Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды



бет2/7
Дата19.05.2023
өлшемі290,78 Kb.
#94980
1   2   3   4   5   6   7
1.Жаратылыстану

2.Қазақ тілі

3. Әдебиеттік оқу

4. Математика




«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы

8-сабақ.
Жануарларды қалай қорғауға болады, 42-бет

9-сабақ. Табиғат ғажайыптары.
Буын үндестігі, 24-бет

Туған жердің таулары,
32-бет

Кеңістіктік геометриялық
фигуралар. Көлемді өлшеу, 40-бет

1. Жаратылыстану. Жаратылыстану пәнінде «Жануарларды қалай қорғауға болады?» тақырыбын қозғаймыз. Сабақтың оқу мақсаты 4.2.2.9 Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсатын түсіндіру [16].
8-сабақ. Мәтінді оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Сирек кездесетін және жойылу шегінде тұрған жануарлар еліміздің Қызыл кітабына тіркеліп, қорғауға алынғаны белгілі. Сонымен қатар азайып бара жатқан жануарлардың санын көбейту үшін табиғи ортасын сақтап, арнайы өсіреді. Осындай ерекше қорғауға алынған аумақты Қорық деп атайды. Елімізде 10 мемлекеттік қорық құрылған. Олар: Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Қаратау, Үстірт, Марқакөл, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай және Барсакелмес. Қорықтың мақсаты – саны азайып, жойылу қауіпі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Мысалы, Қорғалжын қорығында әлемде сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздар қорғауға алынса, Ақсу-Жабағылы қорығында Грейг өызғалдағы өсіріледі. Қорықтар мемлекеттің қарамағында және қорғауында болады.Сабақта мәтінді мәнерлеп оқытамыз. Ондағы термин сөздерді оқулықтың соңындағы сөздік арқылы ұғымын танысамыз [17;42-43]. Мысалы, қорық, ұлттық саябақ, қызыл кітап және т.б. Мәтінді мазмұндау үшін жоспарлаймыз.

  • «Қызыл кітап» дегенді қалай түсінеміз?

  • Қорықтың анықтамасы қандай?

  • Қорықтың құрылу мақсатын ата?

  • Ұлттық саябақтардың құрылу мақсатын ата? – деген сұрақтар арқылы тақырыптық бөлімнің түсінік жүйесін түзеді. Мәселен, ол былай болуы мүмкін:

  • Қызыл кітапта сирек кездесетін және жойылу шегінде тұрған жануарлар тіркелген.

  • Сирек кездесетін немесе жойылу шегінде тұрған жануарлар мен өсімдіктерді арнайы өсіріп, санын көбейтетін, мемлекет тарапынан қорғалатын аймақты қорық деп атаймыз.

  • Қорықтың мақсаты – саны азайып, жойылу қауіпі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

  • Ұлттық саябақтарды құрудағы басты мақсаты – табиғаты көркем аумақтарды сақтап қалу.

Білім алушыларға танымдық тапсырмалар ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет