1-тапсырма. Суретке қарап, Марқакөл қорығының табиғатын сипаттап, мәтін құрастыру (әдебиеттік оқумен пәнаралық байланыс).
2-тапсырма. Мәтіндегі буын үндестігіне сәйкес келетін сөздердің астын сыз (қазақ тілімен пәнаралық байланыс).
3-тапсырма. Қазір өз ойларыңдағы қорықтың моделін жасаңдар (математикамен пәнаралық байланыс).
Бұл тапсырмаларды басқа пәндермен байланыстыра жүргізу үшін әдеби кітаптардан, сыныптан тыс оқуға берілген көркем әдеби шығармалардан, газет және журналдардан мәтін іздеп табуға тапсырма беруге болады. Нәтижеде, білім алушылар мәтіндерді игеру арқылы білімін арттырады. Мәтіннің құрылымын игереді, мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін игере бастайды. Бұл білімдерін пәнішілік байланыста кеңіте түсуге болады. Сондықтан, оқушылардың жаратылыстану саласы бойынша функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда кіріктіру немесе пәнаралық байланыстың болуы маңызды. Өйткені адам, қоғам, табиғат туралы ұғымдар кiрiктiрiлiп бiртұтастықта берiлуi керек [18;13].
2. Қазақ тілі. Зерттеу барысында келесі қазақ тілі пәніндегі 9-сабақ. Табиғат ғажайыптары. Буын үндестігі тақырыбына тоқталайық, тақырыптың оқу мақсаты 4.2.5.1 - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтінбойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау [19;24-25].
1-тапсырма. Қазақстан қорықтары мәтінін оқы.
«Қазақстан қорықтары» мәтіндегі мәліметтерді пайдалана отырып, кестені толықтыр. Кесте 2
Қорықтар
|
Аумағы
|
Жануарлары
|
Өсімдіктері
|
Құстары
|
Барсакелмес
|
|
|
|
|
Марқакөл
|
|
|
|
|
Алакөл
|
|
|
|
|
Тапсырманың мақсаты: мәтіндегі деректерді пайдаланып, кестені толтырады және мәтіндегі қарамен берілген сөздердің буын үндестігіне сәйкес келе ме, себебін дәлелдейді.
Тапсырманы орындау нәтижесінде білім алушы:
мәтіннің мазмұның жете түсінеді;
буын үндестігіне сәйкес келетін сөздерді іздеу нәтижесінде назары тұрақталады; - таныс, таныс емес ақпараттарды ажырата алу дағдысын дамытады; - дереккөздерден қажетті ақпаратты таба біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |