Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды



бет6/7
Дата19.05.2023
өлшемі290,78 Kb.
#94980
1   2   3   4   5   6   7
2-тапсырма. Өлеңде аталған тауларды картадан ізде .
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау» әнін тыңдатып, бес жолды өлең құрастыру тапсырылады. Осындай тапсырмаларды орындау барысында пәнаралық, пәнішілік байланыс орын алады. Тақырыпты меңгеруде қазақ тілі, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін ұсынылған тапсырмаларды шешуде қолдана алды.
Білім алушы әдебиеттік оқу пәнінің құрылымдық сипатының сабақтастық жүйесін және пәнаралық байланыстың жүйесін жақсы түсінсе, әдеби көркем шығармалардың идеялық мазмұны, ерекшеліктері туралы толық дерек алады. Және ондағы оқиғалар, ой-пікірлер, тарихи жағдайлардың өзара сабақтас, тәуелді екенін терең түсінеді.
«Тіл және әдебиет» саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін полилингвистикалық білім беру, коммуникативтік, тілдік, мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру, сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту және т.б. білімдерді кіріктіру қажет. Тілге қатысты функционалдық сауаттылық – тілдік ережелерді түсіну – тілдік нормаларды сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру болады [18;10].
4.Математика. Келесі зерттеуімізді математика пәнінен «Кеңістіктік геометриялық фигуралар. Көлемді өлшеу» тақырыпқа тоқталамыз [21;40]. Ортақ тақырыпқа қатысты деректері бар есептер құрастырады, шешеді.
Адам табиғаттан ажыратылмайды. Математика сабағында дүниетанымдық тақырыптағы тапсырмаларды шешу білім алушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырады, ынталы, ізденімпаз адамдарды тәрбиелейді. Мысал келтірейік:
1-тапсырма. Сен туған өлкенің табиғатына байланысты аңыздарды білетін болсарсың. Мысалы, Бурабай туралы аңыз. Тау нені есіңе түсіреді? Қоршаған ортадан осы сияқты пішіндегі заттарды ата? (40бет, 1А тапсырма). Бұл тапсырманы орындауда білім алушылар әдебиеттік оқу пәнінен өткен «Қазақстан таулары» өлеңінде аталған тауларды суреттеп, орындайды.
2-тапсырма. Айналаңнан шамамен көлемі осындай заттарды табуға тырыс (41бет, 3А тапсырма).

Математика сабағында кеңістіктегі геометриялық фигуралармен танысу кезінде білім алушылар таулармен фигураларды салыстырады. Табиғатта геометриялық денелердің маңыздылығы өте үлкен және мысалдар жаратылыстанудан, дүниетану пәндерінен беріледі.
Жаратылыстану – ғылыми циклдің барлық пәндерін оқыту математикамен байланысты. Математика білім алушыларға күнделікті өмірде және адамның еңбек қызметінде қажетті, сондайақ аралас пәндерді (жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек және т.б.) үйрену үшін маңызды білім мен білік жүйесін береді. Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін материалдарды және есептеу құралдарын пайдаланып практикалық есептерді шешу барысында нақтылы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу, практикалық және танымдық проблемаларды шешу және т.б. білімдерді кіріктіру қажет [18;11].Тәжірибе көрсеткендей, пәнаралық байланыстардан тыс оқушылардың дүниетану көзқарастары толық емес және жеткіліксіз негізде орнығады, себебі әлемнің бірігей, толық бейнесі және оның дамуының заңдылықтары толық деңгейде ашылмайды. Мазмұнның идеялық бағытталуын пәнаралық байланыстар тереңдетеді, ол танымдық қызметті де байытады, мектеп оқушыларының дүниетаным пікірлерін қалыптастыруға негіз жасайды.Бұл жүйені пәнаралық байланысты қазақ тілі пәні арқылы, әсіресе оқушылардың тілін дамыта оқытуға пайдаланамыз. Атап айтқанда, оқушылардың сөйлеу әрекетінің дамуы ойлау, таным әрекеттерімен байланысты, сондықтан оқушылардың әр пәннен алған танымдық, білімдік материалдарын жүйелі түрде мәтін құрауға пайдаланады, яғни ауызша, жазбаша түрде іске асырады. Бұл оқушының тілін дамыта оқытуға алып келеді. Сондай-ақ баланың әр пән оқулығындағы мәтінді түсініп оқиды, есте сақтайды, келесі адамға айтады, жеткізеді. Бұл оқушының тілінің дамуына әсер етеді. Пәнаралық байланысты іске асырудың ең тиімді әдістері болып сана-сезімдік қызмет, оқушылардың жұмысқа деген өзіндік дағдыларын дамыту болып саналады. Осы мақсатта арнайы түзілген тапсырмалар ұсынылды. Білім алушыларға пәнаралық тапсырмалар үлкен қызығушылықты туындатады.
Пәндер арасындағы байланысты орнату үшін 4 пәннің тақырыптарын топтастырып, әр пәнді әрқырынан қарауға, оның барлық байланыстарын ашуға тырыстық.
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Біз пәнаралық байланысты барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін "ортақ" тақырыптарды пайдаландық. Бұл бағыттың құндылығы спиральдік принципі, яғни біртіндеп оқу мақсаттарының күрделенуі. Айта кету керек, білім алушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға негізделген оқыту мақсатына баса назар аударылған, сондықтан білім алушылардың санасында әлемнің тұтас бейнесін құру, сондай-ақ жеке тұлғаның даму жағдайларын қамтамасыз ету қажеттілігі анықталды. Білім алушылар бір пән аясымен шектелмей, оны өзге сабақтас пәндермен байланыстыра отырып, пәнді еркін меңгеруге мүмкіндік алды:

  • Пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымдық көзқарас қалыптасты;

  • Жеке пәндерге тән ортақ қасиеттерді білді;

  • Ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарды тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет