Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды



бет4/7
Дата19.05.2023
өлшемі290,78 Kb.
#94980
1   2   3   4   5   6   7
2-тапсырма. Қорыққа кірмес бұрын мынадай экологиялық белгілер кездесті.Осы белгілер туралы не айта аласыңдар? Неге мұндай белгілер салынған?

3-тапсырма. Берілген бөліктерден сөздер құраңдар. Ал сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
1.Ла, кер, ай 2.Ес, әу, қой 3. Бек, ең, қор
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында жаратылыстану пәнінен алынған мәліметтер білім алушыларды қызықтырады. Қазақ тілі мен жаратылыстану пәндерінде пәнаралық байланыс байқалады. «Қорықтар аумағы» бөлігіне қажетті деректерді түрлі дереккөздерден (жаратылыстану пәнінен) тауып, мәтіндегі Барсакелмес, Марқакөл, Алакөл сияқты сөздер буын үндестігіне сәйкес келетінін және оның себебін дәлелдейді. Біріккен сөздер, қос сөздердің анықтамасын береді. Мәтін бойынша мынадай тілдік, логикалық жұмыстар жүргізіледі, ол стилистикалық ұғымдармен байланыстырылады. Мәселен, мәтінді оқып, талдау кезінде қорық, кекілік, ителгі, бірқазан сияқты сөздердің түсінігі жаратылыстану, дүниетану пәндерімен байланысты беріледі. Шығарманың мазмұны, мәні сонда ғана түсінікті болады. Мәтін талданып болған соң балалардан ондағы кейбір сөздердің мағынасы, қызметі сұралады, белгілі бір мәтіндегі буын үндестігіне сәйкес келетін сөздерді тауып, себебін дәлелдейді. Жалпы, осындай танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Тұжырымдағанда, қазақ тілін пәнаралық байланыста оқыту мына мақсатта жүргізіледі:

ету ретінде;

  • білім алушылардың тілін дамыту мақсатында.

Пән мен пәнді байланыстыру білім алушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылды. Пәнаралық байланыс білім алушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет