
космополитизмде, Батысқа табынуда, советтік болмысты бұрмалауда, 
буржуаздық объективизмде айыпталды. Компаниялар бүкіл одақты қамтыды. 
Яғни, жолдан тайғандарды жергілікті жерлерден де ұлттық нұсқада іздеу 
керек болған. Мұндайлар кешікпей-ақ табылды. Саны көп емес тарихшы-
қазақтардың бірі – Ермұхан Бекмаханов бұлардың ішіндегі біріншісі болды.
1950ж. «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін марксистік-
лениндік тұрғыдан түсіндіру үшін» атты мақала шықты, мұнда 
Бекмахановтың 
«Қазақстан 
ХІХғ. 
20-40-шы 
жылдарында» 
атты 
монографиясына ұлтшылдық деп айып тағылды. Авторы репрессияларға 
ұшырады, бұл мақала 1951 жылдың сәуір және маусым айларында 2 мәрте 
Қазақстанның КП ОК қаралды. Түбегейлі қарастырылғаннан кейін 
Бекмаханов Ғылымдар Академиясынан шығарылды, ал 1952 жылдың 
желтоқсан айында ҚазССР Жоғары Сотының сот коллегиясымен 25 жылға 
сотталды. Тек И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана Бекмаханов ісі қайта 
қаралып, қылмыс құрамы жоқ деп танылып, тоқтатылды.
«Бекмаханов ісі» 40-50-шы жылдардың басында жалғыз іс болған жоқ. 
Республиканың танымал ғалым қоғамтанушылары А.Жұбанов, Х.Жұмашев, 
Б.Сүлейменов, Е.Исмаилов, дарынды жазушы Ю.Л.Домбровский осындай 
әділетсіз саяси айыптардың құрбандарына айналды. А.Әбішев, К.Аманжолов, 
К.Бекхожин, С.Бегалин және басқа да әйгілі ғалымдар мен жазушылар саяси 
және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жасады деп негізсіз айыпталған. 
Құғынға ұшыраған Қазақ ССР ҒА Президенті Қ.Сәтпаев және әйгілі ғалым 
және жазушы М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
Бірақ СОКП ХХ-съезіндегі (1956ж. ақпан айы) жеке адамға табынудың 
айыпталуына қоғамның бір бөлігі «хрущев оттепелі» деп баға берді. Бірақ 
командалық-әкімшілік жүйе негіздері әлсіреген жоқ. «Хрущев оттепелі» 
кезеңіндегі ел басқарылуы бір шектен екінші шекке шексіз жалт бұрылу деп 
сипатталады.
СОКП ОК Қазан Пленумына (1964) қатысушылардың бірі 
тауып айтқандай, Хрущевті ұйымдастырушылық қышуы кернеген. 
Ұйымдастырушылық қайта құрулар қоғамдық өмірдің барлық жақтарын, 
әсіресе ауыл шаруашылығын жанап өтті.


Тікелей Қазақстанға тиісті болған ауыл шаруашылығы саласындағы ірі 
шаралардың бірі шаруашылық айналымға тың жерлердің үлкен массивтерін 
алу – тың жерді иегру болып табылды. Тың жерлерді игеруге кірісудің 
қарсаңында кадрлық өзгерістер жасалды. Қазақстан Компартиясының VІІ 
съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компартиясының бірінші 
хатшысы қызметіне П.К.Пономаренко, хатшысы қызметіне Л.И.Брежнев 
сайланды. Шаяхметовты ығыстыру туралы мәселе Қазақстанның партиялық 
ұйымымен келісілмей, коммунистер кеңесісіз Кремльде шешілген.
Ақпан-наурыз пленумында (1954ж.) 1954-1955жж. өзінде ел шығысында, 
негізінен Қазақстанда 13 млн. га кем емес жерді игеру көзделген. Осыдан 
кейін, 1956ж. тапсырма қайта қаралды. Енді қосымша 25-30 млн. га кем емес 
жерді игеру көзделген. Бұл ауданның жартысына жуығы Қазақстан үлесіне 
келген. Тың жерлерді игеру дәстүрлі түрде кезекті шулы компания ретінде 
өтті. Қарбалас жағдайда жергілікті жалған белсенділермен астық 
шаруашылығына мүлдем жарамайтын, бірақ ғасырлар бойы жайылымдар 
ретінде пайдаланылған миллиондаған гектар жер айдалды. Жел эрозиясы 
мәселесі туындады. Республика халқының кезекті этнодемографиялық 
жағдайының бұзылуы орын алды. Қазақстанға жүз мыңдаған тың игерушілер 
қаптап кетті. 1954 жылдың наурыз айында Қазақстанға негізінен РСФСР, 
Украина, Белоруссия, Молдавиядан ұйымдастырып жинау бойынша 250 мың 
тың игерушілері келді. Бақыланбайтын көші-қон республикадағы байырғы 
халықтың меншікті салмағының 30% төмендегеніне әкеліп соқтырды. 
Нәтижесінде қазақ халқының тіліне және әлеуметтік мәдени институттарына 
объективті қауіп төнді.
Экономикаға келетін болсақ, берілген бөлімде жоғарыда айтылғандай, 
соғыстан кейінгі бес жылдықтарда Қазақстанда алға басу қарқыны сақталып 
отырды. 60-70-ші жылдарда аймақтардың өндіруші күштерін кешенді 
дамыту, АӨК – аймақтық өндіріс кешендерін құру идеясы пайда болды. 
Қазақстанда осындай бірнеше кешен құрылды: Қарағанды, Павлодар-
Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және т.б. Қарағанды металлургия комбинаты, 
Екібастұз көмір кеніші және арзан Екібастұз көмірінің негізінде алып қуатты 
ЖЭЦ, Ертіс-Қарағанды арнасы, республика оңтүстігіндегі химиялық 
өнеркәсіп және түсті металлургия кәсіпорындары сияқты алыптар құрылып 
және құрылыстары жүріп жатты. Республикада ауқымды құрылыс 
индустриясы және құрылыс материалдарының өнеркәсібі құрылды. Бірақ 
олардың барлығы әлі де болса шикізат салаларының кәсіпорындары болды. 
Қазақстандық индустрияның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсті. 
Экологиялық қауіп төнді. Екібастұз ЖЭЦ түтінді ізі Монғолиядан 
анықталды. Арал, Балқаш апатқа ұшырады, шаң дауылы және жел эрозиясы 
туралы жоғарыда айтылып кетті.
Республикадағы экологиялық апат Қазақстанда әлемдік социалистік 
лагерьдің «ракеталық-ядролық қалқасын» құрумен байланысты болды. Семей 
полигонындағы алғашқы ядролық жарылыс 1949ж. жасалды.
Барлығы 500-ге жуық жарылыс жасалды. Тұңғыш кеңестік жасанды Жер 
серігі Байқоныр космодромынан 1957ж. 4 қазанда жіберілді. Қазақстан 


жеріне тек космоновтар қонып қана қоймай, қазақстандықтар басына апатқа 
ұшыраған космостық объектілердің сынықтары түсіп жатты. Семей 
полигонына, Арал маңына, Азғыр полигонына таяу аймақтарда тұрған 
миллиондаған халықтың денсаулығына қауіпті зиян келтірілді. Олар 
сынақтар құрбандарына айналды. Кеңестік жүйенің қарама-қайшылықтар 
шұмағы 70-ші жылдар аяғында 80-ші жылдар басында шарасыз үлкейіп 
жатты. Экономикадағы, экономикалық дамудағы тоқырау осының алғашқы 
және көрнекті көрінісі болды. 
8-ші бес жылдықтан бастап экономика өсімінің, бірінші кезекте 
өнеркәсіптік өнімнің ұдайы төмендеуі байқалды. Егер 8-ші бес жылдықта ол 
7-8% құраса, кейінгі 9-10-шы бес жылдықтарда ол 4-5% төмендеді, ал 11-ші 
бес жылдық жоспары орындалған жоқ. Бұл өсім әр жолы жаңа, өсірілген 
негізде жүзеге асатындығымен түсіндіріліп, жартылай ақталды. Өнеркәсіп, 
құрылыс, ауыл шаруашылығында орын алған дағдарыс құбылыстар 
басшылықты реформалар жасауға мәжбүр етті. Өнеркәсіптегі және 
құрылыстағы бірінші жарияланған ірі экономикалық реформа 60-70-ші 
жылдары өткізілді, сол кезде ауыл шаруашылығында да орын алды. Ол 
басқарудың жаңа жүйесіне көшу, экономикалық ынталандыруды жоспарлау 
деп аталды. Бірақ күтілген тиімділікті реформа ақтаған жоқ. Өйткені 
командалық-әкімшілік жүйе өзгеріссіз қалды. Бұл кезде 1979ж. басталған 
екінші, қосымша реформа қажет болды.
Кеңес экономикасы өзіндік құн, энергия сыйымдылығы, материал 
сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, тауарлар сапасы деген сияқты сапалы 
көрсеткіштерде әлемдік экономикадан бірнеше ретке артта қалды. 10-шы бес 
жылдық тиімділік бес жылдығы деп, ал 11-ші бес жылдық тиімділік және 
сапа бес жылдығы деп жарияланғанына қарамастан, жағдай өзгерген жоқ. 
Ұрандармен іс түзетілмейтіні, маңызды шаралар қажет екендігі анық болды. 
Тек кейіннен ғана, қайта құру жағдайында экономикалық қиындықтар 
панацеясын үш «Ө»-ден іздей бастады: өзін-өзі өтеушілік, өзін-өзі 
қаржыландыру және өзін-өзі басқару. Еңбек ұйымдастырылуында 
бригадалық мердігерлік енгізілуі насихатталды. Өзін-өзі өтеу және өзін-өзі 
қаржыландыру үшін өзін-өзі басқару қажет екендігі анық. Бірақ ол болған 
жоқ. Сонымен қатар өзін-өзі билеу жұбанышы бағаларды өсіру арқылы пайда 
түсіру үшін қолданылды. Күрделі экономикалық қиындықтар туралы СОКП 
ХХVІІ съезінде ашық айтылды. Тоқырау құбылыстары қоғамдық өмірдің 
барлық салаларын, бірінші кезекте экономиканы қамтығанын, бұл 
стратегиялық апатқа әкелетіндігін мойындап, съезд стратегиялық курс 
жариялады – тоқырауды үдету жолымен жеңу. Дәл үдету арқылы. СОКП 
ХVІІ съезінде қайта құру туралы сөз де болған жоқ. Бірақ үдету орындалмай 
жатты. 1986ж. шамалы жанданудан кейін экономика депрессия фазасына 
енді, ал кейбір жерлерде тіпті артқа шегіну де орын алды. Сонда, 1986ж. 
жазында басшылық бірінші рет қайта құру қажеттілігі туралы, басқаруды 
демократизациялау арқылы қайта құру, төменгі басқару құрылымдарының 
өзін-өзі басқаруын кеңейту туралы сөз қозғады. ХІХ Бүкіл одақтық 
партиялық конференция – соғыстан кейінгі кезеңдегі алғашқы партиялық 


конференция (1988) осы кампанияның кемеліне айналды. Әлеуметтік салада 
өткір қарама-қайшылықтар сақталып отырды. Соғыстан кейінгі бес 
жылдықтарда, әсіресе 70-ші жылдары еңбекақының минимум мөлшері айына 
70 рубльге дейін көтеру, зейнетақының орташа мөлшерін 51,1 рубльдан 93,3 
рубльге 
дейін 
көтеру 
сияқты 
ірі 
әлеуметтік 
шаралар 
жүзеге 
асырылғандығына қарамастан, өсіп келе жатқан құнсыздану және аты шулы 
тапшылық үшін нақты еңбекақы төмендеп, 1985 жылы «қайта құру» 
басталған кезеңде рубль 60-шы жылдардың ортасындағы 54 тиынына тең 
болды.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағынуы, 
әлеуметтік-мәдени сала мәселелерінің дұрыс бағаланбауы, халықтың өмір 
сүру деңгейін анықтайтын көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан жалпы 
одақтық көрсеткіштерден артта қалуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның 
көптеген аудандары, ең алдымен Семей полигоны әсер ету аймағында, Арал 
маңында орналасқан аудандар апатты жағдайда болды. Көпшілігі 
тұрғылықты халық тұратын ондаған алыстатылған ауыл аудандары қалыпты 
медициналық көмекпен, ауыз сумен, көкөністермен, жемістермен 
қамтылмады, бала бақшалар, кітапханалар жетіспеді.
Соғыстан кейінгі кезең, әсіресе 60-70-ші жылдар ұлттық мәдениеттің 
күшейіп келе жатқан құлдырауымен сипатталады. Ұлтаралық қатынастар тілі 
– орыс тілі деп, бұл тіл кеңес адамдары үшін екінші ана тіліне айналды, 
мұнда орыс тілі жаңа тарихи ортақтық белгілерінің бірінің расталуын табады 
деп көз бояды, ал шын мәнінде мемлекеттік орыстандыру саясаты өткізілді. 
Қазақ мектептері жабылды немесе олар орыс тілде оқытуға көшірілді. Өсіп 
келе жатқан ұрпақты ана тілінен айыру бүкіл ұлттық мәдениет тамырларын 
үзді.
1979 ж. оқиғалары ұлттық қатынастарда үдеп келе жатқан 
қайшылықтардың көрінісі болды. Целиноградта қабылданған – Қазақстан 
аймағында неміс тәуелсіз облысын құру туралы шешім халықтың 1979ж. 16 
маусымдағы наразылық акцияларын туындатты. Жарияланған қайта құруға 
қарамастан, жүйе өзінің стратегиялық ұстанымдарын өзгертпейтіндігін 
республикадағы 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғалары көрсетті. 30-
шы жылдардың ең нашар үлгілерінде орындалған республикалық 
басшылықты ауыстыру тәсілі озбырлықтың кез-келген көрінісіне тез әсер 
ететін жастардың наразылығын туындатты. 
Қазақ жастарының 1986ж. шығуы ұлтшылдық болған жоқ. Ол басқа 
халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталған жоқ. Шеру 
бейбітшіл және саяси сипатты болды, мемлекеттік құрылысты құлатуға 
шақырған жоқ. Дегенмен, республиканың және орталықтың партиялық-
бюрократтық құрылымдар тарапынан бұл шеру жастардың ұлтшылдыққа 
бағытталған экстремистік бөлігінің көтерілісі деп бағаланды. Үкімет шеруге 
шыққандарды алаңда аяусыз жазалаумен шектелмей, жастардың көп бөлігін 
сот құғынына ұшыратты. СОКП ОК қазақ ұлтшылдығы туралы масқаралы 
қаулысы шықты, тұтас бір ел ұлтшылдықта айыпталды, бұл айыптау тек 


қазақстандық делегация бұл мәселені ССРО халық депутаттарының І-
съезінде күн тәртібіне қойғаннан кейін ғана алынды.
80-ші жылдардың соңы Кеңес мемлекетінің ыдырауының басталуымен 
ерекшеленді. Халық депутаттарының І-ші съезінің өзінде суверенитет, 
экономикалық дербестілік, өкілеттікті орталық пен федерация субъектілері 
арасында бөлу, жаңа одақтық келісім жасау идеялары талқыланды. Жаңа 
болмысты ескеріп, Одақты реформалау идеясы автономиялар жағынан кең 
қолдауын тапты. Қазақ ССР-де республиканың өзін-өзі басқару және өзін-өзі 
қаржыландыру 
концепциясы 
әзірленді. 
Республика 
тәуелсіздігін 
экономикалық және саяси салаларда нақты толықтыру қажеттілігі туралы 
шешімді айтылды.
ХІХ партиялық конференциядан кейінгі кезең, 80-шы жылдар соңы 
қоғамның шапшаң саясаттаныдырылу кезеңі. Жиі жағдайда үкіметке қарсы 
келетін жаңа қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. Шахтерлер, оның ішінде 
қарағандылық шахтерлердің көтерілістері қоғамды дүрліктірді. ССРО халық 
депутаттарының І-ші съезі қоғам саясаттаныдырылуына қуатты импульс 
берді, бұл съез отырыстарының көрсетілімі көп миллионды аудитория 
зейінін аулады. Өкімет жағдайды бақылай алмады. Елде мемлекеттік билік 
жүйесінің және экономиканың қарқынды күйреп жатқан жағдайында 
Қазақстанда президенттік басқаруды енгізу заңдылық болды. 1990ж. 24 
сәуірде республиканың Жоғары Кеңесімен Қазақ ССР Президенті посты 
құрылды және парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде бұл 
қызметке Н.Ә.Назарбаев тағайындалды. Президенттің Семей ядролық 
полигонында сынақтарды тоқтату туралы, ҰОС қатысушыларына әлеуметтік 
көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстандағы демократиялық 
өзгерістердің өзіндік елеулі кезеңдеріне айналды. Республиканың Жоғары 
Кеңес Президиумы Алма-Атыда 1986ж. 17-18 желтоқсанында орын алған 
оқиғаларға байланысты жағдайлардың қорытынды бағалануы бойынша 
арнайы комиссия құрды.
1990ж. 25 қазанында республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР 
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады. 1991ж. ортасына 
қарай Қазақстан басқа да республикалар қатарында орталыққа оппозиция 
құрды. Қазақстан бастамасымен Белоруссия, Украина, Ресей және басқа да 
республикалармен бір-бірінің тәуелсіздігін, өзара тиімді экономикалық 
байланыстар орнататын қалыптасқан шекараларды мойындайтын екі жақты 
келісімдер жасалды. 1990ж. желтоқсан айында төрт республика – Ресей, 
Украина, Белоруссия және Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру 
туралы ұсыныс жасады. Жаңа огарлық келісім жасау бойынша біріккен 
жұмыс басталды.
1991ж. тамыз оқиғалары бұл жұмысты тоқтатып, ССРО ыдырауын және 
бұрынғы одақтық республикалардың, оның ішінде Қазақстанның 
тәуелсізденуін тездетті. Осындай күрделі жағдайда қазақстандық 
мемлекеттілікті 
демократизациялау 
шегінде 
ҚазССР 
Президентіне 
республикада жоғары атқарушы және жарлықшы өкіметінің басшысы 
ретінде жеткілікті өкілеттілік беру қажеттілігі туындады. Бұл өкілеттілік 


1991 ж. 20 қарашада Жоғары Кеңеспен қабылданған Қазақ ССР «Қазақ ССР 
мемлекеттік өкімет және басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ ССР 
Конституциясына (негізгі заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Заңымен ұсынылды. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттілік дамуының 
динамикалық процесі басталды. 1991ж. 1 желтоқсанында Қазақстан 
тарихында бүкіл халықтық тұңғыш Президент сайлауы өтті. Халықтың 
демократиялық еркін білдіру нәтижесінде Президент болып Н.Ә.Назарбаев 
сайланды. Республикада өзгертулер жасалды: құқық қорғау органдарының 
департизациясы. Президент Жарлығымен мемлекеттік кәсіпорындар және 
одаққа бағынышты ұйымдар Қазақ ССР Үкіметінің құзырына берілді. 
Республиканың сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, 
Қазақстанда алтын және алмаз қорларын жасау туралы жарлықтар 
шығарылды.
1991ж. 10 желтоқсанда бүкіл халықпен сайланған тұңғыш Президент 
қызметіне кірісті. Республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР-ді Қазақстан 
Республикасы деп қайта атау туралы шешім қабылдады. 1991ж. 16 
желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аймағында 
толық билікке ие, сыртқы және ішкі саясатын өз бетімен анықтап, жүргізетін 
демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет