Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата29.01.2017
өлшемі5,73 Mb.
#2947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1.
 
Үлкен қағаз бен маркер керек. 
2.
 
Оқушыларға  «Қалай»  немесе  «Неге»  деген  сұрау  есімдіктері  қолданылатын 
сұрақтар қойылады. 
3.
 
Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.  
4.
 
Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау 
есімдігін пайдаланады.  
5.
 
Мұғалімдер  идея/ұсыныс  толық  қарастырылғанша  дейін  бірдей  сұрағы  бар 
сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.  
 
 
 
 
 
 
Зерделеніп отырған мағына: Жергілікті қоғам, қауым 

 
Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?  
-
 
Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.  

 
Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз? 
-
 
Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.  

 
Хабардарлықты қалай арттыра аламыз? 
-
 
Онлайн-форум жүргізу арқылы. 

 
Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз? 

14 
ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ 
  
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 ойлау, шешім қабылдау;  

 проблемаларды шешу
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдісті  қолдану  кезінде  оқушыларға  белгілі  бір  тақырып  байынша  өздерінің 
ойларын,  сезімдерін,  идеяларын  және  ұсыныстарын  жазу  ұсынылады.  Осы  әдіс  «Күрделі 
жауаптар тақтасы» әдісіне ұқсас
 
Сыныпты жоспарлау 
Бұл жаттығуды жүргізу үшін үлкен қабырға қажет болуы мүмкін. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1.  Бөлменің  бір  бөлігі  граффитиге  арналған  тақтаға  берілген,  онда  оқушылар 
талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.   
2.  Оқушылардан  әртүрлі  уақытта  граффитиге  арналған  тақтаға  «БББ» 
тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы сұрақ туралы не ойлайды, не «біледі», 
нені  «білгісі  келеді»  және  тақырыпты  талқылау  қорытындысында  олар  нені  «білгендігі» 
сұралады. 
3. Жауап алу жүргізу нәтижесінде туындаған түсініктемелер де жазылады.  
4.  Оқушылар  тақырыпты  талқылау  барысында  кез  келген  уақытта  граффитиге 
арналған тақтаға өз ойларын жазуға ұялмаулары керек.  
5. Тақырыпты талқылау соңында граффитиге арналған тақтаны сұрақтарды қорытып, 
тұжырым жасау үшін пайдалануға болады. 
 
 
 
 

15 
ӘУЕ ШАРЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар:  

 
басқалармен жұмыс; 

 
ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу; 

 
ақпаратты басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдісті  жоспарлау  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.  Ол  оқушыларда 
проблемаларды  салыстырып,  оның  салдарын  болжау,  белгілі  бір  іс-шараны  жоспарлап, 
ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар  тақтаның  немесе  қабырғаның  жанында,  болмаса  топтар  үстел  басында 
жұмыс істей алады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1.
 
Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.  
 
2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:  
- Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің 
есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.  
-  Жоба  табысты  болуы  үшін  оларда  не  болуы  керек?  Оқушылар  жобаның  табысты 
болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.  
-  Оны  не  кідіртеді?  Зәкірдің  жанына  оқушылар  жобаның  табысты  басталуына  кедергі 
жасайтын факторларды жазады.  
-  Оған  қатты  жылдамдықпен  ұшуға  не  көмектесе  алады?  Оқушылар  әуе  шарына 
тікелей  қатысы  жоқ,  алайда  жобаның  алға  жылжуына  септігін  тигізетін  жұмысқа 
қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.  
-  Шарды  бағытынан  не  шатастыра  алады?  Оқушылар  шардың  екі  жағына  жобаны 
орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.  
3.  Тапсырманы  аяқтағаннан  кейін  оқушылар  жоспарлау  үдерісін  одан  әрі  жақсарту 
мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.  
4.  Идеяларды  одан  әрі  зерделеу  үшін  «Бес  сұрақ»  сияқты  қосымша  тәсілдерді  пайдалануға 
болады.  
 
 
 

16 
ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар:  

 
басқалармен жұмыс; 

 
креативтілік; 

 
ойлау, шешім қабылдау. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  шығармашылық  рөлдік  тапсырма  белгілі  бір  мәселені  талқылауға  және  ақпарат 
алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.  
Сыныпты жоспарлау 
Топқа  қаратып  бір  «ыстық»  орындық  қойылады.  Болмаса  барынша  жайлы  пікір 
алмасуға  жағдай  жасау  мақсатында  «ыстық»  орындықты  дөңгеленіп  отырған  балалардың 
ортасына қоюға болады.  
Жұмыс алгоритмі 
1.  Оқушыларға  белгілі  бір  персонаж  беріледі  немесе  олардың  өздері  қарастырылып 
отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.  
2. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды. 
3.  Топтағы  басқа  оқушылар  «ыстық»  орындықта  отырған  адамға  қою  үшін  күрделі 
сұрақтарды дайындайды.  
4. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя 
бастайды.  Бұл  оқушыларға  адамның  қиналысын  сезініп,  өздері  келіспейтін  көзқарасты, 
пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.  
5.  «Ыстық»  орындықтың  тақырыбы  жел  электр  стансаларын  пайдалану,  адамдарды 
клондау,  Ирактағы  соғыс  сияқты  проблемалар  немесе  идеялар  болуы  мүмкін.  Бұл  тәсілді 
пайдаланғанда  сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады.  Жаттығудың аяғына қарай 
мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады. 
6. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда 
оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.  
7.  Тапсырманы  орындағаннан  кейінгі  жауап  алу  кезінде  оқушыларға  төмендегідей 
сұрақтар  қоюға  болады:  олар  не  білді,  оларға  не  қызықты  болды,  «ыстық»  орындықтағы 
адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.  
 
 
 
8.  Мұғалім  топтың  білім  деңгейіндегі  қандай  да  болмасын  кемшіліктерді  бағалап,  өз 
ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге 
қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады.  
9. Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде  зерделеуге арналған тақырып немесе 
персонаж  беріп,  содан  кейін  олар  еш  кедергісіз,  әрі  бір-бірін  қайталамастан  сыныппен 
барынша  толық  мәліметпен  бөлісуі  үшін  «ыстық»  орындыққа  бір  минутқа  отырғызу  керек. 
Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады. 
 
 
 
Болжалды оқиғалар, персонаждар/рөлдер: 

 
Екінші дүниежүзілік соғыс; 

 
Үндістандағы бала еңбегін пайдаланатын зауыт иесі; 

 
Абылай хан. 

17 
ӨЗІНДІК ОЙЫН 
 
Қалыптастырылатын дағдылар:  

 
ақпаратты басқару; 

 
ойлау. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  оқушыларда  белгілі  жауапқа  қатысты  сұрақ  құрастыра  білу  дағдыларын 
қалыптастыруға  бағытталған.  Ол  сонымен  қатар  балама  сұрақтар  туралы  креативті  ойлауға 
қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.  
 
Жұмыс алгоритмі 
1.  Оқушыларға  сабақта  қарастырылатын  тақырыпқа  қатысы  бар  сұрақтардың 
жауаптары  беріледі.  Жауаптар  жай  ғана  күн,  есім  немесе  орын,  эмоция  немесе  абстрактілі 
түсініктер түрінде болуы мүмкін.  
2. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.  
3.  Егер  жауаптың  бір  мәнді  сұрағы  болмаса,  оқушылар  өздері  ойлап  тапқан 
сұрақтарды  бір  бірімен  салыстырып,  белгілі  бір  сұраққа  қатысты  тоқтамға  қалай  келгенін 
дәйектейді.  
 
 
 
 
 
 
Сұрақтар мен жауаптардың үлгілері: 

 
1066 (Гастингс түбіндегі шайқас қай жылы болды?) 

 
Ангела Меркель (Германияның бірінші әйел канцлері кім болды?) 

 
Қорланғандар (Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсіту кезінде, оларға 
автобустарда жүруге рұқсат етілмегенде, африкандықтар өздерін қалай 
сезінді?) 

18 
ПАЗЛ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу

 
бірлескен жұмыс. 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  жаңа  топтар  үшін  «мұзжарғыш»  ретінде,  командалық  тапсырма,  ақпарат 
жинақтау  құралы  ретінде,  белгілі  бір  тақырыпқа  кіріспе  немесе  алдағы  жоспарлау,  шешім 
қабылдау  немесе  егжей-тегжейлі  пікірталас  жүргізуге  түрткі  болатын,  жетелейтін  алғашқы 
қадам  ретінде  қолданылуы  мүмкін.  Ол  сабақтың  қызықты  өтуіне  ықпал  етіп,  балалардың 
оқуға  деген  ынтасын  арттыруға  көмектеседі.  Осы  әдіске  ұқсас  тапсырма  қажет  болса, 
«Ойтамыздықты» қарауға болады. 
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек. 
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады. 
Жұмыс алгоритмі 
1.  Мұғалім  үстіне  жазылған  тапсырмасы  бар  пазлды  алдын  ала  жасайды.  Оны  А4 
форматты  қағазда/жұқа  картонда  жасап,  содан  кейін  кесуге  болады  немесе  арнайы 
бағдарлама пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. 
3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. 
Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін. 
4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын  тапқаннан кейін, олар командада жұмыс 
істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.   
5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады. 
6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі. 
7.  Бұл  тапсырмадан  кейін  қосымша  тапсырма  ретінде  «Идея  іздеушіні»  өткізуге 
болады. 
 
 
Тарих: 

 
Өткен жылғы өміріңіздегі екі үлкен уақиғаны жазыңыз. 

 
Өткен жылғы үш жаңалықты жазыңыз. 

 
Ол уақиғалардан не түйгеніңіз туралы ойланыңыз. 
Мұзжарғыш: 

 
Сіздің тобыңыздың барлық мүшелерінің есімдерін жазыңыз. 

 
Топтың әр мүшесі өзі жақсы көретін істі көрсетеді. 

 
Әр адамның атаққа лайық екендігінің бір себебін атаңыз. 

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Тақырыбы: Зертханадағы қауіпсіздік 

 
Зертхана ішінде қозғалу кезіндегі екі маңызды ережені жазыңыз. 

 
Сізге зертханада кездесуі мүмкін бес қауіпті жазыңыз. 

 
Уақиғаны болдырмау үшін үш алдын алу шарасын көрсетіңіз.
 

19 
БІР МИНУТ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ақпаратты басқару; 

 
өзін өзі басқару; 

 
ойлау. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  оқушыларда  оқылған  материалдан  түйінді,  басты  ақпаратты  іріктей  білу 
дағдыларын  қалыптастыруға  көмектеседі,  сондай-ақ  белсенді  тыңдау  дағдысын  дамытады. 
Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады.   
Сыныпты жоспарлау 
Топқа  қаратып  бір  «ыстық»  орындық  қойылады.  Сондай-ақ  барынша  жайлы  қарым-
қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың 
ортасына қоюға болады.  
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап 
көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.   
2.  Оқуға  берілген  уақыттан  кейін  оқушылар  «ыстық»  орындыққа  отырып,  бір 
минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.   
3.  Басқа  оқушылар  мұқият  тыңдаулары  керек,  егер  де  олар  «ыстық»  орындықтағы 
баланың  тақырыптан  ауытқығанын  немесе  қайталанғанын,  күмәнді  деректер  келтіргенін 
аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.   
4. Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.   
5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан 
шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.   
6.  Егер  де  наразылықтан  бас  тартылса,  онда  оқушы  басқа  наразылық  білдірілгенше 
дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша 
«ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады. 
7.  Қосымша  тапсырма  ретінде  оқушылармен  «Тұжырымдамалық  карта»  ойынын 
ойнауға  болады,  ойын  барысында  олар  «Бір  минут»  тапсырмасын  орындаған  кезде  алған 
барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.   
 
 
 
 

20 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КАРТА 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ақпаратты басқару; 

 
өзін өзі басқару; 

 
ойлау; 

 
креативтілік. 
Жалпы сипаттама 
Ағаш  тәріздес  тармақтарды  біріктіре  отырып,  ми  ақпаратты  қалай  сақтаса,  ол 
ақпараттар  арасында  байланыс  орнатылып,  сосын  құрылымдалған  жағдайда  оқыту 
анағұрлым тиімді болады. Тұжырымдамалық карталар осыны көрсетеді, оны жоспарлау және 
бақылау  құралы  ретінде  қолдануға  болады.  Олар  визуалды  және  кинестетикалық  сияқты 
танымдық  тәсілдер  арқылы  оқушыларды  оқу  үдерісіндегі  байланыс  туралы  ойлануға 
итермелейді.  Бұл  тәсіл  оқушыларға  мидың  екі  жартышарын  да  пайдалануға  көмектеседі. 
Тұжырымдамалық  картаны  жоспарлау  үшін  пайдаланған  кезде  тақырыптың  талқылануына 
қарай, оларды толықтыруға және кеңейтуге болады. Бұнымен қатар оқушыларды себебі мен 
салдары  туралы  ойлануға  жетелейтін  «Салдарлар  дөңгелегі»  және  «Себеп-салдар 
байланысы стратегиясын» қарауға болады. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады.  
 
2.  Оқушылар  басты  ұғымға  қатысты  түйінді  идеяларды  жазып,  оларды  орталықпен 
біріктіру  үшін  стрелкаларды  қолданады.  Оқушылар  әр  түйінді  идея  үшін  әртүрлі  түстерді 
және  маңызды  сөздер  мен  ұғымдарды  сызып  көрсету  үшін  мәтін  белгілегішті  (маркерді) 
пайдалана алады. Сонымен қатар оқушылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана 
алады. 
3.  Оқушылар  негізгі  идеялардан  туындайтын  идеяларды  көрсету  үшін  оларды 
стрелкамен байланыстырады. 
4.  Тексеру  құралы  ретінде  пайдаланған  кезде,  оқушылар  тұжырымдамалық  картаны 
мұқият  тексеруге  арналған  трамплин  түрінде  қолданады.  Олар,  мысалы,  кезекті  түрлендіру 
кезінде  әрбір  туынды  буын  үшін  өзгерістерді  пошталық  ашықхатта  белгілеп  отырады.  Бұл 
ашықхатта тиісті туынды буындағыдай түстер мен суреттер қолданылуы мүмкін. 
5.  Тұжырымдамалық  картамен  жұмыс  істеуді  аяқтағаннан  кейін  жүргізілген  жауап 
алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге  олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың 
ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді. 
Тұжырымдамалық картаға арналған тақырыптар үлгілері: 

 
География: өзендер; 

 
Қазақ әдебиеті: кітаптағы кейіпкер немесе тақырыптар; 

 
Тарих: Армада; 

 
Шетел тілі: «Бос уақыт» тақырыбындағы лексика. 

21 
 
 
 

22 
САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
креативтілік; 

 
ойлау, шешім қабылдау; 

 
проблеманы шешу. 
Жалпы сипаттама 
Шығармашылықты  дамытатын  бұл  әдіс  оқушыларға  сабақ  тақырыбын  түсіндіруде 
пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, 
пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар көздерін жұмады. 
2. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін 
түсіндіреді.   
3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.   
4.  Мұғалім  ақпаратты  оқуды  тоқтатып,  оқушылардан  оқиғаны  тоқтаған  жерден 
жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.  
5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы 
кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың 
оңтайлы тәсілі.   
 
 
 
6.  Бұл  тапсырма  оқушыларға  түрлі  жағдайларда  қандай  амал  жасауға  болатындығы 
туралы  ойлануға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  санасындағы  кинофильмді  «Барлық 
факторларды  ескеру»  немесе  «Қосу-алу-қызықты»  тапсырмасының  негізінде  құруға 
болады.   
  
 
 
 
Оқиғалардың үлгілері: 

 
Адам құқығы проблемасы; 

 
Құрбы-құрдастарының тарапынан қысым көрсету туралы оқиға (достары 
баланы дүкеннен зат ұрлауға мәжбүрледі); 

 
Шетел тілінде жазылған оқиға. 

 
The execution of Marie Antoinette. 
 

23 
ҚҰПИЯ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау; 

 
проблеманы шешу; 

 
бірлескен жұмыс. 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  құпияны  табу,  шешім  қабылдау  немесе  уақиғаның  болжалды 
түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау 
дағдыларын  пайдалануларына  ықпал  етеді.  Бұл  тапсырмадан  кейін  жауап  алу  жүргізілу 
керек.  Бұл  тәсіл  оқушыларға  мәселені  білу  және  түсіну  негізінде  дәйекті  айғақтар,  нақты 
дәлелдерді келтіруге мүмкіндік береді.    
Сыныпты жоспарлау 
Бұл  тапсырма  айнала  немесе  жартылай  айнала  отырған  үлкен  топта  немесе  партада 
отырған шағын топта  өткізілуі мүмкін.   
Жұмыс алгоритмі 
1.  Оқушыларға  белгілі  бір  сұрақ  бойынша  20-дан  30-ға  дейін  тұжырымдар  беріледі. 
Егер  де  барлық  сынып  тартылса,  онда  әрбір  оқушы  бір  тұжырым  алады  және  оны  барлық 
топқа оқып береді.  Шағын топтағы оқушыларға бірнеше тұжырым беріледі.   
2.  Тұжырымдарды  талқылау  барысында  шешім  топ  болып  қабылданған  жағдайда, 
оқушылар барлық факторларды талқылап, оның мәнін анықтау үшін әрбір айтылған  пікірді 
қарастырулары керек. 
 
 
•  Командалық  талқылауға  берілген  уақыт  біткен  соң,  оқушылар  өз  шешімдеріне 
түсініктеме  беріп,  орынды  болса  нақты  дәлелдерді  келтіре  отырып,  оларды  тармақтар 
бойынша негіздеп шығады. 
•  Тапсырманы  орындағаннан  кейінгі  жауап  алу  барысында  оқушылар  шешім 
қабылдауға түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен үдерістерге 
назар аудара алады. Жауап алу жүргізу барысында қолдануға ұсынылатын сұрақтар: 
Топ бұл шешімге қалай келді?  
Келіспеушіліктер болды ма?  
Келісімге қалай қол жеткізілді?  
Шешімдер әділ негізделді ме?  
Шешімдер дұрыс баяндалды ма?  
Топ ішінде рөлдер таратылды ма және олар қаншалықты дұрыс қолданылды?  
 
 
 
Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Тақырыпты таңдау (үйретіліп жатқан 
тілдегі сөз тіркестері).  
Оқушылар үйреніп жатқан тілдерінде жалпы орта білім туралы аттестат 
алу үшін емтиханға қандай тақырып таңдауы керектігін талқылайды:  

 
Жәнібек – тамаша атлет.  

 
География мұғалімі Жәнібек өте көңілді.  

 
Жәнібек апта бойы географиядан үй тапсырмасын орындаған жоқ.   

 
Жәнібек алдағы уақытта бай болғысы келеді. 

 
Жәнібек дәмді асты ұнатады, алайда дәмді ас дайындай алмайды. 

24 
ҮШІНШІСІ АРТЫҚ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау; 

 
проблеманы шешу; 

 
бірлескен жұмыс; 

 
ақпаратты басқару. 
Жалпы сипаттама 
«Үшіншісі артық» – пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе 
білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. 
Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар 
мен  заттардың  сипаттамасы  туралы  ойлануға  итермелейді.  Оқушылар  осы  заттардың 
арасындағы  кез  келген  қарым-қатынасты  тереңірек  түсініп,  оларды  тиісінше  жіктей  білу 
үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.   
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар жұпқа немесе топқа бөлінеді. 
2.  Оқушыларға  оқылатын  сала  мен  тақырып  төңірегінде  бірқатар  маңызды 
сөздер/идеялар/орындар/заттар  беріледі.  Бұл  қатар,  мысалы,  диаскопиялық  проекторда 
немесе үлестірме материалдағы тізім болмаса шәкіл түрінде ұсынылуы мүмкін.   
3.  Оқушылар  әрбір  шәкіл  немесе  тізім  бойынша  артық  элементті  табуы  тиіс.  Дұрыс 
немесе  қате  жауаптың  болмауы  мүмкін,  болмаса  кез  келген  сөз  артық  болуы  ықтимал. 
Сондықтан,  оқушылар  неліктен  ол  сөзді  таңдағаны  туралы  дәйекті  және  нақты  жауап  бере 
отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді. 
 
4. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты 
сөздерге  қосу  үшін  мағынасы  жақын  басқа  сөз  ұсына  алады.  Сонымен  қатар  оқушыларға 
өздерінің артық сөздер тізімін не шәкілін ойлап табуға болады.   
5.  Тапсырманы  орындағаннан  кейінгі  жауап  алу  барысында  оқушылардың 
тапсырмадағы сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтағандығына және командалық 
жұмыстың  оқушыларға  басқа  жағдайда  байқамай  қалатын  түрлі  байланыстарды  көруге 
көмектескендігіне көңіл аудару керек.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет